Сабақ жоспарлары
Мысалы: Бейнелеу 1-6 сыныпқа сабақ жоспарлары
Главная » Статьи » Ғылыми жұмыстар

Қаржы, ақша айналымы және несие
Қаржы, ақша айналымы және несие

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Зерттелімге қойылған талап өзектілігі мен тақырыпта анықтаудың өзі қоғамымыздағы келесі мәселлерге жол табу: жергілік және мемлекеттік даму бағдарламасының қаржымен қамтамасыз етуді молайтудағы әлеуметтілік – экономиканың қарқынды дамуына мүмкіндік туғызу, жергілікті бюджет мүмкіншілігін арттырудағы олардың өз кірістері мен шығыстарын теңестіруді қамтамасыз ету мүмкіншілігін өсіру, жергілікті бюджеттің трасферттік қаржылану мүмкіншіліктеріндегі бей-берекеттілікті жою, салық салу мен салық төлеуден жалтару сыбайластық жемқорлыққа жол бермеу жолындағы бақылауды күшейту, салық бақылаушының қызметін тиімді ұйымдастырудың теориялық мәселелерін енгізу және салықтық түсім жоспарының жоғарылауының жетілдірілуі, салықтық бақылау жүргізудің әдістемелігін жетілдірудегі салық қызметкерлерінің қызметіндегі құзыретін жоғарылату, салық заңдылық актілерінің жүзеге асыруды тұрақты түрде бақылау жүргізуді орындау, салықтық бақылауды ұйымдастыруды жетілдіре түсу және оны басқару саясатына арнайы ғылыми негіздеме жасау арқылы пәндік статус әперу. 
Бүгінгі күннің ең негізгі талабы "Көлеңкелі экономика мен сыбайластық жемқорлықпен" күрес жүргізу барысындағы қоғамдық даму заңдылықтарын орындау. Ол үшін әрқашанда бақылау жүйесіндегі тексеру, талдау әдістерін кеңінен қолдана біліп оны тек құқықтық негізде жүргізе білу қажеттілігі туындап отыр. 
Экономиканың дамуындағы жалпы ішкі өнім үлесіндегі қосымша құн өскен сайын бюджет көздері толықтанып, халықтық әлеуметтік және рухани шығындарын қанағаттандыра түсіру үшін нарықтық қатынастардың құқықтығы күшейе түсуіндегі барлық бағыттарды бақылау жүргізу әділеттіліктің негізгі даму бағыты. Сайып келгенде, зерттелінген мәселенің ғылыми және іс-тәжірибелік маңызы зор бастамалардың бірі екенін айта аламыз. 
Тақырыптық зерттелу дәрежесі. Әлемдегі көптеген экономист ғалымдардың еңбектерінде салық тақырыбы, оның маңыздылығы, қоғамның дамуындағы рөлі, экономикадағы алатын орыны кең және терең зерттелген. Сонымен бірге тәжірибеде теориялық жағынан қамтылған және Батыс елдердің үлкен тәжірибесіне негіз болған ғылыми зерттеулер жарияланып жүр. Ғалымдар мен практиктердің жұмыстарында қаржылық бақылау тақырыбы кеңінен қамтылғанымен салықтық бақылау туралы өте аз зерттелген. Тіптен салықтың бақылау функциясы деген түсініктің өзі кейіннен шыққан түсінік. Өкінішке орай салықтық бақылау мәселелері, оның еліміздің салық жүйесіндегі орны мен маңызы, тәжірибе жүзінде қолданылуы Қазақстан Республикасында қазірше жеткілікті қамтылмаған. Мемлекеттің қаржы және салық саясатын жетілдіру мәселелерін зерттеуге өз еңбектерін арнап, сол арқылы экономика ғылымына айтарлықтай үлес қосқан төмендегідей экономистер мен заңгерлерді айтуға болады: А.Герун, А.И.Худяков, А.К.Арыстанова, Б.Б.Шермухаметова, Б.Ж.Ермекбаева, В.Г.Фурсов, В.Д.Мельников, Г.К.Жакупова, Г.М.Бродский, Е.Калюжанова, Е.Х.Сигаев, З.Атығаева, К.А.Сержантов, М.Т.Оспанов, М.Х.Тусеева, С.С.Сатубалдин, А.А.Нурумов, А.Б.Зейнельгабдин, А.Смит, А.Соколов, А.Тривус, В.Д.Ли, Г.А.Лесбеков, Г.Карагусова, Д.Г.Черник, Е.В.Порохов, К.А.Аттапханов, К.Ә. Сағадиев, К.К.Ильясов, М.Б.Кенжегузин, О.Тимофеева, С.Г. Пепеляев, С.М.Мусин, Ф.С.Сейдахметова және тағы басқалар. Бірақ, салық жүйесінің бақылау қызметі мен мемлекеттік қаржылық бақылауының көпжақтылығы және мәселелерінің күрделілігі оның әрі қарай зерттеуді қажет етеді. 
Осы жоғары келтірілген мәселелер зерттелетін тақырыптың таңдалуына, мақсатына және қарастырылатын мәселелер шеңберіне негіз болып отыр. 
Зерттеудің мақсаттары мен міндеттері. Диссертациялық жұмыстың мақсаты салықтық бақылауды ұйымдастырудың теориялық және әдістемелік ережесін анықтап, салықтық бақылаудың экономикалық категория ретінде мазмұнын, мақсатын және мүдделі міндеттерін ашу үшін әдебиет көздерін зерттеу және мәліметтер мен деректерді, заңнамаларды елеу негізінде, оның қызметінің теориялық сипатын беру, салықтық бақылауды ұйымдастыруды жетілдіруге, тиімділігін арттырудың жолдарына әдістемелік және іс тәжірибелік ұсыныстарын жасау. 
Қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін төмендегідей міндеттер қойылды: 
8 салық салу және салық төлемдерін бақылаудың ғылыми-әдістемелік негіздерін зерттеу; 
9 салықтық бақылауды ұйымдастырудың экономикалық маңызы мен объективті қажеттілігін ашу жолымен республикалық және жергілікті бюджет көздерін молайту арқылы бюджет тапшылығын азайту; 
10 салықытық бақылаудың заңдық және нормативтік базаларының негіздерін қолдана отырып талдау жасау арқылы бақылауды күшейтудің талаптандыру жолдарын ұсыну; 
11 салықтың бақылаулық қызметінің мазмұнын, қаржылық бақылаудың жүйелес бөлігі ретіндегі ерекшелігін, сонымен бірге мәні мен ұйымдастыру принциптерін жетілдіру; 
12 салықтық бақылауды ұйымдастыру мен бюджетке түсетін төлемдерді бақылаудың жүргізілу тәртібі мен оның кейбір салаларға тигізетін әсеріне талдау жасау; 
13 салық органының жұмысын негізге ала отырып салық бақылауының ұйымдастырылу ісін және әдісін жетілдіру бағыттарын қарастыруды көздеу; 
14 салықтық бақылаудың салық комитеттеріндегі ұйымдастырылуы мен ақпараттық даму деңгейіне баға беру және болашағын зерттеу арқылы даму жолын нақтылау; 
15 ҚР салық қызметіндегі салықтық бақылауды жетілдіру мен тиімділігін арттыру бойынша нақты ұсыныстар жасау және оларды негіздеу; 
16 Салықтан жалтарудағы көлеңкелі экономиканың көлеңкелі капитал жасауға жол бермеудегі салықтық бақылауды күшейту арқылы есепке алу. 
Зерттеудің объектісі. Қазақстан Республикасындағы салықтық қатынастар мен салықтық бақылаудың заңдық негіздеріне сүйене отырып, оның ұйымдастырылу тәртібін жетілдіру мен бақылау құқықтық қызметін көтеру. 
Осыған орай, Қазақстан Республикасы және Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша салықтық бақылауды ұйымдастыру және оны жүзеге асырудың құқықтық базасы зерттеудің объектісіне алынған. 
Зерттеу пәні – қаржы бақылау қызметінің салалас бөлігі салықтық бақылау бағытын дамыту мазмұны. 
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негізі. Қазақстан Республикасы Конституциясы, Салық Кодексі, Азаматтық Кодекс тағы басқа заңдар мен нормативтік құқықтық актілер (оларға түсіндірмелер) мен әлемдік экономика ғылымының классиктерінің, Ресей және Қазақстандық ғалым-экономистер мен маман-практиктердің еңбектері, қарастырылып отырған мәселеге байланысты әр түрлі нысандағы есептілік мәліметтері қолданылған. 
Диссертацияда Қазақстан Республикасы Салық комитетінің нормативтік құжаттары мен инструктивтік материалдар, сонымен қатар ғылыми конференциялар мен кезеңдік баспалар материалдары кеңінен қолданылды. Зерттеу барысында жүйелік талдау, жинақтау, топтау, салыстыру, монографиялық және тағы басқа экономика-математикалық әдістер пайдаланылған. 
Алға қойылған мақсаттарға жету барысында жылдық, тоқсандық есептіліктері және жедел ақпараттары, сонымен бірге осы қарастырылып отырған мәселеге тиесілі шеңберіндегі арнайы материалдарға, жалпы экономикалық және құқықтық әдебиеттерге жүгініп негізделінген. 
Диссертация салықтық бақылау қызметі мәселесі және оның тиімділігін арттыру бойынша зерттелген жұмыстардың алғашқыларының бірі. Жұмыста салықтық бақылауды ұйымдастырудың қазіргі іс жүзіндегі барысы жан-жақты ғылыми жолмен зерттелініп, оның ерекшеліктерімен жетіспеушіліктері айқындалған. 
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Бірқатар теориялық шешімдерді практикалық талдауларды негізге ала отырып салықтық бақылауды экономикалық категория ретінде оның әрі қарай құзыреттік құқықтық қызметтерін жетілдіру бойынша ұсыныстар жасайтындығында болып отыр. 
Өткізілген зерттеуді топшылай отырып, бірқатар жаңалық ретінде мұнадай нәтижелер алынды: 
17 салық бақылауының тиімділігін арттыру мақсатында, салық заңдарының сақталуын қадағалау, салық комитетінің жұмысын ұйымдастыруда жаңа технология мен әдістер мүмкіндіктері және бағыттары көрсетілген оның ішінде бақылау жоспары мен орындалуы негізінде салықтық бақылау коэффициенті көрсеткіштерін енгізу; 
18 салық қызметкерлері мен төлеушілер арасындағы «қоян-қолтық қарым-қатынаста» жұмыс істеуді ұйымдастыру бағыттарында: кеңінен ақпарат тарату, үйрету, кеңестер беру мәселелері ғылыми негізделген; 
19 салық органдары мен басқа мекемелер, және де басқа салық комитеттерімен жүйеаралық өзара ақпарат алмасудың бірыңғай ақпараттық кеңістік шеңберінде, салық салудың ақпараттық жүйесін басқару бағыттарындағы салық органдары бақылау құзыретінің құқықтық қатынастарын күшейту; 
20 салық төлеушілердің «өздігінен және өзгелік есептеу жүйесі» жағдайындағы салық органының жұмысының тиімділігіне кешендік баға беру үшін салық органдарының жұмысының бақылаудағы бағалы көрсеткіштерін қолдану мүмкіндіктеріне сипаттама беру арқылы оның базасын жасау; 
21 салықтық бақылау қатынастарын басқару жүйесіндегі салық механизмінің функционалды элементі ретінде қарастыру. 
Диссертацияның қорғауға шығарылатын тұжырымдары: 
22 зерттеліп отырған мәселенің салықтық теориялық базасын жасау; 
23 салықтық бақылауды жүргізудегі оның жай-күйін талдау әдістемелігін енгізуді пайдалану арқылы сараптауды күшейту; 
24 салықтық бақылау көрсеткіштерін енгізу: бақылау аралығы бақылау коэффициенті, ондағы берешек және алашақ қарыздарды басқару; 
25 салық комитеттерінің бақылау қызметтерін жүргізу құзыретті құқықтығын күшейту; 
26 салықтық қатынастарды дамытып, жетілдірудегі салықтық бақылаудың есебін енгізу және есеп берудің стандарттық нысанын енгізу. 
Зерттеудің ғылыми-тәжірибелік маңызы. Диссертациялық жұмыстың негізгі ғылыми түйіндері мен оның ұсыныстары және алынған нәтижелері тек зерттеуге алынған объектілерде енгізіліп қалмай, Қазақстан Республикасы бойынша Салық саласының барлық жүйесіне енгізілудегі стратегиялық мақсаты бар деп танылды. Қазіргі таңдағы әлеуметтік-экономикалық даму мақсаттарының ең негізгі тармақтары жергілікті бюджеттің қаржы ресурстарын жеткілікті өзіндік қамтамасыз ету мүмкіншілігін арттырудағы индикативтік жоспарлар жасауға әзірленуде кеңінен пайдалануға болады. 
Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу (апрабациясы). Диссертациялық зерттеудің нәтижелері ОҚО салық комитетінің және «Ақ алтын» АҚ енгізіліп, пайдаланылуда. 
Диссертациялық жұмыстың негізгі қорытындылары мен ұсыныстары «Аймақтық экономиканыбасқару және мамандарды дайындау: ХХІ ғасырға көзқарас» (Шымкент, 2003ж.;), «Қазіргі кезеңдегі Қазақстандағы аймақтық экономиканың өзекті мәселелері» (Шымкент, 2003ж.;), «Қазақстанның БСҰ-ға кіруі: жүйелік жағдайларын талдау, оң бағыты, теріс салдары» (Алматы, 2004ж.;), ҚазГЗУ-дың 10 жылдығына арналған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік-құқықтық мәселелері» (Шымкент, 2004ж.;), «Парасатты кеден саясаты – мемлекеттің экономикалық дамуының қуаты» (Шымкент, 2005ж.;), «Қазақстан Республикасындағы білім концепциясын жүзеге асырудың қазіргі кезеңдегі жағдайы» (Шымкент, 2005ж.;), «Аймақтық экономиканы басқару: проблемалары мен шешімдері» (Тараз, 2005ж.;) атты Халықаралық және Республикалық конференцияларда баяндалып, сыналып қолдау тапты. 
Зерттеу нәтижелерінің жариялымдығы. Диссертация жұмысының негізгі нәтижелері 3,2 баспа табақ болатын 11 ғылыми мақалада көрініс тапты. 
Диссертацияның құрылымы мен көлемі. Диссертациялық жұмыс компьютерде терілген 134 бетте (оның ішінде 21 кесте, 9 сурет, 2 қосымшада баяндалған, ол кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Сандық материалдар кестелерде, суреттерде және қосымшаларда келтірілген.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Салық салу және салықтық бақылаудың теориялық және әдістемелік негіздері. Нарықтық қатынастары дамыған елдерде салықтар экономика мен әлеуметтік хал-аһуалын тұрақты дамытудағы реттеушілік қасиеттері бюджеттік қатынастар мүмкіншілігіне тікелей басқару әдістері ретінде қолданады. Салықтардың жәрдемімен мемлекет қоғамдық қасиеттілік пен ресурстар арасындағы, оларды қанағаттандырудағы салыстырмалы тепе-теңдікке қол жеткізіледі. Салықтардың арқасында экология жағынан зиянды өндірістердің кеңейуіне айыппұлдар мен шектеулер енгізе отырып, табиғи байлықты тиімді пайдалануын қамтамасыз етеді. Салықтар мемлекеттің әртүрлі даму бағдарламасының даму мүмкіншілігіндегі қаржылық қамтамасыз ету және азаматтардың табыстарының деңгейін теңестіру мүмкіншілігіне ие болады. 
Салық ауыртпалығын жеңілдетуді жүргізу әртүрлі меншіктегі экономиканың өсу мүмкіндігін туғызу болса, көлеңкелі экономиканың қысқарып, болашақтағы экономиканың өсімі негізде бюджеттік кірістердегі салық түсімдерін молайту. 
Демократиялық мемлекеттің негізгі белгілерінің бірі болып қоғамда өркениетті салықтық қатынастар мен халықтың барлық топтарының салықтың мәдениетінің бар болып саналатындығы баршаға мәлім. Сол себептен, өкілетті және атқарушы органдар салықтық саясатты жүргізуші және кепілі мен бас идеологы ретінде қатысушылардың барлық топтардың мүдделерін үнемі есеп аалып отыруы керек. Қабылданған салықтық құқықтық заңдардың іске асыру бойынша кәсіби білім мен салық мәдениет белгісінің төмен болуынан деп айтуға болады. Нәтижеде біз заңдар толық іске асырылмайтын, ал экономика көлеңкелі бизнеске ұшырап отырмыз. Көлеңкелі экономиканың көлемі ұлғайған сайын салық есебінің кемуінде бюджет көздері қысқарылуда. Әсіресе жергілікті бюджет жетістіксіздігіне трансферттік жабу бюджет көздерін молайту емес керісінше тұтынушы психологиясын туғызуда. 
Келесі мәселе жалпы ішкі өнімді өлшеуіндегі жаңа пайда болған субъектілік негізгі қорлардың (жеке меншіктегі құрылыс үй шарушылығы, шаруашылық басқа да субъектілер) салық салымы мен алымында жете бағаланды. 
Қорыта келгенде, мемлекеттің де, салық төлеушілердің де мүдделеріне сәйкес үкімет және тиісті атқарушы органдар салықтарды төлеудің дұрыстығы мен уақтылығын үнемі бақылап отыруы қажет. Салықтық бақылау жүргізудің түрлерімен үлгілеріне мыналар жатады: 
27 салық төлеушілерді тіркеу есебі мен жеке объектілердің есебі; 
28 жүйеге келтірілген бақылау (салықтық есеп беру бойынша салық заңдарын бұзуды шұғыл анықтау); 
29 салық төлеушілердің моноторингі (нақты салық салынатын мөлшерді анықтау үшін салық төлеушілердің қаржы-шаруашылық қызметтерін зерттеп отыру (бақылау) жүргізу); 
30 салық төлеушілер тарапынан ережелердің сақталынуын бақылап бақылау жасау (фискалдық жадысы бар бақылау; акциздік тауарлардың жеке түрлерін акциздер жинау шараларымен таңбалау; құжаттық салықтарды тексеру; кешенді, тақырыптық, қарама-қарсы, рейдтік; салық кодексінің 17 бөліміне сәйкес бақылаудың басқа түрлері). 
Мемлекеттік бақылау түрлері, оның ішінде мемлекеттік қаржы бақылауды терең зерттелініп, содан кейін ғана мемлекеттік салық экономиканың және әлеуметтік қайта құруға сәйкес шешімдер мен ережелер бекітіледі. Олардың орындалуынсыз қоғам алға қойған мақсаттарына: экономикалық өсуге, қаржы-қаражат тұрақтылығына азаматтардың өмір сүру деңгейін көтеруге және қауіпсіздігіне қол жеткізуге болмайды. 
Салықтық бақылау деп – салық заңдарын яғни Салық кодексі, заңдылық нормативтік актілерді т.б. орындалуын қадағалау. 
Салық бақылауын жүзеге асыру – іс жүзінде мемлекеттің қаржылық іс әрекетіне бағытталып, ақша қорларын құюға кететін және осы мемлекеттік қаржы жүйесінің құрамына кіретін табыстарды жинау болып табылады. 
Салық бақылаудың субъектісі – мемлекеттік салық қызметі, яғни тек салықтық тексеру жүргізуге құқығы бар орган – салық комитеті. 
Салықтық бақылау объектісі – салық заңдылықтары бойынша заңды міндеттемелер жүктелген тұлғалар. Олар салық төлеушілер, салық агенттері, банктер, салық төлеуші туралы ақпараттары бар тұлғалар. 
Салық төлеу пәні – тексерушілердің салық заңдары, Салық Кодексі, заңдылық нормативтік актілер және де ресми құжаттар бойынша атқаруға, орындауға тиіс міндеттері. 
Салық бақылаушының мақсаты – салық заңдарын бұзушылық фактілерді немесе салық құқықтық қатынастарды қатысушының өз міндетін санасыз орындалғанын анықтау; айыптарды анықтау және оларды заңда бекітілген жауапкершілікке тарту; салық заңын бұзушылықты жою; қарыздарды өтеу бойынша шаралар қолдану түріндегі мемлекеттік материалдық қорғау; салық заңын бұзушылықтың алдын алу. 
Салық бақылауды жүзеге асыру нысаны тікелей бақылау, сырттай бақылау болып бөлінеді. Тікелей салық бақылауына тексеру – тексеруші тұлға алғашқы құжаттарымен, салықтық есепке қатысты құжаттарды тексеруін талдау жасайтындығымен сипаттауға болады. Оның құжаттық, рейдтік, хронометражды түрлері бар. Сырттай салық бақылау – бақылау субъектісі мен объектісі тексеру жүргізу кезінде байланысқа түспей сырттай жүргізіле беретіндігімен сипатталып (камералдық) түрі. 
Салықтық бақылау өткізу уақыты – алдын-ала, қазіргі және ағымдағы немесе кейінгі түрлері болады. 
Салықты бақылаудың ішкі және сыртқы болып бөлінді, бақылау объектісі бір ұжымдық жүйенің бөлімдерінде немесе ведомства аралық бағытттарға байланысты. 
Салықтық бақылау – салықтық тексеру немесе тапсыру мақсатындағы бақылау болады. Салықтық бақылау тексерілетін салық төлеуші туралы ақпараттарды жинау, жинаған ақпараттарды бағалау. Жинаған ақпараттар бойынша шамалау немесе мөлшерлеу кезеңдерінен тұрады. Құжаттар көздеріне қарай салықтық тексеру құжаттық жәнеіс жүзінде деп бөлінеді. Іс-жүзіндегі тексеру – объектілердің сандық және сапалық жағдайларын зерттеу лабораториялық сараптама мен әртүрлі әдістер нәтижелерін шығару. 
Салық әкімшілік теңдікті жетілдіруде «Салық аудитінің электрондық бақылауы (САЭБ)» ақпараттық жүйесін енгізу үлкен жетістік болып отыр. Бұл ақпараттық жүйе салықтық тексерулерді жүргізуді және жоспарлауды автоматтандыруға мүмкіндік береді. 
Салықтық тексеру тексеруге дайындау тексеруді жүргізу, тексеру нәтижелерін рәсімдеу, анықталынған салық заңын бұзушылықты жою үшін нұсқаманың қаулының орындалуын бақылау мерзімдерінен тұрады. 
Салық кодескі бойынша салықтық тексерулер: 
31 құжаттық тексеру (кешенді тексеру, тақырыптық тексеру, қарама-қарсы тексеру); 
32 рейдтік тексеру (салық органының тіркеу есебіне тұруы, бақылау-кассалық аппараттарын дұрыс қолдану, лицензия және бір жолғы талон құжаттарын тексеру, акциздік тауарларды тексеру); 
33 хронометражды зерттеу (салық төлеушінің нақты табысы мен оны алуға кеткен нақты шығынын білу мақсатында салық органы жүргізеді). 
Салық менеджменті – салықты салуда және салықты өндіруді ұйымдастыру. Салық салуды ұйымдастыру – салық төлеушінің салық міндеттерін салық органы тарапынан заң аясында дер кезінде толық орындалуы. Салық міндеттемелері – салық төлеуші тіркеуге тұрған сәттен бастап салық кодексіндегі баптарға сәйкес салық түрлеріне қарай төлеуші болуына байланысты сол салық түрінің міндеттемелері Салықтық бақылау салық сомасын есептелінуін бақылау, есептелген салық сомасынан бюджетке өз уақытында және толық түсуін бақылауды жүргізілу шеңбері бар. Бақылау объектісіне қарай салық төлеушілер жеке тұлға мен заңды тұлға деп бөлінеді. Сонымен, салық менеджментінің құрамдас бөлігі оны өндіру мен салу кезіндегі салықтық бақылау объектісі болып табылады. Салықтық бақылаулдың ұйымдастыру барысы ғылыми негізделеді. Мысалы, салықты салуды ұйымдастыруда: есептелінетін салықты болжау мен жоспарлау, қабылдаған есептіліктегі салық сомасы және оны талдау, салық сомасының есептелінуін бақылау; салықты өндіруді ұйымдастыру: бюджетке түсетін салықтарды болжау мен жоспарлау, төленуге тиіс сомма мен оны талдау, салық соммасының бюджетке түсуін бақылау. 
Салықтық бақылауды ұйымдастырудың қазіргі кезеңдегі жағдайына талдау жасау. Экономикалық және құқықтық әдебиеттерде салықтық бақылаудың мәні тек салық заңдылықтарын сақаталуындағы дұрыс есептелінуі мен төленуін бақылау деген тұжырнама кеңінен таралған. Бұл көзқарастар салық органдарының өздігінен шынайы өркениет жасамауына негізделінеді. Бақылауды ұйымдастырудың дамуы соңғы жылдары салық заңдарынан тұрақсыздығы салдарынан, салық комитеті жұмысын ұйымдастырудағы мәселелердің туындауынан,салық төлеушілердің салық жүйесіне деген теріс пиғыл әсерінен көп қиындықтарға тап болуда. Бұл салықтық бақылауды ұйымдастыру және әрекет ету барысында көрініс беруде. Бірақ соған қарамастан бүгінгі қоғамда салық түсімдерін бақылаудың мағынасы, оның экономикалық және қоғамның әлеуметтік салаларына әсері туралы салыстырмалы түрде бірқатар ойларды түйіндеп, оны әрі қарай дамыту қажет екенін көруге болады. Салықтық бақылаудың негізгі міндеті – заңды бұзған тұлғалардың жауапкершілікке тартылудан құтылып кету мүмкін еместігін түсіну. Әрине, ол үшін салықта бақылауды оны төлеушілерді түгелімен тексерілуі қамтылуы керек. Салықтық бақылаудың құқықтық қамтылу мәселелерін біздің ойымызша келесі тұрғылардан зерттеу қажет. 
Салық жүйесінің функциялануының құқықтық базасының бақылауды жүзеге асыруға және оның тиімділігіне әсер етеді. 
Салықты бақылаудың нәтижесі тек салықты төлеушілердің заңсыздығы мен қатар, салық органы қызметкерлері тарапынан жіберілетін ескерту керек. Салықтық құқық бұзушылықты талдау негізінен төменгі жағдайларда заң бұзушылықтар жиі кездеседі: 
34 қосылған құн салығы салым айналуын анықтауды; 
35 салық органдарына есеп бермейтін тіркеуде жоқ, шот-фактуралары мен реквизиті жоқ жеткізушілердің қосылған құн салығын есепке жатқызуда; 
36 қосымша құн салығы бойынша жеңілдіктерді дұрыс қолданбау; 
37 айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептеуде. 
Салық төлеушілердіңелеулі бөлігі өздерінің салық міндеттемелерін есептеуі және де салық органдарына шағымданудағы өтініштер жасауы қисынсыз. Себебі салық төлеушілер салықтың төлемдік мөлшерін барынша төмендетуге тырысады. Сондықтан салық алынатын объекті алдымен әрқашанда тексерілуі тиіс. Салық төлеушілер өз мүддесінің пайдасына жасау үшін әрқашанда даулы мәселелерді туғызады, немесе салық мөлшеріндегі сыбағалы сыбайластықтарға да жол берілуі мүмкін. Осыған орай салық органдарының алдында тұрған мақсаттаға қол жеткізуі қажеттілігін бағалау құқықтық құзыретін күшейтудегі әртүрлі экономикалық талдау әдістерін бақылау процестерін күшейтуге қолдана білу мен құқықтық шараларды салық мәдениетін арттырып жетілуіне талап етеді. 
Салықтық бақылаудың қамту интервалы – тексерумен қамтылған объектілер санының жалпы объектілер санына қатынасы. Сонда интервал 0,01-ден 1,0-ге дейінгі аралықты қамтиды. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша салық комитеті мәліметтері бойынша салық төлеушілердің тексерумен қамтылғандарының санының жалпы салық төлеушілер санына қатынасына тоқталатын болсақ тексерумен қамту санының коэффициенті: 
38 2000 жылы 0,083; 
39 2001 жылы 0,142; 
40 2002 жылы 0,088; 
41 2003 жылы 0,095; 
42 2004 жылы 0,099; 
43 2005 жылы0,087 болатындығын көреміз. 
Салықтық бақылау интервалы 1,0-ге жеткенде, бақылаумен барлық салық төлеушілер қамтылды деген сөз, бірақ ондай көрсеткішке қол жеткізу мүмкін болмай отыр. 
Автордың ұсынысы бойынша салықтарды өндіруді бақылау коэффициентін (К) есептеуге келесі формуланы ұсынады; 
K=Z/V 
Мұндағы: 
Z – қосымша есептелген салық сомасы 
V – жалпы салық түсімдері. 
Мысалыға келесі кесте мәліметтерін қараңыз: 
1 кесте - ҚР ҚМ Салық комитетінің 2000-2004 жылдардағы бақылау коэффициенті*

Рет саны Кезеңдер Қосымша есептелген салық сомасы - Z Жалпы салық түсімдері - V Бақылау коэффициенті - K 
1 2 3 4 5 
1 2000 жыл 22,3 587,0 0,038 
2 2001 жыл 29,4 733,9 0,040 
3 2002 жыл 40,0 808,0 0,050 
4 2003 жыл 59,4 1004,6 0,059 
5 2004 жыл 68,3 1103,5 0,062 
Ескерту - кестедегі 5-бағанды ҚР СК мәліметтерін пайдалана отырып автор есептеген.

Салықтық бақылаудың тиімділігін арттыруды жетілдіру жолдары. 
Қазіргі жағдайдағы салықтық бақылауға жетілдірудің қажеттігі тәжірибе көрсеткендегі төменгі шарттарда байқалады. 
8 салықтық бақылау субъектісінің ұйымдастырушылық, әдістемелік және материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі жеткілікті дәрежеде еместігінен; 
9 салықтық бақылау субъектісі мен салық төлеуші арасындағы қарым-қатынастарда кездесетін қиындықтарды, салық төлеушілердің салық жүйесіне деген онша жақсы емес көзқарастарынан және де салық төлеуден жалтарушылардың негізінен; 
- салықтық бақылау органының қаржылай жеткіліксіз қамтылуынан, яғни салық жинауға байланысты мемлекет шығынын үнемдеу тек экономикалық емес, саяси фактор да болып отыр. 
Салықты бақылаудың тиімділігі олардың заңды бұзушылықтарды болдырмауына және салық қарыздықтарын болдырмау мен салық салу объектілерін көбейту арқылы бюджет тапшылығын жою. Мысалыға келесі мәліметтерді ұсынуға болады:

2-кесте - Оңтүстік Қазақстан облысында салық комитеті мен облыстық статистика басқармасының мәліметтері бойынша аудандардағы шаруа қожалықтары санының салыстырмалы кестесі (01.04.2004 жылға).

№ Аудандық, қалалық салық комитеттері Салық комитетінің мәліметі бойынша шаруа қожалық саны Облыстық статистика басқармасының мәліметі бойынша Айырмасы 
(-кем, +артық) 
1 Бәйдібек 1287 1102 185 
2 Ордабасы 3700 4094 -394 
3 Отырар 1840 2400 -560 
4 Қазығұрт 2068 2931 -863 
5 Мақтаарал 15920 19105 -3185 
6 Сайрам 5198 5235 -37 
7 Сарыағаш 5832 7634 -1802 
8 Созақ 443 610 -167 
9 Толеби 2235 2545 -310 
10 Түлкібас 3138 3394 -256 
11 Шардара 4498 4374 124 
12 Арыс қаласы 748 181 567 
13 Кентау қаласы 183 7045 -6862 
14 Түркістан 5033 1031 4002 
15 Шымкент 28 43 -15 
Барлығы 52151 61724 -9573

Салықтық бақылаудың ақпараттық технологияларын жетілдіруде төмендегідей мәселелерді шешуді мақсат етіп қою керек: 
8 әр маманды біліктілігінт арттыру үшін курс семинарлар міндетті түрде өткізіп отыру; 
9 компьютерлік бағдарламамен қатар салық заңдарына өзгерістер енуден салық инспекторы мен оны төлеушілердің ара қатынастарын жетілдіру. 
Салықта бақылауды жетілдірудің ең негізгі міндеті оның базасы мен саласын кеңейту. Салық салу базасы – дегеніміз – Салық кодексі бойынша мемлекеттік орган оның дұрыс есептелінуімен қатар салық салынбай жүрген объектілерді есепке алу. Мысалыға бақылау жұмыстары нәтижесінде қосымша есептелген оның өсу қарқыны келесі мәліметті білдіреді (мың теңге); 
2002 ж 2003 ж 
Мақтарала ауданы 27478,0 65153,8 237,2% 
Сайрам ауданы 22183,5 31422,6 141,6% 
Түркістан қаласы 19281,1 29054,6 150,6% 
Шымкент қаласы 496964,1 607407,0 122,2% 
Қазығұрт ауданы 4953,5 16863,8 340,4% 
ОҚО бойынша 727150,4 842259,2 165,8%

Біздің ұйғаруымыз бойынша салық органы жұмысының тиімділігінң кешендік бағалау мақсатында толық дәрежесін сипаттайтын жалпылама көрсеткіш қажет. Оны салық төлеушілердің өздері есептеген деклорациялардағы нақты салық сомасы мен аймақтағы салық салу базасына есептелуге тиіс сомалармен салыстыру арқылы алуға болады. Нақты есептелген және есептелуге тиіс салық сомасының қатынасы – салықтың есептелуінің толық коэффициенті болып табылады. Бұл көрсеткіш жалпылаушы болып табылады да салық комитетінің жұмыс кешенінің ұйымдастырылуын қамтиды, салық төлеушілермен өзара қарым-қатынастардың дәрежесін есепке алады. Коэффициенттің толықболуы салық комитеті жағдайын зерттеу үшін негіз болуы мүмкін. Бұл көрсеткіш кәсіпорындардың төлеу қабілетіне және қарыз деңгейіне, т.б. экономикалықкөрсеткіштерге байланысты емес. Бұл көрсеткіштің енгізілуі бағалаушы ретіндеөте маңызды мәселелерді: салық салу базасының нақты есебінің әдісін анықтап шешуді қажет етеді. 
Бағалық көрсеткіштерді екітүрге бөлуге болады: 
8 салық органының жұмысын кешендік санаттаушы; 
9 салық органы жұмысының әрбір жеке жақтарын сандық және сапалық тұрғыдан жағдайын көрсетуші. 
Корпоративтік құрылымдар қызметі мен салықты төлеу тәртібін бұзуда салықтық бақылауды жетілдіру. Есептелген салықтар мен басқа міндетті төлемдер жасалуының толықтығы және уақтылылығы бақылау тікелей кәсіпорындарда тексерулер барысында да, салық органдарына түскен банктердің құжаттары (салықтардың төленуін дәлелдейтін төлем тапсырмаларының, көшірмелері регистрлерінің және т.б.) негізінде де жасалады. 
Кәсіпорындардағы тексерулер, әдеттегінше, өте тиімді болады, салық төлеушілердің бухгалтерлік есепті ұйымдастырумен төлем тәртібі деңгейінің жоғарылауына мүмкіндік туғызады. Сонымен бірге салық төлеушілер сипатында есепке тіркелген кәсіпорындардың елеулі санын салық органдары қызметкерлерінің біршама азғандай аппараты бір мезгілде тексеруге шамасы келмейтіндіктен мұндай бақылау тегіс қамти алатын бола алмайды. 
Мұндай жағдайларда кәсіпорындардың үстінен тегіс қамти алатын бақылауға салық органдарында әрбір салық төлеуші бойынша және салықтар мен басқа міндетті төлемдерден әрбір түрі бойынша есептеулер тағы түсімдердің шұғыл-бухгалтерлік есебін жүргізу арқылы жетеді. 
Салықтың бақылау кезіндегі басқа маңызды мәселе монополистік бағыттағы корпоративтік құрылымдардың қызметін реттеу болып табылады. Мысалы, қазіргі уақытта жанар-жағар материалдарды өндіру бойынша шет елдік капиталдың қатысуымен жұмыс істейтін Қазақстандық кәсіпорындар мен компаниялар реттелінбей қалды дерлік. Атап айтқанда, егіс және астық жинау уақытында Шымкент қаласында жайғасқан «Қазақстан Петролиум» компаниясында мұнай өнімдеріне бағалар шұғыл асып кетеді. Мысалы, 2005 жылдың тамыз-қазан айлары ішінде Ай-80 бензинінің бағасы екі есеге, Дизел отынына баға 1,8 есеге асып кетті. Бұл Қазақстанда салықтың заңдылықта ішкі нарықта мұнай өңдеуші зауыттың өнімін жеткізіп беру бойынша реттеуші құралдардың жоқ екенін және бұл өнімді пайдаланушылардың жыл сайынғы шығындары орта есеппен алғанда 40-50%-ға өседі, нәтижеде өнім өндірушілер залал шегеді. Сонымен қатар, салық заңдылығына сәйкес жанар – жағармай сатушылар компанияның бас мекемесі орналасқан жеріне барлық басқа жерлерде орналасқан жанар – жағармай бекеттері бойынша акциздік декларациясын тапсыркға және төлеуге құқықтары бар. Ал салық органы тарапынан хронометраждық зерттеулер мен тағы да басқа қадағалау шараларын жанар – жағармай бекеті орналасқан жері бойынша жасау ыңғайлы. Декларация тапсырған салық комитетіне басқа аудандардағы бекеттерді бақылау уақыт жағынан тиімсіз, әрі қиын, соның салдарынан қадағалаусыз қалуы мүмкін. Сондықтан салық заңдылығына акциз бойынша декларацияны жанар – жағармай бекеттерінің орналасақан жеріндегі салық комитетіне тапсыруын міндетті етіп өзгеріс енгізу қажет. 
Салықтардың бір қатар маңызды қайта өзгертулерді талап етеді. Мұндай салықтарға жылжымайтын мүлікке салынатын салық. Жылжымайтын мүлікке салынатын салық әрекетінің механизімін өңдеу жер кадастірінің жылжымайтын мүліктің кадастірінің , меншік иелері реестрінің , жылжымайтын мүлікті басқарудың автоматтандырылған жүйесінің, жерді бағалау мәселелері бойынша заңгерлік кеңес беру жүйесінің міндетті түрде құруын болжамайды. Келешекте үш салықты (жерге, кәсіпорындардың мүлкіне және жеке тұлғалардың мүлкіне) төлеудің орнына заңды тұлғалардың да, жеке тұлғалардың да жылжымайтын мүлкіне бірыңғай салық енгізуді қарастырған жөн болар еді. Жылжымайтын мүлікке салынатын мұндай салықты енгізудің мақсаты – мүлік пен жердің құрастырушы негізінің тиімдірек салық салу есебінен жергілікті бюджеттердің салықтық табыстарының көбеюі. 
Салық саясатының негізгі бағыттарын анықтау кезінде өндіріс пен оның сапалық көрсеткіштерінің өсуін ынталандырудың ерекше маңыздылығына сүйену керек. Төлемдер проблемасы - бұл салықтарды есептеу мен оларды өз уақытында төлеу жөнінде бақылауды қиындататын, жетілген заңдылық негізінің жоқтығынан жеке тұлғалардың табыстарына және мүлікке салынатын салықтарды төлету кезінде де кездесіп отырады. Осындай қиындықтарды шешу мақсатындағы мемлекеттің оңтайлы қадамдарының бірі ретінде осы 2006 жылғы 5 шілдеде шыққан «Мүлікті жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын айтуға болады. Мүліктерді заңдастыру туралы Заң бір жағынан халыққа мүлігін заңдастыру барысында көптеген есіктерге жүгіріп, көптеген кезектерге тұру, құжаттарды жинақтау сияқты қиындықтарсыз мүліктерін заңдастыруға мүмкіндік берсе, екінші жағынан мемлекет үшін салық салу базасын ашуға мүмкіндік береді. Яғни, өз мүлкін заңдастырған әрбір тұлға жергілікті салық комитетіне мүлігін тіркеуге қояды. Мүлікті заңдастыру үшін оның құнының 10 пайызы көлемінде алым төленетіндігімен қатар, заңдастырылған сәттен бастап салық бақылауына ілігетінін, келесі есептік кезеңнен бастап аталмыш мүлікке салық төленетінін ескерсек мемлекеттің ұтымды шешім қабылдағаны анық байқалады. Және бір айта кететін жай, егер заңдастырылатын мүлік – тұрғын үй болып, оған 2006 жылдың бірінші қаңтарына дейін мүлік салығы төленген болса, ол 10 пайыздық алымнан босатылады. Салық бақылауын жетілдіру барысында базаны кеңейту мүмкіндігіне бұл жеңілдіктің оң әсер береді деп күтілуде. 
Салық органдарында атаулы Заңға сәйкес жылжымалы мүліктер және көліктерді жария ету жүзеге асырылады.

3-кесте – Мүліктерді заңдастыру нәтижесінде келесі жылынан бастап түсуі мүмкін салық сомасы *

ОҚО Мақтаарал аудандық салық комитетінде Алымнан босатылмайтын ауыл шаруашылық техникасы Үкіметтің №1519 Қаулысына сәйкес алымнан босатылатын ауыл шаруашылық техникасы Көліктер 
Жалпы саны 10806 98 10245 463 
Күтілетін салық сомасы 34490,3 
321,0 33562,6 606,7

Ескерту күтілетін салық сомасы 2007 жылдың 1 науырызына алынған мәлімет бойынша ең төменгі салық сомасы мөлшерінде автор есептеген (мың теңгемен). 

Жоғарыдағы кестеден көріп отырғанымыздай мемлекет бюджетіне келесі жылдан бастап тек көлік және тағы басқа жылжымалы мүліктерден кем дегенде 34490,3 мың теңге түсуі мүмкін. Бұл бір ғана ауданның 1 науырызға дейінгі мәліметі, ал жария ету мерзімі аяқталуына дейін Республикамыздағы барлық салық комитеттерінде қаншама жылжымалы мүліктер тіркеліп, салық салу базасы ұлғайатындығы сөзсіз. 
Әлеуметтік салықтың маңызын аша отырып, оның есептелу және төленумен айналысатын қызметкерлерге салық салу мен төлемдердің уақтылылығы объектілеріне ерекше назар аударулары керектігін ажыратуға болады. Дәл осы жағдайлар тексеруші органдар жағынан сол немесе басқа санкциялардан құтылуға мүмкіндік береді. 
Әлеуметтік салық туралы сөз айта отырып, оны есептеу мен бюджетке аудару кезіндегі ең типтік бұзулар туралы таңдағымыз келеді және салықтың осы түрін төлеумен байланысты бұзулар бойынша салықтық бақылау объектілер түрінде оларды ұсынамыз. (№3 сурет). 


Бұзулар түрлері 


Заңның бұзылуымен декларацияны тапсыру бойынша 
Жәрдемақылар және басқа жарналар бойынша 
Орнын толтырулар, материалдық жәрдемдер мен кәсіпорынның шығындары бойынша 
Қызметкерлердің жанама табыстары бойынша 
Жеке кәсіпкерлер бойынша 
Шетелдік қызметкерлер бойынша 




Жұмыстан босар кезде алатын жәрдемақыны дұрыс есептеу Екі қабаттық пен босану бойынша жәрдем ақыларды дұрыс есептемеу Шығу байланысты жәрдемақыларды төлеу кезінде Жинақтаушы зейнетақы қорына жарналар есептеу кезінде Пайдаланылмаған еңбек демалыс және т.б. үшін орнын толтыруды есептеу Қызметкерлерге көрсетілетін материалдық жәрдем Кадрларды оқыту бойынша кәсіпорынның шығындары Қызметкерлердің балаларын оқытудың ақысын төлеу Жеке мақсаттармен шетелдерге сапарлар және т.б. Есептеудің негізсіз тәртібі Салық салынатын мөлшерді дұрыс анықтамау 


Ақылы медициналық жәрдем көрсету үшін 
Бала туылған кезде 
жерлеуге 
Кәсіпкерлік қызметпен байланысты 
Жолдамалардың ақысын төлеу 
Қызметкерлерді тамақтандыру

1-сурет - Әлеуметтік салықтың төлеуімен байланысты бойынша салықтың бақылаудың ұсынылатын объектілері

1 суреттегі көрсетілген талдау. Тек қана әлеуметтік салықтың төленуімен байланысты салықтың бұл түрін есептеу кезінде бұзулар бойынша салықтық бақылаудың ең кемі 6 ірі және 17 кішірек обьектілері бар тәртіп бұзуларды айқындау салық инспекторының біліктілік деңгейіне байланысты және сонымен қатар ол әрбір тәртіп бұзуға заңдылықпен сәйкес құжат дайындауы тиіс. 
Шығыстарға салық енгізудің барлық әрекеттері техникалық себептермен (шығыстарды салық салынатын жеке баспен үйлестірудің мүмкін еместігі) табыспен аяқталмады. Сондықтан келесі бапта сатып алу процессі немесе кәсіпкерлік айналымы көрсетіледі. Сонымен тағыда тұтынудың салық салынуын кең мағынада (қосымша құнға салынатын са

Категория: Ғылыми жұмыстар | Добавил: Frenzy (16.12.2012)
Просмотров: 1891 | Рейтинг: 3.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Сағат

Сауалнама
Сайтта сізге не ұнайды !!!!!!!
Результаты
Всего ответов: 4013
Сайт мәзірі
Сайт көрсеткіші
Қазір online
Қазір сайтта: 5
Қонақтар: 5
Қолданушылар: 0

Лучшая рип студия!