Арабия – Азияның ең үлкен түбегі. Жері 3 млн. км3-ге жуық. Батысында Қызыл
теңіз, оңтүстігінде Аден шығанағы мен араб теңізі, шығысында Оман мен Парсы
шығанақтары қоршап жатыр. Ол – палеогеннің аяғы мен неогенде Қызыл теңіздің
терең опырығысымен (грабенімен) бөлініп Евравзияға қосылған Африка қалқанының
бір бөлігі. Түбектің жер беті үстіртті келеді, негізінен әк тас, құмтас,кристалл
тақта тасынан және граниттен тұрады. Батыс және оңтүстік шетін биіктігі 3760 метрге
жететін таулар алып жатады. Қиыр оңтүстік шетінде Оман таулы өлкесі биіктігі
3352 метр бар. Батыс жағасын бойлай жатқан тар өңір ойпатты келеді. Араб
теңізінің климаты солтүстік бөлігінде субтропиктік, оңтүстік бөлігінде
тропиктік. Жылдық жауын – шашын мөлшері 10 мм-ден аз.Жазғы муссон әсерінен Йемен
тауларында жауынның мөлшері 1000 мм-ге, Оман тауларында 800 мм-ге жетеді.
Қаңтардың орта температурасы солтүстігінде 7°С-тан Аденде 24,6°С-қа, шілдеде
26°С-тан 31,9С-қа дейін жетеді. Ішкі
аудандарында минимум температурасы 00С-тан төмен, ең жоғарғы
температурасы 500С-тан жоғары. Араб түбегінде негізінен шөлейт және
шөлөсімдіктері – жаңтақ, сортаң, қараған, құрма пальмасыбұта, шала бұта өседі.
Кей жерлерде саванналар, оңтүстік пен шығыстағы таулы аудандарында тропиктікормандар
кездеседі. Жануарлар дүниесі әрүрлі. Тұяқтылардан – бөкен,жабайы есек, онагр;
кемірушілерден – құмтышқан, қосаяқ; жыртқыштардан – теңбілді қорқау қасқыр,
шиебөрі, түлкі; құстардан – шөл боз торғай, қаршыға, кекілік; бауырымен
жорғалаушылардан – агама, кесірке, хамелеон, кобра (көзілдірікті жылан)
кездеседі. Араб түбегінің оңтүстік шығысында Рубәл-Хали шөлі (дүние жүзіндегі-аса ірі шөлдерінің бірі),
солтүстігінде Үлкен Нифуд шөлі бар.
|