Сабақ жоспарлары
Мысалы: Бейнелеу 1-6 сыныпқа сабақ жоспарлары
Главная » Статьи » Ғылыми жұмыстар

Ауыл шаруашылығы, даму
Облыстың агроөнеркәсіп кешені экономикасының қазіргі жағдайы

Батыс Қазақстан облысының агроөнеркәсіп кешені аймақ экономикасының біршама ірі және маңызды секторларының бірі болып табылады. Оның негізін жалпы аймақтық өнім құнында үлесі 6,2 % болатын ауыл шаруашылығы құрайды. 
Облыстың ауыл шаруашылығы бидай, арпа, қара бидай, тары, сиыр еті, қой еті және жылқы етін өндіруге мамандануда. Жалпы өнім құрылымында дәнді дақылдар – 28,5%-ды, ет – 32,4%, сүт – 17,4%, картоп - 2,7%, көкөніс - 2,1%, жұмыртқа -1,2%, жүн - 0,7%, майлы дақылдар - 0,4%, бақша дақылдары - 0,4%, жеміс-жидек - 0,5%, басқа өнімдер – 13,7%-дан келеді. 
Соңғы жылдары ауыл шаруашылығында экономикалық өсу байқалады. 2000 жылмен салыстырғанда біршама жоғары қарқын 2002 жылы - 19,8%, 2003 жылы – 24,2% байқалынды, 2004 жылы ауыл шаруашылығының даму қарқыны 11,8% -ға төмендеді, ал 2005 жылы 3,3% күтілуде (1 диаграмма).

1 – диаграмма


Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің 2000 жылға салыстырмалы бағамен % -бен физикалық көлем индексі

Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің экономикасы мен қаржылық жағдайының нығаюы ең алдымен, Аймақтық аграрлық азық-түлік бағдарламасы шараларын орындау есебінен жүзеге асқандығын ескере кету керек. 2003 – 2005 жылдары облыстың агроөнеркәсіп кешенін дамытуға 7,4 млрд. теңгеден астам, соның ішінде республикалық бюджет қаржысы есебінен – 5,1 млрд. теңге, облыстық бюджеттен – 0,7 млрд. теңге, басқа көздерден – 1,6 млрд. теңге бағытталды. 
Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін көктемгі-далалық және егін жинау жұмыстарын несиелендіру бойынша мемлекеттік қолдау, жану-жағу материалдар, минералды тыңайтқыштар, жоғары репродукциялы тұқым құнын субсидиялау, ауыл шаруашылығы техникаларын жаңарту ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің егіс алқаптарын жылдан жылға өсірулеріне мүмкіндік берді. 
2005 жылы дәнді дақылдар алқабы 2000 жылмен салыстырғанда 81,9% -ға өсіп, 701,7 мың гектарды алды. Астықтың жалпы түсімінің 2001-2004 жылдарда орташа алғанда көлемі 492,5 мың тонна немесе 2000 жылмен салыстырғанда 62,6 % -ға артты. 
Сонымен қатар, астық өндірісі тұрақсыз қалпында қалуда, дәнді дақылдардың өнімділігі ауа-райы жағдайларына байланысты жыл сайын күрт құбылып, 2002 жылы – 9,2 ц/гектарды, 2003 жылы – 10,1 ц/гектарды, 2004 жылы – 5,7 ц/гектарды, 2005 жылы – 4,0 ц/гектарды құрады. 
Мал шаруашылығында шошқаны қоспағанда, мал басы мен құстардың тұрақты өсу тенденциясы байқалады. 2004 жылы 2003 жылмен салыстырғанда ірі қара мал басы - 6,3 %-ға, қой мен ешкі - 5,5% -ға, жылқы – 2,7% -ға, құс - 49,4% -ға өсті. Жемдік астықтың қымбаттауына байланысты шошқа басы – 21,5% -ға кеміді. 
Ірі қара малдың республика бойынша жалпы мал басы санындағы үлес салмағы - 7,9 % -ды, шошқа - 2,1% -ды, қой мен ешкі - 5% -ды, жылқы – 4,5% -ды, түйе - 2,8 % -ды, құс - 3,4% -ды құрайды. 
Жүнді тұқымды қой басының қысқаруымен байланысты жүн өнімін азаюын қоспағанда, соңғы үш жылда мал шаруашылығының өнімі өсіп келеді. 2004 жылы шаруашылықтардың барлық санаттарында 66,0 мың тонна ет немесе 2003 жылдың деңгейінен - 103,6%, сиыр сүті – 208,8 мың тонна (103,5%), жұмыртқа - 52 млн. дана (128,9%), қой жүні - 1434 тонны (82%) өндірілді. 
Соңғы он жылдықта ауыл шаруашылығы өндірісінде мал шаруашылығы үлесінің 1994 жылы 35 %-дан 2004 жылы 57% -ға дейін артуымен құрылымдық ілгерілеушіліктер болды (2 диаграмма).

2 – диаграмма

Өндіріс салалары бойынша ауыл шаруашылығының 
жалпы өнім құрылымы, %-бен.



Өсімдік шаруашылығының үлес салмағы 1994 жылы 65%-дан және 1999 жылы 10% -ға шиеленіскен жағдайға дейін жетті. Бұндай құрылымдық жылжу 1995 – 1999 жылдары (1995, 1996, 1998, 1999 жж.) жиі құрғақшылық салдарынан болды, мал шаруашылығына қарағанда өсімдік шаруашылығының құлдырауы айтарлықтай жылдам жүрді. Астық өндірісін мемлекеттік қолдау өндіріс көлемі мен өсімдік шаруашылығы үлесін 2003 жылы 48%-ға дейін өсіруге мүмкіндік берді, 2004 жылы ол 43%-ға дейін қысқарды, 2005 жылы төмен өнімділікке байланысты одан әрі 30%-ға дейін төмендеу күтілуде. 
2007 жылғы жағдай бойынша ауыл шаруашылығы өндірісінде 4,2 мың шаруа (фермерлік) қожалықтарын, 352 ауыл шаруашылығы кәсіпорындары мен 100 мың тұрғындардың жеке қосалқы шаруашылықтарын қосқанда 4,6 мыңдай ауыл шаруашылығы құрылымдары есепте бар. 
Соңғы 10 жылда ауыл шаруашылығы өндірушілерінің құрылымын талдау, АӨК-дегі қоғамдық өндіріс дағдарысы ауыл шаруашылығы өндірісі көлемінде шаруа қожалықтары мен тұрғындардың жеке қосалқы шаруашылықтарының үлес салмағының өсуіне алып келгендігін көрсетіп отыр (3 диаграмма).

3 – диаграмма

Шаруашылықтар санаттары бойынша ауыл шаруашылығы өнімі құрылымы 
2005 ж.

1995 ж.

Жалпы өнім құрылымында тұрғындар шаруашылықтарының үлесі - 1995 жылы 32%-дан 2005 жылы 65%-ға дейін, шаруа қожалықтары үлесі - 2%-дан 23%-ға дейін артты. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының үлес салмағы 66%-дан 12%-ға дейін қысқарды. 
Негізгі өндірушілер ұсақ тауарлы тұрғындардың жеке шаруашылықтары болып отыр. Олар ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемінен 87% ет, 93% сүт, 75% жұмыртқа, 80%-дай жүн, 86% картоп, 82% көкөніс, 71% бақша өнімдерін өндіреді. 
Облыстың қазіргі ауыл шаруашылығы экономикасы жағдайы өндірістің бәсекеге қабілеттілігінің төмендігімен сипатталады. Талдау көрсеткендей, салғырт даму мен төмен тиімділік жағдайының негізгі факторлары: 
- аграрлық бизнестің экономикалық активті субъектілерін қалыптастыру үдерісінің аяқталмауы. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемінде орта және ірі шаруашылықтардың үлесі үлкен емес және 10%-дан артық құрамайды. Ұсақ тауарлы және табиғи өндірістің (тұрғындар шаруашылықтары) басым болуы облыстың аграрлық секторын дамытуда теріс көрініс табады: өндіріске ғылыми-техникалық ілгерілеу жетістіктерін енгізу, өндірістік үдерістерді интенсификациялау мен механизациялау мүмкіндіктері шектеледі, ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасына бақылау төмендейді. 
- аграрлық салада рыноктік ортаның төмендеуі және рыноктік конъюктураның күрт құбылуы 
Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісінің рентабельділігі экономиканың басқа салаларымен салыстырғанда үлкен емес және жекелеген жылдары ауыл шаруашылығы өнімі өндірісі шығынды болады (6 кесте).

6 – кесте 
2004-2007 жылдардағы ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының рентабельдік деңгейі (%-бен)

2004ж. 2005 ж. 2006ж. 2007ж. 
ауылшаруашылығы кәсіпорындарының рентабельдігі 2,4 0,3 16,8 -0,7 
о.і. өсімдік шаруашылығы 5,5 - 0,2 26,7 4,7 
мал шаруашылығы - 12,7 2,8 -1,0 - 4,5

Ауыл шаруашылығы және өнеркәсіптік өнімдердің баға диспаритетінің өсуі жалғасуда, бұл ауыл шаруашылығы өндірушілерінің инвестициялық мүмкіндіктері мен рентабельдік деңгейін одан әрі төмендетеді. 
- қор мүмкіндігінің нашарлауы және ауыл шаруашылығы салаларының технологиялық артта қалуы. Білікті басқарушы және жұмысшы кадрлармен қамтамасыздығының нашарлауы жалғасуда. 
Ауыл шаруашылығы айналымынан 8 млн. га жер, соның ішінде 50 мың га суармалы жер шығарылды. Топырақтың табиғи құнарлығының төмендеуі байқалуда, үнемі қайталанып отырған құрғақшылық егін шаруашылығының тәуекелдігін арттырып отыр. Ауыл шаруашылығы машиналарының негізгі түрлерінің ескіруі 75-80%-ға жетті, мишина-трактор паркін жаңартпайтын болсақ, 2010 жылы өңделетін егіс алқабының төрттен бірі қысқаруы мүмкін. 
2007 жылы жалпы қайта өңдеу салалары бойынша азықтық өнімдер өндірісі көлемінің өсуі тенденциясы сақталуда. Тағам өнімдерінің физикалық көлемінің өсу индексі 2006 жылға қарағанда 3,7 %-ды құрады (4 диаграмма).

4 – диаграмма 
Тағам өнеркәсібінің өткен жылдардағы 
физикалық көлем индексі (%-бен)

2007 жылы 9,1 млрд. теңгеге тағам өнімдері өндірілді, бұл өңделінетін өнеркәсіп құрылымының 33,0%-ын және жалпы аймақтық өнімнің 3,5 %-ын құрады. 
Ұн өндіру саласында 81,9 мың тонна ұн шығарылды, бұл 2006 жылдан 7,8%-ға көп, нан пісіру 7184 тоннаны немесе 0,8%-ға, кондитерлік бұйымдар шығару 33,0%-ға өсті, макарон бұйымдарын жасау 1,2 мың тоннаны құрады немесе 33,5%-ға азайды. 
Ет саласында ет және ет өнімдері өндірісі 1805 тоннаны құрады немесе 2006 жылдан 4%-ға көп, 692 тонна шұжық бұйымдары (10,9%-ға көп) шығарылды, ет консервілерін жасау 11,9%-ға өсті. 
Сүт саласында ірімшік және сүзбе өндірісі 559 тоннаға өсті немесе 2006 жылға қарағанда 19,1%-ға көп, сонымен бірге сары май өндірісі 2 есеге, майонез 31%-ға, сүт өнімдері 13,8 %-ға, балмұздақ 15%-ға азайды (5 диаграмма).

5 – диаграмма

2002-2004 жылдарда азық-түлік тауарларын өндіру көлемінің динамикасы (тонна)

Жалпы алғанда, өндірістің өсуіне қарамастан ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу үлесі жоғары емес: астық - 24%, ет - 14,5%, сүт - 5,8%, көкініс пен жеміс 1%-дан да аз. Еттің, сүттің, көкініс пен жемістің негізгі көлемі азық-түлік рыноктарында шикі және өңделмеген күйінде өткізіледі. 
Сонымен бірге, облыстың азық-түлік рыноктарында шетелдік өндірушілер тарапынан бәсекелестік жылдан-жылға өсіп келеді. 2005 жылдың қаңтар – желтоқсаны аралығында облысқа 3,2 мың тоннадан астам импортты ет өнімдері, сүт өнімдері 2,3 мың тонна, майлар мен өсімдік майы – 3,1 тонна, астықтан өңделген тағам өнімдері: ұн – 3,1 мың тонна, майонез – 0,4 мың тонна, балмұздақ – 0,5 мың тонна келіп түсті (7 кесте).

7 – кесте 
2004 жылы негізгі азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз етілу 
(мың тонна)

Аграрлық сектор тұрғындарды өз өндірісі есебінен нан өнімдерімен, ет, сүтпен толықтай, картоппен - 65%, көкөніспен - 86%, жұмыртқамен - 90%-ға қамтамасыз етеді.

III-Тарау. Қазақстандағы ауылшаруашылығы кешендерінің қызметін жетілдірудегі стратегиялық бағыттар.

3.1 АӨК салаларын ғылыми қамтамасыз ету және инновциялық өңдеулерді енгізу 

Ауыл шаруашылығы өндірісінің тұрақты өсуіне қол жеткізу, облыстың аграрлық секторының бәсекеге қабілеттілігін және инвестициялық тартымдылығын арттыру тек өндіріске ғылым мен техниканың алдыңғы қатарлы жетістіктерін (инновоцияларды) енгізу негізінде ғана мүмкін. 
АӨК-дегі ғылыми зерттеулер мен инновациялық дамуларды мақсатты қолдау, сондай-ақ, облыстың ғылыми мекемелерін Бағдарламаны жүзеге асырушы белсенді қатысушыларға және АӨК ұйымдарымен тең құқылы қарым-қатынас субъектілеріне айналдыру жағдайында ғылыми техникалық ілгерілеу (ҒТІ) жетістіктерін үзіліссіз үдерісте енгізуге қол жеткізу мүмкін. 
Облыстың аграрлық ғылымы Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлы-техникалық университетімен және өндіріске енгізген жағдайда облыстың аграрлық сектор экономикасын сапалы жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік беретін, перспективалы зеттеулері бар Орал ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясымен ұсынылды. 
Осылай, Орал ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы Н.М.Тулайков атындағы Самара АШҒЗИ-мен бірігіп, Альбидум – 653 және Лютесценс -29 жұмсақ бидайларын будандастырудан дара таңдау әдісімен алынған Волгоуральская жаздық бидайының жаңа перспективалы сорты шығарды. Өнімділігі жағынан сорт Саратовская-42 стандартынан асады, онымен салыстырғанда тозаңды қаракүйе мен бидайдың қоңыр татына, құрғақшылыққа төзімді, жалпы нан пісіру бағасы - 4,8 балл. Сорт 2004 жылдан бастап аудандастырылған және ағымдағы жылы олар 10 мың га алқапқа егілді. Келесі аудандастырулар үшін Жайық – 1 арпасы, Тұран 150 СВ және Тұран 170 СВ жүгерісі, Мерей еркекшөбі мемлекеттік сорт сынауынан өтеді. Станцияларда еркекшөптің жергілікті селекциясының сорттарын шығару жөніндегі жұмыстар жалғасуда, дәнді дақылдар сорттарын сынау жүргізіледі, дәнді дақылдарды (сафлор, рапс) және көп жылдық шөптерді өсіру технологиялары жасалынды. 
Өндіріске енгізу мақсатында: дәнді дақылдарды өсірудің ылғал қор сақтау технологияларын қолдану, құрғақ дала аймағы жағдайында тұрақты ауыл шаруашылығы өндірісін қамтамасыз ететін далалық ауыспалы егістердің түрлі схемаларының тиімділігі, картоптың жеке түрінің тұқым шаруашылығы, көшетсіз дақылдар негізінде интеркалярлы қоспалармен алма көшеттерін өсіру мүмкіндігі, көшім жылқысы тұқымын сақтау және жетілдіру, қала шетіндегі аймақтарда сүт өндірісі технологиясын жасау және жетілдіру, герефорд тұқымдарының асыл тұқымды және тауарлы өнімі үйретілуде. 
Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-нің инновациялық-консалтингілік орталығы емдеу-сауықтыру шараларының диагностикасына, ұйымдастыруға және өткізуге, ауыл шаруашылығы малдарының селекциялық-асыл тұқымды жоспарын құрастыруға ғылыми-практикалық көмек көрсетеді, орталықта селекция және тұқым шаруашылығы, өсімдіктерді қорғау және карантині, ветеринарлар дайындау және қайта дайындау бойынша біліктілігін арттыру курстары жүргізіледі. 
Проблемалар: 
Сонымен қатар, ауыл шаруашылығын ғылыми қамтамасыз етуде проблемалар бар, оларға жататындар: агроөнеркәсіптік кешен саласында ғылыми зерттеу тәжірибелік құрастыру жұмыстарын қаржыландыру деңгейінің жеткіліксіз болуы, ғылыми-зерттеу ұйымдарының нашар материалды-техникалық базасы, ғылыми мекемелердің төмен инновациялық қызметі. 
Бұндай өзара әрекетті ұйымдастыру және қаржыландыру үшін мемлекет тарапынан қажетті көмек жоқ. 
Шаралар: 
Бағдарлама 2006-2010 жылдар аралығындағы кезеңде төмендегідей негізгі бағыттар бойынша мемлекеттік қолдаудың бірқатар шаралары жүзеге асырылатындығынан шығып отыр: 
дамыған елдер деңгейіне жетуге аграрлық ғылымды қаржыландыруды кезеңмен арттыру; 
бастапқы зеттеулерден бастап және ғылыми-технологиялық зерттеулерді өнеркәсіптік жүзеге асырумен, соның ішінде, өндіріске ғылыми зерттеулерді енгізу механизмін жасаумен аяқталатын ғылыми-инновациялық үдерістің барлық тізбегін нақты институциональды қамтамасыз ету; 
агроөнеркәсіптік өндірістің шешуші бағыттарына зерттеулерді шоғырландыру, еліміздің әлеуметтік –экономикалық дамуына және әлемдік ғылым дамуының тенденцияларына сәйкес, 
АӨК-нің басым бағыттары бойынша берік және қолданбалы зерттеу бағдарламаларын қалыптастыру және жүзеге асыру;

3.2 АӨК-ін кадрлық қамтамасыз ету

Қазіргі уақытта АӨК-нің ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын барлық деңгейдегі білікті мамандармен қамтамасыз ету жағдайы өте қиын болып отыр, бұл өндіріске қойылып отырған, дайындау деңгейі қазіргі заманғы талаптарға сәйкес келетін, АӨК-ді басқару кадрларымен және мамандарымен қамтамасыз 
Облыстың 4046 ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының ішінде тек 440-ы ғана білікті кадрлармен қамтамасыз етілген, оларда 1006 маман жұмыс жасайды, соның ішінде 342 агроном, 328 мал дәрігері, 36 инженер-механиктер бар. 
Облыстың АӨК үшін кадрлар мен мамандарды дайындаумен 12 кәсіптік мектеп, 2 колледж және 1 жоғары оқу орны (Жәңгір хан атындағы БҚАТУ) айналысады. Оларда 3210, оның ішінде кәсіптік мектептерде – 2479, колледждерде - 731 адам оқытылады. Оқыту ауыл шаруашылығы профилінің 30 мамандығы мен 21 кәсібі бойынша жүргізіледі. 
Проблемалар: 
Ауылдық кәсіптік мектептердің оқыту-материалдық базасы нашар, оқыту мектептерінде оқулықтар (оқулықтар мен методикалық құралдар), жаңа технологияларды пайдалану және практикалық дайындықтан өту үшін базалық кәсіпорындар жоқ деп айтуға болады. 
Оқу орындарына 12700 га ауыл шаруашылығы жерлері бекітілген, оның 4900 га егістік және 7800 га пішендіктер мен жайылымдар, әр түрлі үлгідегі 59 тракторлар, 36 автокөліктер мен 12 комбайндар бар. 
Қазіргі ауыл шаруашылығы машиналары мен техникаларының паркі ескірген, кәсіптік мектептердің (лицейлер) қазіргі заманғы ауыл шаруашылығы техникаларымен нашар жабдықталуы жастарды аграрлық профилдің мамандықтары мен жұмысшы кәсіптерін игеруге тартудың тежеуші факторы болып табылады. 
Шаралар: 
Қазақстан Республикасының 2006-2010 жылдарға арналған агроөнеркәсіптік кешенін тұрақты дамытудың Тұжырымдамасына сәйкес АӨК қажеттілігін қазіргі заманғы талаптарға сәйкес келетін, төмендегідей мамандықтар бойынша білікті мамандармен қамтамасыз ету жоспарлануда: 
жоғары білімді: ауыл шаруашылығы өндірісінің инженер-механигі, агротехникалық сервис инженер-механигі, инженер-гидротехник, инженер-технолог (ет, сүт, астықты өңдеу бойынша, тері, макорон, кондитер бұйымдарын өңдеу бойынша), азық-түлік өнімдерінің инженер-механигі, агроном-тұқымшы және т.б. 
орта кәсіптік білімді: ауыл шаруашылығы техникасының қызмет көрсету және жөндеу бойынша техник-механигі, ауыл шаруашылығы өндірісін механизациялау бойынша техник-механигі, техник-электрик, техник-гидромелиоратор, азық-түлік өнімдерінің технологы (ет, сүт өнімдерінің, көкөніс консервілерінің, астықты өңдеу бойынша, тері, макорон, кондитер бұйымдарын өңдеу бойынша, өсімдік майы өндірісі бойынша) және т.б. Барлығы 232 арнайы орта білімді мамандарды дайындау жоспарлануда. Сондай-ақ Қазақстанның дүниежүзілік сауда ұйымына кірер алдында өнімді стандарттау және сертификациялау бойынша мамандарды дайындау жоспарлануда. Барлығы 803, оның ішінде 2006 жылы – 214, 2007 жылы – 151, 2008-2010 жылдары - 146 мамандарды дайындау жоспарлануда. 
Жұмысшы кадрларды дайындау мақсатында Бағдарламада 2006-2007 жылдары Бөкейорда және Қаратөбе аудандарында 2 жаңа кәсіптік мектеп ашу, ауыл шаруашылығы профиліндегі жұмысшы кадрларды дайындайтын кәсіптік мектептерге жаңа ауыл шаруашылығы техникаларын, машиналар мен жабдықтарын сатып алуға қаржы бөлу қарастырылуда. 
Бағдарлама шараларында барлық деңгейдегі аграрлық білім беретін мекемелерде оқытудың мерзімділігі мен агроөнеркәсіптік кешен қажеттілігін ескере отырып, басшы жұмысшыларды, мамандар мен жұмысшы кадрларды кәсіби қайта дайындау көлемін ұлғайту және біліктілігін арттыру қарастырылуда. Жыл сайын 900-ден аз емес кадрлардың біліктілін арттыру жоспарлануда.

3.3 Облыстың агроөнеркәсіптік кешенін қажетті ресурстар мен оларды қаржыландыру көздері

Облыстың агроөнеркәсіптік кешенін тұрақты дамыту және осы Бағдарламада қарастырылған мақсаттарға жету тек бағдарлама шараларын белгіленген көлемде қаржыландыру жағдайында ғана мүмкін. Барлық мүмкін көздерден қаржы тартып алмай, ауыл шаруашылығы мекемелерін ұзақ мерзімді және орташа мерзімді несиелендіру үшін жағдайлар жасап алмай, аграрлық өндіріске ғылыми-негізделген технологиялар мен инновацияларды енгізу мүмкін емес (45 кесте).

45 кесте 
Бағдарламаның іс-шараларын қаржыландыру көлемі

№ Іс – шара Болжалған шығыстар (млн. теңге) Қаржыландыру көздері 
2006 2007 2008 2009 2010 
1 АӨК субъектілері үшін ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өндеу жөнінде ауыл шаруашылығы техникасы, технологиялық жабдық, арнайы техника, жабдық лизингісін ұйымдастыру 530 540 550 560 570 Республикалық бюджет 
57,2 117,2 124,3 131,1 165,2 Басқа көздерден 
2 Кең ауқымды егістік және жинау техникасын шығару үшін инвестициялар тарту 330 Басқа көздерден 
3 Ауылдық кәсіптік мектептер мен лицейлер үшін қазіргі заманғы техника және жабдықтар сатып алу 40 40 Облыстық бюджет 
4 Көктемгі далалық және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті тауарлы- материалдық құндылықтардың (ЖЖМ) құнын субсидиялау 150,9 150,9 150,9 150,9 150,9 Республикалық бюджет трансферттер 
5 Ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқым шаруашылығын дамыту (бірегей және элиттік тұқымдар) 15,4 15,4 15,4 15,4 15,4 Республикалық бюджет трансферттер

6 Отандық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне сатылған тұқымдардың 1 репродукциясының құнын ішінара арзандату - - - 40,8 43 Облыстық бюджет 
7 Өндірілетін ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігі мен сапасын көтеруді қолдау (минералды тыңайтқыштарды субсидиялау) 9,0 9,2 9,4 9,8 10 Республикалық бюджет трансферттер

8 Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды қолдау 39,9 40,3 40,7 41,1 41,5 Республикалық бюджет трансферттер

9 Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне су жеткізу жөніндегі қызметтер құнын субсидиялау 23,6 25,2 25,2 30 30 Республикалық бюджет трансферттер 
10 Жерлерді агрохимиялық зерттеу жүргізу 9,0 9,0 9,0 9,0 9,0 Республикалық бюджет 
11 Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау 3,8 3,8 3,8 3,8 3,8 Республикалық бюджет 
12 Асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдау (жоғары классты асыл тұқымды малдарын сатып алуды, ұстауды ұйымдастыру және өндірісті кеңейтуге өсімтал төлін өсіру) 28,1 29,8 31,6 33,5 35,5 Облыстық бюджет 
13 Сүт-тауарлы фермаларын құруға несие бөлу 48,5 98 97 150 200 Облыстық бюджет 
14 Мемлекеттік қолдан ұрықтандыру пункттерінің қызметін ұйымдастыру - - - 26,4 31,7 Облыстық бюджет 
15 Жануарлар мен құстардың ауруларын диагностикалық зерттеулер жөнінде іс- шараларды орындау 21,2 22,2 23,4 24,5 25,7 Республикалық бюджет 
16 Ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарының аса қауіпті ауруларына қарсы күрес жөніндегі эпизотикалық қарсы іс – шараларды орындау 71 74,6 78,2 82,2 86,3 Республикалық бюджет 
17 Мемлекеттік мал сою пункттерін (алаңдарын) ашу 39 39 39 39 39 Республикалық бюджет 
18 Мемлекеттік мал қорымдарын ұйымдастыру 45 45 45 45 45 Аудандық 
бюджет

№ Іс – шара Болжалған шығыстар (млн. теңге) Қаржыландыру көздері 
2006 2007 2008 2009 2010 
19 Отандық тауар өндірушілеріне арзандатылған тұқым улағыштар мен гербицидтер сатып алуға мемлекеттік қолдау көрсету 2,4 2,4 2,4 2,4 2,4 Республикалық бюджет 
20 Аса қауіпті зиянды организмдерге қарсы күрес жүргізу 192,9 218 215,8 215,8 215,8 Республикалық бюджет 
21 Зиянды және аса қауіпті организмдердің дамуы мен таралуына бақылау жүргізу 52,6 62,5 57,5 57,5 57,5 Республикалық бюджет
22 Карантиндік зиянкестердің өсімдіктер ауруларының және арам шөптердің таралу ошақтарын табу, оқшауландыру және жою жөнінде іс-шараларды жүргізу 23,5 24,3 24,3 24,3 24,3 Республикалық бюджет 
23 Арнайы қоймалар (қорымдар) салу және тыйым салынған әрі қажетке жарамсыз пестицидтерді, сондай-ақ пайдаланылған пестицидтерден босаған құтыларды көмуді ұйымдастыру - - - 6,0 6,0 Облыстық бюджет 
24 Тұқымдық және отырғызылатын материалдың сорттық және егістік сапасының сараптамасын жүргізу 5,2 5,2 5,2 5,2 5,2 Республикалық бюджет 
25 Астық қабылдау кәсіпорындарында астық қабылдау кезінде бақылау сынамаларының сараптамасын ұйымдастыру - - - 4,2 4,2 Облыстық бюджет 
26 Халықаралық стандарттар талаптарына сәйкестігіне карай өндірісті сертификаттауға бағыттылған ауыл шаруашылығы өнімін кайта өңдеу жөніндегі кәсіпорындардың шығыстарын ішінара субсидиялау 3,2 16,0 24,0 24,0 24,0 Республикалық бюджет 
27 Коммуналдық ауыл шаруашылық рыногының жарғылық капиталын қалыптастыруға - - - 10 10 Орал қаласы 
бюджеті 
28 «Мал өнімдері корпорациясы» арқылы дайындау инфрақұрылымын құру жолымен мал шаруашылығы өнімін өндіру, қайта өндеуді және сатуды қолдау 100 100 100 100 100 Республикалық бюджет 
29 Картоп – көкөніс қоймаларын қайта жаңарту 1,5 2,0 3,0 3,0 3,0 Облыстық бюджет 
30 «Аграрлық кредиттік корпорациясы» АҚ-ның жарғылық капиталын ұлғайту арқылы ауылдық несие серіктестіктерінің желісін кеңейту және оларға кредит беру 800 900 950 1000 1050 Республикалық бюджет 
31 Ауыл кәсіпкерлігін қолдау және шағын кредит беру жолымен ауыл халқының табысын арттыру 60 70 80 90 100 Республикалық бюджет 
32 Қайта өңдеу кәсіпорындарының айналымдағы қаражаттын толықтыруға екінші деңгейдегі банк кредит ресурстарын тарту 250 300 350 400 450 Басқа көздерден 
33 Ауыл шаруашылғы тауар өндірушілерін көктемгі - далалық және егін жинау жұмыстарын жүргізуі кезінде негізгі және айналымдағы қаражатты сатып алуға несиелендіру 300 350 400 Республикалық бюджет 
34 Агроөнеркәсіп субъекталарын несиелендіру кезінде сыйақы ставкасын өтеу - - - 61 61 Облыстық бюджет 
35 Жәрмеңке-көрме іс- шараларын өткізуді ұйымдастыру - - - 2,0 2,0 Облыстық бюджет 
36 Ет өңдеу кәсіпорнын құру 370 Басқа көздерден 
37 Сүт өндеу зауытын құру 450 Басқа көздерден 
Жиыны 450 370 
Барлығы 3212,9 3270,0 3905,1 3807,9 3657,4 
с.і республикалық бюджет 2452,6 2678,0 2804,2 2484,9 2560,8 
жергілікті бюджет 78,1 129,8 131,6 366,9 426,4 
аудандық және Орал қаласы бюджеттері 45 45 45 55 55 
басқа көздер 637,2 417,2 924,3 901,1 615,2

Бағдарлама шараларын жүзеге асыру үшін жалпы қажетті қаржы 17853,3 млн. теңгені құрайды. Бағдарламаны қаржыландыру құрылымында ең үлкен үлес салмақты республикалық бюджет қаржысы – 12980,5 млн.теңге (72,7%), жергілікті бюджет – 1377,8 млн.теңге (7,7 %), басқа көздер – 3495,0 млн. теңге (19,6 wacko алады.

Бағдарлама аясындағы қаржыландыру құрылымы төмендегідей (6диаграмма). 

6 – диаграмма

Республикалық бюджет есебінен қаржыландыру 
2006-2010 жылдары облыстың АӨК дамытуға республикалық бюджеттен тартылатын қаржы-12980,5 млн. теңгені құрайды. Қаржы ресурстары: агроөнеркәсіптік кешенді техникалық қайта жабдықтауға - 2750,0 млн. теңге, өсімдік шаруашылығын тұрақты дамытуға - 322,4 млн. теңге, мал шаруашылығын дамытуға - 203,5 млн. теңге, ветеринарлық қауіпсіздікке - 704,3 млн, теңге, фитосанитарлық қауіпсіздікке - 1478,6 млн. теңге, өнім сапасын бақылауға - 117,2 млн. теңге, ауыл шаруашылығы өнімін өткізу инфрақұрылымын дамытуға - 500 млн. теңге, АӨК қаржылық инфрақұрылымына - 6904,5 млн. теңге бағытталынатын болады. 
Жергілікті бюджет есебінен қаржыландыру 
2006-2010 жылдары Бағдарламаны жүзеге асыруға облыстық бюджет қаржысынан 1377,8 млн. теңге бөлінетін болады, оның ішінде бірінші репродукциялы тұқым бағасының бір бөлігін арзандатуға – 83,8 млн. теңге, асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға – 158,8 млн. теңге, сүт-тауарлы фермаларын ұйымдастыруға – 593,5 млн. теңге, қолдан ұрықтандыруға – 58,1 млн. теңге, кәсіптік мектептердің материалды-техникалық базасын нығайтуға - 80 млн. теңге, АҚК астық қабылдау кезінде бақылау сынамаларын сараптауды ұйымдастыруға – 8,4 млн. теңге, көкөніс қоймаларын қайта жаңартуға - 12,5 млн. теңге несие, көктемгі- далалық және егін жинау жұмыстарын несиелендіру кезінде сыйақы ставкасын өтеуге - 122 млн. теңге, көрме-жәрмеңке шараларын өткізуге -4,0 млн. теңге, арнайы қоймаларды (қорымдарды) салуға және тыйым салынған және жарамсыз пестицидтерді, және олардан босаған құтыларды ұйымдастыруға-12,0 млн. теңге бө лу жоспарлануда. 
225 млн. теңге сомасындағы аудандық бюджет қаржысы мал қорымдарын ұйымдастыруға, бұдан басқа Орал қаласы бюджетінен - 20 млн. теңге коммуналды ауыл шаруашылығы рыногын жарғылық қорын ұлғайтуға бағытталынатын болады. 
Басқа көздерден қаржыландыру 
2006-2010 жылдары Бағдарлама шеңберінде басқа көздерден 3495,0 млн. теңге көлемінде несие тарту көзделіп отыр. 
Бұл қаржылардың ішінде техника және технологиялық жабдықтар сатып алу лизингісі 595 млн.теңгені, қайта өндеу кәсіпорындарының айналымдағы қаражатты толықтыруға коммерциялық банктер несиелері - 1750 млн.теңгені, ауыл шаруашылығы техникаларын шығару бойынша инновациалық жобаларды жүзеге асыруға инвестиция - 330 млн.теңгені, ет өндеу кәсіпорынның және сүт зауыты құрылысы бойынша инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға несие - 820 млн. теңгені құрайды

Қорытынды және ұсыныстар 
Жалпы өнімдер көлемі бойынша, республикадағы ауыл шаруашылық кәсіпорыңдары шағын көлемді өндіріспен сипатталады. Нарықтық қатынастарға көшу кезіндегі ауыл шаруашылығы өндірісінің экономикалық тиімділігі қажетті деңгейде емес, сондықтан бұл саланың экономикалық ахуалы үнемі жан-жақты талдауды қажет етеді. 
«Батыр» ЖШС-нің айналысатын іс- әрекетінің негізгі түрлері болып: құрылыстық – монтаждық жұмыстар, материалдық – техникалық қамтамасыз ету, сауда және коммерциялық іс- әрекет, ізденіс – жобалау және эксперттік жұмыстар, құрылыстық материал, бұйым және құрастыру өндірісі, т.б. табылады. 
Серіктестіктің жарғылық капиталы 7730 мың теңге. Серіктестіктің жарғылық капиталына салым болып ақша, бағалы қағаздар, заттар, мүліктік құқық т.б табылады. Серіктестіктің мүлкінде қатысушылардың үлесі жарғылық капиталдың 100 пайызын құрайды. 
3 – кестеден көрініп тұрғандай, өндіріске кеткен шығындар құрылымы мен көлемі жылдан-жылға төмендеген. Бұл өндірістің құлдырауына байланысты болып келеді. Егер, шығынның барлық сомасы 2003 жылы 476113 мың теңгені құраса, ал 2005 жылы ол 408333 мың теңгені құраған. Яғни, оның номенклатурасы бойынша шығын құрамы да өзгерген. Нәтижесі бойынша, материалдық шығын құны төмендесе, еңбекақыға шығындар 2004 жылдан 2005 жылға барғанда аздап жоғарылап, 2003 жылы қайтадан көлемі төмендеп кеткен. Еңбекақы шығынының былай өзгермелі болуы еңбекақы қоры мөлшеріне байланысты. 
Мемлекеттік аграрлық азық-түлік бағдарламасын жүзеге асыру шеңберіндегі мемлекеттік шараларды іске асыру жобалары жасалды. Қазіргі кезде АӨК өрісінде 2000 астам стандарттар және техникалық жағдайлар қызмет еткенімен, олардың 80% астамы 2005 жылдан бұрын қабылданғандар,

3000 нормативтік актілер қазіргі талаптарға сай емес, олар қайта қарауды талап етеді. 
Техникалық сервисті сенімді әрі сапалы ұйымдастыру үшін мыналар қажет: техникалық құралдар рыногы, қызмет көрсету рыногы, ұсыным мен сұранымға толық тәуелділікті қамту, қызмет көрсету сапасына ұйымдық - экономикалық және құқықтық кепілдік. 
Сервистік жұмысты ауыл шаруашылық кәсіпорындарының өздері немесе арнаулы жөндеу кәсіпорындары және даярлаушы-зауыттарда атқаратын болады. 
Өсімдік шаруашылығының үлес салмағы 1994 жылы 65%-дан және 1999 жылы 10% -ға шиеленіскен жағдайға дейін жетті. Бұндай құрылымдық жылжу 1995 – 1999 жылдары (1995, 1996, 1998, 1999 жж.) жиі құрғақшылық салдарынан болды, мал шаруашылығына қарағанда өсімдік шаруашылығының құлдырауы айтарлықтай жылдам жүрді. Астық өндірісін мемлекеттік қолдау өндіріс көлемі мен өсімдік шаруашылығы үлесін 2003 жылы 48%-ға дейін өсіруге мүмкіндік берді, 2004 жылы ол 43%-ға дейін қысқарды, 2005 жылы төмен өнімділікке байланысты одан әрі 30%-ға дейін төмендеу күтілуде. 
Дегенмен, кейбір болжамдар бойынша, егер тамақ өнеркәсібі ірі отандық және шетелдік инвестициялар обьектілеріне көкөніс пен жеміс-жидектер өнеркәсіптік түрге арналып, жаңа және модернизацияланған кәсіпорындар тарапынан өңделуге түсуі артатыны анық. 
АӨК жүйесінде мәліметте жинаудың арнаулы сапасы ретінде стратегиялық маркетингтік талдау жүзеге асырылатын болады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 
1. Назарбаев Н.А. Стратегия-2030.- М.,1997 г. 
2. Программа развития сельскохозяйственного производства на 2000-2002 годы. Республиканское совещание работников аг¬ропромышленного комплекса (8 февраля 2000 г., г.Астана). // Панорама № 6.- 11 февраля 2000 г. 
3. Айтуганов Б. Развитие агропромышленного комплекса. – 
Транзитная экономика, 1998 г. 
4. Баймухамедова Г. Сущность, содержание и функции рынка, средств производства и услуг в условиях рыночной экономики.// Вестник с-х науки Казахстана № 8.- 2003 г. 
5. Баймуратов У.Б. Национальное экономическая система.-Алматы: Ғылым, 2000 ж. 
6. Гиззатова А.И. Дифференцияция регионов Казахстана по уровню беспеченности продовольственными ресурсами.-М.: НИИЭСХ, 2002 г. 
7. Калиев Г.А. Законодательное обеспечение развития АПК в Казахстане. // Вестник с/х науки Казахстана № 5.- 2003 г. 
8. Сейтбеков Л.С. Приоритеты научно-технической политики АПК Казахстана. // Вестник с-х науки Казахстана №10.-2003 г. 
9. Мадиев Г. Тенденции развития сельхоз формирований. // Вестник с-х науки Казахстана №3.- 2004 г. 
10 .Тлеубергенова А. Қазақстан республикасы ауыл шаруашылығы экономикасында қазіргі кезде қалыптасқан проблемалар. Актуальные проблемы экономики Западного Казахста¬на. АПК и социальная сфера в условиях рынка: Тезисы меж¬дународной научно-практической конференций. - Орал: ЗКГУ,2001г. 
11.Шомкекова Б. Кәсіпкерлікті дамыту мәселелері. // Қаржы-қаражат № 8-9.- 1999 ж. 
12.Регионы Казахстана, 2002. Статистический сборник/Под ред. А.А.Смайлова.- Алматы, 2002 г. 
1З.Казахстан и его регионы. // Ежеквартальный журнал №1.-2003.Г. 
14. А.Б. Оспанов. Қазақ ауыл шаруашылығын механикаландыру және электендіру ғылыми-зерттеу институтының еліміздің агроинженерлік ғылымын дамытудағы ролі.// Жаршы 2003 ж №10. 
15.Л.С.Сейтпеков Қазақстан агроөндірістік кешенін ғылыми- техникалық қамтамассыздандырудың басты бағыттары.// Жаршы 2003 ж №9. 
16.А.К.Күрішбаев. Қазақстан Республикасындағы астық өндірісінің жай-күйі және проблемалары.//Жаршы 2003 ж №11. 
17. А.А. Колашников, М.М. Мүсекенов. Ауыл шаруашылықтың қазіргі жағдайда егін суару ресурстарын үнемдеу. // Жаршы 2004 ж. № 8 
18. А. Мұқашев. Ауыл шаруашылығы өндірісінің экономикалық тиімділігін арттырудың ілімдік негіздері.2003 ж. №5. 
19. Н. Я. Коваленко. Экономика сельского хозяйства. Курс лекций Москва 1998 г. 
20. Казахстан и его регионы.// Ежеквартальный журнал № 1-2003 г 
21. М. Н. Малыш. // Аграрная экономика. Учебник. Санк-Петербург 2002 г. 
22. Н. А. Попов. Экономика сельского хозяйства. Учебник. Москва 1999 г. 
23. Қ. Е. Құбаев, Ж. О. Ихданов, А. Ш. Кәрібай. Аграрлық сектор экономикасы мемлекеттік реттеу мәселелері. (Оқу құралы) Алматы «Экономика» 1997 ж. 
24. Ескараев. О. К. « Агропромышленная интеграция: проблемы, перестройка». Алматы, « Кайнар», 1998 г. 
25. Еспаев. С. С. «Углубление аграрной реформы: проблемы, пути и механизм реализаций», КазГосИНТИ Алматы 1995 г. 
26. Қ. Р. Президентінің Жарлығы, заң күші бар «Жер туаралы» // Егемен Қазақстан, 11 қаңтар 1996 ж. 
27. Медеубеков Қ. Ұ. «Қазақстан агроөнеркәсібі: экономикасын ұйымдастыру және басқару». Қайнар, Алматы, 1990 ж.

Категория: Ғылыми жұмыстар | Добавил: Frenzy (16.12.2012)
Просмотров: 2839 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Сағат

Сауалнама
Сайтта сізге не ұнайды !!!!!!!
Результаты
Всего ответов: 4014
Сайт мәзірі
Сайт көрсеткіші
Қазір online
Қазір сайтта: 5
Қонақтар: 5
Қолданушылар: 0

Лучшая рип студия!