Главная » Статьи » География |
Израиль Жалпы ақпарат Визалар және кедендік ережелер Туристік жаднама Ауа райы және валюта бағамы Карта Herods Sheraton Жалпы ақпарат Ортақ мағлұмат Израилдің астанасы – Иерусалим қаласы. Иерусалим көне карталарда әлемнің орталығы болып бейнеленген. Бұл қаланың жасы үш мың жылдан астам. Еврейлер үшін Иерусалим қаласы Израильдің өзі болып есептеледі; бұл Давида мен Соломон шіркеуінің атақты орны. Европа халқының мәңгілік астанасы. Христиандар үшін Христостың соңғы күндерін сүрген және керілу мен жанданған жері, сондай-ақ құпия сырдың орны. Мұсылмандар үшін қасиетті Әл-Қудждің атымен көкке ұшқан күні. Иерусалим үш қаланың бір қала болып көрінгені тәрізді. Қаланың бүгінгі көрсінісі: Батыс Иерусалим – европалық анклав; Шығыс Иерусалим – онда негізінен арабтар қауымы тұрады; бұл конглометарнығ ортасында Көне қала орналасқан. Георафиялық орналасуы бойынша – мемлекет Азияның оңтүстік-батысында орналасқан. Израиль – Таяу Шығыс елі, Азия мен Африканы қосып тұр. Солтүстігінде – Ливанмен шекараласады. Солтүстік-шығысында – Сириямен, шығысында – Иорданиямен, ал оңтүстік батысында Египтпен шекараласқан. Батысында Жерорта теңізімен шектеседі (жағалау сызығы – 230 км), оңтүстігінде – Қызыл теңізбен шектескен (жағалау сызығы – 12 км). Ортақ ауданы шамамен 21,643 шаршы метр. Уақытының айырмашылығы мәскеумен салыстырғанда бір сағат. Басқару формасы – парламенттік демократия. Мемлекет басшысы – президент. Мемлекетті заң шығарушы орган (кнесет), атқарушы органдар және сот билігінің органдары басқарады. Заң шығарушы орган 120 парламентарийден тұратын кнесет (парламент). Кнесет – заңдарды енгізеді саяси шешімдерді қабылдайды, президент пен үкіметті сайлайды. Изриальдегі атқарушы органның рөлін үкімет атқарады. Ол заң шығаруға жауап береді. Заңгерлік билік елдегі заңдары қолдауды қамтамасыз етеді. Заңгерлік жүйенің басында Жоғарғы сот тұр. Діні – 76,5% еврейлер, 16% мұсылмандар, 2% християндар, 1,5% друздар, 4% дінге сенбейтіндер. Халқының саны 7 млн-ға жуық, олардың 80% еврейлер, 20 % арабтар құрайды. Валютасы – израильдік жаңа шекель. Шекель 100 агоротқа тең. Тілі- иврит, араб. Демалыс күндері жексенбіден бейсенбіге дейін таңертеңгі сағат 9:00 ден кешкі 19:00 ге дейін жұмыс жасайды. Сауда орталықтары сенбі күндері ашық. Ресторандар мен кафелер әдетте жұма-сенбі күндері жұмыс істейді. Мұсылмандар дүкендері жұма күні жұмыс істемейді, себебі бұл күні мұсылмандар демалады, ал христиандар дүкендері жексенбі күндері жұмыс істемейді. Израиль климаты - әртүрлі болып келеді. Елдің орталық және солтүстік бөліктерінде жерорта теңіздік климат, яғни, ыстық жаз бен жаңбырлы қыс. Израильдің оңтүстік және шығыс аумақтарында шөлді климат. Шөл мен теңізге жақын аудандарда жартылай құрған зона. Күз бен көктем елге келуге ең ыңғайлы кезең. Ландшафт – Израиль негізінен үш регионға бөлінеді: теңізге жақын орналасқан теңдік, таулы регион және Иордан даласы. Теңіз теңдігі – елдің батыс бөлігі. Ал шығысына таман қыраттар бар. Таулы район – солтүстігіндегі Ливаннан бастап оңтүстігіндегі Эйлат шығанағына дейін созылған және теңіз теңдігі мен Иордан даласының ортасында жатыр. Таулы аймақтың сольүстігіндегі климат – жерортатеңіздік, жаңбырлы, а лоңтүстігінде – шөлейт. Самари және Иудей қыраттарының солтүстік бөліктері сәйкесінше Самари мен Иудей шөлдеріне ұласады. Иордания даласы – солтүстігінде Метуладан бастап оңтүстігінде Қызыл теңізге дейін жалғасып, бүкіл Израильді басып өтеді. Иордан Израильдің ең үлкен өзені. Ол Иордан даласы арқылы ағып жатыр. Иордан өзені өз жолында Киренет өзенін және тұзды Өлі өзенді қосады. Израиль климаттық және географиялық зоналардың ортасында болғандықтан флора мен фаунасы өте бай. Оның флорасында 2380-ге жуық өсімдік түрі кездеседі, ал олардың кейбіреулері өз кезегінде тек Израильде ғана кездеседі. Шөлейт жерлерде өімдіктер сирек кездеседі. Израиль фаунасы мөлшермен 100-ге жуық жабайы суқоректілерден тұрады. Израиль территориясында 510 құс түрі кездеседі, олардың көбісі жыл құстары. Израиль «бөтелке ауызы» тәрізді жыл құстары ұшатын жер, яғни, теңіз бен шөлейттің арасындағы миллиондаған құстардың солтүстіктен оңтүстікке және оңтүстіктен солтүстікке қарай ұшқандағы демалыс орны болып табылады. Қызыл теңіздің суасты әлемі де тропикалық балықтар мен түсті кораллдарға бай. Израильде кеңінен таралған транспорт түрі – автобус. Барлық автобустардағы билет бағасы арзан. Автобустары ыңғайлы, кондиционерлермен жабдықталған, жиі әрі уақтылы жүріп тұрады. Автобустар сенбі және еврей мейрамдары кезінде жүрмейді. Таксилерге келетін болсақ, олар жергілікті және қалааралық болып бөлінеді. Қала ішінде таксимен жүрудің ақысы счетчикпен есептеледі. Такси бағасы салыстырмалы түрде қымбатырақ. Үш түрлі тариф қарастырылған: (0)-қосымша тариф, телефонмен тапсырыс берілген жағдайда алынады; (1)-әдеттегі тариф; (2)-әдеттегі тариф және 25% түнгі уақытта (21:00- ден 5:30-ға дейінгі уақыт аралығы) және сенбі күндерінде жүру үшін алынады; Халықаралық телефон коды +972 Тарихқа біраз шолу жасасақ Израиль мемлекеті еврейлік дәстүрмен Израль халқына мұраға қалдырылған Израиль елінде пайда болған. Бұл Иисустың дүниеге келген және мұсылман дінінің елшісі Мұхаммедтің көкке көтерілген жері. Иисус Израиль елін римдектер басқарып отырға нкезде дүниеге келген. Біздің эрамыздың IV ғасырында Израиль елі көпшілік санасына Қасиетті Жер ретінде қалыптаса бастады. Елде көптеген шіркеулер мен монастырьлер салынды. Мұнда қасиетті тастар сақталады. Біздің эрамыздың 640 жылы Израиль елі Омар халиф әскерімен жауланды. Арабтардың жаулап алуы Израиль елінде мұсылман билігінің бастамасы болды. Осы кезде мәдениет пен діннің алмасу үрдісі басталды. Мұсылман дәстүрі бойынша Иерусалим қаласы қасиетті болып есептеледі, себебі, Мұхаммед елші осы қаладан көкке кеткен. Егер басында мұсылман арабтары хрисандарға Иерусалим қаласына кіруге рұқсат берсе, XI ғасырдан бастап Иерусалимге христиандарға кіруге рұқсат бермеді. Осы кезде II Урбан Папасы Европа рыцарьларын жинап, мұсылман қоластынан қасиетті жерлерімізді аламыз деген ұранмен шабуылға шықты. Осылайша 1099 жылы Иерусалим қаласын басып алды. 1187 жылы Египет пен Сирия әскері темпилерлерді талқандап, мамлюктердің билігін орнатты. Израиль елінің тарихында ерекше орын алатын Наполеонның Шығысқа Египеттік жорығы немесе Таяу Шығыс жорығы болды. Наполеонның қасиетті жерге келуі европалықтардың көзін қайта ашты. Олар енді аймақтың экономикалық және стратегиялық маңыздылығынқайта аңғара бастады. 1948 жылы тәуелсіз Израиль мемлекеті дүниеге келді. Израиль мемлекеті, континенттер мен теңіздердің, империялардың, халықтар мен мәдениеттердің қақтығысы салдарынан пайда болды. Ал бүгінгі күні, Израиль түрлі мәдениет пен дәстүрдің аралас мекені болып отыр. | |
Просмотров: 1315 | Рейтинг: 0.0/0 |
Всего комментариев: 0 | |
Бизнес, менеджмент, финанс т.б [2] |
Патриоттық және мерекелер т.б [16] |
Шет ел әдебиеті мен тарихы [31] |
Шағын көлемді шығармалар [60] |
Әлеуметтану, саясаттану [69] |
Философия және логика [13] |
Қазақ тілі және тіл білімі [104] |
Елді мекендер, қалалар [2] |
Агро,шаруашылықтар [9] |
Курстык жумыстар [17] |
Ғылыми жұмыстар [62] |
Қазақстан тарихы [114] |
Тарихи тұлғалар [132] |
Еуразияшылдык [16] |
Ашық сабақтар [56] |
Дүние тарихы [30] |
Мәдениеттану [7] |
Информатика [68] |
Астрономия [61] |
Психология [6] |
Переводчик [4] |
Математика [14] |
Педагогика [77] |
Дипломдар [10] |
География [82] |
Биология [133] |
Экология [3] |
Дінтану [32] |
Физика [33] |
Химия [13] |
Құқық [27] |
Еңбек [7] |