Главная » Статьи » География |
Тақырыбы: Болгария мемлекеті Орындаған: Тексерген: Қарағанды-2008 Жоспар: І. Кіріспе а) Болгарияның экономикалық және саяси дамуы. ІІ. Негізгі бөлім: а) Болгариядағы маусым төңкерісі. б) Капитализмнің уақытша тұрақтануы кезіндегі Болгария. в) Монархиялық-фашистік төңкеріс. ІІІ. Қорытынды бөлім: а) Болгарияның мемлекеті және құқығы Болгарияның экономикалық және саяси дамуы. Бірінші дүниежүзілік соғыста Болгария үштік одақ мемлекеттері жағында соғысты. Болгария өз одақтастары сияқты бұл соғыстан жеңіліп шықты. Соғыс елдің экономикасын күйзеліске әкелді. Болгария соғыс жылдарында Германияны азық-түлікпен қамтамасыз етіп отырды. Соғыстың ауыртпалығы халықтың мойнына түсті. Өнеркәсіптің 70%-ы тоқтатылды. Ауыл шаруашылығы күйзеліске ұшырап, егіс көлемі 25-30% қысқарды. Елде қымбатшылық болып, азық-түлік жетіспеді. 1915-1918 жж. нанның бағасы 4 есе, ет – 5есе, қант – 3 есеге қымбаттады. Солдаттарға қару-жарақ, азық-түлік жетіспеді. Соғыстан қажыған солдаттар үйлеріне қайтуды талап етіп, соғыс майдандарында үкіметке қарсы қозғалыс кең етек ала бастады. 1918 жылы 26 қыркүйекте Владай селосындағы болгар солдаттары көтеріліске шығып, София қаласына бет алды. 29 қыркүйекте Владай көтерілісіжеңіліс тапты. 30 қыркүйекте Болгария соғыстан шықты. 3 қазан күні Болгария патшасы Фердинад тақтан түсіп, елдің билігін баласы Бориске берді. 1918 жылы 17 қазанда Болгарияда ұсақ буржуазиялық үкімет құрылды. Үкіметтің құрамына социалистер мен БЗНС (Болгарияның жер, халық одағы) партиясы кірді. Елде саяси дағдарыс шиеленісіп, революциялық ахуал күшейді. Жаңа үкімет кейбір жеңілдіктер жасауға мәжбүр болды. Біріншіден, елде кешірім (амнистия) жариялады, екіншіден, 8 сағаттық жұмыс күнін енгізді. Бірақ бұл шаралар елдегі саяси дағдарысты жоя алған жоқ. 1919 жылы наурыз айында Болгар социал-демократиялық (тесняктар) партиясының ХХІІ съезі болды, бұл съезд партияның атын өзгертіп, Болгар Коммунистік партиясы деп атады. Оған БКП басшылары Васил Коларов, Георгии Димитровтар сайланды. 1919 жылы жаз айларында революциялық қозғалыстар кең етек алды. БКП басшылық жасап, халықтың арасында беделі өсті. 1919 жылы тамыз айында халық жиналысына (парламент) сайлау өтті. Сайлауда БЗНС ұсақ буржуазия партиясы жеңіске жетсе, екінші орынды БКП жеңіп алды. Парламентте 47 депутаттық орынға ие болды. Сайлаудан кейін бір партиялық БЗНС үкіметі құрылды. Үкімет басшысы болып БЗНС партиясынан Стамболийский тағайындалды. Болгария монархиялық-буржуазиялық ел болды. Болгар патшасы Борис орнында қалды. Стамболийский үкіметінің ішкі және сыртқы жағдайы өте ауыр еді. 1919 жылы 27 қарашада Нейи-Сюрсенде Антанта елдері мен Болгария арасында келісімге қол қойылды. Нейи келісімі бойынша, Болгария Грецияға Фракияны қайтарды. Югославияға 2500 кв км жері, Кула, Цариброд, Струлищ қалалары берілді. Сонымен бірге, Румыния Добрудж жерін алды. Болгария 2250 млн франк төлем төлеуге келісті. Греция, югославия мен Румынияға 70 мың мал, 50 мың тонна көмір беруге тиісті болды. Нейи бітімі Болгария үшін өте ауыр соқты. 1920 жылы наурыз айында Болгарияда парламент сайлауы болды. БЗНС партиясы жеңіске жетіп, А.Стамболийский жеке үкімет құрды. Елде бірпартиялық билік орнады. Стамболийский елде бірталай өзгерістер жүргізді. Болгарияда экономикалық даму байқалды. Егіс көлемі өсіп, картофель, қант қызылшасы, темекі өнімдері мол өндіріле бастады. Мал басы өсті. Өнеркәсіп саны артып, капитал шоғырланып, ауыл шаруашылық өнімдерін өңдейтін кәсіпорындар көбейді. Француз капиталы еркін кірді. Болгария аграрлы ел болып қала берді. Шаруалар партиясы бола отырып, аграрлық реформа жүргізді. Ірі жер иеліктерінің меншіктерін тежеп, «жерді кім өңдесе, жер соныкі» деген принципті жүргізді. 1923 жылы мажоритарлық сайлау жүйесін енгізді. Сәуір айында өткен парламент сайлауында БЗНС 87% дауыс алып, парламентке көп депутат өткізді. Бірпартиялық жүйе нығая түсті. Парламент арқылы конституцияға өзгеріс енгізуді ұсынды. Елде Стамболийскийге қарсы буржуазия мен патша төңірегіндегі әскери топтар үкіметтік төңкеріс дайындап жатты. «Халық бірлігі» атты фашистік партия құрылып, мемлекеттік төңкеріс жасауды қолдады. Саяси дағдарыс жылдарында БЗНС партиясы жалғыз қалып, БКП-ны қолдамады. Әскери топтар мен фашистер бірігіп, 1923 жылы маусым айында төңкеріс ұйымдастырды. Болгариядағы маусым төңкерісі. 1923 жылы 8 маусымнан 9 маусымға қараған түні мемлекеттік төңкеріс жүзеге асты. А.Стамболийский тұтқындалып, үкіметі мекемелерін басып алды. Мемлекеттік төңкерісті фашистік «Халық бірлігі» партиясы, офицерлік топтар және патша Бористің өзі қолдады. Монархиялық-фашистік билік орнады. Жаңа үкіметке «Халық бірлігі» партиясының басшысы А.Цанков тағайындалды. Стамболийскийді қолдаған топтар өте әлсіз болды. БКП мен халық Стамболийскийді қолдамады. БКП мемлекеттік төңкеріс арқылы келген үкіметті, ұсақ буржуазиялық топтарды қолдады. Бірақ бұл реакциялық буржуазиялық топтар болатын. А.Цанков үкіметі елде қарсыластарына қарсы терор ұйымдастырып, БКП-ның қызметіне тыйым салды. 1923 жылы 5-7 тамызда БКП-ның Орталық комитетінің отырысында өздерінің тактикалық қателіктерін мойындап, елде фашизмге қарсы қарулы көтеріліс ұйымдастыруға шешім қабылдады. 12 қыркүйекте елде жаппай террор кең етек алды. 2,5 мың коммунист тұтқындалды. БКП халықты көтеріліске шақырды. 19-20 қыркүйекте Старозаор округінде антифашистік қарулы көтеріліс басталды. Қарулы көтерілісті басқару үшін әскери – революцалық штаб құрылды. Жалпыхалықтық көтерілісті В.Коларов, Г.Демитров және Г.Геновтер басқарды. 23 – қыркүйекте көтеріліс Болгарияның Врачан, Видин округтерін түгел қамтыды. Фердинанд қаласы көтерілісітің орталығы болды. Оңтүстік Болгарияда халық көтерілісі кең етек алды. Бірақ округ ауылдарыдағы көтеріліске қатысқан шаруаларда бірлік болған жоқ. Көтерілісшілерді қаладағы жұмысшылар қолдамады. А.Цанков үкіметі көтерілісті басу үшін жақсы дайындалды. Сондықтан округтердегі аздаған қарулы топтарды бірінен соң бірін басып отырды. 1923 жылы 30 қыркүйекте Болгариядағы антифашистік көтеріліс жеңілді. Еуропада Италиядан кейінгі орнаған фашистік диктатураға қарсы халық көтерілісін басқарған БКП әлі де тәжірибесінің аздығын көрсетті. 30-жылдардағы Еуропа елдеріндегі фашизмге қарсы күресте тәжірбесіздік, біртұтас жұмысшы майданын құра алмау олардың жеңілуіне әкеліп соқты. Франция мен Испаниядағы фашистік бүлікке қарсы күресте «Халық Майданын» құру арқылы ғана жеңске жете алады. Коммунитік Интернационалды басқарған Г.Димитров 1935 жылы Коминтеннің VII конгресінде баяндама жасап, өз қателіктерінен сабақ ала отырып, антифашистік күштерге Коминтерннін стратегиясы мен тактикасын белгілеп береді. Капитализмнің уақытша тұрақтануы кезіндегі Болгария. 1923 жылы қыркүйек айындағы антифашистік көтеріліс жеңіліс тапқаннан кейін, Болгарияда буржуазия жеңіске жетті. Реакциялық топтар солшыл күштерге қарсы террор ұйымдастырып, БКП мен БЗНС партияларын қудалап жеңіске жетті. 1923 жылы қараша айында өткен «Халық жиналысына» сайлауда біржуазиялық топ Демократикалық бірлік партиялары жеңді. Олар депутаттық орынның 60%-ын қолдарына алды. БКП бар болғаны 8 депутат өткізді. Сайлаудан кейін, 1924 жылы қаңтарда «Мемлекетті қорғау» туралы заң шығарды. БКП-ның жұмысына тыйым салды. БКП-ның басшылары В.Комаров, Г.Димитровтар шет елге кетті. Елде коммунистерге қарсы ақ террор басталды. Экономика саласында тұрақтылық басталды. Болгар ақшасы левтің құны өсті. Өндіріс пен құрылысқа көп көңіл бөлінді. Өндіріс пен қаржы салалары жаңа өнеркәсіп орындарын ашып, өндіріс тауарлары көптеп шығарылды. Темекі монополиясы нығайды. Шетел капиталының үлесі артты. Ауыл шаруашылығында егіс көлемі өсті. Қант қызылшасы мен темекі плантациясында мол өнім жиналды. 1926 жылы реакциялық үкімет басшысы А.Цанков отставкаға кетті. Жаңа үкімет басшысы болып А.Лянчев тағайындалды. Оның алғашқы жүргізген шараларының бірі – «мемлекетті қорғау» заңы арқылы сотталғандарға амнистия жариялады. Буржуазия реакциялық ішкі саясаттан бас тарта бастады. 1928 жылы отандық буржуазия өнеркәсібін қолдап, көптеген жеңілдіктер жасады. Шет елден алған заем арқылы, несие бөлу арқылы ұлттық өндірістің дамуына жағдай жасады. Ауыл шаруашылығының капиталистік жолмен дамуына көмектесті. Дүниежүзілік экономикалық дағдарыс 1929 жылы Болгарияда да басталды. Ауыл шаруашылығы айтарлықтай күйзеліске душар болды. Ауыл шаруашылығының өндірген тауарларының бағасы 2 есеге арзандады. Ұсақ шаруалардың жағдайы өте ауыр болды. Өнеркәсіп өнімдерін шығару 40% азайды. Елде жұмыссыздық кең етек алды. Ұсақ және орта өнеркәсіп орындары банкроттыққа ұшырады. Экономикалық дағдарыс әлеуметтік қайшылықты күшейтті. Халықтың тұрмыс жағдайы төмендеп елде үкіметке қарсы оппозиция күшейді. «Халық блогы» бірлігі құрылды. 1931 жылы халық жиналысына өткен сайлауда оппозициялық «Халық блогы» жеңіске жетті. Бірақ жаңа үкіметтің бұрынғы Ляпчев жүргізген саясаттан айырмашылығы аз болды. Экономикалық дағдарыс тереңдеп, Болгарияда жаңа мемлекеттік төңкеріс дайындалып жатты. Монархиялық-фашистік төңкеріс. 1932 жылы Болгарияда профашистік «Звено» партиясы құрылып, әскери және монархиямен бірлесіп, мемлекеттік төңкеріс ұйымдастырады. Мемлекеттік төңкеріс 1934 жылы мамыр айының 19-ы күні жүзеге асты. «Халық блогы» үкіметі құлатылып, оның орнына К.Георгиев басқарған әскери-фашистік жаңа үкімет құрылды. Үкіметтің алғашқы шараларының бірі – парламентті таратты. Саяси партиялардың қызметіне тыйым салынды. Әскери адамдарға арқа сүйеген монархия 1935 жылы қаңтарда монархиялық төңкеріс жасады, К.Георгиев үкіметі отставкаға кетті. Болгарияда монархиялық-фашистік диктатура орнайды. Үкіметке патша сарайына жақын адам Г.Кюсейванов тағайындалады. Болгария патшасы Бористің қолдауына сүйеніп, Германия мемлекетімен достық қатынас орнатады. 1936 жылы қараша айында Борис Германияға барып Гитлермен кездеседі. Болгария мен Германия арасында экономикалық-сауда келісіміне қол қойылады. Неміс капиталы Болгария экономикасының 2/3 өз қолдарына алады. Ауыл шаруашылығы дамып, егіс көлемі мен мал саны өседі. Темекінің, жеміс-жидектің егіс көлемі артты. Болгарияда мал етін өңдейтін ет комбинаттары мен ірі тоңазытқыштар салынып, еттің 85% Германияға тасылады. Болгария темекісін өңдейтін темекі фабрикалары салынып, темекі өнімдерінің 90% Германияға жіберілді. Болгария Германияның шикізат өнімдерін шығаратын вассалына (тәуелді) айналды. 1938 жылы екі ел арасындағы жасырын келісім бойынша Германия Болгарияға қару-жарақ беріп, әскерлерін неміс қаруымен жабдықтайды. Германия Болгарияға теміржол вагондарының 100%, жүк таситын автомобильдің 90%, тыңайтқыштың 100%, паровоздың 80%-ын беріп отырды. 1937 жылы Болгария үкіметі Югославиямен «мәңгілік достық» келісіміне қол қойды. 1938 жылы шілде айында Грециямен достық қатынас туралы Самолника келісімі болды. Екінші дүниежүзілік соғыстың бірінші кезеңінде Болгария өзінің профашистік саясатын жасырып, бейтараптық саясат ұстайды деп жариялады. 1940 жылы халық жиналысын таратып, елде жаңа үкіметті Б.Филов басқарады. «Ұлтты қорғау» заңын шығарып, террорлық саясат басталады. Фашистік жастар ұйымы құрылады. Германияға жұмысшылар жіберіліп, соғысты жақындата түсуге көмектеседі. Елдің экономикасы толықтай соғысқа дайындалды. 1941 жылы наурыз айының 1-і күні Вена қаласында Болгария «үштік одаққа» кіру туралы келісімге қол қояды. Фашистік Германия әскерлері Болгария жеріне кіргізіліп, Югославия мен Грецияны жаулап алу плацдармына айналдырады. Болгария мен Германия бірігіп, Македония мен Францияны жаулап алады. Монархиялық фашистік Болгария үкіметі және патша Борис Германияның одақтасына айналып, 1941 жылы маусымда Германия Кеңес одағына соғыс ашқанда, Болгария антисоветтік саясатын жалғастырды. 1944 жылы 5 қыркүйекте КСРО Болгарияға соғыс жариялап, Кеңес Армиясы Болгарияны азат етті. Болгарияның мемлекеті және құқығы Болгари мемлекетінің тарихының кезеңдері: 1 кезең – «Жеті тайпа одағы» (VII ғ.), бұл кезде Византияның құрамына кірген Балқан түбегінің ірі бөлігі – Мизияны славяндар жаулап алды; 2 кезең – Бірінші Болгар патшалығы, бұл кезде мынадай оқиғалар орын алды: – 667-668 ж.ж. Мизияға Аспарух хан бастаған протоболгар дружинасы басып кірді, бұлар Византияны жеңеді де, 681 ж. византиялық император ІV Константин Аспарух ханмен бейбіт келісімге келді, бұл жаңадан пайда болған славян-болгар мемлекетін тануды білдірді; – 893-927 ж.ж. славян-болгар мемлекеті Симеон княздың тұсында Балқандағы үстемдік құрушы державаға айналды; жиі қайталанған өзара соғыстар мен үстемдік құрушы таптағы қайшылықтар Болгар мемлекетінің әскери және экономикалық қуатының әлсіреуіне алып келді, мұны пайдаланған Византия Болгарияны 1018 жылдан бастап 1187 жылға дейін өз қол астына алды; 3 кезең – Екінші Болгар патшалығы (1187-1396 ж.ж.) болгар халқының византиялық күштеуге қарсы азаттық күресінің нәтижесінде құрылды. Қоғамдық құрылым. Славян-болгар мемлекетінің таптық негізін феодал – жер иеленушілер мен шаруалар құраған. Феодалдар табына ірі феодалдар ақсүйектер – боярлар мен олардың вассалдары – ұсақ феодалдар кірген. Шаруалар да бірнеше санаттардан тұрған: париктер – феодалдарға тікелей тәуелді, жерге бекітілген және одан кетуге құқығы болмаған; отроктар – тәуелді шаруалардың ең төменгі санаты; технатарийлер – өз қожасының шаруашылығындағы қажеттіктер үшін қызмет ететін қолөнершілер. Мемлекеттік құрылым. Болгар мемлекетінің басында монарх тұрған (ол түрліше аталған: алғашқыда – хан, славянша – князь, Симеонның түсында – кесар, кейін – император). Патша жоғарғы заң шығарушы, жоғарғы сот және жоғарғы қолбасшы болып табылды. Оның билігінің негізін әскер құраған. Патша билігі Бояр кеңесімен шектелетін, оның құрамына ұлы боярлар мен патриарх кіретін. Жоғарғы лауазымды тұлғаларды патша өзі тікелей тағайындайтын. Олардың қатарынан мыналарды атауға болады: ұлы логофет – бірінші министр және Екінші Патшалық патшасының көмекшісі; протовестиарий – қаржы министрі, патшаның және мемлекеттің қазынасын сақтаушы және басқарушы; ұлы әскербасы және протостратор – жоғарғы әскери шендер. Жергілікті басқару. Болгарияның аумағы облыстарға бөлінген, оларды патша билігінің тікелей өкілдері болып табылатын облыстық басшылар – дукалар басқарған. Сот жүйесі. Болгарияның сот жүйесі мемлекеттік және шіркеулік соттардан құралған. 1393 жылдан 1878 жылға дейін Болгария Түркияның билігіне бағынған. 1878 жылғы 19 ақпанда Ресей мен Түркияның арасында Сан-Стефан келісіміне қол қойылды, оған сәйкес Болгарияға, Сербияға, Румынияға және Черногорияға тәуелсіздік берілді. Құқықтың негізгі сипаттары. VII-VIII ғасырларда Болгарияда құқықтың негізгі қайнар көзі болып әдет-ғұрып табылды. Кейін номоканондар арасында Эклога мен Жер туралы заң ерекше орынды иеленген. Аса маңызды қайнар көздердің бірі – 32 тараудан тұрған, қылмыстық, азаматтық және іс жүргізушілік құқық нормаларының жинағы түріндегі Сот заңы болған. Бұл қайнар көздерге сәйкес жерге меншіктің екі түрі ажыратылды: баштина – мұрагерлікпен, еркін түрде берілетін меншік және прония – міндетті әскери қызметпен байланысты, шарттық сипаттағы өмір бойғы иелену. Баштина қайтыс болған тұлғаның балаларына өтетін, ал прония иесінің өлімімен жер үлесі оның жоғарғы иесіне қайтарылатын. Қалған мүліктерді мұрагерлікке алу Эклогамен реттелетін. Қылмыстық құқықта қылмыс ретінде патша билігі мен шіркеу орнықтырған құқық нормаларын бұзу түсінілген. Патшаға және жеке тұлғаға қарсы қылмыстар Эклогамен, ал меншікке қарсы қылмыстар Сот заңымен реттелетін, азаматтық-құқықтық құқықбұзушылықтар Жер туралы заңда көрініс тапқан. Болгар мемлекетінде жауапкершілік дәрежесі мен жазаның ауырлығы жәбірленуші мен қылмыскердің сословиелік тегіне байланысты анықталатын болған. Терминологиялық сөздік Ұлы логофет – болгар патшасының бірінші министрі. Дука – облыс басшысы. Отроктар – басыбайлы шаруалардың төменгі санаты. Париктар – феодалдарға жеке тәуелді шаруалар (жағдайы бойынша басыбайлы шаруаларға ұқсас болып келді). Протовестиарий – қаржы министрі. Протостратор – Болгар патшалығының жоғарғы әскери шендерінің бірі. Технатарийлер – қолөнершілер. | |
Просмотров: 1228 | Рейтинг: 0.0/0 |
Всего комментариев: 0 | |
Бизнес, менеджмент, финанс т.б [2] |
Патриоттық және мерекелер т.б [16] |
Шет ел әдебиеті мен тарихы [31] |
Шағын көлемді шығармалар [60] |
Әлеуметтану, саясаттану [69] |
Философия және логика [13] |
Қазақ тілі және тіл білімі [104] |
Елді мекендер, қалалар [2] |
Агро,шаруашылықтар [9] |
Курстык жумыстар [17] |
Ғылыми жұмыстар [62] |
Қазақстан тарихы [114] |
Тарихи тұлғалар [132] |
Еуразияшылдык [16] |
Ашық сабақтар [56] |
Дүние тарихы [30] |
Мәдениеттану [7] |
Информатика [68] |
Астрономия [61] |
Психология [6] |
Переводчик [4] |
Математика [14] |
Педагогика [77] |
Дипломдар [10] |
География [82] |
Биология [133] |
Экология [3] |
Дінтану [32] |
Физика [33] |
Химия [13] |
Құқық [27] |
Еңбек [7] |