Главная » Статьи » География |
Ибица Жалпы ақпарат Визалар және кедендік ережелер Туристік жаднама Ауа райы және валюта бағамы Карта Клуб Marina Palace Клуб Ses Fontanellas Жалпы ақпарат География Ибица мен Форментера – Балеар архипелагының оңтүстігіндегі аралдар (Испания). Олар Жерорта теіңзінің батыс бөлігінде орналасқан және сәйкесінше көлемінің үлкендігі бойынша үшінші және төртінші орындарды алады. Форметера Ибицадан 11 теңіз мильсындай ара-қашықтықта орналасып, таңқаларлық әсем жағажайға ұқсайды. Өлшемдері Ибицаның ауданы шамамен 570 шаршы километрдей, арал ұзындығы 40 километрдей, ені 14 километр болады. Израиль Рельеф Ибицада екі таулы жота бар. Олардың ең биік нүктесі теңіз деңгейінен 475 метр болады. Ибица аралының пейзажын миндаль, апельсин, фига, оливка тоғайларымен араласа өскен қарағайлы ормандар толықтырады. Аралдың оңтүстігінде ежелден бері тұз өндіруге арналған алқап бар. Аралдың бұл ауданы ЮНЕСКО-ның қоластында. ЮНЕСКО эгидасы теңіз флорасы мен фаунасына жауап береді. Арал жағалауларының ұзындығы 210 шықырым/ Ибица 69 км/ Форментерада құмды бухталар мен көркем жағажайлардың ұзындығы 18 км болдаы. Климат Аралдар Жерорта теңізінің климаттық зонасына жақын болғандықтан, яғни, Африка жағалауларынан 200 км, ал материкті Испаниядан 87 км болғандықтан ауа-райы мұнда тұрақты. Аралда қыс мезгілі жұмсақ болады. Жазда ауа-райы құрғақ болғанмен, желдің үнемі соғуына байнанысты аса ыстық болмайды. Жылдық орташа температура – 17,5 градус Цельсия; бұл көрсеткіш тамыз айында 25,4 градус Цельсияға жетсе, қаңтар айында 11,6 градус Цельсияға жетеді. Жалпы алғанда, ауа-райының құбылып тұруы арал климатына тән, яғни, күн/түн немесе жыл мезгілдеріне байланысты. Бір жыл ішіндегі жауын-шашын мөлшері 350 м болса, шілде мен тамыз айларында 4 мм ғана түседі. Астанасы Ибица аралының астанасы - өзіне аттас Ибица қаласы. Ибица аралындағы тұрғындар саны 86000 адам (Форментерада 6000 адам), ал былтырғы жылдың өзінде аралға демалуға келген туристтер саны – 5 000 000- ға жетті. Балеар автономиясында ұзақ өмір сүрушілер өте көп кездеседі. Тарихы Ибица мен көрші кішкентай Форментераның тарихы біздің эармызға дейінгі 1600 жылдан басталған. Біздің эрамызға дейінгі VIII ғасырда финикиялық колонизациядан кейін аралда Карфагеннен шыққан адамдар басып алды (654 жыл б.э.д.). Олар Европадағы ең алғаш қалалардың бірі – Ибицаны басып алды. Олар қаланың, кейіннен аралдың атын көне эгипет құдайы Бесаның атымен қойды (Ол құдай сәбилердің қорғаушысы және қасырет пен қайғы-мұңды болдырмайды). Кейіннен, Гректер аралдарды қарағаймен жабылған немес Pitiusas деп атады. Б.э.д. 123 жылы аралдарды Римдіктер басып алды. Бірақ арал Рим Империясының бөлігі болған жоқ және конфедерация ретінде өз тәуелсіздігін сақтап қалды. 426 жылы аралға Вандалдар келді, ал 534 жылы оларды византиялықтар алмастырды. IX ғасырда аралды арабтар басып алды. 1235 жылы 8 тамызда аралды каталондықтар жаулап алды. Каталондықтар неше ғасыр бойы аралға жасалған шабуылдар мен пираттардың тонауларына мән бермеді. Аралдың тарихи символы барлық Құдайлардың анасы антикалық құдай Танит. Ол Жердің және тіршіліктің Құдайы. Мұндағы археологиялық мұражайда көптеген қызық артефактарды көруге болады. Олар тарихтың шым-шытырық және қызықты болғанының айғағы. Аралдың аңызындағы қамал Көне қаланы, Кафедралық жиынды, көне цивилизацияның дәлелдерін, шіркеулерін қорғап қалған. Қазіргі уақытта Перудегі Machu Pichu қаласымен және эгипет пирамидаларымен қатар арал ресми түрде ЮНЕСКО-ның қарамағында. 20 ғасырдың басынан бастап арал еркін өмір сүретін суретшілердің, жазушылардың, әртістердің және барлық творчествалық адамдардың үйі болып кеткен. Өткен ғасырдың 30-шы жылдары аралда герман, итальян, испан саяси партияларының және осы мемлекеттің творчествалық интеллегенциясы фашизмнен жасырылған. 60-шы жылдары аралға солтүстік америкадан келген битниктер мен хиппилер келді. Олар Европада жұмыс істейтін американ дипломаттарының балаларынан арал әдемілігі туралы естіп келген деседі. Арал тарихының бұрылысты моменті болып, 1987 жылы британдық супер-ди-джейлердің келуі табылды. Ибица өте қуатты энергетикамен қамтамасыз етілген. Бүгінгі Ибица тек батыс жастарының арасында ғана емес, сондай-ақ, әлемнің бүтін бір бөлігін құрайтын барлық бағыттағы суретшілердің, кино және музыка жұлдыздарының, топтық ди-джейлердің, модельдердің, журналисттердің, саясаткерлер мен бизнесмендердің арасында да әйгілі. Тағы да бір толықтыратын жайт: мұнда дүние жүзін жаулап алған нашақорлық мүмдем болған емес. Сондай-ақ, әр бұрышта және бәрінің көзінше ешкім ашаналық қатынаста болмайды. Бұл құбылыс Ресей Мәскеуінің көшелерінде аюдың жүргмеуімен тең. Аралдың клубтары Юұл шыныменде бөлек тақырып. Демалуға келетін туристтердің 12% «клаббер» классификациясына түседі. Бұл азаматтар клубтық мәдениеттің нағыз бағалаушылары болып табылады, дұрысырақ айтсақ, қазіргі ғажап әрі сан алуан электронды музыканың (техно, хаус, техно, электро ...) жан сүйерлері. Аралда дүние жүзіндегі ең жақсы би клубтары бары сөзсіз. Олар барлық континенттерді сазды әуенімен жаулап алып, адам миына жағымды әсер етіп, таңқаларлық күшпен тартады. Адамдардың бір-біріне деген бауырмашылығы, өзара теңдігі көрінеді. Мұнда мыңдаған адам бүйірлесіп би толқынына кенелген кезде, қоршаған ортаның барлық шарттары мен шекараларын ұмытып, демалып, көңіл көтереді. Клубтар ондаған мың амадға есептелген ғимарат төбесіне дейін дыбыстын және жарқырауық аппараттардың ең қуаттысымен; бассейндермен, бақтармен және галереялармен, сапалы әрі сан алуан шоу-бағдарламалармен қамсыздандырылған. Аралдада негізнен 7 супер клуб бар. Олардың бағдарламалары күн бе күн ауысып отырады және әр клуб қонақтарға және шоу-бизнес майталмандарына маусым кезінде өз алаңдарын ұсынады. Ибица клубтарының феномені аңызды және әлемнің бұл облыстағы барлық мамандарымен зерттеліп келеді. Клубтардағы адам саны кей күндері өз сыйымдылығынан 2 немесе 3 есе асып кетеді. Арал клубтары тек түнде ғана емес, күндіз де жұмыс істейді. Олардың жұмысы таңғы 6-да да, түс кезінде де, яғни, кезек келген after-party кезінде де жалғаса береді. Бір сөзбен айтқанда, үнемі қасыңнан табылатын non-stop мейрамы! Әлемдегі ең үлкен клубтары: Ең үлкен клуб, әрі Гиннестің рекордтар кітабына енгізілген Privilege клубы; Әлемдегі ең стильді – Pacha клубы; Супер Ди-джейлердің арасындағы ең сүйіктісі - Space клубы. Сан Антонио қаласында орналасқан өте жарық және аталған клубтардан тек 30 метр қашықтақта орналасқан Es Paradise және Eden клубтары солардың қатарында. Арал суперклубтарының санын толықтыратын Amnesia және El Divino деп аталатын кішкентай клубтар толықтырады. | |
Просмотров: 1129 | Рейтинг: 0.0/0 |
Всего комментариев: 0 | |
Бизнес, менеджмент, финанс т.б [2] |
Патриоттық және мерекелер т.б [16] |
Шет ел әдебиеті мен тарихы [31] |
Шағын көлемді шығармалар [60] |
Әлеуметтану, саясаттану [69] |
Философия және логика [13] |
Қазақ тілі және тіл білімі [104] |
Елді мекендер, қалалар [2] |
Агро,шаруашылықтар [9] |
Курстык жумыстар [17] |
Ғылыми жұмыстар [62] |
Қазақстан тарихы [114] |
Тарихи тұлғалар [132] |
Еуразияшылдык [16] |
Ашық сабақтар [56] |
Дүние тарихы [30] |
Мәдениеттану [7] |
Информатика [68] |
Астрономия [61] |
Психология [6] |
Переводчик [4] |
Математика [14] |
Педагогика [77] |
Дипломдар [10] |
География [82] |
Биология [133] |
Экология [3] |
Дінтану [32] |
Физика [33] |
Химия [13] |
Құқық [27] |
Еңбек [7] |