Сабақ жоспарлары
Мысалы: Бейнелеу 1-6 сыныпқа сабақ жоспарлары
Главная » Статьи » Ғылыми жұмыстар

Студенттердің педагогикалық практикасын жетілдіру
Негізгі бөлім

Кәсіптік оқыту педагогы өз iс-әрекетiнiң мәнiн терең түсiнбей, қоғамдық-саяси, арнаулы ғылыми, психологиялық-педагогикалық бiлiмдер жүйесiн игермей, сондай-ақ теориялық бiлiмдерiн, практикалық мәселелердi шешу кезiнде шығармашылықпен қолдану iскерлiгiнсiз жүзеге асыра алмайды. Педагогикалық практика болашақ мамандарды педагогикалық iс-әрекеттiң алғашқы және аса құнды тәжiрибесiмен қаруландырады, студенттердiң педагогикалық iс-әрекетке кәсiптiк жұмысқа дейiн-ақ даярлығының көрсеткiшi қызметiн атқарады. Мұның бәрi студенттердiң педагогикалық практикасын жетiлдiру проблемасының теориялық және практикалық мәндiлiгiн қамтамасыз етедi. 
Педагогикалық практиканы табысты өткiзу үшiн, бiздiңше, студенттердiң кәсiби бiлiмдердi, iскерлiктер мен дағдыларды саналы игеруге шығармашылықпен және үлкен жауапкершiлiкпен қарау қажеттiгiне көздерiн жеткiзiп, педагогикалық практиканы өз бетiмен орындайтын педагогикалық iс-әрекет ретiнде қарастыру керек. 
Теориялық талдау материалистiк iлiмдегi адам iс-әрекетiнiң өзгертушiлiк сипаты жөнiндегi, практиканың ролi жөнiндегi, оның басым мәнi және теориямен байланысы жөнiндегi iлiмдерге сүйенедi; практика таным шынайылығының, практикалық iс-әрекетке жетекшiлiк жасау қызметiн атқаратын теория ақиқаттығының шешушi және жалғыз критерийi болып табылады деген принциптiк әдiснамалық қағидаларына негiзделедi. 
Практиканың ролi жөнiндегi идея қазiргi философияда одан әрi жалғасын тауып отыр. Бiз практиканы заттық iс-әрекет ретiнде қарастыратын көзқарасты (Н.К.Вахтомин, В.А.Восонович, П.В.Копнин) жақтаймыз. Көрнектi психологтардың (Б.Г.Ананьев, Л.С.Выготский, В.Ф.Ломов, А.Н.Леонтьев, С.Л.Рубинштейн және т.б.) еңбектерiнде практика адамзат iс-әрекетiнiң маңызды және шешушi компонентi ретiнде қарастырылады. 
Зерттеудiң мақсатын және мiндеттерiн басшылыққа ала отырып, бiз жұмыс барысында Н.К.Крупская, А.В.Луначарский, П.П.Блонский, С.Т.Шацкий, А.С.Макаренко ұсынған және негiздеген студенттердiң теориялық және практикалық даярлығының бiрлiк принципi; педагогикалық практиканың болашақ кәсіптік оқыту педагогын даярлау жүйесiндегi орны; педагогикалық практиканың құрылымы; педагогикалық шеберлiктi игеру бойынша жаттығулар жүйесi; студенттердi оқытудың маңызды құралы ретiндегi педагогикалық практика мәселелерiн талдадық. 
Педагогикалық практика проблемасының қазiргi педагогикадағы жай-күйiн талдау зерттеулердiң басым көпшiлiгiнiң болашақ педагогтардың кәсiптiк даярлығын жетiлдiруге арналғандығын көрсетедi, атап айтқанда, педагогтар шеберлiгiнiң негiзiне психологиялық-педагогикалық талдау жүргiзiлдi (А.П.Акимова, О.А.Абдуллина, В.К.Елманова, З.Ф.Есарева); педагогикалық шеберлiктiң кәсiптiк сипаттамасын зерттеу одан әрi жалғасуда (Н.А.Половникова, Н.А.Рыков, В.А.Сластенин, А.И.Щербаков және т.б.); педагогикалық практиканы ұйымдастыру зерделенуде (О.А.Абдуллина, Е.В.Бондаревская, З.И.Васильева, Э.А.Гришин, В.К.Розов, А.П.Сейтешев, В.А.Сластенин және т.б.); болашақ педагогтардың практика процесiнде кәсiби-педагогикалық iскерлiктерi мен дағдыларын қалыптастырудың ерекшелiктерi анықталуда (Е.И.Антипова, В.В.Воровьева, Н.З.Еловая, Б.Д.Красовский, Г.А.Засовина, Е.Б.Орлова, В.Н.Овчинникова және т.б.). 
Ал болашақ педагог даярлығы жүйесiндегi педагогикалық тапсырмалар проблемасы әлдеқайда аз дәрежеде зерттелген. Бұл мәселе (Н.А.Смирнова) жасөспiрiмдермен жүргiзiлетiн жұмыс бойынша берiлетiн педагогикалық тапсырмалар түрiнде әртүрлi аспектiлерде қарастырылған; студенттердiң танымдық белсендiлiгiн және шығармашылық қабiлеттерiн дамытудағы тапсырмалардың ролi (Р.А.Низамов); студенттердiң педагогикалық iс-әрекетiне зерттеушiлiк көзқарасын қалыптастыруға арналған тапсырмалардан тұратын ғылыми-педагогикалық нұсқау (В.М.Духовная, С.А.Зимичева). Сондай-ақ Н.В.Кузьмина педагогикалық мәселелер жүйесi ретiнде қарастырған репродуктивтiк және модельдеу жүйесi және О.А.Абдуллина зерттеп, әзiрлеген оқу-зерттеу тапсырмалары теориялық және практикалық жұмыстардың тоғысы болып табылады. В.А.Сластениннiң пiкiрi бойынша, нақты тапсырмалар студенттердiң өзiндiк танымдық iс-әрекетiнiң мәндi дәлелдерiн қалыптастыру үшiн, тапсырманы орындау процесiн өз бетiмен бiлiм алу iс-әрекетiмен жақындастыру үшiн жағдайлар туғызады. Нақты тапсырма студенттердiң өзiн-өзi әлеуметтiк, кәсiптiк және адамгершiлiк тұрғыдан танып-бiлуiне ықпал ететiн өзiндiк танымдық iс-әрекетiнiң әлеуметтiк-мәндiк себеп-салдарын қалыптастыру үшiн жағдай жасайды дей келе, «іс-әрекет мақсатымен және оны жүзеге асыру шартымен сәйкес келетін педагогикалық жағдайлар - педагогикалық тапсырма болып табылады» - деп анықтама береді. Г.М.Коджаспирова «Педагогикалық тапсырма туындаған педагогикалық жағдайлар мен оны шешу негізіне бағытталған, қажетті әрекеттер жоспары» деп қарастырады. 
Біз авторлардың осы аталған тапсырма ұғымдарына берген анықтамаларына тоқталамыз, оларды қолдай отырып, зерттеу пәнімізге қарай: «Тапсырма дегенiмiз мақсат қоюдан бастап нәтиже алғанға дейiнгi педагогикалық үрдісті жүзеге асыратын логикалық байланысты әрекеттердiң жиынтығы», деп өз анықтамамызды береміз. Тапсырмалар құрастыруда мынадай талаптарды қанағаттандыруын қарастырдық: тапсырманың педагогикалық үрдістің барлық маңызды белгілерін қамтуы; кез-келген педагогикалық мақсатты жүзеге асыруда жалпы мәнге ие болуы; педагогикалық үрдісте кез-келген жағдайда бақылау жасау мүмкіндігінің болуы. 
Сонымен қатар педагогика ғылымында жинақталған теорияны оқып-үйрену, университет студенттерінің педагогикалық практикасын ұйымдастырудың бастапқы деңгейін зерттеу, бізге студенттердің педагогикалық практикасының тиімділігін қамтамасыз ететін келесі шарттарды анықтауға мүмкіндік берді: 
- практика барысындағы сабақтастық және студенттердің курстан курсқа өткендегі іс-әрекетінің көлемі мен мүмкіндігінің артуы; 
- студенттердің практика барысындағы нақты рөлі мен функцияларын анықтау; 
- студенттердің практиканың алғашқы күндерінен-ақ оқу-тәрбие жұмысына белсенділігін арттыру шараларын ұйымдастыру; 
- практика бағдарламасына студент-практиканттардың оқушылармен өз бетінше тәрбие жұмысына жетекшілік етуге арналған тапсырмалар жиынтығын қосуы; 
- студенттердің кәсіби өзін-өзі тәрбиелеуін ұйымдастыру деңгейіне байланысты дифференциалдық келіс; 
- практика бағдарламасына педагогикалық практика тиімділігін арттыру шарттарын енгізу. Студенттердің педагогикалық практикасының тиімділігін арттыру тек шарттарды анықтауды ғана емес, сондай-ақ осы үрдіске педагогикалық жетекшіліктің ғылыми негізделген жолдарын да талап етеді. Осыған орай бiздiң жұмысымызда студенттердi оқу-тәрбие практикасы кезеңiнде оқытудың әдiстерi мен тәсiлдерiнiң жүйесi зерттелiп, әзiрлендi (1-сурет). 
Зерттеу жұмысының мақсатына сәйкес педагогикалық практиканы жетілдіру, теория мен практика арасындағы алшақтықты жою үшін кешенді тапсырмалар құрастырылды. 
Кешен (латынша complex, байланыс, үйлесiм) - нәрселермен құбылыстардың бiртұтас жиынтығы, жекелеген психологиялық және педагогикалық процестердi бiртұтас етiп, бiрiктiру. 
Кешенді тапсырмалар: 
- педагогикалық үрдіс мақсатының, мазмұнының, құралдары мен нәтижелерінiң бiрлiгiн; 
- студенттердiң репродуктивтi әрекеттерін шығармашылық iс-әрекетке бағыттайтын пәнаралық бiлiмдері мен iскерлiктерін; 
- педагогикалық процеске қатысушылардың жоғары деңгейлі тұлғааралық қарым-қатынасын қалыптастырады; 
-жүйелі күрделенген педагогикалық жағдаяттарды жасап, оларды шешу тәсілдерін моделдей отырып педагогикалық практика барысында теория мен практиканы интеграциялаудың тұтас жүйесін ұйымдастырады. Сол арқылы студенттер тәрбие әрекеттерінің мәні мен мазмұнының механизмдерін меңгереді. Бұл болашақ кәсіптік оқыту педагогтарын кәсіптік мектептегі тәрбие жұмысына даярлығына қажет алғышартты қалыптастырады. 
Қарастарылған кешендi тапсырма ұғымына өз тарапымыздан анықтама береміз: «Кешенді тапсырма - мақсат қоюдан (мәселелер қоюдан) нәтиже алғанға дейiнгi тұтас педагогикалық үрдісті қамтамасыз ететiн, педагогикалық мәселелер жүйесiн шешуге бағытталған логикалық байланысты әрекеттердiң жиынтығы». 
Зерттеу барысында бұл кешендi тапсырмалар келесi басты қағидалар негiзiнде құрылды: 
1) кешендi тапсырмаларды орындау үшiн пәнаралық бiлiмдер мен iскерлiктер қажет болды; 
2) педагогикалық процестiң барлық қатысушыларының өзара қарым-қатынасы негiзiнде мақсаттың, құралдардың және орындалған нәтижелердiң бiрлiгiн қамтамасыз ететiн жүйелiк-iс-әрекеттiк амал-әдiс таңдалынып алынды; 
3) кешендi тапсырмаларды репродуктивтiктен шығармашылыққа дейiнгi өзгермелi тәсiлдермен орындауға мүмкiндiк берiлдi 
Кешендi тапсырмаларды аталған қағидалардың негiзiнде құрастырудың әдiстемесi оларды практика мәселелерiн шешудiң және оны ұйымдастырудың құралы ретiнде пайдалануға мүмкiндiк бердi. 
Зерттеуде кешендi тапсырманың моделi ұсынылды (2-сурет). 

Оқыту тәсiлдерi

1. Мамандық бойынша сабақтарды бақылау. 
2. Мамандық бойынша сыныптан тыс және сабақтан тыс сабақтарды бақылау. 
3.Сынып жетекшiсiнiң тәрбиелiк жұмысын бақы-лау. 
4.Жалпы кәсiптiк мектеп көлемiндегi тәрбие жұмысын бақылау. 
5.Қоғамдық ұйымдар жұмы-сын бақылау. 1.Кәсiптiк мектеп қызметкер-лерiмен, оқу iсi меңгерушiсiмен, тәрбие жұмысын ұйымдастыру-шымен, психологиялық қызмет көрсетушiлермен, әдiстемелiк комиссиямен: оқытушылармен, өндiрiстiк оқыту шеберлерiмен, сынып жетекшiлерiмен әңгiмелесу. 
2.Университет оқытушылары-мен (әдiскермен, педагогика, психология, арнаулы кафедра оқытушыларымен) топтық және жеке кеңес өткiзу. 1.Оқу-тәрбие жұмысын жоспарлаудағы жаттығулар. 
2.Құрал-жабдықты сабаққа даярлаудағы жаттығулар. 
3.Сабақтарды, тәрбие шараларын талдаудағы жаттығуар. 
4.Пәндер бойынша сыныптан тыс жұмыстар өткiзудегi жаттығулар. 
5.Өз сабағын өткiзудегi жаттығулар 
6.Оқу тобында тәрбие жұмыстарын өткiзудегi жаттығулар 
7.Есептiк құжаттарды құрастырудағы жаттығулар. 1.Бағдарлық (кiрiспе) конференция. 
2.Қорытынды конференция 
3.Қатысқан сабақтарды, практикалық сыныптан тыс iс-шараларды талқылау. 
4.Студенттердiң сабақтарын талқылау. 
5.Қатысқан тәрбие шараларын талқылау

Сурет 1 - Студенттердi оқу-тәрбие практикасы кезеңiнде оқыту әдiстерi мен тәсiлдерiнiң жүйесi 

Кешендi тапсырмаларды орындау кезеңдерi

Сурет 2 - Кешендiк тапсырманы орындау моделi


Модельге студенттер орындауы тиiс әрекеттердiң бiрiздiлiгiн қамтитын жалпыланған алгоритм, оларды жүзеге асырудың мазмұны, тәсiлдерi мен формалары, қажеттi бiлiмдер мен iскерлiктер қарастырылған. Модель студенттердiң тапсырмалар орындау кезiндегi бiрiздiлiгi мен сипатын анықтайтын өзiндiк бағдар болып табылады. 
Одан әрi студенттердiң кешендi тапсырманы орындау кезiнде педагогикалық үрдіс кезеңдерiн бейнелейтiн iс-әрекетiнiң құрылымы теориялық деңгейде зерттелiнiп, әзiрлендi: 
- I - диагностикалық-болжамдық кезең. Мақсат қою – әдіс-тәсілді таңдап алу; 
-II – ұйымдастырушылық-практикалық кезең. Оқу-тәрбиелiк жағдайларды құрастыру. Таңдап алған әдіс-тәсілді жүзеге асыру; 
- III – бақылаушылық – нәтижелiк кезең. Жасалған жұмысты талдау, қорытындыларын шығару. 
Әрбiр кезеңде болашақ кәсіптік оқыту педагогының кәсiби мәндi және аса маңызды педагогикалық iс-әрекеттерiнiң, сондай-ақ студенттер кешендi тапсырмаларды орындау барысында игеруi тиiс бiлiмдер мен iскерлiктер жиынтығы анықталды. Iс-әрекет құрылымын зерттеп, әзiрлегенде А.П.Сейтешевтiң педагог-тәрбиешiнiң жалпы педагогикалық iскерлiктерi кешенiнiң тұжырымдық моделi және В.А.Сластениннің педагогикалық мәселердi шешудiң кезеңдерi жөнiндегi еңбектерiн басшылыққа алдық (3-сурет). 
Зерттеу барысында біз практиканттардың төмендегідей оқу-тәрбиелік іскерліктерді игеруі керектігін ұсындық: тәрбие жұмысын жалпы адами және ұлттық тәрбие принциптері тұрғысынан жоспарлау, талдау және жүзеге асыру; тәрбиеленушіге деген жоғары талаптарды оның тұлғасына деген терең құрметпен сабақтастыру; тәрбиеленушілер тұлғасынан оң мінезді табу және жеке келістерді жүзеге асыру кезінде оған арқа сүйеу; келешекті сызықтар мен параллель іс-әрекет әдістемесін қолдану; жеткіншектерді психологиялық зерттеу мақсатында әдістемелер кешенін қолдану; оқушыларды психологиялық зерттеудің оқу-тәрбие процесін талдау кезіндегі нәтижелеріне сүйену; оқу-тәрбие процесін (оның жекелеген жақтарын) талдау негізінде университет оқытушысы көмегімен нақты оқу-тәрбие мәселеін қою және оны шешу жолдарын жоспарлау; қойылған мәселелерді шешу мақсатында тәрбиеленудің формаларын, әдістерін және құралдарын таңдау, әрі қолдану; тәрбиелеу құралын таңдау кезінде оқушылардың жас және жеке ерекшеліктерін ескеру; - оқушылық топ ұжымында өзін тәрбиелеу бойынша жұмыс ұйымдастыру; сабақтың және сабақтан тыс тәрбиелік шараның негізгі элементтерін бақылау және талдау, нәтижелерді педагогикалық практика күнделігіне тіркеу, оларды талдау; өзін кәсіби дайындаудың бағдарламасын құру және орындау; педагогикалық күнделік жүргізу.

I кезең - диагностикалық - болжамдық кезең – 
кешендi тапсырмалар орындаудың әдіс-тәсілін таңдап алу

а) студенттердiң бiлiмдерiнiң және қалыптасатын iскерлiк-терiнiң бастапқы деңгейiн анықтау ә) оқушылар ұжымының адамгершiлiк даму деңгей-iн, тұлғааралық қатынасын анықтау б) оқу тобы ұжымы-ның ерекшелiктерiне сәйкес келетiн жұмыс формаларын таңдап алу

II кезең - ұйымдастырушылық-практикалық кезең – 
студенттердiң таңдап алған әдіс-тәсілді репродуктивтiк, репродуктивтiк-шығармашылық немесе шығармашылық деңгейлерде жүзеге асыру

в) жекелеген жұмыс-тар жүргiзу әдiсте-месiн жүзеге асыру г) бастапқы жоспар-ларға алынған нәти-желердi талдау негi-зiнде түзету д) оқушыларды түрлi iс-әрекет түрлерiне қатыстыру е) студенттердiң бiлiм-дерi мен iскерлiктерiн белсендiлендiру

III кезең - бақылаушылық-нәтижелiк кезең – 
жасалған жұмысты талдау, қорытындысын шығару.

ж) жасалған жұмысқа қатысты iс-әрекеттi бағалаудың ғылыми негiзделген өлшем-дерiн пайдалану з) тәрбиелiк деңгейдегi өзгерiстердi анықтауда диагностикалық әдiстемелердi қолдану и) алынған нәтиже-лердi қойылған мiндеттермен салыстыру к) кейiнгi тәрбиелiк iс-әрекеттiң болашағын анықтау

Сурет 3 - Оқу-тәрбиелiк практиканы кешендi тапсырмалар негiзiнде ұйымдастыру кезеңдерi 
Жүргiзiлген сауалнама нәтижесiнде студенттердiң педагогикалық практикаға даярлық деңгейi әртүрлi екендiгi анықталды және мұны студенттердiң кешендi тапсырмалар орындауында ескеру керек екендiгi анықталды. Практикаға даярлық деңгейiне байланысты студенттер кешендi тапсырманы әртүрлi тәсiлдермен орындады. Студенттердiң бiр бөлiгi кешендi тапсырма орындау үшiн әрекеттер алгоритмiн және алгоритмiнiң әрбiр элементiн орындауға байланысты нұсқаулар алды. Тапсырмалар репродуктивтiк деңгейде орындалды. Олардың екiншi бөлiгi кешендi тапсырмаларды орындау кезiнде қосымша нұсқаусыз, тек әрекеттер алгоритмiн ғана пайдаланады. Тапсырмалар репродуктивтiк-шығармашылық деңгейде орындалды. Ал ендi студенттердiң үшiншi бiр бөлiгi кешендi тапсырмаларды жасалынған алгоритмдi теорияға сүйенiп шығармашылық деңгейдi пайдалана отырып орындады. Зерттеу кешендi тапсырманы орындау тәсiлiнiң өзгерiмдiлiгi студенттердiң тапсырмаларды таңдауына және оларды шешу тәсiлiн өз бетiмен таңдап алуға мүмкiндiк бердi. Бұл оның кәсiби iс-әрекетiн, iс-әрекеттiң жекелеген тәсiлiн бағалай бiлу қажеттiгiн қалыптастыруға септiгiн тигiздi. Зерттелiп, әзiрленген әрекет алгоритмiнде iс-әрекет мақсаты, құралдары және нәтижелерiнiң бiрлiгiн, сондай-ақ педагогикалық процестiң барлық қатысушыларының өзара қарым-қатынасы көрiнiс табады. 
Эксперименттiк зерттеудiң негiзiн тәрбиелiк тақырып бойынша жасалынған кешендi тапсырмалар құрайды. ІІІ курста "Оқушылардың адамгершiлiк мiнез-құлқын қалыптастыру” тақырыбы бойынша құрастырылған кешендi тапсырмаларда кәсіптік мектеп оқушыларының еңбекке, адамдарға, өзіне және өз мінез-құлқына қатынасын анықтайтын тұлғаның адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру мәселелері қарастырылады. IV курста «Қиын оқушылармен оқу-тәрбие үрдісінде жекелей жұмыс жүргізу» тақырыбы бойынша құрастырылған кешенді тапсырмада басты назар студенттердің өзіндік жұмыстарына аударылады. 
Сонымен қатар кешенді тапсырмаларды құрастыруда біз ғылымилық, жүйелілік, реттілік, бірізділік, принциптері басшылыққа алдық.
Жоғарыда аталған кешенді тапсырманы практика жүзінде пайдалану үлгісін ұсынуды жөн көрдік: 
Проблема: "Оқушылардың адамгершiлiк мiнез-құлық тәжiрибесiн қалыптастыру”. 
Мақсат: демократиялық қазақ қоғамының мүшесi ретiндегi оқушылардың адамгершiлiк бейнесiн, олардың қоғамға, еңбекке, адамдарға, өзiне және өзiнiң мiнез-құлқына қатынасын анықтайтын моралдық сапалардың ғылыми негiздерiн оқу процесiнде, сыныптан тыс және кәсiптiк мектептен тыс жұмыста, еңбек iс-әрекетi процесiнде мақсатқа бағыттап қалыптастыруды ұйымдастыру. 
Мiндеттер: 
1. Оқу жылының тоқсанына арналған тәрбие жұмысының жоспарын құру, тәрбие мiндеттерiн нақтылау; 
2. Тәрбиелiк мiндеттердiң орындалу жолдарын жас ерекшелiктерiн және тәрбиеленгендiктiң жеткен деңгейiн ескере отырып анықтау; 
3. Берiлген мақсатқа жету жолындағы ұжым ретiнде оқу тобының iс-әрекетiн ұйымдастыру; 
4. Оқушылардың адамгершiлiк, мiнез-құлық тәжiрибесiн қалыптастыру бойынша ата-аналармен және қоғамдық ұйымдармен бiрлесiп жасалатын жұмысты қарастыру. 
Кешендi тапсырмалар орындаудың кезеңдерi. 
Әрекеттер: I кезең - диагностикалық-болжамдық кезең. Тапсырма орындаудың мақсатын – "стратегиясын” анықтау. 
1.Сынып жетекшiсiнiң жұмыс жоспарын зерделей отырып, адамгершiлiкке тәрбиелеу мiндеттерiн қою және шешу ретiн талдау, оқушылармен орындалатын тәрбиелiк iс-әрекеттiң мазмұнын, адамгершiлiкке тәрбиелеу процесiнiң әдiстемелiк нұсқауын мақсатқа бағыттап iрiктеп алу, ағымдық және қорытынды талдау, оқушылармен жүргiзiлген тәрбие жұмысын есепке алу, бұл iс-әрекеттiң нәтижелерiн бағалау, оқушылардың санасында, iс-әрекетiнде, мiнез-құлқында болған өзгерiстердi талдау. 
2.Оқу тобы ұжымының адамгершiлiк тұрғыда дамуын, тәрбиелiлiк деңгейiн, моральдық-этикалық кемелденуiн, қоғамдық белсендiлiгiн, оқушылардың ынтымақтастығын зерттеу, оқу тобының психологиялық-педагогикалық сипаттамасын құрастыру. 
3.Оқу тобымен жасалатын жұмыстардағы негiзгi тәрбиелiк мiндеттердi, оқушылармен алдағы болатын өзара қарым-қатынаста кездесетiн қиындықтарды анықтау. Тоқсан iшiнде өткiзiлетiн тәрбие жұмысының жоспарын құру. 
4.Оқушылардың жас ерекшелiктерiн, ұжымның адамгершiлiк жағынан қалыптасу деңгейiн ескере отырып, тұлғаның жетекшi сапаларын қалыптастыру жөнiндегi жұмысты жоспарлау. 
II -кезең - ұйымдастырушылық-практикалық кезең. Оқу-тәрбиелiк жағдайларды құрастыру. Таңдап алған стратегияны жүзеге асыру. 
5. Оқушылардың адамгершiлiк тәжiрибесi жөнiнде алынған нәтижелердi талдау негiзiнде бастапқы жоспарларға түзету енгiзу. 
6. Оқушылармен бiрлесiп алдағы iс-әрекеттiң мақсаты мен мiндеттерiн талқылау. Жоспарға шағын топтың таңдап алған тақырыбы бойынша сынып жиынын өткiзудiң бiр формасын енгiзу. 
7.Қойылған мiндеттерге және берiлген ұжымның ерекшелiктерiне сәйкес әдiстердi, формалар мен құралдарды таңдап алу. Адамгершiлiкке тәрбиелеу формаларының бiрiн таңдап алып, өткiзу (әңгімелесулер, пікірталас, т.б.). 
8.Оқушыларды педагогикалық мақсаты неғұрлым жоғары топтың шараларына қатыстыру, бiлiмнiң, ұғынудың, әрекет ету ынтасының және мiнез-құлықтың арасындағы үзiлiстi болдыртпайтын бағдарлаушылық-әрекеттiк тәрбие әдiсiн пайдалану. Жекелеген оқушылардың тапсырма орындауына көмектесу. 
9.Ата-аналармен жасалатын жұмыстың бiрiн өткiзу: оқушыларға ұсынылған сауалнаманы қайталау немесе сұрақтарға жауап алу (Әңгiмелесулер, практикум, адамгершiлiк тәрбиесiнiң жекелеген мәселелерi бойынша кеңестер өткізу). 
III кезең - бақылаушылық-нәтижелiк кезең. 
Жасалған жұмысты талдау, қорытындысын шығару. 
Берiлген кешендi тапсырманы пәнараралық бiлiмдерге сүйенiп орындауға болады. Студенттерге психологиялық-педагогикалық пәндердiң келесi мәселелерi бойынша тағы да материалдарды пайдалануға ұсыныс жасалынады. Бұдан әрі жалпы тапсырма оқушылардың адамгершiлiк мiнез-құлқын қалыптастыру проблемасымен бiрiккен жеке тапсырмаларға жiктелдi. 
Алдымен оқу-тәрбие үрдісінiң моделiне және қисынына сәйкес кешендi тапсырмалардың құрылымы қарастырылды. Студенттердiң назары оның тұтастығын түсiнуге аударылды. Мұндағы тұтастық тапсырма мақсаттарының оларды жүзеге асыру жолдарымен, қажеттi әрекеттердiң тiзбектiлiгiмен, қорытындыны шығарумен өзара тығыз байланыстылығын бiлдiредi. Пәнаралық бiлiмдер негiзiнде шешiлетiн мәселелер ажыратылады, тапсырманы орындау үшiн қажеттi iскерлiктерге талдау жасалынады. Тапсырманы орындаудың мүмкiн тәсiлдерi, сондай-ақ iс-әрекеттi ұйымдастырудың мүмкiн формалары – фронталдық (жаппай), топтық, жекелiк және олардың варианттары жан-жақты қарастырылды. Одан кейiн оқушылардың жас ерекшелiктерi, кәсiптiк мектептiң педагогикалық ұжымдарының, оқу тобының нақты оқу-тәрбие мiндеттерi ескерiле отырып, тапсырмалар анықталды. 
Студенттердiң кешендi тапсырмаларды орындау сапасын талдау кешендi тапсырмаларды тек репродуктивтiк деңгейде орындауға даярланған студенттердiң әрбiр қадамның, әрбiр келесi әрекеттiң толық сипатталып берiлуiне мұқтаж болатындығын көрсеттi. Тапсырманы шығармашылық деңгейде игерген және практикаға даярлығы жоғары студенттер практикалық iс-әрекетке тез және жеңiл кiрiсiп кеттi, нақты жағдайларды кешендi тапсырмалармен байланыстыра алды. Сонымен бiрге барлық студенттер кешендi тапсырманы орындаудың әртүрлi кезеңдерiнде қиындыққа кездесiп отырды. Олар I кезеңнiң диагностикалық тапсырмаларын ерекше қиындықсыз орындады, алайда практикаға өткен оқу тобындағы нақты тәрбиелiк жағдайды кешендi тапсырмамен байланыстыра алмады, ең бастысы тәрбиелiк мiндеттi тапсырманың түйiндi тұсы ретiндегi негiздейалмады. II кезеңде студенттердiң практикалық жұмысы адамгершiлiк-тәрбиелiк жағдайларды құруға байланысты тәсiлдi пайдаланумен ерекшелендi, студенттердiң кейбiрi белгiленген ережелер бойынша қадам жасаса, екiншi бiреулерi шығармашылықпен жұмыс iстедi. 
Зерттеу практиканы ұйымдастырудың ұсынылған тәсiлi педагогикалық бiлiмдердiң артуына және тереңдеуiне ықпал еткендiгiн көрсеттi. Қалыптастырушы эксперимент нәтижесiнде бiлiмдер мен iскерлiктердiң деңгейi ғана артып қойған жоқ, сонымен бiрге олардың арақатынасы өзгердi, олардың арасындағы байланыс тығыздығы нығайып, беки түстi. 
Нәтижесiнде бiз кешендi тапсырмаларды студенттердiң 33,3%-ы, репродуктивтiк тәсiлмен, 55,5%-ы репродуктивтiк-шығармашылық тәсiлмен, ал 11,1%-ы шығармашылық тәсiлмен орындағанын анықтадық. Студенттердiң бiлiмдерi мен iскерлiктерiнiң едәуiр өскендiгi байқалды (4-сурет). 

- практикаға дейін 
- оқыту эксперименті кезеңінде 
- практикадан кейін

Сурет 4 - Студенттердiң кешендiк тапсырмаларды орындау кезiндегi бiлiмдерi мен iскерлiктерiнiң қалыптасу динамикасы (%)

Сөйтiп, эксперименттiк жұмысты IV курста жалғастырудың қолайлы алғышарттары жасалынды. 
Зерттеу барысында студенттердiң IV курстағы практиканың ерекшелiктерi анықталды. Басты назар студенттердiң өзiндiк жұмысына аударылды. "Қиын оқушылармен оқу-тәрбие процесiнде жекелей жұмыс жүргiзу” тақырыбы бойынша кешендi тапсырмалар қарастырылды. Жүйелiк сипаты бар бұл тапсырмаларды студентттер әртүрлi iс-әрекет арқылы орындай алады. 
Кешендi тапсырмаларды орындау алдында жекелiк келiс бойынша осы тапсырмаларды орындауға қажеттi әрекеттердiң келесi тiзбегiн қамтитын жаттығулар жасалынған педагогикалық практикум өткiзiлдi: 
I-шi кезең -диагностикалық -болжамдық кезең. 
- ұжымның және қиын оқушы тұлғасы мәртебесiнiң даму деңгейiн зерттеу; 
- оқушылардың педагогикалық тұрғыдан құлдырап кетуiнiң себебiн анықтау; жасөспiрiммен байланыс орнату; жасөспiрiмнiң педагогикалық босаңсыған оқушылардың қандай тобына жататындығын; ұжымдағы, отбасындағы, оқуға, еңбекке, адамдарға, өзiне қатынастарын, оның қызығушылықтарын, бейiмдiлiгiн, немен айналысатынын анықтау; 
- қиын оқушының психологиялық-педагогикалық мiнездемесiн құру; 
- "педагогикалық консилиум” өткiзу; 
II-шi кезең -ұйымдастыру-практикалық кезең: 
- тәрбиелеу мен өзiн-өзi тәрбиелеудiң нақты мақсатты көздейтiн бағдарламасын жасау; 
- оқуда көмек ұйымдастыру, жасөспiрiмдi iс-әрекетке тарту, оқушыға iс-әрекеттiң мақсаттары мен мiндеттерiн түсiнуге көмектесу; 
- жеке бақылау мен көмек жүйесiн ұйымдастыру; 
- ата-аналармен қарым-қатынасты қалыпқа келтiру, жасөспiрiмдi өзiн-өзi тәрбиелеуге үйрету; 
III-шi кезең - бақылаушылық-нәтижелiк кезең: 
- жасөспiрiмнiң мiнез-құлқының, үлгерiмiнiң, ұжымдағы мәртебесiнiң сапалық өзгерiстерiн анықтау. 
Тапсырманы репродуктивтiк тәсiлмен орындаған студенттер (26,2%), әдеттегiдей ұжымды және оқушы тұлғасының мәртебесiн зерделеудi ұсынылған кесте бойынша өткiздi. Тапсырманы репродуктивтiк-шығармашылық тәсiлмен орындаған студенттер ұсынылған кестемен бiрге оқушыларды психологиялық-педагогикалық зерделеудiң басқа сұлбалары мен тәсiлдерiне қосымша әдебиеттердi пайдаланды. Iске шығармашылықпен қарайтын студенттер (17,5%) зерттелiнiп отырған оқушының тұлғасы, оның ұжымға және ұжымның оған қатынасы айқын бiлiнетiн жағдайларды қарастырды, оқушының назары оған байланыс жасауға даяр тұрған балаларға аударылды. Сауалнамалардан алынған мәлiметтердi дәлелдеу және толықтыру үшiн олар тәуелсiз сипаттамалар және қатысты бақылау әдiстерiн пайдаланды. 
Студенттердiң оқушылармен жүргiзген жекелiк жұмысы "қиын” оқушылардың жақсы сапаларын оятуға, күштерiн терiс көрiнiстердi жеңуге жұмылдыруға, оқушыларды оқу тобының ұжымдық iс-әрекетiне жауапкершiлiк, тәуелдiлiк жүйесiне қатыстыру арқылы өзiн-өзi тәрбиелеуге ұмтылуын қалыптастыруға бағыттайды. Кешендi тапсырмаларды шығармашылықпен орындаған студенттер оқушыларды ұжымiшiлiк қатынастарға енгiзiп, бiр-бiрiмен қарым-қатынас жасауға үйрете бiлдi, сенiмдiлiк пен өзара сыйластық қатынастарын қалыптастырды. Студенттердiң жүйелi жұмысының нәтижесiнде оқушыларды адамгершiлiкке тәрбиелеу деңгейiнде өзгерiстiң болғаны анықталды. Бөлiмде келтiрiлген тапсырманы шығармашылықпен орындау, бiздiңше барлық студенттер ұмтылуы тиiс оңтайлы да орынды тәсiл болып табылады. Кешендi тапсырманы орындаудың бұл тәсiлi студенттерден кәсiби iскерлiктердi қалыптастыруды, сондай-ақ тұлғалық сапаларын жетiлдiрiп, орнықтыруды талап етедi. 
Зерттеудiң соңғы кезеңiнiң негiзгi көрсеткiшi студенттер iс-әрекетiнiң нәтижелерi және олардың кәсiби педагогикалық даярлығындағы қосымша қалыптасқан бiлiмдер мен iскерлiктерi болып табылады (1- кесте).

Категория: Ғылыми жұмыстар | Добавил: Frenzy (16.12.2012)
Просмотров: 2694 | Рейтинг: 1.5/2
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Сағат

Сауалнама
Сайтта сізге не ұнайды !!!!!!!
Результаты
Всего ответов: 4012
Сайт мәзірі
Сайт көрсеткіші
Қазір online
Қазір сайтта: 2
Қонақтар: 2
Қолданушылар: 0

Лучшая рип студия!