Сабақ жоспарлары
Мысалы: Бейнелеу 1-6 сыныпқа сабақ жоспарлары
Главная » Статьи » Философия және логика

Қайта өркендеу дәуірі философиясы
Қайта өркендеу дәуірі философиясы
1. Қайта Өркендеу Дәуірінің негізгі сипаттары. Антропоцентри және гуманизм.
2. Ортагасырлық ойлаудан Ренессансқа өту кезеңі. ЭРоттердамский; М.Монтень; Н.Кузанский.
3. Қайта Өркендеу Дәуіріндегі өнер және ғылым. Л.Винчи, Н.Копеник, Д.Бруно, Г.Галилей ілімдері.
4. Қайта Өркендеу дәуіріндегі әлеуметтік-саяси философия. Н. Ма- киавелли, Т.Мор, Т.Кампанелла.

Қайта Өркендеу дәуірі шамамен алғанда ХІV-ХVII -ғасырлар аралғын қамтиды. Бұл кезең мәдениеттің барлық саласында керемет жетісті терге қол жеткізілген, прогрессивті төңкеріс жасалған кезең. Осы дәу философиясы да өзінен кейінгі философиялық жүйелердің негізін қалған, әлемдік философия тарихындағы маңызды кезең болып есептелед
Қалыптасу жағдайлары:
1) Европаның алдыңғы қатарлы елдерінде капиталистік қатынастардың негіздері қаланды. Ауыл шаруашылығынан – өнеркәсіпті дамыту ауыл-селодан – қалаға көшу кезеңі басталды;
2) Ұлттық мемелекеттер мен абсолюттік монархия қалыптасты;
3) Жаңа тап – буржуазия пайда болды;
4) Терең әлеуметтік конфликтілер: Германияда Шаруалар соғысы Фраиция мен Нидерландыда діни және буржуазиялық соғыстар жүрді
Осы әлеуметтік-тарихи жағдайлардың бәрі жаңа көзқараст қажеттілігін туғызды. Бұл кезең Орта ғасыр кезеңі мен антикалық мәдниеттің жалғасы, әсіресе, антикалық мәдениетті қайта Өркендету, қалпына келтіру болды. Дәуірдің Қайта Өркендеу деп аталуы да сондықтан.
Қайта Өркендеу Дәуірінің дамуы үш кезеңнен тұрады: 1) гуманистік немесе антропоцентристік – ХІV-ғ. ортасынан XV- ғасырдың ортасына дейін; 2) онтологиялық мәселелер шешілген неоплатонизм кезеңі – ХV-ғ ортасынан ХVІ-ғ. бірінші үштігіне дейін; 3) натурфилософиялық кезең – ХVІ-ғ. екінші жартысынан бастап ХVІ-ғ. басына дейін. Бұл жіктеудіш салыстырмалы екендігін ескерткен дұрыс.
Ерекшеліктері:
1) Қайта Өркендеу философиясында да басты орынға Құдай ие, бірақ философиялық талдау объектісі – Адам, ол космостық болмыстың негізгі звеносы. Орта ғасыр философиясы адамды күнәһар, құдайдың құлы ретінде карастырса, Өркендеу философиясы адамды жоғары көтерді, оның еркіндігін дәріптеуге ұмтылды;
2) Өркендеу философиясы жаратылыстану саласындағы жетістіктермен, географиялық жаңалықтармен, медицина, математика, табиғат туралы ғылымдармен тығыз байланысты дамыды;
3) Осы ғылымдардың жетістіктері негізінде философия дүниені жаңа, пантеистік бейнесін жасауға тырысты, табиғат пен құдай бірлігі, табиғат пен адамның құдайы сипаты идеяларын негіздеуге ұмтылды;
4) Философиялық ой өнермен тығыз бірлікте дамыды. Адамның өзінің табиғи негізіне оралуы идеясы Өркендеу дәуірінің өнерінде көрініс тапты. Адамның күші Құдаймен тең, ол бәрін де игере алады. Ренессанс адамы – шығармашылықпен айналысатын, қолынан келмейтіні жоқ адам. Ол бәріне қабілетті, дене сұлулығына да, ой сұлулығына да жете алады. Адам – дүниедегі ең әдемі, ең әсем Тіршілік етуші (существо). Осы эстетикалық негіз Өркендеу философиясына ерекше мазмұн берді, Әсемдік, Адамның Әсемдігі асқақтатылды. Тән мен жанның сұлулығы Леонардо да Винчи, Микеланджело, Рембрандт шығармаларында суреттелді, олар әлі күнге дейін аса қүнды, теңдессіз, баға жетпес дүниелер болып есептеледі;
5) Ренессанс философиясына гуманизм – адамның тұлға ретіндегі құндылығын, оның еркіндікке, бақытқа және дамуға ие болу құқын мой-ындайтын көзқарас тән. Гуманизм антика мен Орта ғасырда да болғанымен, қоғамдық қозғалыс ретінде Өркендеу Дәуірінде қалыптасты. Ерекшелігі – гуманистік философия кәсіби философиядан тыс қалыптасты. Ақын-жазушылар, ғалымдар, ритор, педагог, дипломат. саясаткер және тағы баска білімді адамдар гуманистер қауымдастығын құрып, жаңа гуманистер модениетін жасауға талпынды. Олар өздеріне » философ» деген атақ беріп. философияға жаңа мазмұн берді, бұрынғы философтарды философ деп санамады. Гуманизмнің негізін салушылар: Данте Альгиери, Франческо Петрарка, Колюччо Салютати.
Данте Альгиери (1265-1321) – итальяндық Ренессанстың астанасы Флоренцияда дүниеге келген ақын және ойшыл. Оның «Құдайы комедиясы» – гуманистік ойлардың бастауы. Бір жағынан алып қарағанда, бұл еңбек ортағасырлық христиандық көзқарастар энциклопедиясы, Құдай адам өмірінің басшысы ретінде бейнеленеді. Сонымен қатар, «Құдайы комедияда» адамның жер бетіндегі өмірі, қызметі, жаңа адамның психологиясы мықты суреттеледі. Поэмада антикалық образдар, антикалық ақындар мен философтар көп кездеседі. Негізгі идея – «Құдай даналығының керіністерінің бәрінен де ғажайыбы – адам». Адамдардың бәрінің табиғи кабілеті бірдей, мәселе оны жетіддіре білуде (өнер, ғылым, өндірісте).
Данте гуманистерге күш беруші болса. Италиядағы гуманистік қоз лыстың негізін қалушы – ақын және философ Франческо Петрар (1304-1374). Оның поэзиясында Ренессанс дәуірінің жаңа адамының ішкі жан дүниесі тамаша ашылды. Христиан дініне сенуші бола тұра ол схоластиканы «диалектиканың мылжыңы», белсенді адамға қажетсіз оқымыстылық деп сынады, дінбасылардың даңққұмарлығы мен нәпсіқұмарлығын айыптады, алғашқы христиандық гуманизм идеясына сүйенді жәәне антикалық философия мен христиан дінін табыстыруға тырысты.
Осы бағытты әрі қарай дамытуға үлес қосқан Колюччо Салюта (1331 -1406) болды. Ол өз шығармаларында Италия қалаларының қоғамдық өмірін суреттеді, феодалдық қоғамға қарсы тұрған қала еркінді мадақтады. Осы позициясы арқылы оның адам еркіндігін қолдаған көзқарасы керінеді. Тұлға еркіндігі мәселесі оның мәдениет тілі мәселес түсіндіруінен де айқын байқалады. Дүние, құдай, адам туралы, ілімді, ада гершіліктік құндылықтар дүниесін гуманистер схоластикалық философ категориялары арқылы емес, антика мифологиясын, поэзия тілін қолда арқылы жеткізуге тырысты. Салютатидің ойынша: өз ойын жеткізу құқығы адамның өзіне беру керек. Бұрынғы тіл түсініксіз және жат. Философиялық мәтіндерді, әсіресе Аристотельдің шығармаларын қайта аударып, тазарту қажет. Филологиялық және тарихи комментарий-түсіндірмелер тек мәтіндердің объективтік мазмұнын ашуға мүмкіндік береді.
Ортағасырлық ойлаудан Ренессансқа өту кезеңі ‘ Николай Кузанский (Кузанец, 1401-1464) – оның философиясына ортағасырлық ойлау мен гуманизмнің бірлігі байқалады, себебі ол католик шіркеуінің қызметкері және гуманистер үйірмесінің мүшесі болды
Кузанецтің ойынша, Құдай дегеніміз Болмыс және Болмыстың қылы тасуының мүмкіндігі. Ол құдайды танып-білудін мүмкін екендігін көрсетуге ұмтылады, оның бар екендігін дәлелдеуге тырыспайды, құдайдың интеллектуальдік функциясын ашу арқылы Құдай ұғымының мазмұны түсінуге болады деп есептейді. Інжілден «Құдай дүниені жаратқанда бәрін өлшеп, санап, таразыға салып жаратты» деген үзіндіні келтіре отырып Кузанец жаратылыстану ғылымдарын, әсіресе, математиканы құдай ілімінде қолданды, табиғаттың өзі – арифметика, геометрия, музыкан пайдаланған құдайы шебердің өнерінің жемісі деп түсінді.
Құдайдың жаратушылық қызметімен бір деңгейге Кузанец сурет сәулетші, ұста, тоқымашы және тағы басқалардың өнерін қояды, екі өнердің арасындағы айырмашылық туралы айтқанымен, құдай сөзі жаратқан нәрсені адам қолы жасаған нәрсеге теңейді. Адамды құдай-адам творчестволық бастау деп, ал оның басты қабілеті – таным деп қарастырады:
адам дүниесі – микрокосм, онда адамды қоршаған табиғат дүниесі бейнеленеді, яғни адам және оның ақыл-ойы табиғат дүниесіне жатады. «Кіші дүние» – адамның өзі, «үлкен дүние» -универсум, «максима-дүние» -Құдай, құдайы абсолют. Олар бір-бірінің көшірмесі. Адам – «екінші Құдай».
Эразм Роттердамский (1469-1536) – католик шіркеуіне қарсы бағытталған христиандық гуманизм бағытының өкілі, жас кезінде Нидерланды монастрінде монах болып, ХV-ғ. соңында Лондонда өмір сүрді. Көне грек тілінде жазылған көптеген еңбектерді латын тіліне аударды. Өз ілімін «Христ философиясы» деп атады, ол алғашқы христиандықтың идеялары мен идеалдарын қайтадан дамытуға бағытталған. Роттердамский адамның Інжіл (Библия) уағыздарына сүйене отырып, өзін сол жоғары деңгейге көтере алатынына сенімді, тек оны толық меңгеру керек, дінге сенушінің кейпіне өтірік ену дұрыс емес дейді. Бірақ Роттердамский Інжілді халықтың арасында таратушы ғана емес, рационализмді насихаттаушы, ал бұл діни ілімнің қағидаларына қайшы келіп отырды. Осы ерекшелік оның «Ақымақтықты мадақтау» («Похвала глупости») еңбегінен байқалады. Негізгі тұжырымдары: Адамдардың басым көпшілігі ақымақтар, сондықтан адам қоғамы ақымақтық қатолы, бәрін жасайтын ақымақтар және ақымақтардың арасында. Ақымақтық көпшіліктік, ұйымдық сипатқа ие. Оның көріністерінің ең қайғылысы – соғыс, ол христиандар ұмтылуға тиіс ізігілікті жоқ етіп отырады. Осының бәрі адамдардың кім, қандай дәрежеге ие екеніне қарамастан, ақымақтық ауруына душар болып отырғанын дәлелдейді. бүлардың арасында корөлдер мен папалар да бар. Эразм бұл қағиданы Христосқа байланысты да қолданады: «Христиандық сенім ақымақтықтың бір түрі секілді, құдайға ақымақтардың ұнайтыны кездейсоқ емес»‘. Ол дінбасыларды «маса толы батпаққа» және улы өсімдікке теңейді, ақымақтық даналықтан күшті деп есептейді.
Эразм Роттердамский ақымақтықты даналықтан күшті деп пайымдайды. Себебі, сезімдік адам тәнімен байланысты, сондықтан ол адамның басында жиналған ақыл-ойдан күрделі, яғни, адамға адамгершілікті сақ-тау қиынырақ. Өмір иррационалды. Адамның бақыты оның адаспауында емес, керісінше, адасуында, даналыққа ақымактықты кішкене болса да араластырып отыруында. Бақыт заттың өзіне емес, адамдардың ол тура-лы пікіріне байланысты. Сол себепті адам өмірі күрделі, түсініксіз, ештеңені білу мүмкін емес. Тек «табиғат қана адаспайды», ол адамдарды ақымақтықтан құтқарады, ғажайып, керемет күш жоқ, ол тек табиғатгың өзі, бірақ табиғатты да танып-білу мүмкін емес.
Еркіндік мәселесі. Адам өмірін бастайтын да, аяқтайтын да – Қүдай, бірақ екі ортадағы өмір ағымында адамға еркіндік қажет. Бұл еркіндікбелгілі бір мөлшерде: ерікті ақыл-ой реттеп отыруы қажет. Шамадан мөлшерден көп ештеңе болмауы керек. Роттердамскийдің өзі де осы принципке сүйенді. Тілі ащы болса да, сақ болды.
Э.Роттердамскийдің қағидалары: «…кез-келген заттың екі жағы бар: өлімнің артында өмір, өмір – өлім, әдемі – ұсқынсыз, байлық – кедейлік, білімдік – надандық…»
Э.Роттердамский ХVІ-ХVІІ ғғ. ойшылдарының ілімдеріне, әсіресе, француздың философ-гуманисі Мишель Монтеньге (1533-1592) мықты әсер етті. Негізгі шығармасы – «Тәжірибелер» (1580). Бұл абстрактылы- философиялық еңбек емес, адамға күнделікті қажет, практикалық туынды. Монтеньді Аристотель мен Платон философиясы қызықтырмайды Аристотельді ол тіпті «схоластикалық ғылымның құдайы» деп атайды негізінен скептиктерді жоғары бағалайды. Адамды табиғаттың бөлшегі ретінде қарастырған Монтень күнделікті болмыс, күйбең тіршілікті (адам- ның киім кию мәнері, өзін қоғамдық жерде ұстай білу өнері, балала тәрбиесі және тағы басқаларды суреттей отырып, философияны өмірме салыстырып байқайды, өмірге қатысы жоқ, бос, көпірме пікірталастарға әуестігі үшін философияны сынға алады:_ «менің ойымша, философияның бізге парасат пен ақымақтықтың, қаталдық пен кешірімділіктің, адалдық пен арамдықтың бірлігі табиғатқа жат, қарсы деп үйретуі баланы ойыны секілді». Антика философтарының негізгі кемшілігі қарапайым адамның күнделікті өмірінен алыстығында екендігін түсіне білдген Моятень өз өмірінің жақсы-жаман жақтарын сараптай отырып, адам үшін ең бастысы – философиялық ілімдер дамьггатын ақыл-ойға жүгініп қана қоймай, өз табиғатының сұраныстарын да тыңдай білуі екенін көрсетті: «біз бөтен ойлар мен білімдерді сақтап қана қоямыз. Оларды өз меншігімізг айналдыруымыз қажет. Әйтпесе, біз от іздеп көршісіне барып, бөтен үйдің отына жылынып, өз үйінде от жағуды ұмытып кеткен адамға ұқсаймыз».
Монтень адам өмірінің мақсаты – табиғатқа сеніп, жалпылық заң бойы- ынша бірқалыпты өмір сүру деп есептейді. Табиғи заңдарға сәйкес өмір сүру ғылымы өте қиын, бірақ адамдық міндетті орындағаннан артық ештеңе жоқ, адам өз табиғатына қарсы келмеуі керек. Өлімді қарсы ала білуді де Монтень осы тұрғыдан үйретеді. Оның ойынша, өлімнен қашып құтылу мүмкін емес, өлім – табиғат заңдылығы, бір өмірдің орнына екіншісі келеді, өмір сүргісі келетін басқа адамдарға да орын босатқай жөн, яғни өлімге философиялық тұрғыдан қарау керек. Монтень бұл мәселе жөнінде Цицеронның «пәлсапа соғу – өлімге үйрену деген сөз» деген қағидасын мойындайды.
Біздің ойымызша, Монтень философиясы адамға аса пайдалы. Көл адамға түсініксіздеу, қарама-қарсы пікірлерге толы (Монтень жазғандарын қайта-қайта түзетіп, толықтырып отырған) «Тәжірибелерден» өмірге қажетті құнды кеңестер алуға болады.
Ен бастысы – Монтень адамды схоластар секілді төмендетпей, ант-ропоиентристер сияқты тым асқақтатпай, табиғи қалпында қарастырады. Шынында да, адамға ақыл-ойдың жетегіне еріп, көкке ұмтылудың қажеті жок. Адам табиғатпен үйлесімді, өз мүмкіндігін бағалап өмір сүрсе жеткілікті деп ойлаймыз. Орындалмас арман, шексіз қиял, иллюзиядан басы айналған, өмірдің мәнін солардан іздеген адамның трагедиясынан асқан қасірет жоқ. Адам реалды мақсатты шешуге ұмтылғаны жөн.
Монтеньнің қағидалары: «Мен болсам құдай сыйлаған өмірді сүйемін.. Табиғат мен үшін жасаған нәрселерді шын жүрегіммен, алғыс айта отырып қабылдаймын, оның сыйына қуанамын, ардақтаймын…» «Әрбір адам – қайталанбас, ерекше құбылыс». «Әрбір адам өзін мүлдем өзгерте алады». «Ал мен не білемін?»
«Надандықтан құтылғың келсе, оны мойындау керек?»
Қайта Өркендеу Дәуіріндегі өнер және ғылым
Қайта Өркендеу ғылымы негізінен үлкен екі ошақта шоғырланды:
1)университеттер мен мектептер – схоластикалық пайымдау басымырақ, тәжірибе-эксперимент аз; 2) суретші, сәулетші, мүсіншілер шеберханасы – өмірдің өзі өнерді ғылыммен, әсіресе, математикамен ұштастыруға итермелеп отырды.
Қайта Өркендеу Дәуірі ойшылдарының көбі ғылым мен өнердің бірне- ше саласын бір басына жинаған тұлғалар ретінде белгілі болды. Солардың бірі – Леонардо да Винчи (1452-1519). Классикалық білім алмаса да, өз бетімен көп оқыды, антика ілімін жақсы таныс болды, өнер туындыларын жасау процесінде ұлы суретші, ойшыл ретінде қалыптасты. Оны қазіргі жаратылыстану ғылымының пионері деп атайды. Мысалы, сол кездің өзінде-ақ ол танк, парашют, шлюз идеяларын және тағы басқа идеяларды ойлап тапты. Философиялық ойлары өз заманынан озық еді. Арнайы философиялық шығармалар жазбағанымен жазба кітапшалары философиялық ойларға толы болды.
1) Леонардо да Винчи таным процесіндегі тәжірибенің роліне аса мән берді. Тәжірибе арқылы өтпейтін ғылымдар адасуға ұшырайды деп есептеген оның ойынша ақиқатқа жеткізетін бақылау мен қабылдау емес, тәжірибе ғана: «Даналық – тәжірибенің қызы». Леонардо да Винчи соны мен бірге теорияның ролін де бағалады: «Ғылым – әскер басшысы, тәжірибе – солдаттар». Ең басты ғылым – математика деп түсінді.
2) Адам өнері мен табиғат арасындағы байланысты Л.Винчи адамның пайдасына шешеді. Адам табиғатсыз ештеңе жасай алмайды, бірақ табиғаттың қарапайым материалдарынан күрделі заттар жасауға қабілетті.
3) Адам және Құдай мәселесінде Л.Винчи адамды Құдайға мейлін жақындатты: «Өнерге байланысты айтсақ, біз Құдайдың немересіміз деп айта аламыз».
4) Л.Винчи өнерді шындықты танып-білу құралы ретінде қарастырды, себебі ғылым заттар дүниесінің сандық жағын зерттесе, өнер сапалық жағын көрсетеді дейді және өнердің бастысы – сурет өнері, ол ғылымнан жоғары деп түсінеді.
- Николай Коперник (1473-1543) – поляк астрономы және философ Өркендеу дәуірінде астрономия жақсы дамыды; оның себебі теңіз сал сының дамуы еді. Астрономия ғылымын тереңдеп зерттеген Коперникт басты еңбегі: «Аспан сфераларының айналуы». Негізгі идеясы: Аристель-Птолемей теориясын терістеу немесе дүниенің гелиоцентрист жүйесін ашу:
1) Жер дүниенің қозғалмайтын орталығы емес, ол өзінің өсімен ай-наладық
2) Дүниенің ортасы – Күн, Жер осы Күнді айналады;
3) Ай Жердің серігі.
Коперник ашқан жаңалықтар дүниенің жаңа бейнесін қалыптастыру деген талпыныс еді:,
«Дүние шексіз, ол жер субстанциясы және аспан субстанциясы болып бөлінбейді, яғни, жер мен аспанды теологиялық қарама-қарсы қою деген жоқ
«Жер аспан денелерінің біреуі ғана, қозғалыс заңдылықтары Жер үші де, басқа планеталар үшін де бірдей. Қозғалыс планеталардың бәріні қалыпты жағдайы».
«Денелер өздігінен қозғалады, қозғалмайтын Күш беруші деген жоқ’
«Құдай әлемдік механизмді жаратушы, бірақ оның кейінгі ісіне ара- ласпайды».
«Дүниенің абсолюттік шегі де жоқ».
Коперниктің осындай революциялық жаңалықтары Джордано Брун жалғастырды (1548-1600). Оның философиясының басты категориясы Unо, Біртұтас, Жеке. Unо – болмыстың космостық иерархиясының жоғарғы басқышы емес, ол болмыстың себебі және заттар болмысының Бруноның түсінігі бойынша, әлем біртұтас, шексіз, қозғалыссыз. Әле жаратылған емес, ол мәңгілік өмір сүреді және жойылып кете алмайды жойылмайды. Онда өзгеріс пен қозғалыс үздіксіз жүреді, бірақ оның ~ қозғалмайды, себебі, өзін өзі толығымен толтырады. Біртұтаста минимум мен максимум, құдай мен табиғат сәйкес. Қарама-қарсылықтар мен заттардың көптүрлілігінде үзіліссіз қозғалыс жүреді, ол заттардың үне өзгеруіне әкеледі. Бруно Әлем дегеніміз Құдай, ол шексіз, дүниенің ортас Күн емес, Күндер көп, олар планеталармен бірге өз орбиталарымен жүріп отырады дейді. Осы шексіз, ішкі күштерді отырады дейді. Осы шексіз, ішкі күштерді қозғалысқа түсіріп отыратын универсум ғана жалғыз. Ол жеке заттардан түрады, олар пайда болмайды және жоғалмайды, бір-біріне бөлінеді және бір-бірімен бірігеді. Бруноның дуниедегі барлық нөрселердің жаны бар деп есептейді.
Оның пайымдауынша, адам универсум қозғалысының зандарын зерт-теп, оларға сай омір сүруге тырысса, Қүдайдың талаптарын қанағаттандыру үшін сол жеткілікті. Табиғи зандарды танып-білу адамгершіліктік іс. Бруно адамның ақыл-ойына шексіз сенеді, сезімдік танымды төмен бағалайды, себебі шексіздік ақыл-ойдың объектісі ғана, ол сезімнің объектісі бола алмайды. Бруноның кағидалары:
«Сенім жабайы, дорекі халықтарды басқару үшін қажет».
«Философиялық дәлелдер қарапайым халықтарға емес, біздің пайым-дауларымызды түсінуге қабілетті дана адамдарға арналған».
Галилео Галилей (1564-1642) – итальяңдық Ренессанстың дамуын аяқтаушы. Оның ғылымижызметін екі бағытқа болуге болады:
1) механика принциптерін, денелердің қозғалысын зерттейтін ғылымды – динамиканы дамытты. Денелердің еркін қүлауы заңы, жылдамдық пен үдеу туралы түсініктер табиғаттың таза, физикалық, объективті заңы туралы үғымды қалыптастырды
2) астрономия саласындағы ғылыми ізденістері – айдың бетін зерттеді, күннің бетінен дақтар тауып, Венераның фазаларын, Юпитердің серіктерін, Сатурнның айналасындағы жарық құбылыстарын анықтады.
Галилейдіц бұл ізденістері аспан дүниесі туралы схоластикалық түсініктерге қатты соққы болды, олар аспанды эфирден түратын тылсым дүние деп түсіндіріп келген болатын. Енді оның бәрі теріске шықты. Күннің бетіндегі дақтар Бруноның гелиоцентристік идеясын, Күннің оз осін айналатынын, жұлдыздар шоғы Әлемдегі шексіз дүниенің растығын дәлелдеді. Бұл жаңалықтарды қоштаушылар да, оларға қарсы шығушылар да, әрине, мол болды. Галилейдің механикалық заңдары Коперниктің теориясын ғылыми түрде негіздеді. Шіркеудің өте-мөте қарсы шыққаны осы еді. Коперниктің еңбектеріне тиым салынып, Галилей ескерту адды, бірақ ізденістерін жалғастыра берді.
Қайта Өркендеу Дәуіріндегі әлеуметтік-саяси философия Ағылшын гуманисі Томас Мор (1478-1535) – Эразм Роттердамскийдің Досы, әйгілі «Утопия» еңбегінің авторьі. Латын тілін жақсы меңгерген, заң мектептерінде білім алып, мүғалімдік және адвокаттық қызметтер атқарған. Еңбегін бағалаған қоғамдастары оны парламент палатасына сайлады. Батыл саяси көзқарастары үшін 1535-жылдың 6-шілдесінде жазаға тартыл-Ды (басы кесілді).
Мордың «Утопия» еңбегі мемлекеттің ең жақсы құрылымы туралы пайымдауға арналған. Утопия деген термин грек тілінен алынған, «жер бетінде жоқ жер» дегенді білдіреді. «Утопияның» бірінші бөлімінде Мор Англиядағы капитал қорының қалыптасуының алғашқы кезеңдерін су реттейді: қоғам мүшелерінің барлық мүшелері баюды ғана көздейді жәні мемлекет атын жамылып, өз құлқынының қамын ойлайтын байлар мем- лекеттің сорына айналады.
Кітаптың екінші бөлімінде осындай мемлекетке қарама-қарсы мемлекет туралы баяндалады, Бұл бөлімнің мазмұнынан Інжілдің, Платонның «Мемлекет» еңбегінің, Эразм Роттердамскийдің христиандық гуманизмінің әсері сезіледі.
Қоғамдық өмір – Мор индивидуализмге қарсы, жеке меншік болмауы тиіс, қоғамда өмір сүріп отырған адамдардың бәрі тең.
Мемлекет басшысы – терең ойлы философ, кіршіксіз таза адам болуы қажет, «Жақсы нәрсе де, жаман нәрсе де басшыдан тарайды». Осындай адам – қиялдағы аралды жаулап алып, өз Утопиясын құрған Утоп. Қоғамда ақша жоқ, алтын тек қажетсіз нәрселерді жасауға ғана басқа елдермен қарым-қатынаста және соғыста қолданылады.
Ой еңбегі мен дене еңбегі. Мор дене еңбегін» жоғары бағалайды, ол адамдардың бәрі үшін міндетті, ауыл шаруашылығы еңбегіне қоғамның әрбір мүшесі кемінде екі жылын арнауы тиіс, себебі еңбек өмірлік қажеттілік қана емес, моральдық қажеттілік. Ол алты сағатқа созылатын еркін еңбек. Ой еңбегі Платондағыдай дәріптелмейді, бірақ онымен айналысатын ең дарынды адамдар. Утопиялықтар еңбектен шаршап, зорықпайды, қолдары босағанда өздерін рухани дамытады.
Дін. Утоп дінді Христос дүниеге келерден 144 жыл бұрын тағайындады. Мор жалғыз Жаратушы Құдай бар, жан мәңгілік деп тұжырымдайды.’ Сонымен қатар, әр түрлі наным- сенім болуы мүмкін, адамдар бір-бірінінің сенімін, атеистерді де сыйлауы керек деп есептейді. Дінді сақтаушы – сай-ланатын дінбасылар, олар өте таза, адамгершілікті интеллектуалдылықтан да жоғары қояды.
Томмазо Кампанелла (1568-1639) – философия, жаратылыстану мәсе-лелерін әлеуметтік мәселелермен байланыстыра білген, Испания монар-хиясына қарсы күрескен, сол үшін 30 жылдай түрмеде отырған монах. Басты еңбегі – «Күн қаласы».
Кампанелла гипозоизм (барлық нәрсенің жаны бар) идеясын универ- сумға қолданады: «Әлем – үлкен тірі мақұлық, біз оның ішінде құрттар секілді өмір сүреміз, теңіз – жердің тері».
«Күн қаласы» еңбегінде қоғамды қалай өзгерту туралы ойларын ба- яндайды. Тапробану аралындағы (шамамен Цейлон, қазіргі Шри Ланка) бакытты қоғам туралы Генуя теңізшісі әңгімелейді. Бүл аралда адамдар қоғамдастыққа бірігіп, Құдайға емес, адамның ақыл-ойына бағынатын мемлекет құрады. Мұнда жеке меншік жоқ, еңбек жақсы ұйымдастырылған, адамдар төрт сағат қана жұмыс жасайды, бай, кедей болып бөлінбейді.
Мемлекетті басқарушы – Платонның мемлекетіндегідей аристократия, бірақ философтар емес, маман аристократтар, қабілетті болып жаратылған. туғаннан жолы болғыш адамдар. Олардың ең ақылдысы – Метафикик. немесе, Күн деп аталады. Ол мемлекет басшысы, барлық ғылымдардан жан-жақты хабардар. Оның үш көмекшісі бар: Күш-Куат – әскери істерді, Даналық – ғылымдарды басқарады, Махаббат – тамақ, бала тәрбиелеумен айналысады. Олардың да көмекшілері бар (Грамматика, Логика, физика, Саясат, Этика, Экономика, Астролог, Астроном, т.б.) Елді басқару ісімен қырық адам айналысады, бірақ айына екі рет халық жиналысында басшылар ауыстырылып отырады, олардың өздері де талантты адамдарға өз орындарын босатуы тиіс. Басшылық әділ жүзеге асырылуы тиіс, ағайыншылық деген болмау керек. Балалар жеті жасынан бастап ғылымдарды зерттей бастайды және ой еңбегін дене еңбегімен ұштастырады. Дін философияға, білімге тәуелді, ең басты дінбасы – Метафизик.
Никколо Макиавелли (1469-1527) – Флорентия республикасындағы кедей заңгердің отбасында дүниеге келгендіктен университеттік білім алуға мүмкіндігі болмаса да, латын тілін игеріп, ежелгі классиктердің еңбектерін жақсы игерді, жас кезінен бастап саясат және мемлекет мәселелеріне ден қоя бастады. Республика Үкіметінде қызмет атқарып, сая-сатқа белсене араласқан Макиавелли 1512 жылы республика құлаған соң қуғындалды, оның өз елі Италияны көркейтпек болған жоспарлары жүзеге аспады. Саяси қызметтен аластатылған жылдары жазған еңбектері оның есімін адамзат тарихында қалдырды, олардың арасындағы ең белгілісі -»Билеуші» («Государь»). Бұл еңбек сол кездегі реалды әлеуметтік қажеттіліктен туындады, мемлекет проблемасы Макиавелли үшін академиялық, жәй ғана қызықты мәселе емес, ұлттық феномен, антикалық философтар қарастырған мінсіз мемлекет теориясын жалғастыруға талпыныс еді. Оның ойынша, адамдар табиғатынан қатігез. алдауға бейім, мансапқор, мемлекет олардың осы жаман қасиеттерін шектеп, тәртіп орнату үшін қажет. Мемлекет басшысы меншік иелерінің өкілі болуы керек. Мемлекетте өмір сүруші адамдар қабылданған ережелерге саналы түрде бағынғанда ғана қоғамда заңдылық болмақ. Көп нәрсе басшы-билеушіге байланысты деп түсінген Макиавелли мемлекет қайраткері ұстауға принциптерді талдайды. Ең бастысы, билеуші реалды саяси өмір талаптарын ескере отырып басқаруы тиіс, бар күші мен құралдарын басты мақсатқа -біртұтас, қуатты мемлекет құруға жұмсауы қажет. Осы мақсат дана билеушінің өмірінің мәні
болуға лайық, себебі, мемлекет адам рухының жоғарғы жетістіктерінің бірі. Бұл мақсатқа жету үшін құралдың кез-келп түрін пайдалануға болады, әйтпесе ол биліктен айырылады, қарсыластырынан жеңіледі. Макиавеллидің әйгілі «Мақсат құралдарды ақтайды («Цель оправдывает средства») қағидасы осылайша пайда болды.
Қайта Өркендеу Дәуірі философиясы туралы қорыта айтсақ бұл кезең – адам еркіндігін, жасампаздығын, шығармашылық қуатын. табиғатпен бірлігін жырлаған, дүниенің құрылымы, қоғам мен адамның мәні туралы жаңа ғылыми түсінік-идеялар, болжам-үлгілер ұсынылғаг адамзат ойының табысты кезеңі.
Категория: Философия және логика | Добавил: nauriz (10.12.2012)
Просмотров: 2294 | Рейтинг: 1.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Сағат

Сауалнама
Сайтта сізге не ұнайды !!!!!!!
Результаты
Всего ответов: 4014
Сайт мәзірі
Сайт көрсеткіші
Қазір online
Қазір сайтта: 4
Қонақтар: 4
Қолданушылар: 0

Лучшая рип студия!