Сабақ жоспарлары
Мысалы: Бейнелеу 1-6 сыныпқа сабақ жоспарлары
Главная » Статьи » Ғылыми жұмыстар

Қазақ тілі синтаксистік құрылысындағы үнемдеу құбылыстары
ЖҰМЫСТЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ 
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазіргі қазақ тілі синтаксисі көп аспектілі сала ретінде даму үстін-де, алайда сөйлемнің толымсыздығы туралы мәселелер болмаса, үнемдеу құбылысы жеткілікті қарастырыл-май келеді. Сондықтан мұны саралау үшін жаңа бір тың бағыттың, функционалды бағыттың, талаптары мен сұраныстарына жауап боларлықтай жұмыстың қажеттігі анық. 
Синтаксистік құрылыстағы грамматикалық мүшелердің түсірілуінен басқа, атап айтқанда, сыйыстыру мәселесін, толымсыздықтың сөйлем мүшелерінің формалары мен қызметтеріне тигізер әсерін, кейбір син-тагмалардың сөйлемнен контекст пен жағдаяттың қатысымен бірге астарлы мағыналармен де, пара-лингвистикалық амалдармен де сөз үнемдеуге болатындығын арнайы зерттеу қажеттігі туындайды. Жұмыс-та сөйлеу синтаксисіндегі осындай мәселелер біршама кең түрде сарапталып, мазмұны ашыла түседі. Оның себептері мен маңызсыздануы немесе маңыздылыққа ие болуы, көріну, берілу жолдары, қабылдану ерек-шеліктерін психолингвистика ғылымымен байланыстыра зерттеу назарда ұсталды. Синтаксистік құрылыс-тағы ықшамдау қағидатынан шығатын осы мәселелер тұтаса келіп, бұл сала бойынша зерттелмеген өзекті тақырыпқа ұласады. Әсіресе, үнемдеу құбылысына психолингвистикалық көзқарас қажеттігі айқындала тү-седі. Мұндай тың көзқарас үнемдеудің кейбір жаңа тәсілдерін анықтауға да көмектеседі. 
Зерттеу нысаны. Жай және құрмаласа байланысқан толымсыз сөйлемдер, бірыңғай мүшелі сөйлем-дер, кейбір есімдікті сөйлемдер, сан есімді сөйлемдер, көптік жалғаулы есімдер қатысқан сөйлемдер, тағат-талған сөйлемдер (Бұл аталымды арнайы бөлімде түсіндіреміз. – Б.Ж.) және астарлы мағына беретін импли-цитті сөйлемдер, шартты рай тұлғалы күрделі құрылымды сөйлемдер. 
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Үнемдеу құбылысына түскен сөйлемдердің құры-лымын ескере отырып, оның психолингвисткалық мән-жайларын түсіндіру зерттеудің мақсаты болып табы-лады. Осыларға байланысты мынадай нақты міндеттер қойылды: 
– үнемдеу құбылысына түсетін сөйлемдер құрылымының ерекшеліктерін белгілеу; 
– сөйлемнің айтылымнан бұрын іштей жоспарланатындығын көрсету; 
– үнемдеу құбылысы қатарына жататын конструкциялардағы құрылымдық синтагмалардың пайда болу, жасалу және хабардың өту кезеңдерін айқындау; 
– толымсыз сөйлемдердегі үнемдеу құбылыстарының психолингвистикалық себептерін ашу; 
– синтаксистік сыйыстыру тәсілдерінің сөз саптаудағы түзілісі мен қабылдану кезінде психикалық сүзгіде қалай орындалатынын анықтау; 
– тағатталған сөйлемдердің мәтінде пайда болуының контекстік-психологиялық жағдаяттармен байланысын тексеру. 
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Жұмыста қазақ тілі синтаксистік құрылысындағы үнем-деу құбылыстары жаңа қырынан талданып отыр. Онда: 
– толымсыз сөйлемдердің жасалуы мен қабылдану үдерістері контекст пен жағдаят аясындағы адам психикасына қатысты екені анықталды; 
– орамды тілдегі ықшамдылық сөйлемнің тұлғалануына әсер ететіндігі белгілі болды; 
– синтаксистегі сыйыстыру әрекетіне белгілі болып жүрген бірыңғайлану үдерісі мен жалғау-лықтардан басқа сан есімдердің, кейбір есімдіктердің (көптік мәнді жіктеу, сілтеу, жалпылау), көптік жал-ғауының және импликатура мен мақал-мәтел, авторлық афоризм ретіндегі сентенциялардың, сондай-ақ кей-бір сөйлем түрлерінің де пресуппозициялық құбылыс түрінде қатысатындығы анықталды; 
– эллипсистің баяндауыш мүшенің ғана емес, күрделі құрылымның басыңқы сыңарының түсірілуіне де ықпал ететіні айқындалды; 
– үнемделген синтаксистік конструкциялардың тағатталуына негіз болатын психологиялық мәжбүр-ліктің тежегіш күштері экстралингвистикалық факторлардан көрінеді және осы реттегі паралингвистикалық амалдар да белгілі бір деңгейде ықпал жасайды, соның негізінде адресаттың аялық білімі арқылы интенция-ның бұзылуына жол берілмейтіндігі дәлелденді; 
– қазақ тіл білімінің айналымына «силлепсис», «тағатталған сөйлем», «сөз жұту», «үнсіз қалу» деген терминдер ұсынылды. 
Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар: 
– толымсыз сөйлемдер стилистиканың табиғи заңдылығы бойынша, мазмұны жағынан қашан да то-лымды. Мұндай толымсыздық контекст немесе жағдаяттың ыңғайына қарай маңызсыздану (деак-туализация) құбылысынан пайда болады. Мұндай маңызсыздықты анықтаушы – адам психикасы; 
– коммуникативтік акт кезінде сөйлемді әрдайым толымды етуге ұмтылу хабардың түсініксіздігіне соқтыруы мүмкін, белгілі бір уақыт шегінде қабылдану жиілігін арттырып, мәтіннің орамды желісіне нұқ-сан келтіреді; 
– синтаксистегі сыйыстыру амалдары бірыңғай мүшелі сөйлемдерден ғана емес, құрмалас сөйлем-дерден де аңғарылады. Бұл орайда жалғаулықтар мен интонацияның рөлі ерекше; 
– көптік жалғау, сан есім, есімдіктер үнемдеу тұрғысынан алғанда, синтаксистік санатта анық көрінеді; 
– пресуппозиция синтаксистегі сыйыстыру амалына қызмет етеді; 
– сыйыстыру амалы бола отырып, имплицитті сөйлемдер сұраулық шылаулармен қатар сұрау есімдік-терінің қатысуынан да көрінеді; 
– тағатталған сөйлемдер – сөз үнемдеудің өзгеше бір құбылысы: бұған экстралингвистикалық фак-торлар әсер етеді. Олар да коммуникативтік мақсатты жүзеге асыруға қабілетті. Оған адресанттың интен-циясы мен паралингвистикалық амалдар көмекші құрал ретінде қатысады; 
– үнемдеу құбылысынан туындайтын құрылымдық олқылықтар сөз қабылдауда әрқашан толымды конструкцияға өтіп, қалпына келтіріліп отырылады. 
Зерттеу әдістері және жұмыстың әдіснамалық негіздері. Синтаксистік үнемдеу құрылымның құры-лысында (яғни, тілде) болатыны және адам сөйлеуімен тікелей байланысы ескеріліп, тілді зерттеу мен сөй-леуді зерттеу әдістері астарластыра қолданылды. Психолингвистика бағдарлары мен құрылымдық-семан-тикалық лингвистика қағидаттары әдіснамалық тірек болады. Бұл тұста құрылым нақты материал, оның осылай қолдануының психикалық себептері пән ретінде болды. Зерттеудің барысында психологиялық, кон-текстік-жағдаяттық талдау, қалпына келтіру және, оған керісінше, синтаксистік конструкцияны тарқату, салыстыру, туындатушылық (порождение), сараптау, ауыстыру (трансформалау) әдістері қолданылды. 
Зерттеменің теориялық мәні. Қазақ тіліндегі сөз үнемдеу үдерісіне паралингвистикалық амалдар, пресуппозиция да маңызды факторлар ретінде қызмет ете алады. Бұл ретте контекст пен жағдаяттың син-таксистегі рөлі туралы көзқарас анықтала түседі. Жұмыстан алынған нәтижелерге сүйенсек, сөйлемді сол тұрған күйінде (ол қабылданбайынша) дайын тілдік өнім деп танудың бір жақты болып шығатынына көз жетеді. Солай бола тұра, әрбір сөйлем, ақпараттық құндылығына қарай, коммуникативтік нормаға сай деп есептелетін болады. Бұл ескерілсе, қазақ тіл білімінде синтаксистік теория жаңа да пайдалы мәселелермен толыға түседі. Психолингвистикалық зерттеуге кейбір грамматикалық материалдарды тартуға бағдарлайды. 
Ғылыми жұмыстың практикалық құндылығы. Зерттеу жұмысының нәтижелерін орта мектеп-терде тіл ұстарту сабақтарында, жоғары оқу орындарындағы дәрістерде пайдалануға болады. Қазіргі қазақ тілінің синтаксис саласында, тіл мәдениетінде, стилистикада, шешендік өнерге баулуда, арнайы курстарда, лингводидактика, психолингвистика, паралингвистикалық бағыттардағы оқулық, оқу-әдістемелік құралда-рын жазуда да көмекші құрал бола алады. Соттық сараптамаларда да пайдалануға болады. 
Жұмыстың талқылануы мен жариялануы. Зерттеу тақырыбына қатысты негізгі мәселелер қазақ тіл білімі кафедрасында жүргізілетін ғылыми зерттеу бағытымен сәйкес келеді. Диссертациялық зерттеу жұмы-сының негізгі тұжырымдары мен нәтижелері «Ұлттық әдебиеттегі гуманизм өнегесі» жинағында (Қарағанды, 2006), Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Хабаршысы» (Алматы, 2006), ғылыми журналында, «Қа-зақ тіл біліміндегі функционалдық бағыт» жинағында (Алматы, 2006), Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ «Ха-баршысы» (Қарағанды, 2007) ғылыми журналында, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы КМУ «Хабаршысы» (Көк-шетау, 2008), ҚР ҰҒА «Хабарлары» (Алматы, 2008) ғылыми журналдарында, «Тіл және жаһандану: бүгіні мен болашағы» жинағында (Алматы, 2008) мақалалар көлемінде жарық көрді. 
Диссертацияның қолжазбасы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің қазақ тіл білімі кафедрасы мен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қазақ тіл білімі кафедрасы-ның отырыстарында талқыланып, қорғауға ұсынылды. 
Диссертацияның құрылымы. Жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен және қорытындыдан тұрады. Соңын-да пайдаланылған ғылыми әдебиеттер мен қосымша әдебиеттер және көркем әдебиеттердің тізімі берілді.

ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫНЫҢ МАЗМҰНЫ 
Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, ғылыми жаңалығы, мақсаты мен міндеттері айқындалып, қорғауға ұсынылатын тұжырымдар мен әдіс-тәсілдер, теориялық-практикалық қолданысы сөз етілді. 
Диссертацияның «Үнемдеу құбылысы және оның синтаксистегі көрінісі» деп аталатын бірінші бө-лімі алты тараушадан тұрады. 
1.1 Тілдік үнемдеу құбылысының зерттелу жайы. Бұл мәселелер жөнінде қазақ және шет ел тіл білі-міндегі синтаксис саласын зерттеуші тілші-ғалымдардың пікірлері әр алуан. Сөйлемнің құрылуына лин-гвистиканың, сонымен бірге белгілі бір деңгейде психологияның да қатысы бар. Мұны сөйлемді зерттеген ғалымдар дәйім байқап отырған. Мәселен, А. Байтұрсыновтың: «Сөйлем дегеніміз – сөздердің басын құрас-тырып, біреу айтқан ой. Сөйлегенде, жазғанда кім де болса ойын айтады. Ойын айтуға тиісті сөздерді алады да, олардың басын құрап, біріне-бірінің қырын келтіріп, қиындастырады» [1, 263-б.], – дегенінен қандай құ-рылым болмасын сөз саптау мәнерінен келіп шығады деген пайымын байқаймыз. 
Сөйлем – адамның дүниетанымы арқылы қалыптасқан, өмірлік тәжірибесінің негізінде коммуника-тивтік мақсатқа сай құрастырылып шығарылған, белгілі бір ой мен пікір-тұжырымы және интонациясы бар синтаксистік түзілім. Тілші-ғалымдардың негізгі тұжырымы осыны меңзейді. Ендеше сөйлемнің қандай да бір құрылымда болуына адресант сөз саптау машығының да қатысы бар. 
Сөйлеуге психиканың қатысы қазақ тіл білімінде әр кезде ескеріліп отырды. Бұл ретте С. Аманжолов-тың да мына пікірі қисынды айтылған: «... екі кісінің басы қосылған жерде, көпшілік қатысқан жерде, сөй-лем бірыңғай, біркелкі болмайды. Мұндай ойлар түрлі адамның сезген-сезгенінше, түйген-түйгенінше бері-леді. Ашуы (лебі), күлкісі, сұрауы, жауабы, қуанышы... тағы сондай психологиялық жағдайлар да сөйлемге әсерін тигізеді, олар сөйлемнен көрінеді. Неше түрлі ойдың құбылыстары неше түрлі сөйлем түрлерін тудырады. Ашуланып айтқан сөз жайшылықта айтқандай болмайды; қуанып айтқан сөз ренжігендей бол-майды. Көңілдің күйімен парлап айтқан сөз кестеленіп, дестеленіп кетеді де, оның ішкі құрылысы сол кес-телі сөзбен сәйкестеніп отырады. Мұндағы керекті мағынаны көңілдің күйі, ойдың тегеуріні тәртіптеп, рет-теп беріп отырады», – ғалым мұнан әрі сөйлемнің түрліше құрылымда келуін нақтылай түседі [2, 16-17-б.]. 
Контекстен үзілмеген сөйлем, қанша жерден толымсыз болып келгенімен де, сол контекст ішінде адресатқа толық қабылданады. Аз сөйлеушіліктен шығатын толымсыз құрылымның мазмұн жағынан қалай да толық игерілетіндігін Н.Сауранбаев та қолдаған. Толымсыздық, негізінен, бетпе-бет сөйлесуден көрінеді. Осыған сәйкес, А. Байтұрсыновтың сөйлем мүшелерінің «керек болуы» мен «керек болмауы» [1, 256-б.] дегенде, актуалдану және актуалсыздану (деактуализация) құбылыстарын меңзегені байқалады. Синтак-систегі деактуализацияны арнайы зерттеген А. Елеуованың мынадай пікірі бар: «... сөйлеу актілеріндегі нақ-ты сөйлем-айтылымдардың қандай да бір бөліктердің, яғни мәтіндегі нақты сөйлем мүшелерінің, сөздердің айтылмай түсіріліп қалуы болып табылады. Соған орай синтаксистегі сөйлем табиғатын контекстік және жағдаяттық тұрғыдан қарастыратын зерттеулерде, сөйлем-айтылымның белгілі бір бөліктерінің актуаль-данбай түсіп қалуы болып табылады. ... Актуальсызданудың негізгі табиғаты предикативтілік және контек-стік-психологиялық сипаттағы коммуникативтілік категорияларынан көрінеді» [3, 3-4-б.]. Актуалсыздану себебінен хабардың қате түсінілмеуі үшін интенцияның атқарар қызметі үлкен. Психолингвистика тео-риясы бойынша сөз – сөйлеу ниетінен (интенциядан) мәтінге (дыбысталатын немесе жазбаша) көшу үдері-сінің жиынтығынан барып жарыққа шығады [4, 141-145-б.]. 
Сөйлеу әрекеті өзгермелі. Сөйлеудің икемділігіне қарап тілді біреу, ал сөйлеуді бірнешеу деп қарауға болады. Ақпаратты адресат толық қабылдау үшін адресантта тілдік бірліктерді таңдау еркі бар. Бұл тұста адресант адресаттың дүниетанымымен үздіксіз байланыста болып, үнемі санасып отырады. Және ақпаратты тасымалдауға қажетті деген сөздерді ғана қолданып, өз ұйғарымы бойынша маңызсыз деп тапқандарынан «аттап» кетіп отырады. Алайда бұл – сөйлемнің ұзақ я қысқалығын белгілемейді. Сөйлеу үлкен психо-логиялық сараптауды қажет етеді. Сондықтан коммуниканттар коммуникативтік актіде сөйлеу тіліне тән басқаша норманы, толымсыз сөйлемдерді, анағұрлым белсенді қолданады. Толымды және толымсыз сөй-лемдер де жарыққа шыққанға дейін адресанттың сараптауына түсіп шыңдалып, коммуникативтік мақсатқа жауап берерліктей дәрежеде мақұлданады. Демек, әрбір сөйлеу және оның нәтижесі сөйлем – белгілі бір да-йындықтың қорытындысы. Мұндай дайындық сөз саптау кезеңдерімен түсіндіріледі. 
Кез келген синтаксистік конструкция сөйлем деп танылуы үшін міндетті түрде «ішкі сөйлеуден» өтуі керек. Осы жерде сөйлем арқылы берілетін хабарды кодтау және декодтау мәселесі келіп шығады. Егер декодтаудың дұрыстығын хабардың дұрыс қабылдануы десек, онда толымсыздықты қабылдау кодты дәл декодтаумен байланысты, сөйлем толымсыз болса да, дұрыс кодталуға тиіс. В. Белянин сөйлеуді қабылдаудағы Ч. Осгудтың үлгісін көрсетеді (кестені қараңыз) [5, 61-б.]. 

Код 
Кодтау Декодтау 
«А» хабары Сигнал «Б» хабары 
Адресант Тасымалдаушы Байланыс арнасы Қабылдағыш Қабылдаушы 
Сөйлеуші Кедергілер Тыңдаушы 
Сөз саптаудың ұсынылған бұл үлгісі «Т-О-Т-Е» деп аталады (test-operate-test-exit – проба-операция-проба-результат). Қарапайым тілмен түсіндіргенде, байқап көруден операцияға, одан және байқап көруге, соңында нәтижемен аяқталып жарыққа шығады [5, 48-б.]. Белгілі бір уақыт шегі жағынан, өзара жақын ас-социациялы сөздер қашық ассоциациялы сөздерге қарағанда анағұрлым жылдам қабылданады. Мысалы, Кенет шәу етіп ит үрді (М.Мағауин) деген сөйлем құрылысының толымсыздығы «далада» сөзінің қатыс-пауымен анықталып отыр. Сөйлем әуелгі жоспарда Кенет далада шәу етіп ит үрді түрінде болуы мүмкін. Байқап көруден операцияға бағытталуы арқылы сөйлемдегі пысықтауыш мүшенің артық екендігі мәлім бо-лады да, коррекция жасау мақсатында Кенет шәу етіп ит үрді түрінде қайта байқап көріп, мақұлданған құ-рылым айтылу үдерісімен аяқталады. «Ит» сөзінің ассоциациялық өрісіне «үй» (үйді күзету қызметіне орай) және «дала» (тұрақты мекеніне орай) сөздері де кіреді. Өйткені «ит» және «үй» сөздерінен гөрі «ит» және «дала» сөздері, ұлттық діліміздің ерекшелігіне байланысты, қабылдануға бейімірек. Себебі қазақ дәс-түрінде итті үйде ұстамайтыны белгілі. Сондықтан сөйлемдегі пысықтауыш мүше маңызсыз. Мұндай пы-сықтауыштарды контекстен іздеу – артық әрекет. Арнайы айтылмай тұрған мұндай грамматикалық мү-шелер үзілмесіз сипатта болады. Сонда, осындай құрылымдар, біріншіден, экстралингвистикалық жағдаят нәтижесінен толымсыз келсе, екіншіден, адресаттың да ұғымында әрқашан «мәңгілік ақиқат» түрінде сипат-талуы нәтижесінде адресанттың қажетсіз деп тануымен түсіндіріледі. 
Л. Выготский сөз саптау үлгісінде хабардың адресатқа бағытталғанға дейінгі сұрыпталу кезеңдерін көрсеткен еді. Бір маңызды жайт – В. Беляниндегі Т-О-Т-Е үлгісінің Л. Выготскийдің [6, 163-б.] сөз саптау үлгісіндегі 4-кезеңге тән екендігі. Себебі сөз таңдау, оны белсендендіру және пассив қатарлардың күңгірт-тенуі, сол сияқты ығысқан элементтердің синтаксистік конструкциядан тыс қалуы бір-бірімен өзара тығыз байланыста болады. Қатысымның дамуына орай коммуникант машығы да қалыптасып, тілдегі үнем заң-дылығының қызметі айқындала береді. 
1.2 Бастауышсыз сөйлемдердің психолингвистикалық сипаты. Ақпарат сапасын айқындайтын грамматикалық мүшелер синтаксистік түзілісте қашан да белсенді, сөйлем осындай белсенді мүшелердің қатысуымен жасалады. 
Синтаксистік конструкциядағы толымсыздық пен актуалсыздану құбылыстары өзара тең емес. «То-лымсыз сөйлем ойға керекті сөйлем мүшелері толық қатыспаған контекстік сөйлемнің түрі болса, актуаль-сыздану құбылысы маңызсызданған компоненттердің сөйлем құрамынан түсірілуі болып табылады» [3, 11-б.]. Біздіңше, бұл екеуі екі басқа құбылыс бола тұрғанымен, толымсыз конструкцияның жасалуына қашан да актуалсыздану құбылысы себеп болады. Мысалы: 1. «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұламада» дүниеге келген бұл ән қазақтың ұланғайыр кең даласын түгел шарлап кетті. 2. Босқан елдің азалы зарымен тарады (С.Сматаев). Осындағы бастауыш қызметіндегі «ән» сөзі кейінгі сөйлемде маңызсызданудан айтылмаған. Сөз саптаудың төртінші кезеңіне келгенде, Т-О-Т-Е үлгісі бойынша, субъектінің «артық» екені байқалып, қайта байқап көруде бұл орналасқан ұяшық тазартылады да, сөйлем бесінші кезеңге өтеді. Контекстегі «ән» сөзі адресат үшін де маңызсыз. Осылайша, сөйлем құрылысы коммуникативтік мақсатқа негізделумен ортақ шешімнің ыңғайына орайлас түзіледі. Бұл тұста «өзін-өзі бақылау» механизмінің де қызметі ерекше. Сондықтан «ықтималдықпен болжамдау» механизмі іске қосылып, сөйлемдегі бос орын адресат тарапынан алдын ала белгілі болған, ілгеріде қабылданған сөйлемдегі «ән» сөзімен толықтырылады. Сөйтіп, қатысым-дық тұлғадағы хабар декодталып, адресант интенциясына сай қабылданады. Қандай да бір сөйлемді жасау-шы адресант психикасы хабар кодталған сол сөйлемді жарыққа шығармас бұрын мәтін ішінде өзге конс-трукциялармен ілгерінді-кейінді (әсіресе ілгерідегі сөйлемдермен) салыстырып отырады. 
Пропозициялар шектес конструкцияларда да бір-бірімен астасып жатады. Соған орай мәтіндегі сөй-лемдер де өзара тығыз бірлікте болады. Сөйлемдерде маңызсызданғандықтан түсірілген тұлғалардың орын-дары басқа сөйлемдердегі қандай да бір тұлғалармен валентті болып келеді. Бастауышсыз толымсыз сөй-лемдердегі бастауыштың кейінгі контексте тұратындығы жөнінде де пікірлер бар [7, 71-72-б.]. Негізінен, сөйлемдегі бастауыштың бос орнын алдыңғы сөйлемдегі өзге сөйлем мүшелері алмастыра береді. Н. Хом-скийдің сөйлемдердің қабылдануы жөніндегі пікіріне сүйенсек, олардағы түрлі грамматикалық сипаттар бастауыштық формаға автоматты ауысады. 
1.3 Анықтауышсыз сөйлемдердің психолингвистикалық сипаты. Анықтауышы түсірілген сөйлем-дерге тән бір ерекшелік – кей жағдайларда толымсыз сөйлем контекстің қатысынсыз-ақ толық қабыл-данады. Жеке тұрғанда да мазмұн олқылығы болмайды: 1. Ұлан қанжығаға бөктерген ауыр қоржынды шешіп алды. 2. Салмақтағандай қос қарды селкілдетті. 3. Тағы қыбырсыз қалды. 4. Кешкі күннің қиғаш сәулесі қарашығында дірілдеді (С.Сматаев). Контекстің соңғы сөйлеміндегі анықтауыштың бос орнын қабылдану үдерісі кезінде алшақ тұрып байланысқан бірінші сөйлемдегі «ұлан» зат есімі басады. Алайда сөйлем толымсыз. Себебі жатыс формалы «қарашық» сөзі тәуелденіп, өзінің алдынан келетін меншік иесін қажет етеді де, сөйлем Кешкі күннің қиғаш сәулесі ұланның қарашығында дірілдеді түріне ауысады. «Қара-шық» сөзі «ұланға» тәуелденіп тұрғанымен де, оның өн бойына емес, мекендік тұрғыдан алғанда, көзіне немесе жанарына қатысты. «Көз» немесе «жанар» сөздерімен осылай тұрақты түрде түркі тілдеріне тән изафеттік тіркес жасайтын болғандықтан, олар арнайы айтылмайды да, қабылдануда ассоциация негізінде толықтырылады. Сондықтан мұндай сөздер көп жағдайда сөйлеу контексінен арнайы орынды иелене бер-мейді. Құрамы жағынан толымды және қабылдануда адресаттың білім қорымен декодталады. Сонда, ай-тылуға жоспарланған сөйлем мынадай толымды конструкция болып шығар еді: Кешкі күннің қиғаш сәулесі ұланның көзінің қарашығында дірілдеді. 
Өзге сөйлем мүшелері сияқты, анықтауыш мүшенің де сөйлем құрылысынан түсірілуі сөйлеуге дейінгі кезеңдердің өзінде-ақ белгіленеді. Осылармен қатар анықтауыштың бос орнын қатар тұрған сөйлемдегі бас-тауыш, толықтауыш, баяндауыш мүшелер де ауыстыра алады. Біздің негізгі нысанға алып отырған мен-шіктік анықтауыштың сөйлем құрылысынан түсірілуі маңызсыздану құбылысына ғана байланысты емес, «аталған анықтауышсыз толымсыз сөйлемдердің кейінгі контекске де қатыстысы болады» [7, 73-74-б.]. 
1.4 Толықтауышсыз сөйлемдердің психолингвистикалық сипаты. Басты нысан толымсыз конс-трукциялардың жасалу және қабылдануындағы психологиялық ерекшеліктерді егжей-тегжейлі ашып көр-сету болғандықтан, тура және жанама толықтауышсыз сөйлемдер деп бөлмей, тұтас қарастырдық. Мысалы: Жауын өтіп, дымқыл сіңіп, қи майыға бояғандай қарауытып көрінетін бөрене үй өткен-кеткенге сыр ал-дырғысы келмегендей дүрдие қарап тұрады (Ә.Кекілбаев). Бір қарағанда, толымды саналатын бұл сөйлемде «көр» етістігінің жұмсалуы меңгеріле байланысқан тіркестің бағыныңқы сыңарын іздеуге түрткі болады. Өздік етістің -ін жұрнағы сабақтыны салт етістікке айналдыратынын ескерсек, түсірілген бағыныңқының жанама толықтауыш екендігі айқындалады. Логикалық жақтан орналастырып көрейік: көзге көрінетін. Ұсынып отырған тәртіп бойынша, «көр» сөзінің ассоциативтік өрісіне «нысана», «көз» дегендер сәйкес. Тілдің логикалылығы тұрғысынан алғанда, бірінші сыңарды адам етіп, «адамға көрінетін», «маған көріне-тін» тіркес түрлеріне де болжам жасауға болады. Мәселе олардағы логикалық шектің жақындылығында. Сонысына қарай үнемдеу құбылысы өзінің әмбебаптылығымен ерекшеленеді, қолданыста жатық сипат ал-ғандығы сондай, сөйлемнің толымсыз екендігін анықтаудың өзі қиынға соғады. Синтаксистік құрылыстан түсірілген сөз бен сөйлемдегі оны «жоқсырап» тұратын сөздің арасындағы логика-семантикалық байланыс үздіксіз, тұрақты. 
Синтаксистік құрылыстағы маңызсызданған толықтауыштың бос орны контекстегі өзге грам-матикалық мүшеге де негізделе береді. Және мұндай ерекше құрылымдарға тән ортақ грамматикалық мүше қабылданбас бұрын, адресанттың интенциясымен міндетті түрде тиісті орындарға қойылады. Зерттеу ба-рысында байқалғандай, мұндай талап – хабардың декодталуына қойылатын негізгі талап. 
1.5 Пысықтауышсыз сөйлемдердің психолингвистикалық сипаты. Пысықтауыш баяндауыштағы әрекеттің өту сипатын, амал-тәсілін, мақсатын, мекенін, себебін білдіреді. Демек, мұнда да қандай да бір жағдайды анықтау қызметі бар: Ал арыдағы, әлі ештеңе көрмеген, қалыңға бойлай кірген үркітушілер да-бырлай шулаған қалпы, бастары ғана қалтақтап, әрең жүзіп келеді (М.Мағауин). Бұл сөйлем де мазмұны жағынан толымды. Шынайы толымдылық тұрғысынан қарағанда, «жүзіп келеді» баяндауышы мекендік мәнді сөзді керексініп тұр. Мәселеге баяндауыштың коммуникативтік мүддесі тұрғысынан үңілгенде, етіс-тіктегі бағыттылық мағына кей жағдайларда нақтылықтың сөзбен көрінуін міндеттемейді. Сөйлемде суб-ъектілердің бағыты етістік баяндауыштың мағынасынан айтпаса да түсінікті болып, бері (бергі жағаға) келе жатқандығы анықталады. Сондықтан мекен пысықтауыштың мәні баяндауыштың коммуникативтік функ-циясына жүктелген. Екінші жағынан, сөйлемдегі субъектілердің орналасу мекенін көрсететін «арыдағы» анықтауышы да сол субъектілердің ендігі бағытынан мәлімет беретін мекен пысықтауышына деген сұра-нысты қанағаттандыруда белсенді. Қысқасы, мұндай сөйлемдердің де сөз саптау мен қабылдануында маңызсызданған грамматикалық мүше контексте жоқ. Өзара бақылаушылық, ықтималдықпен болжамдау және сөйлемнің прагматикалық әлеуетін түсінудегі адресант пен адресаттың дүниетанымы немесе білім қо-ры хабардың дұрыс кодталуы мен декодталуына тікелей қатысты. 
Осылармен қатар пысықтауыш мүшенің орнын да сөз қабылдау үдерісінде контекстегі өзге грам-матикалық мүшелердің басатыны байқалады. 
1.6 Баяндауышсыз сөйлемдердің психолингвистикалық сипаты. Сөйлемді баяндауышсыз деп қа-раудың өзі окказионализм болып шығатыны рас. Себебі синтаксисте баяндауыш ретінде ең белсенді жұм-салатын сөз табы етістік десек те, мұндай қызметті өзге сөз таптары да атқаруға бейім. Қазір баяндауышсыз толымсыз сөйлем түрі ретінде эллипсистенген конструкциялар көрсетіліп жүр. 
Эллипсистенген сөйлемдер өзінің коммуникативтік мүмкіндігін ешқашан жоғалтпайды. Оның шарты контекст пен жағдаятта жатыр. З.Ш. Адилова бұл секілді жайттарды мақұлдай келе эллипсистенген конс-трукцияларды толымсыз сөйлемдерден өзгеше деп таниды [8, 101-б.]. Біздіңше, мұндай өзгешелік таным мен психикадан шықса керек. Эллипсистенген сөйлемдерді түсіну көбіне ұлттық грамматикалық санамен шектес, себебі сөйлемнің қалай аяқталатыны, эллипсистенген конструкциямен кодталған ойдың қалай өр-битіндігі жөнінде, контекстен жеке алынған жағдайда да, адресат алдын ала хабардар болуы қажет. Негі-зінен, мұндай қолданыстардың көбіне жағдаятқа сай жұмсалатындығының да ескерілгені жөн. Дегенмен ха-бардың жаңсақ ұғынылмауы белгілі бір тілдегі қолданысына қарай сол ұлттың, халықтың ділдік ерек-шеліктері мен дүниетанымын жетік білуді талап етеді. 
Біздіңше, эллипсистенген сөйлемдер деп танылу үшін баяндауыш мүше барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктерінің бірімен тұлғалас болуы керек, олардағы актуализаторлық сипат сонда ғана айқын-дала түседі: «Адырайған көз – ақымақ басқа»; «Ақиқат – аққа»; «Жақсы – көруге»; Содан соң – біздің ауылға (М.Мағауин) т.б. Барыс септігіндегі сөз қандай да бір бағыт, мақсат кейде мезгілді де білдіреді. Осындай грамматикалық мағынадан хабары бар адресат мұндай бет алыс, бағыт, мақсаттарды актуали-затордың тұлғасына қарай толықтыра алады, ықтималдықпен болжамдау механизмін іске қосады. 
Грамматикалық тұлғалардың хабарды автоматты түрде толық ұғынуға көмектесетіндігі және бір түр-ден екінші түрге автоматты түрде өте беретіндігі бар. Осыдан келіп түрлі грамматикалық тұлғалардың қыз-меттерін бір-бірінен ажыратып, қажетінше дұрыс пайдалану машығы үнемі бірінші орында тұрады. Мә-селен, қандай да бір сөздің атауын ұмытқан адам оны есіне оңай түсіре алмайды. Ал грамматикалық қаты-настар жөнінде мұндай келеңсіздік немесе проблема туындай қоймайды. Бұл – сөз бен оның мағынасының қашан да динамикалы, ал грамматикалық қатынастың біршама статикалы екендігінен. Сөйтіп, септік тұл-ғалы сөздердің қызметі, олардың лексика-грамматикалық мәні әрбір сөйлеуші санасында тұрақты орын ала-ды. 
«Синтаксистегі сыйыстыру мәселесі» атты екінші бөлім алты тараушадан тұрады. 
2.1 Интонация және жалғаулықтармен сыйыстыру. Қазақ тіл білімі синтаксисіне сыйыстыруды термин ретінде алғаш енгізген – А. Байтұрсынов. Ғалымның құрмалас сөйлемдерді жіктеудегі «сыйысулы құрмалас» дегені – кәдімгі бірыңғай мүшелі сөйлем [1, 300-б.]. Кейіннен С. Аманжолов, Т. Қордабаев т.б. ғылыми мақалаларына нысан етті. 
Тілдік ықшамдаудан келіп шыққан сыйыстыру амалы проза, поэзия синтаксисіне де тән. Жалғаулық-тардың сыйыстырудағы қызметі дербес лексикалық мағынасының жоқтығы мен синтаксистегі дәнекерлік сипатына байланысты. Бұл ретте Ғ.Қ. Иманалиева шылаулар морфологиядан гөрі синтаксисте қаралуы ке-рек деген пікірді құптайды [9, 7-б.]. Жалғаулықтар қатысқан сөйлемдерде іргелес жатқан қосымша ақпарат сөйлеуде алдыңғымен түйдектесе жұмсалып, тұтасымен қабылданады. Осылайша, қабылдану үдерісі ал-ғашқыға қарағанда уақыт жағынан жылдам өтіп, ондағы тежелу азаяды. 
Уақыт озған сайын қолданысқа түсіп, қатысым қызметін жүзеге асыратын тұлғалардың хабарды код-тау сипаты өзгеретінін, соған байланысты күрделі мазмұнның ықшам формамен кодталатынын ескерсек, құрмаластардың дербес жай сөйлемдерге ыдырауы тілдің даму заңдылығына қайшы келген болар еді. Сон-дықтан жалғаулықтардың жұмсалуындағы мұндай өзгеше сипатты ауызекі сөйлеу тіліндегі ерекшеліктің сол күйінше қағаз бетіне түскен қалыбы деп түсінген жөн және бұл – жалғаулықтардың барлығына да тән. Жалғаулық қатысқан кез келген бірыңғай мүшені тарқатсақ, ондағы сөйлем саны сол бірыңғай мүшеге сәйкес артып отырады. Сөйлеу әрекеті қаншалықты тұрақсыз десек те, оның адам психикасына негізделген белгілі бір дәрежеде шегі, нормасы бар. Мұның теориялық жағын реттеуші – тіл мәдениеті ғылымы. Екінші жағынан, бұл – психолингвистикадағы «сатиация» ұғымына сәйкес. Сатиация – қайталап айта беру сал-дарынан сөз әсерінің әлсіреуі. Бірыңғай мүшелерді байланыстырушы ыңғайлас жалғаулықтардың жазылуда арнайы тыныс белгімен, үтірмен, алмастырылатынын ескерсек, үтірлі бірыңғай мүшелердің де қабылдауда жалғаулықты бірыңғай мүшелер сияқты екендігіне көз жеткіземіз: Басқа төре, сұлтандардың қарасы көрінбеді (С.Сматаев) деген сөйлемдегі дәнекерлік қызмет үтірдің үлесінде. 
Бірыңғайлық тек сөзге ғана емес, сонымен бірге сөйлемге де тән. Алдаспан шыңдалып, найзалар егеліп, жебелер ұшталып, қызу қаракет тыншымайды (С.Сматаев) деген құрмаластың бағыныңқы сыңарлары көсемше тұлғасы арқылы өзара бірыңғайлық қатынаста байланысқан. Күрделі құрылым бірыңғайлану нәти-жесінде форма жағынан ықшамдалып, мазмұн жағынан түйдегімен қабылдануға бейімделе түскен. 
Қазақ тіл білімінде термин ретінде ғылыми айналысқа түсе қоймаған силлепсис орыс тіл білімінде ық-шамдау тәсілі ретінде қарастырылып жүр. Мұны О.С.Ахманова «Лингвистикалық терминдер сөздігінде» былайша сипаттайды: «... Объединение в синтаксическом построении двух или более однородных членов, так или иначе различающихся в грамматическом отношении. Силлепсис числа. Русск. Если известен его ха-рактер и те обстоятельства, с которыми ему пришлось столкнуться...» [10, 403-б.]. Сонда, ғалым А. Бай-тұрсыновтың «сыйысулы құрмалас» дегені, бірыңғай бастауыштар бір баяндауышқа ортақтасатын сөйлем-дер силлепсис болып шығады. 
2.2 Көптік жалғаулы есімдер сыйыстыру амалы ретінде. Кей есім сөздерге жалғанған көптік мәнді қосымшаның грамматикалық сипатынан гөрі стилистикалық мәні күшейіп, сол қосымша жалғанған атау-ыштық қызметтегі сөздің көптігін емес, оның маңында тағы басқалардың да бар екенін білдіреді. Мұндайда көптік жалғауы атауыштық мәндегі бір топ сөздің кез келгеніне кездейсоқ жалғана салмай, бір қатардағы сөздердің белсендісіне ғана қосылады: Күйеу жолдасы Ерболдар да кетіп қапты (М.Әуезов). Сөйлемде ой екпінін қабылдайтын сөз – Ербол, осыдан да барып көптік форма сөзге мүлде басқаша семантика үстеген. Хабардың көптік жалғауы жалғанған есімнің бірнешеу екендігі немесе сол сияқты басқа есімдердің көптігі жайында тұрғаны, біріншіден, контекстен, екіншіден, адресанттың сөйлеу интенциясынан аңғарылады. Жалқы есімдердің бұлайша көптік тұлғада келуі маңызсыздану құбылысына да қатысты. Айталық, Ербол жанында жүретін адамдар контекстен белгілі болып тұрады, сондай-ақ олар – адресаттың санасында бей-неленіп отыратын белсенділігі төмен образдар. 
2.3 Сан есімдермен сыйыстыру. Сан есімнің морфологиядан өзге синтаксистік ерекшеліктері келелі түрде қолға алынып, бұл күнге дейін арнайы зерттеу жұмыстары жүргізіле қойған жоқ. 
Сөйлемнің түрлі грамматикалық мүшелерінің орнын басуда сан есімнің субстантивтенуі маңызды. Мысалдар: 1. Разақ пен Әділ оң жақ қапталда. Екеуі бір мәмлеге келіп, оқшау сыр түйген (С.Сматаев). 2. Екеуі түсіністі де, күрсіністі (С.Сматаев). Бірінші мысалдың алғашқысы – жалғаулықпен байланысқан бірыңғай мүшелі сөйлем. Келесідегі сыйыстыру, бір қарағанда, байқалмайды. Субъектілік қатынастағы «Әділ», «Разақ» жалқы есімдері дәл сол синтаксистік қызметте жұмсалатындықтан маңызсызданып, ке-лесіде саны жағынан ғана берілген. Екінші мысалдағы сан есімнің қандай субъектілер екені де адресаттың санасында контекст бойынша айғақталады. Енді бір жағынан, сөйлемдегі баяндауыш тұлғасының мор-фологиялық құрамы да (-іс) субъектінің бірнешеу екендігінен хабар беріп тұр. 
Мысалдағы сан есімдер семантикасы жағынан жинақтық сан есімдер болғандықтан үнемі субстан-тивтеніп қолданылатыны белгілі. Субстантивтенген сан есімдердің сөйлем құрылысында күрделі сөздердің орнына келуі – актуалсыздануды белгілейтін негізгі көрсеткіш. Актуалсыздану дегеннің өзі – адам санасын-да өтетін құбылыс, психикадағы сөз іріктеу құбылысымен тікелей байланысты. Сонда адресант айтар ойын сөз саптау кезеңдерінен өткізу арқылы ондағы қайталанып жиі жұмсалатын кейбір сөздерді жинақтап, топ-тап беруге талпынады да, нәтижесінде сыйысулы құрылымдар пайда болады. Мұндай сан есімді сөйлем-дерді контекстегі адресант интенциясына сай өзгертсек, силлепсистік құрылымнан еш айырмасы болмай қалар еді. Қазіргі қазақ тіліндегі сан есімдердің семантикалық топтарына тән грамматикалық көрсеткіш-теріне қарай синтаксистегі үнемдеу құбылысына ықпалы бірізді емес. Бұған есептік, жинақтық сан есім-дерінің ғана үлесі бар. Бұл сөз табының мағыналық түрлерінен топтық сан есімнен өзгелері субстан-тивтенуге бейім. Сондықтан сыйыстыру амалына жалғыз субстантивтену қасиеті дәлел бола алмайтынын да атаған орынды. 
2.4 Есімдіктермен сыйыстыру. Тікелей немесе жанама тілдесімде болсын, өзге сөйлем мүшелерінің орнын басуы жағынан ең жиі жұмсалатын сөз табы – есімдік. Шындығында, сөйлемде актуалсыздану құбы-лысының бар екендігі есімдіктердің қолданылуымен де байқалады. 
Жіктеу есімдіктерімен сыйыстыруға мысал: 
– Әй, қайдам, шырағым. Сүйекке сіңген әдет сүйекпен кетеді де. Бірақ біз қараңғы наданбыз. Алдағы күнді сендер білесіңдер де (А.Нұрманов). 
Көпше түрдегі біз есімдігінің о бастан-ақ көптік мәнде жұмсалғандығы жөнінде пікірлер бар. Бұл тұр-ғыда біз жіктеу есімдігінің тарихи даму кезеңінде сөз мағынасының кеңеюі сияқты үдерістен өтіп, көптеген адамдарды да көрсете алатын дәрежеге жеткендігі белгілі. Әуелгі жұптық мағынадағы сөз кейін келе көптік мағынадағы сөздер қатарына ойысқан. Ал ІІ жақ жіктеу есімдігінің сыйыстыру амалына ұйытқы болуы олардың құрамындағы -лар көптік жалғауының функциясынан байқалады. 
Сілтеу есімдіктерімен сыйыстыруға мысал: 
– Естідің ғой әлгінде. Елу жігіт. Қара мылтық. Көк найза. Ақ сауыт. Көк кіреуке. Солар сенің жыр-тық шидем, жалаңаш кеудеңе, дырау қамшы, тал құрығыңа төтеп бере алмас (С.Сматаев). Осындағы есімдіктің де сыйыстыру амалына негіз болуына себеп – (-лар) көптік жалғауы. Сілтеу есімдіктері арасынан синтаксистік сыйыстыруға ұйытқы болатындары – сол, бұл, осы, мына, ана дегендері ғана. Ал анау, сонау, түу, осынау, міне, мынау, сона дегендері көптелмейтін болғандықтан, сыйыстыру қызметіне ие болу мүм-кіндігі жоқ. 
Жалпылау есімдіктерімен сыйыстыру. Есімдіктің бұл мағыналық түрі өзгелерінен о бастан-ақ жи-нақтап атау қызметінің барлығымен ерекшеленеді. Бұл ретте ол арнайы көптік мәнді қосымшаны қажет етпейді де. Мысалы, Бәрінің де бөріктері қолында, қолтығында (М.Әуезов) сөйлеміндегі есімдіктің аста-рында топтасатын зат, құбылыстарды коммуникативтік мақсаттағы ортақ бақылаушылық механизмі ретінде контекст пен жағдаят белгілеп береді. 
2.5 Пресуппозицияның сыйыстырушылық мәні. Коммуникативтік мақсатты атқарған кез келген сөйлем түрін норма десек, пресуппозицияны сөйлесім әрекетінің сол мақсатқа сай қалыптасқан түрі деп қа-раған жөн. 
Пресуппозиция (лат. prae – алдында, алда+suppositio – ойлаймын, болжаймын) – сөйлем мағынасының шын мәніндегі нағыз компоненті, оның көмегімен сөйлем семантикалық жағынан қалыпты, сол контекст бойынша дұрыс, орынды деп танылады [11, 292-б.]. Пресуппозицияның ойды қалай ықшамдайтындығы им-плицитті сөйлемдерге қатысты болғандықтан, бұған түсінік бере кетейік. Бұл: «Ойды астарлап, тұспалдап жеткізу жиі кездесетін сөйлем түрі импликатура арқылы жүзеге асады. Имплицитті сөйлем сыпайылық ере-жесімен де байланысты. Жанама сөйлеу актілері тыңдаушыны қиын, ыңғайсыз жағдайда қалдырмайды, керісінше, өтініш немесе ұсыныс білдіру арқылы іс-әрекетке итереді. Өтінішті орындау немесе орындамау, ұсынысты қабылдау немесе қабылдамау адресаттың факторына (жас шамасы, білім деңгейі, әлеуметтік ор-тасы т.б.), психикалық жағдайына (ерік-жігері, мінез-құлқы, көңіл-күйі) байланысты» [12, 6-б.]. Демек, пре-суппозиция ұғымына синтаксистік құрылыстағы хабар арқылы қабылданатын қосымша мазмұндардың жиынтығы кіреді. Бұл турасында З. Ерназарова сөйлеу актісін зерттеушілердің сөйлеуші, тыңдаушы, пропо-зициялық мазмұн сияқты көрсеткіштері бар мақсатты әрекет деп қарайтындығын айтады [13, 27-б.]. 
Адреса

Категория: Ғылыми жұмыстар | Добавил: Frenzy (16.12.2012)
Просмотров: 3278 | Рейтинг: 1.5/2
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Сағат

Сауалнама
Сайтта сізге не ұнайды !!!!!!!
Результаты
Всего ответов: 4012
Сайт мәзірі
Сайт көрсеткіші
Қазір online
Қазір сайтта: 3
Қонақтар: 3
Қолданушылар: 0

Лучшая рип студия!