Сабақ жоспарлары
Мысалы: Бейнелеу 1-6 сыныпқа сабақ жоспарлары
Главная » Статьи » Физика

Авиация
Онымен 1927 жылы американ ұшқышы Ч.Линдберг алғаш рет АҚШ-тан Еуропаға Атлант мұхиты үстімен ұшып өтті. Он жылдан кейін 1937 жылы орыс ұшқыштары В.П.Чкалов, Г.Ф.Байдуков және штурман А.В.Беляков АНТ-25 ұшағымен Мәскеу – Солтүстік Полюс – Ванкувер (АҚШ) маршруты бойынша 8504 км аралықты қонбай ұшып өтті. Бұл ерлікті кейін өзге ұшқыштар да қайталады. 30-жылдардың 2-жартысында КСРО-да, Англияда, Германияда, Италияда, АҚШ-та, Францияда реактивті қозғалтқыштардың шығуымен авиация техникасы сапа жағынан жаңа сатыға көтерілді. Реактивті қозғалтқыштары бар алғашқы шетелдік ұшақтардан: Италияның КК-1 және КК-2 (1940-41), Англияның «Глостер» (1941), АҚШ «Эркомет» (1942) ұшақтарын атауға болады. 50-жылдардың басында алғаш рет Кеңес Одағында дыбыстан жылдам ұшатын (сағатына 1450 км) бір орындық МиГ-19 жойғыш ұшағы, 60-жылдардың екінші жартысында американың F-4 «Фантом» жойғыш-бомбалаушысы, сондай-ақ көп мақсатқа қолданылатын, бірден тік көтеріле ұшы, тік қона алатын, ұшқан кезде қанатының геометриялық параметрлерін қажетке қарай өзгертуге болатын F-111 ерекше ұшақтары жасалды. 60-жылдардың аяғында бірқатар елдерде дыбыстан жылдам ұшатын жолаушы таситын ұшақтар жасалды. 90-жылдардың басында әскери ұшақтардың ұшу жылдамдығы сағатына 3000-3500 км, биіктігі 30000 м, ұшу қашықтығы 15000 км-ден асты, тіпті әуеде жанармай құйып алатын дәрежеге жетті. Бірқатар елдерде орбиталық және әуе-ғарыштық ұшақтар жасау жұмыстары жүргізілді және әжептәуір табыстарға қол жетті. Авиация мен ракеталық техникалардың дамуы ғарыштық кемелердің және қуатты көпсатылы тасығыш ракеталарды шығаруға негіз қалады. Қазақстандағы авиацияның дамуы 1926 жылдан басталады. Осы жылы Қызылорда аэропортының құмдауыт алаңынан алғаш рет аспанға ПО-2 ұшағы көтерілді. 1929 жылы Қызылорда – Мәскеу әуе жолы орнықты. Алматы –Мәскеу тұрақты әуе қатынасы 1940 жылы ПС-84 ұшағы арқылы жалғасты. 1970 жылы әуе жолының ұзындығы 75 мың км-ге жуықтады. Әуе жолы ол кезде Қазақстан астанасы Алматыны одақтас республикалар астаналары және ірі өнеркәсіпті қалалармен байланыстырды. 1977 жылдан дыбыстан жылдам ұшатын ТУ-144жолаушы алып ұшағы 1-рет КСРО-да Алматы мен Мәскеуді жалғастырды. Республикамыздың аудан, облыс орталықтары мен әуе жолы байланысы орнады. Республика әуе жолдарының ұзындығы 1975 жылы 80,0 мың км болды. Бұл сол кездегі жалпы одақтың әуе жолдары ұзындығының 11%-і еді. Онан кейінгі жылдары ұшақ паркі сапа жағынан жаңартылып, сан жағынан өсе түсті. Республиканың әуе жодарында Ан-24, Ил-76, Ил-62, Ту-134, Ту-154, Як-40, Як-42 ұшқыр ұшақтары жолаушыларға қызмет етіп келеді. Соңғы кездегі жаңа техникалардың қолданылуына байланысты аэропорттар жүйесі едәуір ұлғайды. Қазақстанның магистральдық және жергілікті әуе жолдарында аэропорт пен аэровокзал саны көбейді. Ұшақтарды қондыру және қозғалысын басқарудың радио-радиолокациялық және жарыққа негізделген техникалық құралдарын қайта құру және жаңарту жөнінде көп жұмыстар жасалды. Агенттіктер мен аэрофлот кассаларының жүйесі ұлғайды, көпшілікке қызмет көрсетудің автоматтандырылған жүйесі – «Сирена» ойдағыдай қызмет атқарады. Ил-76, Ил-86, Ту-134, Ту-154, «Боинг-737» және «Боинг-747» ұшақтары 90-жылдардан бастап Қазақстан Республикасы қалаларын Будапешт, Пекин, Сеул, Стамбул, Тегеран, Тель-Авив, Мәскеу, т.б. көптеген қалалармен байланыстырды. Астанадан тәулігіне 15, Алматыдан 200-ден аса әуе кемелері ұшады.
Категория: Физика | Добавил: nauriz (19.10.2012)
Просмотров: 1086 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Сағат

Сауалнама
Сайтта сізге не ұнайды !!!!!!!
Результаты
Всего ответов: 4009
Сайт мәзірі
Сайт көрсеткіші
Қазір online
Қазір сайтта: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0

Лучшая рип студия!