Главная » Статьи » География |
Тақырыбы: «Биогеография туралы түсінік» ЖОСПАР 1. Биогеография туралы түсінік 2. Биогеографиялық аймақтар 3. Биогеографияның түрлері 1. Биогеография туралы түсінік Биогеография (био... және география)- жер шарындағы әр түрлі биоценоздың, сондай- ақ жануарлар мен өсімдіктердің, микроорганизмдердің таралуы мен орналасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым саласы. Биогеография екі салаға бөлінеді: организмдер географиясы (микроорганизмдер, жануарлар және өсімдіктер географиясы) және жануарлар мен өсімдіктердің дүниесінің жалпы географиясы (микробоценоз, фитоценоз және зооценоз географиясы). Биогеография биология және география ғылымдарымен байланысты. 2. Биогеографиялық аймақтар Әр түрлі өсімдіктер мен жануарлар планетамызда әр жерде тарап жатыр. Болған және болып жатқан эволюциялық өзгерістердің жарқын куәсі ретінде әр түрді жан- жануарлардың және өсімдіктердің бүкіл жер шарының түкпір түкпіріне таралуын айтуға болады. Планетаны әр түрлі болжамдар ойынша бірнеше облысқа бөлуге болады. А. Уоллеске 6 биогеографиялық аймақтарға біріктіруге реті келді. бөлді. 1) Палеарктикалық аймағы 2) Неоарктикалық аймағы 3) Индо – малай аймағы 4) эфиоптық аймақ 5) Неотропикалық аймағы 6) австралиялық аймағы. Әр түрлі аймақты жануарлар және өсімдіктер әлемін салыстыру эфолюциялық процесті дәлелдейтін өте бай ғылыми материал болып табылады. Полиарктикалық және неоарктикалық аймақтарға және флора бір – біріне ортақ ұқсастықтар өте көп. Бұл ұқсастықтар екі аймақтық ортасында бұрып құрғақ көпір Беринг құрлық мойнағы болуынан деп түсіндіруге болады. Басқа аймақтарда бір- біріне ұқсастықтар өте аз. Сонымен жануарлар мен өсімдіктердің жер бетіне таралуы және олардың богеографиялық аймақтарға топталуы жердің тарихын даму процесін және тіршіліктің эволбцяисын көрсетеді. Эволциялық процесті түсіну үшін ареалдардағы флора мен фаунаға назар аударған жөн. Фауна мен флора құрамы сол аралдың пайда болу тарихына байланысты.Биогеографиялық фактілердің санының көптігі, әсіресе тірі жәндіктердің жер бетінде көп таралуы жер қабатының өзгеруінің және түрлердің эволюцтясына байланысты. Биогеографиядан дәлелденгені тірі организмдердің теністіктерде таралуы, яғни жануарлармен өсімдіктер географиялық орналасуы. Нәтижесінде биогеграфиядан біз зоогеографиялық фитогеографияны ажыратамыз. 3. Биогеографияның түрлері Биогеография - өсімдік және жануарлар географиясына бөлінеді. Өсімдік географиясы - өсімдіктердің таралуы ареалын зерттейтін бөлімі. Өсімдік географияның өсімдіктің түрін, туысын тағы басқа таксономиялық котегорияларының табиғатта таралу аймағын- ареалын зерттейтін саласын фитохорология дейді. Өсімдік географияның флористикасы бір аймақта таралған өсімдік түрлерін, флорасын, ал өсімдік географияның экологиясы өсімдіктің тіршілік ортасына бейімделуін зерттейді. Өсімдітің таралуы туралы мағлұматтарды ертедегі дүние ғалымдары (Теофраст) еңбектерінен де көруге болады. Ал нақты мағлұматтар 18 ғасыр натуралистері француз ботанигі Ж.П.де Турнефор, швед ғалымы К.Линней, орыс академигі П.С.Паллас тағы басқа еңбектерінде өсімдік география жөнінде көптеген наөты мәліметтер келтірген, 18-19 ғасырда өсімдік география ғылымның жее саласы болып қалыптасуына неміс натуралистері К.Вильденов, А.Гумбольд көп еңбек сіңірді. Ч.Дарвин организмнің географиялық таралуын эволюциялық дамудың дәлелі ретінде қарады. Ч.Дарвиннің идеяларын ағылшын ғалымы Дж.Д.Гукер, американ ботанигі А.Грей ботаника- география еңбектерінде қолданды. Жер шарындағы өсімдік ареалы мен флорасының байланыстырып ерттеген неміс ботанигі А.Энглер өсімдік географияның тарихи- генетикалық әдісінің дамуына үлкен әсер етті. Өсімдіктер таралуының географиялық аңдылықтарын білу өсімідк дүниесінің эволюциялық заңдылықтарын ашуда үлкен орын алды. Өсімдік географияның зерттеудің өсімідіктің адамға пайдалы түрлерін шығаруда, жаңа түрлерді жерсіндіруде маңызы зор. Өсімдік ареалын зерттегенде сыртқы ортаның өсімідіктің таралуына тигізетін әсері және өсімідң флорасының қалыптасуы мен жеке түрдің таралу тарихи анықталады. Жер бетінің өсімдік флорасын зерттеу үшін жоғары сатыдағы өсімдіктің (тұқымды өсімідк пен папоротник тәрізділердің) барлық түрін есепке алу керек. Белгілі бір жерде (құрлық, арал, ботанико- географиялық аймақ т.б.) таралған өсімідк түрінің жер көлеміне қатынасын анықтау арқылы, сол жер флорасында өскен сімдіктің мөлшері анықталады. Көптеген ботаниктерфолораны саыстыру үшін белгілі бір ботаника- географиялық аймақта өсетін өсімідк түрлерін салыстырады (мны нақты флора дейді). Арктика аймағының нақты флорасында өсімдіктің 20-100 түрі кездессе, тайгада 450-700, жалпақ жапырақты орманда 1000, Жерорта теңіз жағадауында, Кавказ сыртында 1300-1500 түрі өседі. Тропик өңірінде өсімдіктің2000 түрі өссе, Браилияның кейбір аудандарында 3000 түрі кездеседі. Аралда, таулы жерлерде өсімдік түрі аз болады. Өсімдік географияның өсімдік флорасына ботаника- географиялық талдау жасалады. Жануарлар географиясы, зоогеография- жер шарындағы жануарлардың белгілі бір аймақта таралуын, олардың тіршілік жағдайларын, тұр құрамын, дамуын зерттейтін биогеографиялық ғылымының бір саласы. Жануарлар географияның ерте кезде тіршілік еткен жануарлардың таралуын зерттейтін бөлімін палеозоогеография деп атайды. Жануарлар географиясы- биологиялық ғылым, бірақ жануарлар тіршілік мекендері (ареал, стация), тараған жерлеріне (өзен- көлде, теңіде, құрлықта) байланысты ерттелетіндіктен география ғылымымен байлансты. Жануарлардың жер жүзіде таралуы туралы деректер ертеден белгілі болғанымен, зоогеография алғашқы еңбектер 18 ғасырда пайда болып, 19 ғасырдың ортасынан бастап ғылыми тұрғыдан дамып келеді. Бұл ғылымның дамуына Ч.Дарвиннің «Табиғи сұрыптау жолымен түрлердің шығу тегі» еңбегінің және орыс ғалымдары К.Ф.Рулье, Г.С.Карелин, М.Н.Богданов тағы басқа еңбектерінің үлкен әсері болды, жануарлар географиясы жер шарын және оның әр түрлі бөліктерін жауарлар құрмы мен таралу ерекшелігіне байланысты бірнеше зоогеографиялық аймаққа бөледі. Олар- палеарктика (Европа, Орталық және Солтүстік Азия, Африканың солтүстік бөлігі), Неарктика (Солтүстік Америка, Грендландия), Неотропика (Орталық және Оңтүстік Америка, Вест- Индия), Эфиопия (Орта және Оңтүстік Африка, Мадагаскар), Үнді- Малайя (Үнді, Үнді- Қытай және Малайя архпелагы, аралдар), Австралия (Австралия, Тасмания, Жаңа Зеландия, Жаңа Гвинея), Антарктида (Антарктида құрылығы және Оңтүстік Американың ең оңтүстік бөлігі) биогеографиялық аймақтары. Мұнымен қатар мұхиттарда тіршілік ететін жануарлар судың тереңдігіне қарай жиектік (литораль), ашық деңгейлік, терендік деп үшке бөлінеді. Жиектік бөлігі Үнді- Полинезия, Тропикалық – Атлантика, Арктика, Бореал, Атибореал және Антарктика аймақтарына бөлінеді. Ашық деңгейлік бөлігі Арктика, Атлант, Үнді- Тынық мұхит және Антарктика аймағына, ал тереңдік бөлігі Үнді- Пацифи, Атлант және және Арктика аймақтарына бөлінеді. Қазақстанда таралған сүт қоректілер олардың фауна құрамына, кездесетін жеріне (шөл, дала, тау, оран) байланысты шағын 22 зоогеографиялық аймаққа бөлінеді. Бұлар – орман дала, орталық, шығыс дала аймақтары, батыс аралас аймағы, Ұлытау, Сарыарқа, Зайсан, Арал- Каспийдің солтүстігіндегі шөл, Бетпақдала, Алакөл, Үстірт, Қызылқұм, Мойынқұм, Қаратай аймақтары. Жануарлар географиясының кәсіптік маңызы бар әр түрлі жануарларды халық шаруашылығына тиімді пайдалануда, орман, арам шөп зиянкестерін зерттеп, табиғатты қорғауда, бағал жануарларды жерсіндіру, пайдалы жануарлардың санын көбейту үшін маңызы зор. Жануарлар географиясы жануарлар систематикасы, экология, палеонтология, фитогеография, климатология, океанология тағы басқа ғылымдарымен тығыз байланысты. | |
Просмотров: 2518 | Рейтинг: 4.0/1 |
Всего комментариев: 0 | |
Бизнес, менеджмент, финанс т.б [2] |
Патриоттық және мерекелер т.б [16] |
Шет ел әдебиеті мен тарихы [31] |
Шағын көлемді шығармалар [60] |
Әлеуметтану, саясаттану [69] |
Философия және логика [13] |
Қазақ тілі және тіл білімі [104] |
Елді мекендер, қалалар [2] |
Агро,шаруашылықтар [9] |
Курстык жумыстар [17] |
Ғылыми жұмыстар [62] |
Қазақстан тарихы [114] |
Тарихи тұлғалар [132] |
Еуразияшылдык [16] |
Ашық сабақтар [56] |
Дүние тарихы [30] |
Мәдениеттану [7] |
Информатика [68] |
Астрономия [61] |
Психология [6] |
Переводчик [4] |
Математика [14] |
Педагогика [77] |
Дипломдар [10] |
География [82] |
Биология [133] |
Экология [3] |
Дінтану [32] |
Физика [33] |
Химия [13] |
Құқық [27] |
Еңбек [7] |