Главная » Статьи » География |
Жоспар : 1. Қазба байлықтары. 2. Өзендері мен көлдері. 3. Жануарлар және өсімдіктер дүниесі. 1) Қазба байлықтары. Облыс аумағында Цыганов, Ульянов, Гремячинск, Батыс Теплов, Теплов, Қарашығанақ сынды бірқатар газ конденсаттары мен мұнай кендері анықталған. Олардың ішіндегі ең ірілері : Батыс Теплов және Қарашығанақ болып табылады. Сонымен бірге Чернозатон, Түксай, Новосеменов жанғыш тақтатастар кендері табылды. Тас тұзы, калий және бор қабатындағы тұздар, гипс, әк жыныстары, бор және басқа қазба байлықтар ашылды. Құрылысқа жарамды минералды шикізаттардан облыста кірпіш және цемент өндірісі шикізаты, керамзит, әк, құрылыстық құм, құм – қиыршық қоспалары, құрылыс тастары, оларды алмастыратын басқа түзілімдер бар. Керамзитті шикізаттың Погодаев және Түксай кендері барланған. Ақтау («Белая Горка») кенінің құмы силикатты кірпіш дайындау үшін пайдаланылады. Әк өндіруге жарамды бор облыстың солт. және оңт. бөліктеріндегі аудандарда таралған : пайдалы қазбалардың өндірістік балансына Ақтау («Белая Горка») және Бөрлі кендері енгізілген ; бұлардың жиынтық қоры 16081 мың метр куб. Жылдық қуаты 1300 мың т. цемент зауытын шикізатпен толық қамтамасыз ететін қоры 1106482 мың метр куб Ақсуат кені барланды. Гидравликалық қосымша ретінде қоры 21619 мың метр куб болатын кремний сазы бар Шипов кенінің пайдаланылуы мүмкін. Қыш шикізаты Федровка с – ның жанынан ашылды, қоры 2042 мың метр куб. 2) Өзендері. Облыстың негізгі су көзі – Жайық өзені болып табылады. Облыс шегіне Елек поселкесінің батыс жағынан енген өзен батыс бағытқа қарай ағып, Орал қаласына дейін жетіп, оңтүстікке шұғыл бұрылады да, Солт. Каспий маңын кесіп өтеді. Облыс шегіндегі ұзындығы – 761 км, су жинайтын алабы – 116678 км квадрат. Жайықтың облыс аумағындағы салалары – Елек, Шыңғырлау (Утва), Шаған, Барбастау, Емболат, Быковка, Рубежка. Барбастау өзенінен төменірек Жайықтан Көшім (Қабыршақты) бөлініп шығады. Жайық өзені бүкіл облыс жерін жер беті ағын суларының жиілігі әр түрлі қос торапқа ажыратады. Сол жағалаулық өзен торы тығыздығының коэффициенті К – 0,54 км/км квадрат мөлшерімен сипатталады, оң жағалаулық бөліктегі өзен торы тығыздығының коэффициенті К – 0,26 км/км квадрат. Бүкіл облыс үшін өзен торының тығыздығы Жайық өзенісіз – 0,036 км/км квадрат, Жайықпен қосып есептегенде 0,040 км/км квадрат коэффицентпен сипатталады. Жалпы облыста үлкенді – кішілі 200 - ден астам өзен бар, олардың 65 - і жазда кеуіп құрғақ арналарға айналады ; ұзындығы 10 км – ден аспайтын шағын жылға – өзендер де баршылық. Ұзындығы 200 км – ден асатын өзендер небәрі – 8. Қараөзен, Сарыөзен, Елек жерінде тек өздерінің сағалық бөлігі мен ғна ағады, олардың жалпы ағыны шегінен тыс қалыптасады. Өңірдің жер бедері мен топырақ қабатының ерекшелігіне байланысты көптеген өзендердің арналары өте ирелең қалыптасқан. Мыс., Барбастаудың ирелеңдеу коэффициенті К – 1,4, Шолаңқаты – К -1,04, Жақсыбай – 1,07, Ащыөзек – К – 1,75, Мұқыр – К – 1,4 – ке тең келеді. Көлдері. Облыстағы көлдің таралу коэффициенті 10% (жайылма суларды есепке алмағанда) ; жалпы 150 – ге жуық көл бар, олардың айдындарының аумағы 1532 км квадрат. Облыстың өзен бойларына жуық өңірлерінде жайылма су (қарасу) айдындары көп. Мыс Шежін жайылмасы 2200 км кадрат ауданды алып жатыр. Дүре – 700 км квадрат, Қараөзен – 600 – 700 км квадрат, Сарыөзен – 200 – 300 км квадрат, ал Бұлдырты – 100 км квадратқа жуық жерге жайылған. Облыс аумағында көлдер әркелкі орналасқан : Елек алабында – 5, Өлеңті алабында – 1 - 2, Бұлдырты алабында – 10 – нан аса, Қалдығайты алабында – 20 – дан аса (оның ішінде жазда тартылып қалатын Итмұрын тұзды көлінің шарасы – 112 км квадрат), Жақсыбай алабында 5 – 6 шағын көл бар. Ойыл сағасындағы Аралсор (Өзенсор) көлінің ауданы – 112 км квадрат. Бұл көлдердің бәрі Жайықпен ұласпайтын өзендердің алаптарында орналасқан. Облыстың оңт. – батыс бөлігі көлді келеді. Олар Дүре – Шежін жайылма суларының оңт. бөлігінде, Көшім және Мұқыр өзендерінің сағалық жағында Қараөзен, Сарыөзен сағаларында (Қамыс – Самар көлдері) шоғырланған. Бұлардың арасында 200 км квадрат ауданды алып жатқан Балықты Сакрыл, Сарай, Қамыс – Самар көлдерін бөліп атауға болады. Облыстың осы бөлігінде су айдыны 1 – ден 4 км квадратқа дейін тұзды, кеуіп қалатын көлдер көп, олардыңда ауданы 72 км квадрат тұзды Боткөл бар. Оның ең терең әрі уқымды су айдыны Шалқар көлі, ауданы – 242 км квадрат. 3) Жануарлар дүниесі. Облыс аумағында сүтқоректілердің 70 түрі, құстардың 310 – ға жуық, рептилияның 19, қос мекенділердің 7, балықтардың 51, әр алуан омыртқасыздардың мыңдаған және дөңгелек ауыздылар мекендейді. Сүтқоректілерден өздерінің алуан түрлілігімен ерекшелінетін кеміргіштер де бар. Олардың ішінде әсіресе кішкентай сарышұнақ, кәдімгі сұртышқан, дала алақоржыны, кеңінен таралған. Қамысты – қоғалы қалың нудың арасында, кейбір өзендер мен ірі көлдерде аңдатр (су тышқаны) мекендейді. Жайықтың ескі арналарында қайтадан құндыз кездесе бастады. Орқоян кең таралған, ал облыстың солт. бөлігінде аққоян мен дала шақылдағы кездеседі. Жыртқыштардан қасқыр, түлкі, аққұлақ, аққіс мекендейді, сондай – ақ қарсақ, дала мен борсықты, кейде шұбаркүзенді көруге болады, оңтүстік – батыстағы адырлы құмдарда жабайы мысық бар, кейде бұл ауданда жанат тәрізді ит кездеседі. Оқта – текте тоғай тауығы, кәмшат, еуропа қара күзені, тіпті сілеусінді ұшырастыруға болады. Жәндік қоректілерден кәдімгі және құлақты кірпі, жертесердің бірнеше түрі, жұпартышқан кеңінен таралған, жарқанат едәуір көп (8 түрі бар). Тұяқтылардан киік көп тараған. Жайылмалық орман – тоғайларда бұлан мен елік мекендейді. Құстардың ішінде ең көбі торғай тектестер (120 – ға жуық түрі бар). Орман – тоғайда қызылторғай, мысықторғай, сарышымшық, қызылқұйрық, мақтанторғай, құрқылтай, барқылдақ торғай кездеседі. Орман алаңқайларында сұлусары, бақторғай сұр мақтанторғай, өзен жағалауларын, ескі арналарды бойлай өскен бұталарда құрқылдақторғай, жасымықторғай, Жайын жайылмасының солт. бөлігінде шырылдақторғай, сарықасторғайлар бар. Облыста бауырымен жорғалаушылардан кесірткенің 10 түрі, жыландардың сегіз түрі және тасбақа (батпақты) бар. Облыстың өзендері мен көлдері өздерінің балыққа байлығымен және әр алуандығымен ерекшелінеді. Ең көбі тұқы тәрізділер (28 түр), олардың ішінде әсіресе жерсінгендері – ақамур мен дөңмаңдай. Тұщы суларда табан, мөңке, сазан, ақбалық, көксерке, т.б. кездеседі. Жайық өзені аса бағалы бекіре тұқымдастарға (шоқыр, бекіре, қортпа) бай. Омыртқасыздар ішінде буынаяқтылары, әсіресе жәндіктер (2,5 мың түрге жуық) көп және қоңыздар басым болып табылады (1,2 мың түрге жуық). Көбелектер отрядының 400 – ге жуық түрі бар, екі қанатты және жарғақ қанаттылар 150 – 200 түрден саналады. Әр түрлі типтегі омыртқасыздар негізінен топырақ қабатында таралған. Олардың ішінде қарапайымдылар мен ірі құрттардың – 10 – 15, өрмекші, кенелердің 100 – ден астам түрі бар. Су түбін мекендеушілерден, әдетте, әр түрлі құрттар, буынаяқтылар мен олардың дернәсілдері (шамамен 100 түрден), сондай – ақ молюскалар кездеседі. Планктонның негізгі массасын шаян тәрізділер (дафния, циклоптар), қарапайымдар (инфузория, арцелдер), жәндіктердің дернәсілдері, хиромид және басқалары құрайды. Өсімдіктер дүниесі. Облыстың флорасында 106 тұқымдасқа жатқызылатын гүлді өсімдіктердің 1300 – ге жуық түрі, олардың ішінде күрделі гүлді (220), атбас бұршақты (139), астық тұқымдас (118), көкпек (113), зиягүл (104) түрлері бар. Өсімдіктерді эндимиктік түрлері : Талиев гүлкекіресі, қатты жапырақты келерия, майысқақ боз, Еділ майқарағайы және т.б. Облыстың өсімді жамылғысында үш белдем (зона) элемент кездеседі. Солтүстіктен нағыз дала белдем өтеді, орталықтың едәуір бөлігі шөл дала немесе шөлейіт белдемге енеді, ал оңт. аудандар шөлдің солт. шегіне ұласады. Жалпы өсімдік жамылғысында бір кездері далалық сипаттың басым болғаны байқалады, бірақ оны пайдалану барысында табиғи жағдайының өзгеруінен бірте – бірте шөлге айналу құбылысы етек жаюда. Негізінен нағыз дала зонасы облыстың солт. бөлігін алып жатыр және бұл өңір боз әрі бетегелі дала болып табылады. Боз даланың оңт. шегі Еруслан бастауынан Қараөзен және Сарыөзен арқылы, Ершов кентінен 2025 км оңтүстікке, одан әрі Жалпы Сырт сілемдерімен Красный кентіне дейін, Дарьинск арқылы Шалқар көлінімен солт. жағалаумен, содан соң Елек және Қобда су айырығын бөле шығысқа қарай өтеді. Бұнда далалық боздың әр алуан түрлерімен қатар қылтанақсыз арпабас, бедетүнгі шегіргүл, дала шиесі, талбұршақ және т.б. кездеседі. Облыстың шөптесін қорының бсты түрі – жайылмалық шалғындар. Жайықтың төңірегінен биіктеу белесті – жады келетін жайылмаларында бидайық тектес және жусанды – бидайық аралас өскен шалғын көп кездеседі. Жайылмалық шалғындарда көбіне миямен араласа бидайық, сұлыбас өседі. Жайылмалардың ең төмен учаскелерін өлең шөбі басым батпақты шалғындар алып жатыр. Облыстың орман – тоғай өсімдіктерін зерттеген кезде дала тоғайларының негізінен қосымша ылғалды белдемдерге ұштасып келетіні анықталды. Облыстағы орман алқаптары – жайылмалық орман – тоғай, құмайт масивтердегі бұталы алқап және көлтабан ойпандарындағы массивтер түрінде өскен ; жайылмалық тоғай көбіне өзен аңғарларымен байланысты. Мұнда аралас өскен бұталы үйеңкі, қара және ақтерек, шегіршін, көктерек, қайың, емен ағаштары ұзақ уақыт суда қалуға бейімделген. Құмайт массивтердегі тоғай шегі оңтүстікке қарай сұғына түсіп, 49 градус солт. ендікке дейін жетеді. | |
Просмотров: 1676 | Рейтинг: 0.0/0 |
Всего комментариев: 0 | |
Бизнес, менеджмент, финанс т.б [2] |
Патриоттық және мерекелер т.б [16] |
Шет ел әдебиеті мен тарихы [31] |
Шағын көлемді шығармалар [60] |
Әлеуметтану, саясаттану [69] |
Философия және логика [13] |
Қазақ тілі және тіл білімі [104] |
Елді мекендер, қалалар [2] |
Агро,шаруашылықтар [9] |
Курстык жумыстар [17] |
Ғылыми жұмыстар [62] |
Қазақстан тарихы [114] |
Тарихи тұлғалар [132] |
Еуразияшылдык [16] |
Ашық сабақтар [56] |
Дүние тарихы [30] |
Мәдениеттану [7] |
Информатика [68] |
Астрономия [61] |
Психология [6] |
Переводчик [4] |
Математика [14] |
Педагогика [77] |
Дипломдар [10] |
География [82] |
Биология [133] |
Экология [3] |
Дінтану [32] |
Физика [33] |
Химия [13] |
Құқық [27] |
Еңбек [7] |