Сабақ жоспарлары
Мысалы: Бейнелеу 1-6 сыныпқа сабақ жоспарлары
Главная » Статьи » География

Қазақстан Республикасы мен Сирия Араб Республикасы
Қазақстан Республикасы мен Сирия Араб Республикасы арасындағы қатынастар

Қазақстан Республикасы мен Сирия Араб Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар 1992 жылғы 28 наурызда орнатылды.

Қазақстан мен Сирия арасындағы өзара қатынастарға қазіргі уақытта еліміздің Египеттегі Елшілігі жетекшілік етеді. 2007 жылғы сәуір айынан бастап Дамаск қаласында Қазақстанның Консулдығы жұмыс істейді. Консул- А.Асылов.

2007 ж. қарашада ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Дамаскіге жасаған бірінші ресми сапары екі ел арасындағы барлық салалардағы ынтымақтастықты жандандыруға елеулі серпін берді.

Сапар қортындысы бойынша ҚР Сыртқы істер министрлігі мен САР Сыртқы істер министрлігі арасындағы Саяси консультациялар жөніндегі декларацияға, ҚР Үкіметі мен САР Үкіметі арасындағы Білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық жөніндегі келісімге, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен САР Ауыл шаруашылығы министрлігі арасындағы Өзара түсіністік, сондай-ақ Астана мен Дамаск арасындағы әріптестік қарым-қатынастар орнату меморандумдарына қол қойылды. Сапар шеңберінде Қазақстан-Сирия Іскерлік кеңесінің бірінші отырысы өткізілді.

Қазақстанға САР бұрынғы Сыртқы істер министрі Фаруқ Шарааның (1992 ж. наурыз), САР Экономика және сауда министрі А.Лютфидің (2005 ж. тамыз), Сирияның қазіргі Сыртқы істер министрі Уалид әл-Муаллимның (2007 ж. қыркүйек) сапарлары болды.

Өткен жылдар ішінде Сирияда ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Ж.Тұяқбай (2004 ж. маусым), ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрі М.Құл-Мұхаммед (2003 ж. мамыр), ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Е.Ертісбаев (2006 ж. маусым), ҚР Индустрия және сауда министрі Ғ.Оразбақов (2007 ж. шілде) болып қайтты.

Екі елдің мәдени саладағы өзара іс-қимылында Дамаскіде жерленген қазақ халқының көрнекті ұлдары – ғалым, ойшыл Әбу Наср Әл-Фараби мен Египет пен Сирияның ХІІІ ғасырдағы билеушісі Сұлтан Аз-Захир Бейбарыстың тарихи мұраларына қатысты тақырып ерекше орын алады.

2007 ж. қазанда ҚР Үкіметі мен САР Үкіметі арасындағы Дамаск қаласында Әл-Фарабидің тарихи-мәдени орталығының және кесенесінің құрылысын салу, Сұлтан Аз-Захир Бейбарыс кесенесін қалпына келтірудегі ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Келісімге сәйкес, ҚР Үкіметі Әл-Фарабидің тарихи-мәдени орталығының және кесенесінің құрылысын салуға 29,6 млн. теңге және Сұлтан Аз-Захир Бейбарыс кесенесін қалпына келтіру құрылысына 54,2 млн. теңге қаражат бөлді.

Екі ел арасындағы тауар айналымы 2008 жылы 33 млн.308,2 мың АҚШ долл. құрады (негізінен экспорт).

2009 ж. қаңтар мен мамыр айлары аралығындағы екіжақты сауда мөлшері 5,435 млн. АҚШ долл. жетті.
Категория: География | Добавил: nauriz (18.10.2012)
Просмотров: 1098 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Сағат

Сауалнама
Сайтта сізге не ұнайды !!!!!!!
Результаты
Всего ответов: 4012
Сайт мәзірі
Сайт көрсеткіші
Қазір online
Қазір сайтта: 4
Қонақтар: 4
Қолданушылар: 0

Лучшая рип студия!