Главная » Статьи » География |
Қазақстан Республикасы мен Иордан Хашимит Корольдігі арасындағы қатынастар Қазақстан Республикасы мен Иордан Хашимит Корольдігі арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар 1993 жылғы 8 ақпанда орнатылды. Қазақстанның Иорданиядағы Елшілігі 2007 жылғы шілде айында ашылды. Еліміздің Иорданиядағы Елшісі Б.Сарсенбаев болып табылады. Иорданияның Қазақстандағы Елшілігі 2007 жылғы сәуір айынан бастап қызмет атқарады. Иорданияның Қазақстандағы Уақытша сенімді өкілі - Сулейман Арабият. Екіжақты саяси байланыстардың негізі 1993 ж. 8-10 ақпандағы Бас Камергер, ханзада Раад бен Зейд бастаған Иорданияның үкіметтік делегациясының Қазақстанға ресми сапары кезінде қаланды. Қазақстан - иордан екіжақты қарым-қатынастарының дамуында екі ел басшыларының арасында орнаған тығыз достық қарым-қатынастар маңызды рөл атқарды. Қазақстан мен Иордания арасындағы жоғарғы деңгейдегі жиі саяси байланыстар барлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың әрі қарай дамыуы мен нығаюына елеулі серпін берді. 2006 ж. 29-30 қарашада ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Иорданияға бірінші ресми сапары болды. Иорданияның Королі Абдалла ІІ бен Хусейн 2005 ж. қарашада және 2007 ж. тамызда Қазақстанда ресми сапарлармен болып, 2008 ж. 5-6 шілде аралығында Астана қаласының 10 жылдық мерей тойына арналған салтанатты іс-шараларға құрметті қонақ ретінде қатысты. Иордания Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес, Әлемдік және дәстүрлі діндер басшылары съезі және т.б. қазақстандық бастамаларға қолдау көрсетуде. 2008 ж. 25-26 тамызда Иорданияның Сыртқы істер министрі С.әл-Башир Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің үшінші министрлік кездесуіне қатысу мақсатында Қазақстанда болды. Осы сапар шеңберінде Иорданияның АӨСШК-ге толық мүше ретінде қабылдану салатанаты, сондай-ақ Қазақстан мен Иордания сыртқы істер министрліктерінің арасындағы саяси консультациялардың бірінші кезеңі өтті. Оның барысында тараптар екі ел арасындағы барлық салалардағы қарым-қатынастарды дамыту келешегін талқылады және қазіргі заманның өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты. 2008 ж. 17 қазанда Саяси даму министрі және Заң шығару істері бойынша мемлекеттік министрі К.Насер бастаған иордандық делегация Астанада өткен Мұсылман және батыс елдерінің сыртқы істер министрлерінің «Ортақ әлем: әралуандық арқылы ілгерілеу» конференциясына қатысты. Екі ел арасындағы экономикалық ықпалдастықты белсендіру мақсатында 2006 ж. қарашада Иорданияның Премьер-Министрі, Қорғаныс Министрі М.әл-Бахит бастаған делегация ресми сапармен Қазақстанда болып қайтты. Делегация құрамына иордания үкіметінің 5 белді мүшесі кірді. Осы сапар қазақстан-иордан сауда-экономикалық ынтымақтастығының өзара тиімді және келешегі зор бағыттарын анықтауға мүмкіндік берді. Қазақстан мен Иордания арасында бірлескен үкіметаралық комиссияның 3 отырысы өткізілді – 2006 ж. қарашада, 2009 ж. қаңтарда Амманда, 2007 ж. тамызда - Астанада. Қазақстан-иордан бірлескен үкіметаралық комиссияның төртінші отырысын 2010 жылы Астанада өткізу жоспарлануда. Тұрақты түрде қазақстан-иордан Іскерлік кеңесінің отырысы өткізіледі. ҚР Статистика жөніндегі агенттігінің мәліметтері бойынша, екі ел арасындағы тауар айналымының көлемі 2008 ж. 75,0 млн. АҚШ долл. (экспорт – 74,1 млн., импорт – 0,9 млн. долл.) құрады. 2009 ж. қаңтар мен мамыр айлары аралығындағы екіжақты сауда мөлшері 13 млн. 806,7 мың. АҚШ долл. жетті (экспорт - 13 млн. 616,6 мың. долл., импорт - 190,2 мың. долл.). Қазақстан мен Иордания арасында 11 үкіметаралық және 2 ведомствоаралық келісімдерге қол қойылған. | |
Просмотров: 908 | Рейтинг: 0.0/0 |
Всего комментариев: 0 | |
Бизнес, менеджмент, финанс т.б [2] |
Патриоттық және мерекелер т.б [16] |
Шет ел әдебиеті мен тарихы [31] |
Шағын көлемді шығармалар [60] |
Әлеуметтану, саясаттану [69] |
Философия және логика [13] |
Қазақ тілі және тіл білімі [104] |
Елді мекендер, қалалар [2] |
Агро,шаруашылықтар [9] |
Курстык жумыстар [17] |
Ғылыми жұмыстар [62] |
Қазақстан тарихы [114] |
Тарихи тұлғалар [132] |
Еуразияшылдык [16] |
Ашық сабақтар [56] |
Дүние тарихы [30] |
Мәдениеттану [7] |
Информатика [68] |
Астрономия [61] |
Психология [6] |
Переводчик [4] |
Математика [14] |
Педагогика [77] |
Дипломдар [10] |
География [82] |
Биология [133] |
Экология [3] |
Дінтану [32] |
Физика [33] |
Химия [13] |
Құқық [27] |
Еңбек [7] |