Сабақ жоспарлары
Мысалы: Бейнелеу 1-6 сыныпқа сабақ жоспарлары
Главная » Статьи » Еуразияшылдык

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ЕУРАЗИЯШЫЛДЫҚ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ

Мақсаты: ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың еуразияшылдық жобасының теориялық және практикалық мәнісін ашып көрсету.

 

1. ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың еуразиялық жобасы.  

2. Елбасы еңбектеріндегі еуразияшылдық идеясы.

 

Негізгі түсініктер: еуразияшылдық тұжырымдама, қазақстандық жоба.

1. Еуразиялық жоба - 1990-шы жылдардың бірінші жартысындағы мемлекет басшысының тұжырымдамалық ілімі, егеменді Қазақстанның ұлттық-мемлекеттік стратегиясының маңызды бөлігі. Президент «халықаралық бірлестіктер тәжірибесін ұзақ зерттеп, ТМД елдеріндегі жағдайды жете талдап»  «ықпалдасу үдерісін жылдамдату керек»  деген қорытынды жасады. Алғаш рет Еуразиялық бастама елбасының 1994 жылы 22 наурызда Ұлыбританияға ресми түрде барған сапары кезінде тезистік түрде айтылды. Президент Н.Ә. Назарбаев «Chatһam House» аталатын Королеваның  халықаралық қатынастар институтында сөз сөйлеп бұрынғы кеңестік   кеңістіктің дамуында екі баста бой көрсетіп отырғанын көрсетті: бір жағынан – ұлттық мемлекеттілікті қалыптастыру, екінші жағынан – ықпалдасудың қажеттілігі. Мемлекет мүддесін, аймақтың тұрақтылығын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету басты мақсат болды. Лондонда бірінші рет мемлекетаралық бірлестік – «Еуро-Азиаттық одақтың» аты ұсынылды.

1994 жылы наурызда Н.Ә. Назарбаевтың еуропалық аудиторияға өз елінің өркениеттік және геосаяси ерекшелігін түсіндіргенінің ерекше мәні болды: «Қазақстан – еуропалық және азиаттық тамырлар қабысқан Азиядағы бірегей мемлекет. Әр түрлі халықтардың өкілдері әр алуан бірлікті құрайды. Әр түрлі мәдениеттер мен дәстүрлердің үйлесімділігі бізге еуропалық және азиаттық мәдениеттердің, Шығыс пен Батыстың ең үздік жетістіктерін сіңіруге мүмкіншілік береді. Қазақстанның орны ерекше – ел, «еуро-азиаттық құрылықтың жүрегінде» орналасқан, тағдыр еркімен Ресей мен Қытайдың арасында «аралық орынды» алады. «Біздің республикамыздың феномені сонда, біз бір уақытта еуропалықта және азиаттықта аймақтық халықаралық ұйымдардың мүшесіміз, біз өзіміздің геосаяси жағдайымыздың мәнін түсінеміз және оған қоса қауіпсіздікті нығайту бойынша орталық болуға да дайынбыз». Бұл тезистерде Қазақстанның еуразиялық жағдайының ерекшелігін түсінудің болашағы мен жетістігі мазмұндалды және қазіргі қазақстандық еуразиялықтың үш деңгейі көрсетілген: біріншіден, ұлттық-мемлекеттік деңгей, мұнда Қазақстан азиаттық та, еуропалық та ел ретінде түсініледі; екіншіден, аймақтық деңгей, мұнда өзара тиімді еуразиялық бірігуге көңіл бөлінеді; үшіншіден, ғаламдық деңгей, мұнда Қазақстан Батыс пен Шығыстың қатынасында «ортадағы» жағдайды алатын ел ретінде қарастырылады. Н.Ә. Назарбаев  Лондондағы сөйлеген сөзінде 1994 жылы Еуразиялық жобаға көзқарастың қалай қалыптасқанын көрсетеді. 22 наурызда Ұлыбританиядағы сөйлеген сөзі жобаны Мәскеуде ашық ұсынуға  негізгі дайындық  болды.

Бір аптадан кейін, 1994 жылдың 29 наурызында, Ресей Федерациясына ресми сапары шеңберінде Н.Ә. Назарбаев М.В. Ломоносов атындағы ММУ-де сөз сөйлеп, онда Қазақстан басшысы жаңа аймақтық бірлестік – «Еуразиялық Одақ» құру жөніндегі идеяны дамытты. Аймақтық бағыттарды талдау негізінде бірігудің қажеттілігі жөнінде қорытынды жасады. Өйткені тіпті «көп ғасырлық мемлекеттілігі бар Еуропа елдері бірігуге келе жатыр», себебі «әлемдік нарықтың қатаң қарама-қарсылығын» түсінуде Президенттің реализмі «Еуразия Одағын» құру «Қазақстан мен Ресей» ядросынан басталуы мүмкін екендігін түсіндірумен айқындалды. Н.Ә. Назарбаевтың бастамасы ғылыми ортаның үлкен қызығушылығын тудырды. 1994 жылы 22 және 29 наурызда Мәскеу және Лондон қалаларындағы сөйлеген сөзінің тарихи мәні аймақтық үдерістердің болашағын, әсіресе Қазақстан мен Ресейдің құрлықтағы «аралық жағдайын» түсіндірумен де маңызды. Әлем елдері еуразиялық жобаны талқылауда Қазақстанды посткеңестік республика ретінде емес, қазіргі халықаралық дамуда өзіндік жеке орны бар мемлекет ретінде қарастырады. Қазіргі әлемдегі Қазақстанның Еуразиялық мемлекет ретінде ұстанған бағыты Президент Н.Ә. Назарбаевтың 1994 жылы жасалған негізгі тұжырымдарының дұрыс екендігін дәлелдеді.

Н.Ә. Назарбаевтың Еуразиялық бастамасы ТМД аймағы үшін –жаңашыл жоба болып табылады. Еуразиялық бастама сол жылдардағы қиындықтардың алдын алуға бағытталып, стратегиялық негізге ие болды. Елбасының «Мемлекеттердің Еуразия одағын құру жөніндегі» жобасы 1994 жылы 3 маусымда ТМД-ға қатысушы мемлекет басшыларына жіберіліп, оның нәтижесі 6 маусымда қазақстандық, ал 8 маусымда ресейлік баспасөзде жарияланды. Жобаның тұжырымдамалық кіріспесі маңызды мәнге ие, онда (наурыз айындағы сөйлеген сөзінде де) көрсетілгеніндей, ТМД елдерінің дамуы екі үдеріспен анықталады: бір жағынан, «ұлттық мемлекеттіліктің одан әрі қалыптасуымен», сондай-ақ, екінші жағынан – «ықпалдасумен». ТМД елдерінің басты мәселесі – қабылданған шешімдердің орындалмауында деп Н.Ә. Назарбаев атап көрсетті. Осыдан келіп, «барлық қатысушы мемлекеттер тарапынан бірлесіп қабылданған міндеттемелердің сақталуына кепілдік беретін, ықпалдастықтың жаңа деңгейіне көшу» қажеттілігі туралы қорытынды жасалады.  

2. 1995 жылдың басында, баспасөз толық негізде, Н.Ә. Назарбаевты «еуразиялықтың идеологы» және жаңа заман еуразисі, яғни өткенге емес, болашаққа – XXI ғасырға назар аударушы деп атады. Н.Ә. Назарбаев 1995 жылы еуразиялықты рухани зияткерлік тұрғысынан тиянақтауға үлкен мән берді. «Россия» газетіне (1995 жылдың қазаны) берген тұжырымдамалық сұхбатында Президент былай деген болатын: «Еуразияда бірқатар елдер бар – «Солтүстікте Ресейден бастап, оңтүстікте Үндістанға дейін», әзірге олар «Шығысқа да, Батысқа да жатпайды» дей келе, бұл кеңістікті «аңдысын аңду белбеуі» деп атады. Еуропаның, әсіресе Азияның болашағы едәуір дәрежеде осы геосаяси белбеу елдерінің өз бағытын қалай анықтауына тәуелді болмақ. Оларға Ресеймен бірлесе отырып, «қауіпсіздіктің жаңа жүйесін» құруға болар еді. Көрініп тұрғандай, Н.Ә. Назарбаевтың пікірінше, тек Еуразиялық жоба ғана осы аймақты геосаяси «аңдысын аңду» саясаты жағдайынан алып шығатын сындарлы күшке ие.

  Ықпалдастық проблемаларын жинақтап, қорытуда Н.Ә. Назарбаевтың 1996 жылдың қаңтарында жазылып біткен «Ғасырлар тоғысында» атты кітабының маңызы зор. Онда ТМД елдерінің қарым-қатынастары неғұрлым шиеленісті «ықпалдастық және ыдыраушылық» үрдістерімен айқындалған. Бірақ, «ықпалдастықтағы жаңа импульстың өзектілігі мен мүмкіндігін бұл жоққа шығара ма?» – деп Қазақстан Президенті сұрақ қояды да, өзі жауап береді: «Сенімдімін, олай емес». Бірақта жаңа болмыс, өзгерген ахуал жобаға түзету енгізуді, «ықпалдастықтың жаңа стратегиясын» құруды талап етеді.

Қазақстан Президенті жаңа үлгідегі университетті Астана (ол кезде әлі Ақмола) қаласында құруды дұрыс деп тапты. Ол кезде қала әлі астаналық мәртебеге ие болмаса да, болашақ астананың тәуелсіз Қазақстанның болашақ аймақтық стратегиясында алар орны зор екенін байқатқандай еді. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия университетінің құрылуы туралы Жарлыққа 1996 жылы мамырдың 23 күні қол қойылды. Бұл бірегей шешім олқылықтың орнын толтырды (ТМД елдерінің ғылыми қауымдастығында көпшілік үшін тосын жағдай еді) және Қазақстанға келген шет елдік оқымыстыларға үлкен әсер етті. Шындап келгенде Еуразия университеті Астананың рухани зияткерлік қара шаңырағына, ғылым мен білімнің ордасына айналды.

Еуразиялық ұлттық университеттің құрылуы көп салалы мәнге ие. Біріншіден, жаңа астанада аса ірі университет құрылды, мұның өзі өсу үстіндегі мемлекет үшін төтенше маңызы бар. Екіншіден, жаңа университет тұжырымдамалық атауға ие болды. «Еуразиялық» - XX ғасырдағы аса көрнекті еуразия тарихшысы Лев Николаевич Гумилевтің есімі берілді. Ғалымның 90 – жылдығына орай, 2002 жылы ЕҰУ – де Л.Н. Гумилевтің мұражай кабинеті ашылды, оған әйелі Наталья Викторовна Гумилева Лев Николаевичтің Мәскеудегі түпнұсқа жұмыс кабинетін түгелдей әкеп берді. Атап айту керек, мұндай университетті құру абсолюттік жаңашылдық болды және ТМД кеңістігінде теңдесі  жоқ. Үшіншіден, Қазақстан университеттік дәрежеде қазіргі заманғы еуразияшылдықтың ғылыми талдамасына негіз қаланды (2002–2007 жылдары ЕҰУ–нің қабырғасында алты рет халықаралық «Еуразиялық ғылыми форумдар» өткізілді, оларды әртүрлі елдердің ғалымдары қазіргі заманғы еуразияшылдықтың өзекті мәселелерін талқылады). Төртіншіден, ЕҰУ – нің құрылуы еуразиялық идеяны білім беру саласына енгізудің, қолданудың іс – жүзіндегі қадамы болды. Бесіншіден, тек ЕҰУ-нің негізінде М.В. Ломоносов атындағы ММУ-нің Қазақстандық бөлімшесі табысты жұмыс атқаруда. Бұл Қазақстан Президентінің ынтасымен құрылып, еуразияшылдықтың іс-жүзіндегі бір көрінісі болып табылады.

Президент Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2030» Жолдауында көрсетілгеніндей: еліміздің мүмкіндіктерін пайдалануымыз қажет, сондай мүмкіндіктердің бірі «біздің еуразия аймағындағы тоғыз жолдың торабында орналасқан жағрафиялық жағдайымыздан шығады», және бұны «ғаламдану үдерісі... шешуші факторлардың бірі ретінде алға шығарды». Еуропа мен Азия елдерінің арасындағы сауда-саттық Жібек Жолы арқылы жүргізілген болса, тағы бір басы ашық мәселе, «болашақта да сауда, қаржы ағымы жүйелері және Еуропа мен Азия арасындағы көші-қон барған сайын күшейе түспек. Тек осы себепке байланысты, - деп атап көрсетті Қазақстан Президенті, – басқа да көптеген саяси тұрақтандырушы факторларды айтпағанда, мен еуразия идеясын алға шығардым, оның стратегиялық болашағына сенімдімін».    

  Елдің нышаны ретінде қар барысын таңдай келе, Н.Ә. Назарбаев былай дейді: Азиялық жолбарыс тұқымдас бола тұра, Қазақстан Барысының «өзіндік ерекшелігі бар» - ол ең үздік ұлттық, батыстық және шығыстық сапаларға ие болуы тиіс. Қазақстан Барысының мұндай сапалық үйлесімі, Қазақстанның «еуразиялық ел» ретіндегі қасиетті нышандардың тоғыстырылуы еді. Сонымен, Еуразиялық жоба және кең мағынадағы еуразиялық – доктриналық (ілімдік) деңгейге тұжырымды көтерді.

Әдістемелік нұсқаулар: Елбасының еуразияшылдық жобасының мәнін ашып көрсетуде посткеңестік кеңістіктегі саяси жағдайды ескеру керек.

 

Негізгі әдебиеттер тізімі:

1. Назарбаев Н. Ә. Қазақстан-2030: Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы.-Алматы, 1997.

2. Назарбаев Н. Ә. Тарих толкынында. Алматы. 1999.

3. Назарбаев Н. Ә. Ғасырлар тоғысында. Алматы: «Атамұра», 2003.

4. Назарбаев Н. Ә. Сындарлы он жыл. Алматы, 2003.

 

Қосымша әдебиеттер тізімі:

1. Назарбаев Н. Ә. Қазақстандық жол. Алматы, 2007.

2. Назарбаев Н. А. Евразийский Союз: идей, практика, перспективы 1994-1997. Москва; Фонд содействия развитию социальных и политических наук, 1997. 480 с.

 

Категория: Еуразияшылдык | Добавил: nauriz (31.01.2014)
Просмотров: 2077 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Сағат

Сауалнама
Сайтта сізге не ұнайды !!!!!!!
Результаты
Всего ответов: 3922
Сайт мәзірі
Сайт көрсеткіші
Қазір online
Қазір сайтта: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0

Лучшая рип студия!