Главная » Статьи » География |
Кіріспе Негізгі бөлім І. Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы қарым-қатынастар 1.1 Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы экономикалық ынтымақтастық. 1.2 Қазақстан мен Өзбекстан, Ортаазияның экономикалық қоғамдастығындағы қауіпсіздікті нығайтудағы рөлдері. Қорытынды Қолданылған әдебиеттер тізімі Кіріспе Соңғы жылдары аймақтық интеграция, ғаламдастыру процесімен қатар, мемлекеттер арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастарда үстемдік сипаттағы тенденцияға айналды. Орталық Азияда аймақтандыру процесін дамыту үшін қолайлы алғышарттар бар. Бұл, ең алдымен, аймақты мекендейтін халықтардың тарихи, географиялық, мәдени және тілдік бірлігі. Сондықтан Орталық Азия, соның ішінде Өзбекстан сияқты мемлекеттермен ынтымақтастықты ұлғайту Қазақстанның сыртқы саясатының негізгі міндеттері болып қалады. Өзбекстан мемлекетімен өзара татулық, тұрақты қарым-қатынас – біздің еліміздің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды факторы. Осыған орай, Н.А. Назарбаевтың Қазақстан халқына "Қазақстан 2030” жолдауында: "Ұлттық мүдделерді қорғауды, сондай-ақ таяудағы және алыс перпективадағы күштердің тепе-теңдігін қамтамасыз етудегі біздің озық қаруымыз – интеграция саясаты, бірінші кезекте Қазақстанның, Өзбекстанның және Қырғызстанның арасындағы Орталық Азиялық Одақты нығайту, қарсы тұру емес, басқа мемлекеттердің істеріне араласпау, келісімге келу актілері үстем болуы тиіс” – деп атап көрсетті. Оның үстіне осы аймақта, яғни Қазақстан, Өзбекстан арасында бірқатар елеулі мәселелер бар, атап көрсетсек, ауқымды экологиялық, аймақтық қауіпсіздіктің тиімді жүйесін құру; терроризмге, діни экстремизмге және есірткі бизнесіне қарсы күрестегі бірлескен қызметті үйлестіру туралы болып отыр. Орталық Азия мемлекеттерін аймақтық интеграциялау идеясы Біртұтас Экономикалық Кеңістік (БЭК) құру туралы шартқа 1994 жылы 30 сәуірде Өзбекстан мен Қазақстан, кейіннен Қырғызстанның қол қоюмен нақты жүзеге асты. Шартты дамыту барысында 1994 жылғы шілдеде Президенттердің шешімімен Мемлекетаралық Кеңес және оның негізгі институттары құрылды. Осымен қатар Орталық Азиялық Ынтымақтастық және даму банкі (ОАЫДБ) құру туралы келісімге қол қойылды. Қазіргі таңда Орталық Азиялық банкісінің қызметін толық мағынасында жемісті деп айтуға әлі ерте. Қазіргі бар активтерін пайдаланудағы елеулі кемшіліктер, тиісті жобаларды қарау кезінде бастаманың жеткіліксіздігі елеулі қол байлау болуда. Оның үстіне тиісті мемлекеттердің өзіне алған қаржылық міндеттемелерін сақтамауы Банк қызметіне теріс ықпал етуде. Осы міндеттемелерді тек қана Өзбекстан және Қазақстан мемлекеттері орындауда. Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан Президенттері Терроризмге, саяси және діни экстремизмге, трансұлтық ұйымдасқан қылмысқа, сондай-ақ тараптардың тұрақтылығы мен қауіпсіздігінің өзге де қауіп-қатеріне қарсы күреске қатысты бірлескен іс-қимыл туралы 2000 жылғы 21 сәуірде қол қойылған шарттың шеңберіндеөздеріне алған барлық міндеттемелерін бұлжытпай сақтау қажеттігін атап көрсетті. Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы тұрақтылықты нығайту үшін достық маңыздың зор екенін атап өтпеуге болмайды. Ал экономикалық қатынаста, екі жақтың күш-жігерілілігі негіз болып келеді. Қазақстанның Өзбекстанмен осындай екі жақты қатынастары жемісті түрде дамып келеді, өйткені олардың негізіне тәуелсіздік, шекараларының бұзылмауы, бір-бірінің ішкі істеріне араласпау, тең құқылық және өзара тиімділік сияқты әмбебап принциптер алынған. Өзбекстанмен ынтымақтастық – Қазақстанның Орталық Азиядағы саясатында басымдық берілетін бағыта. Бұл Өзбекстанның экономикалық әлуеті мен саяси салмағына байланысты. Ішкі тұрақтылықты қамтамасыз етуге жетерлік қол жеткізген, ірі мемлекет болып табылатын Өзбекстан көз жетерлік болашақта Қазақстан дипломатиясында маңызды орын алатын болады. Біздің елімізбен тату көршілік пен ынтымақтастықты нығайту қажеттігін Ташкенттің де осыны қабылдайтыны маңызды. Істің шын мәнінде Қазақстан мен Өзбекстан қарым-қатынасы Орталық Азия аумағында тұрақтылықтың маңызды факторы. І. Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы қарым-қатынастар 1.1 Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы экономикалық ынтымақтастық Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы Дипломатиялық қарым-қатынастары 1992 жылдың 23 қарашасынан бастап бекітілді. ҚР-ның елшілігі ӨР-да 1993 жылдың қарашасынан, ал ӨР-дің Елшілігі ҚР-да 1993 жылдың шілдесінен бастап жұмыс істейді. Екі мемлекет арасындағы қарым-қатынаста негізге алынатын принциптер Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы Достық, ынтымақтастық және өзара көмек көрсету туралы шартта белгіленген. Құжатқа 1992 жылдың 24 маусымында қол қйылды. Шартта екі жақты экономикалық ынтымақтастықты дамытуға айрықша көңіл бөлінеді. Осы мақсаттарда Тараптар сауда-саттықта бір-біріне анағұрлым қолайлы режим беруге, сондай-ақ барлық деңгейлерде өзара тиімді экономикалық және сауда қатынастарын дамытуды көтермелеуге, тікелей инвестицияларға арналған жағдайды жақсартуға, бірлескен кәспорындар құруға міндеттеді. Президент Н.А. Назарбаевтың 1994 жылғы 10-12 қаңтар аралығындағы Ташкентке сапар барысында қол қойылған, Біртұтас экономикалық кеңістікті құру туралы шарт Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы жан-жақты, әсіресе экономикалық ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге жәрдемдесті. Осы келімге сәйкес мыналар ұсынылады: . капитал және жұмыс күшімен тауардың еркін айналымы үшін құқықтық қызмет көрсету экономикалық және ұжымдық жағдай құру . көлік және коммуникация салаларында саясатты келісіп жүргізу . тиімді бәсекелестік үшін жағдайлар тудыру: монополияға қарсы тетіктерді реттеу . осы мемлекеттердің нарығында өзара сауданың еркін бағасын қолдану, тауар өтімділігінің шектелуінің бір жақты әрекеттерін болдырмау. Бұдан басқа осы шартта: несиелік есеп айырысу, салық, бюджет, баға, кеден және валюта саясатын жүргізген кезде өзара іс-қимыл жасау туралы айтылады. Мемлекет басшылары осы құжатта БЭК , ТМД экономикалық одағын құру туралы шартты, сондай-ақ 1994-2000 жылдарға арналған экономикалық интеграцияны тереңдету жөніндегі екі жақты бағдарламаны іске асыру мақсатында құрылады деп пікір білдірді. Қазақстан, Өзбекстан елдерінің интегрциясы аймақтық оқшаулануды белгілемеіді, керісінше ТМД шеңберінде өтіп жатқан интеграциялық процесінде жолсерік және өткізгіш болып отыр. Осы келісімді – іске асыруда 1994 жылдың 8-ші шілдесінде Алматыда Президенттердің кездесуі болды, мұнда қатысушылар өмірлік маңызды мүдделерге жауап беретін көптеген негізгі құжаттар қабылдады. Сонымен қатар Ортаазиялық ынтымақтастықпен даму банкін құру туралы шешім қабылданды, осы қордың салықтары Өзбекстан – 918 мың доллар, Қазақстан – 833 мың доллар, Қырғызстан – 333 мың доллар. Қаржы және төлем қатынастары саласында ынтымақтасу үшін, ОЫДБ сауда және басқа операцияларда мемлекетаралық есеп айырысудың санқырларын іске асырады. Төлем және ақша салудың мәселелерін шешеді, сондай-ақ бірлескен кәсіпорын құру, стратегиялық бағдарламаларға несие бөлу, жалпы аймақтық нысандарды қаржыландыру ісиеріне жәрдемдеседі. Банктың басқару органы болып "банк Кеңесі” табылады, құрамына әр жақтан бір-бір сенімді уәкіл кіреді. Банк орыны – Алматы. Ортаазияны интеграциялау процесінде 1995 ж 14 сәуірде Шымкентте өтіп кездесу аса маңызды болды. Бұл кездесуде 1994 ж 30 сәуірде Шолпан-атада қабылданған біртұтас экономикалық аймақ құру туралы келесімін жүзеге асырудың негізгі процесі қаралды. Қатысқан мемлекеттер ұмтылыс жасап, яғни интеграциялық процесс өз жемісін беру қажет деді. 1997 ж. 10 наурызда ҚР, ӨР, ҚР – ның арасындағы мәңгі достастық үш жақты шарты ынтымақтастықты дамытудағы тағы бір маңызды қадам болды. Бұл құжаттан соң ҚР мен ӨР- нің арасындағы экономикалық кеңістік шеңберінде әріптестіктің тиімді жақтарын тереңдету тәсілдерін табуға, тиімді экономикалық жағдай туындатып, оны дамытуға, шаруашылық субъектілері арасында тікелей байланыстар орнатуға өте зор ықпалын көрсетті. Қазақстан мен Өзбекстан арасында мұнай, газ, геологиялық барлау, агроөнеркәсіптік кешендер саласында жаңа консорциумдар құру туралы нақты ұсынытар мен келісімдер жасалды. Осы әріптесімен фбючерсті және форврдық келісім шартпен жұмыс жасау, сонымен қатар тапсырыстарын орындауға, астық жеткізіп беруге дайын. Қазақстан мен Өзбекстан қарым-қатынастарындағы ілгерілеу деп Президент Н. Назарбаевтың 1998 жылғы 30-31 қазанда Өзбекстанға барған ресми сапарын айтуға болады, оның барысында екі жақты ынтымақтастықтың мәселелері нақты талқыланды. Бірнеше маңызды құжаттарға қол қою сапардың қорытындысы болды, олар мыналар: Мәңгілік достық туралы шарт, 1998-2007 жылдарға арналған Экономикалық ынтымақтастықтың бағдарламасы; Мұнай мен газ кен орындарын іздестіру, барлау және игеру саласындағы ынтымақтастық туралы; Өндірістік кооперация туралы; Астана әкімшілігі мен Ташкент хокимияты арасындағы Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық туралы келісімдер. Бұл құжаттар туралы айтқанда – Орталық Азия аймағындағы халықаралық қатынастардағы ғана емес, әлемдік дипломатиялық практикадағы бірегіей құжат – Мәңгілік достық туралы шартты бөліп айту керек. Бұл шарт Қазақстанның Өзбекстанмен ұзақ мерзімді ынтымақтастығының құқықтық берік іргетасын қалады. Екі елдің тауарларын әлемдік нарыққа шығаруға жол ашатын Ұлы Жібек жолын қайта жаңғырту және Еуропа-Кавказ-Азия көлік дәлізін, сондай- ақ Трансазиялық теміржол және автомобиль арналарын пайдалану Өзбекстанмен ынтымақтастықта перспективасы мол бағыттар болып табылады. Дегенмен, қазіргі уақытта интеграциялық процесс қиыншылықтарды бастан кешіруде. Біртұтас экономикалық кеңістік құру Шартының алдына қойған мақсаттары әлі табысқа жетпеді. Шын мәнінде осы жылдар ішінде аймақ елдерінде өзін-өзі басқару процесі байқалды. Су, энергетика, газ, көлік кешендері салаларында өзара әрекеттестікте проблемалар сақталып отыр. Өзбекстан арасында тауар айналымы жылдан-жылға кеміп келеді, бұл экономикалық байланыстардың қарқынының дәрежесінің айқын көрсеткіші болып отыр. Аймақта мәдени, ғылыми және салаларында байланыс кеміп барады. Шекарадан тауар өту жосығы қиындап отыр. Осындай оқиғалардың дамуының күрделенуіне көптеген себептер жиынтығы болып отыр. Мысалы: Өзбекстан мен Қазақстан өзінің саясаттағы басымдылығын даму жағына көшірді, әлемнің дамыған елдері АҚШ, ЕСпен, сондай-ақ Ресеймен қайта қатынас орнатуға мәжбүр болды. Аймақ мемлекеттері арасында бірқатар шешілмеген мәселелер, ең алдымен су ресурстарын және шекараны бөлісу сияқты мәселелер интеграциялаудың даму қарқына әсерін тигізбей қоймады. Алайда экономиканы басқаруға қатысты екі мемлекеттің көзқарастарындағы айырмашылық сияқты фактор екі жақты қарым-қатынастардың сипатына объективті түрде әсер етеді. Егер Қазақстан үзілді-кесілді ырықтандыру бағытына көшсе, Өзбекстан бұрынғысынша басқарудың орталықтандырылған тәсілдерін ұстанады. Бұл, әрине, экономикалық ынтымақтастық саласындағы туындайтын мәселелер ді шешудегі көзқарастарға ғана әсер етіп қоймайды, сонымен бірге өзара сауда ауқымына ықпал етеді. 2000 жылы сауда көлемі 1999 жыл салыстырғанда 3 пайызға ұлғайды, ал 2005 салыстырғанда 8 пайызға ұлғайды. Қазақстан мен Өзбекстан, Ортаазияның экономикалық қоғамдастығындағы қауіпсіздікті нығайтудағы рөлдері. Азияда көптеген шиеленіс ошақткары өмір сүруде, соғысқұмарлық үдерісі жалғасуда, ядролық қаруды қоса есептегенде жаппай қарулану, қарулы күштерді айырықша тығыз топтастыруда. Тұрақсыздықтың ең жоғарғы деңгейдегі қайпі туралы әңгіме өтуде. Азия біртұтас географиялық жоспарда геосаясидің ондай мәнінде болмай тұр. Міне, сондықтан көптеген батыс аналитиктері үшін Орталық Азия аймағы қақтығыс, тұрақсыздық мүмкіндігі мол және қауіпті аумақ болып табылады. Мұндай қауіптіліктің жиі болуын дәлелдейтін мына жәйттер: 1. ислам фундаментализмінің әсері және рөлінің артуы 2. пост кеңістікте ықпал бөлісу көзқарасында Орталық Азияда ірі геосаясаттық топтардың мүдделерінің біртекті еместігі 3. саясатта этноцентризнің және осыған байланысты ұлтаралық қатынастардың шиеленісу мәселелерінің бой көтеруі 4. трайбализм, рушылдық, жерлестік туысшылдық сияқты қарама-қайшылықтардың өсуімен себептелген ішкі ұлттық мүдделер жағдайлары. Қазіргі халықаралық қатынаста әрбір Ортаазия мемлекетінің салмағы оның экономикалық және демографиялық әлеуетімен, географиялық жағдайымен, басқа елдермен қарым-қатынасымен, алдымен көршілерімен аймақтық және жан-жақты халықаралық ұйымдарда қандай рөл атқаратындығымен анықталады. Орталық Азия аймағы табиғи ресурстарға өте бай және экономикасы, ғылыми-техникалық әлеуеті жете дамыған. Аймақтың стратегиялық маңызы зор, әлемдегі сегіз ядролы елдің екі елі Ресей және Қытаймен шектеседі. Және Иран мен Ауғаныстан арқылы Парсы шығанағына және Үнді мұхитына шыға алады. Қазақстан мен Өзбекстан халықаралық құқықтың дербес субъектісі ретінде өмір сүрудің бірінші күнінен бастап-ақ әлемдік қауымдастықта халықаралық қауіпсіздікті нығайтуды күшейтуге кірісті. Олар бір уақыттан бері Еуропалық (еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы – ЕҚЫҰ (ОБСЕ), Солтүстік Атлант ынтымақтастығының кеңесі – САЫК (САСС), Еуропа жаңғыру және даму банкісі) және Азиялық (экономикалық ынтымақтасу ұйымы – ЭЫҰ (ОЭС), Ислам конференция одағы, Азиялық даму банкі, Исламдық даму банктердің) аймақтық халықаралық ұйымдары мен банктерінің мүшелері болып табылады. 1992 ж. 9-қазанда-Бішкекте Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан әскери қауіпсіздік Консепциясы туралы келісімге қол қойды. Бұл ел басшылары өз елдерінің дербес бір-біріне тәуелсіз дамудың алғашқы үш жылында экономикалық қатынаста ғана емес, сондай-ақ қорғаныс саласында, аймақтың қауіпсіздігін нығайту ісінде де барлық жағынан ұқсас көзқараста болды. 1994 ж. 8 шілдеде үш Ортаазиялық мемлекеттерінің интеграциясын ары қарай ілгерілету мақсатында ел президенттері әскери техникалық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Осы құжат негізінде Қорғаныс Министрлік Кеңесі құрылды, оның басшылығымен әскери ынтымақтастықтың нақтылы ұсыныстары әзірленеді. 1995 ж. 15 желтоқсанында Жамбылда өткен, мемлекетаралық мәжілісінде осы мемлекеттің Қорғаныс Министрлерінің Кеңесінің қағидасы бекітілді. Осыған сәйкес Қорғаныс Министрлер Кеңесі мемлекетаралық жұмы органы ретінде аймақтық қауіпсіздік, өзара әрекеттестік қорғанысы салаларында және әскери ынтымақтастықта барлық мәселелерді қарайды. Ең соңында ол оперативтік және әскери дайындықтың әуе күштеріне қарсы қорғанысты, қару-жарақ сондай-ақ т.б. бағыттардағы жұмытарды үйлестіреді. Қазақстан, Өзбекстан ұлттық, аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында мына бағыттарға күш-жігерін жұмсайды және үйлестіреді: - жеке қорғаныс жоспарында – ұлттық қорғаныс күштерін құру және нығайту; - ұйымдық қорғаныс жоспарында – ТМД шеңберінде қауіпсіздіктің ұйымдық жүесін құру; - еуроортаазиялық қауіпсіздік жүйесін құру жоспарында - әскери саясатты және әскери ынтымақтастықты, сондай-ақ ОБСЕ мен НАТО-ға қатынасушы – мемлекеттердің бейбіт – шығармашылық қызметтерін үйлестіру - азиялық қауіпсіздік жүйесін құру жоспарында - өзара әрекеттестікті және азия елдерімен сенімшілдік шараларын нығайту; - ғаламдық қауіпсіздік жүйесін құру жоспарында – БҰҰ-ның барлық мүшелерімен, алдымен БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің барлық мүшелерімен ынтымақтасу. | |
Просмотров: 1218 | Рейтинг: 0.0/0 |
Всего комментариев: 0 | |
Бизнес, менеджмент, финанс т.б [2] |
Патриоттық және мерекелер т.б [16] |
Шет ел әдебиеті мен тарихы [31] |
Шағын көлемді шығармалар [60] |
Әлеуметтану, саясаттану [69] |
Философия және логика [13] |
Қазақ тілі және тіл білімі [104] |
Елді мекендер, қалалар [2] |
Агро,шаруашылықтар [9] |
Курстык жумыстар [17] |
Ғылыми жұмыстар [62] |
Қазақстан тарихы [114] |
Тарихи тұлғалар [132] |
Еуразияшылдык [16] |
Ашық сабақтар [56] |
Дүние тарихы [30] |
Мәдениеттану [7] |
Информатика [68] |
Астрономия [61] |
Психология [6] |
Переводчик [4] |
Математика [14] |
Педагогика [77] |
Дипломдар [10] |
География [82] |
Биология [133] |
Экология [3] |
Дінтану [32] |
Физика [33] |
Химия [13] |
Құқық [27] |
Еңбек [7] |