Главная » Статьи » Еуразияшылдык |
Мақсаты: О.
Сүлейменовтің өмірі мен творчестволық қызметін қарастыру.
1. О.Сүлейменовтің түркі-славян мәдени байланысы жөніндегі еңбектері. 2. «Аз и Я»
еңбегіндегі еуразияшылдық идеясы.
Негізгі түсініктер: түркі, славян,
Русь. 1. Олжас Сүлейменов- көрнекті мемлекет әрі қоғам қайраткері, ірі дипломат әрі
саясаткер, әлемдік тұлға, ұлттардың дәнекері, белгілі ақын. Ол 1936 жылы
8 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік
университетінің геология факультетін 1950 жылы бітірген. Мәскеудегі
М.Горький атындағы Әдебиет институтының аударма бөлімінде оқыған. Олжас
Сүлейменов «Казахстанская правда» газетінде бөлім меңгерушісі,
«Қазақфильм» киностудиясында сценарийлік-редакция алқасының бас редакторы болып
қызмет істеген. 1983-1991 жж. Қазақстан жазушылары Одағы басқармасының бірінші
хатшысы, Қаз КСР-і Жоғары кеңесінің Х, ХІ шақыртылымдарының депутаты, КСРО Халық депутаты болған. 1990 жылы ядролық
апатқа қарсы «Семей-Невада» қозғалысын құрып, Семей полигонының жабылуына зор
үлес қосты. 1995 Италияда, 1996 жылдан Грекия
Республикасы мен Мальта республикасында Өкілетті және Төтенше елшісі болды. Оның тұңғыш өлеңдер жинағы "Арғымақтар" 1961 жылы жарық көреді.
Осы жылы шыққан "Адамға табын, жер, енді" поэмасы О. Сүлейменов
есімін әлемге паш етті. Сондай-ақ, оның "Нұрлы түндер" (1962), "Шапағатты шақ" (1964),
"Мешін жылы" (1967), "Қыш кітап"
(1969), т.б. өлеңдер жинақтары жарық көрді. Оның таңдамалы шығармалары қазақ тіліне аударыльш, "Атамекен" деген атпен басылып шықты
(1986). 1961 жыл жас
талапкер үшін әдеби ғарышқа самғау жылы болды. "Арғымақтар" және "Адамға табын, жер,
енді" атты жинақтары жарық көріп, бүкіл жұртты елең еткізді. Қай тақырыпта сөз қозғаса да, Олжас туындылары өткір тартысқа құрылып отырады. Осыдан келіп ақынның биік азаматтық үні, белсенді позициясы анық байқалады. Өзіндік асқақтық, шынайылық, сезім астасуы, ойнаңылыққа ойыса білу, т.б.
ерекшеліктерімен көзге түседі. 2. 1975 жылы О.
Сүлейменов «АЗиЯ» атты еңбегінде «Игорь жасағы туралы жырды» зерттей келе,
өзіндік ғылыми тұжырым жасады. Яғни, бұл жырдың түркі және славян
мәдениеттерінің өзара ықпалы нәтижесінде туған шығарма екенін дәлелдеді. Кеңес
идеологтары О. Сүлейменовтың тұжырымдарын пантюркистік және орыс мәдениетіне
қарсы жазылған ұлтшылдықтың көрінісі деп айыптады. Мұны автордың өз сөзімен
айтқанда: «Кейбір өркөкірек, ұлттық намысы қозғыш шамшылдарға қатты батқаны:
көне орыс ескерткіштеріне басқа ұлт өкілінің талдау жасап, пікір айтуы. Олардың
ойынша мұндай зерттеу, мұндай пікірді, әсіресе славян түркі халықтарының көне
мәдениеті және олардың өзара қарым-қатынасы туралы әуелгі пікірді басқа ұлттың
өкілі емес, тек орыс халқының өкілі ғана болатын». Дәл сол кезде «АЗ и Я»
кітабын оқуға тиым салынды. О. Сүлейменов қуғындалып, моральдық қысым жағдайына
түсті. Ал шын мәнінде Олжас Сүлейменовтың өз айтуынша: «Мен "Аз и Я” кітабын жазуға Дала мен Русьтің тарихы ежелден қойындасып кеткенін, екі елдің тарихтың ұзына бойында негізінен жақындасумен, бауырласумен өткенін, халықтардың тіпті тілдері араласуға дейін жеткенін дәлелдеу үшін кірістім. Тіл деген тарихи ақпараттың ең бай қоймасы. Мәдениеттердің өзара жақындасуының ең толық суретін біз тілден таба аламыз. Түріктің "товарищ” деген сөзі орысқа ауысқаны бекер деуге бола ма? Ұрыс кезінен "ура” сияқты сөздер ғана ауысады. "АЗ и Я” кітабының ел назарын ерекше аударғанының басты себебі – менің "Игорь жасағы жайындағы жырдың” ең алғашқы қостілді оқырманы болғандығымнан. Мен сізге бір-ақ мысал келтірейін. Жырда "Се уримъ кричатъ подъ саблями половецкыми” деген жол бар. Монолингвист аудармашылар оны
"се у Римъ” деп оқыған. Сонда немене, Кончак қыпшақтары Римге дейін барған ба?
Енді Русь жерінен Рим деген қала іздей бастаған. Одан кейін Мәскеуді кезінде
"третий Рим” деп атағанын еске түсірген. Одан да болмаған соң Переяслав княздігіндегі
Римов деген қаланы еске түсірген. Ал енді қос тілді оқырманның көзімен қарасаңыз
бәрі оп-оңай орнына келе қалады. "Уримъ” – кәдімгі түркі сөзі. Әйелдің өрім
шашы. Қыпшақтар Игорь жорығынан кейін Руське қайта шапқанда әйелдердің шашын
кескен, сөйтіп қорлаған. Талайлар менің
түпкі ойымды тым қарабайырлатып түсіндіреді. "АЗ и Я” кітабы тап бір "Игорь
жасағы жайындағы жырды” қазақ жазған деп дәлелдейтіндей айтады. Бұл – күлкілі
нәрсе. Мен ол жырды қос тілді меңгерген адам шығаруы, нақты айтқанда, түркі
тілдерін де білетін орыс адамы шығарған болуы мүмкін деймін. Тап-таза тілді
табу мүмкін емес. Корей тілінің 75 пайызын қытай сөздері, француз тілінің 25
пайызын араб сөздері құрайды екен. Солардың соған намыстанып жатқанын естіп
көрмеппін. Ал өткен ғасырдың 70-ші жылдарындағы ұлыдержавалық өркөкіректік
орыс тіліне түркі сөздері араласқан дегеннің өзін кешіре алмады. Өркен жайған
мәдениет – өзгелермен ұдайы, жүздеген жылдар бойы араласып-құраласудың жемісі.
Сөз алмасу деген тілдің кедейлігінің белгісі емес, бұл оның даму үстіндегі тіл
екендігінің белгісі. Әдістемелік нұсқаулар: Олжас Сүлейменовтің еңбектерін қарастырғанда ондағы
еуразияшылдыққа қатысты жақтарын айқындау.
Негізгі әдебиеттер тізімі: 1. Сүлейменов
О. «И
в каждом слове улыбался бог» (Избранные стихи Сулейменова), Алматы, 2011. 2. Сүлейменов
О. «Глиняная
книга», Алматы, 2011. 3. Сүлейменов
О. «АЗиЯ», Алматы, 2011.
Қосымша әдебиеттер тізімі: 1. Сүлейменов
О. «Атамзамангы
туркiлер» (Происх. древнетюркских языков, письменностей), Алматы, 2011.
2. «Но
людям я не лгал» (сборник цитат Сулейменова), Алматы, 2011. | |
Просмотров: 2612 | Рейтинг: 0.0/0 |
Всего комментариев: 0 | |
Бизнес, менеджмент, финанс т.б [2] |
Патриоттық және мерекелер т.б [16] |
Шет ел әдебиеті мен тарихы [31] |
Шағын көлемді шығармалар [60] |
Әлеуметтану, саясаттану [69] |
Философия және логика [13] |
Қазақ тілі және тіл білімі [104] |
Елді мекендер, қалалар [2] |
Агро,шаруашылықтар [9] |
Курстык жумыстар [17] |
Ғылыми жұмыстар [62] |
Қазақстан тарихы [114] |
Тарихи тұлғалар [132] |
Еуразияшылдык [16] |
Ашық сабақтар [56] |
Дүние тарихы [30] |
Мәдениеттану [7] |
Информатика [68] |
Астрономия [61] |
Психология [6] |
Переводчик [4] |
Математика [14] |
Педагогика [77] |
Дипломдар [10] |
География [82] |
Биология [133] |
Экология [3] |
Дінтану [32] |
Физика [33] |
Химия [13] |
Құқық [27] |
Еңбек [7] |