Сабақ жоспарлары
Мысалы: Бейнелеу 1-6 сыныпқа сабақ жоспарлары
Главная » Статьи » Ғылыми жұмыстар

Жас адамдардың құқық бұзуға бейім мінез-құлқы және оның алдын алудың проблемалары
Диссертациялық жұмыстың екінші бөлімі «Жас адамдардың құқық бұзуға бейім мінез-құлқының алдын алудың негізгі бағыттары» деп аталады. Диссертациялық жұмыстың екінші бөлімінің бірінші бөлімшесінде құқық бұзуға бейім мінез-құлықтың қалыптасуының алдын алудағы этикалық бағыттары қаралады. Бұл бөлімшеде этиканың ұғымы және діннің адам тәрбиелеудегі маңыздылығы көрсетіледі. 
Этика (грек. ethika, ethos – әдеп, өнегелік мінез) – өнегелік, мораль туралы ілім [2, б. 114]. Этика өзіне нормативтік этиканы және мораль теориясын қамтиды. Біріншісі игілік, ізгілік, қастандық және т.б. туралы мәселелерді зерттейді, мінез-құлықтың моральдық кодексін тудырады, неге ұмтылу керектігін, қандай мінез-құлықтың жақсы екендігін, өмірде қандай мән бар екендігін көрсетеді. Этика бағыттары арқылы қылмысты болдырмауға және азайтуға үлкен мүмкіндіктер туады. Оның бір бағыты – дін болып есептелінеді. Себебі, мемлекет бар жерде дін болады, бірақ барлық діни ағымдар сол мемлекеттің дамуына, сол халықтың адами тәрбиесінде бірден дұрыс әсер ете алмайды. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында көптеген діни ағымдар, діни секталар жұмыс істеуде. Олар біздің жастарымызды қандай жолға бағыттайтыны белгісіз. Сондықтан жастардың қылмысқа бармау, құқық бұзбауының, адаспаудың негізгі бағыты ол діни сауаттылықта. Қазақстанның әрбір жас мүшесі діни жағынан сауатты болса, қылмысқа, құқық бұзуға бармайды. Ол үшін жастармен тікелей жұмыс істейтін педагогтар мен заңгерлер өздері діни сауатты болуы шарт. Мысалы, дінге мысал ретінде «ислам» діні көрсетіледі. Себебі, қоғамда исламдық мораль нормалары мен мінез-құлықтың этикалық ережелері нормаларының қайта жандануы және мемлекет заңдарын сақтау рухани-өнегелілігі жоғары адамды қалыптастыруда оң нәтиже бере алады. Ислам өз көрінісін өнегелік және өнегесіздік туралы ұғымдар мен түсініктерден, моральдық нормалардың жиынтығынан табады. Құранда ол туралы нақты жазып көрсеткен. Ол, адамдардың рухани, өнегелік және сана-сезімдік мәселелерін дін ғана біржола шеше алады, ол адамға соншалықты қажет ұстамдылық, төзімділік сияқты қасиеттерді баулиды, адамды қоғам мен мемлекеттің ешқашан толық жетілмейтіндігін ұғынуға және оның деңгейінен жоғары көтерілуге үйретеді. Ислам этикасының нормалары ұтымды ақыл-оймен және адам интеллектісімен сәйкес келеді. Егер «жоғарыда» ешнәрсе болмаса, бұл өмірде ойға келгеннің бәрін істей беруге болады деп санау адамның азғындауына алып келеді. Сондықтан да этикалық тәрбие мәселесі әруақытта мәңгілік әмбебап өнегелік негізге сүйену керек, содан ғана мәдениет, тәрбие, білім дәні өсіп шығады. Исламдық этика мұсылман дінін ұстанатын адам үшін сондай негіз болып табылады. 
Диссертациялық жұмыстың екінші бөлімінің екінші бөлімшесінде «Жас адамдардың құқық бұзуға бейім мінез-құлықтың алдын алудың педагогикалық бағыттары» мәселелері зерттеледі. 
Бұл бөлімшеде, автор криминология ғылымының этика ғылымымен ғана емес, педагогикамен де бірігуге тиіс екендігін, себебі психология, биология, генетика және сол сияқты ғылымдар қылмыстық заңды бұзушы адамдарды азайту үшін не істеу керек? деген сұраққа жауап бере алмайтындығын көрсетті. 
Сонымен қатар, аталған ғылымдардың қылмыстық мінез-құлықтың генезисін толық аша алмайтындығын, оны тек гуманитарлық ғылым, оның ішінде педагогика ғылым ғана бере алатындығы айтылады. Педагогика – тәрбие туралы ілім. 
Сөзбе сөз аударғанда – «баланы жетектеу» деген мағына береді екен. Тәрбиелеудің, білім берудің және оқытудың заңдылықтары туралы ғылым ретінде ұзақ және күрделі жолдан өтті, ол ғылыми негізделген білім жүйесіне айналды, ал тәжірибе көптеген ұрпақтарды тәрбиелеп және оқытып нағыз өнерге айналды. «Ежелгі Грецияда өз қожасының баласын мектепке жетектеп алып барып, сабақ кезінде және одан тысқары жерде балаға қызмет көрсететін құлды педагог деп атаған. Қоғам дамыған сайын педагогтың рөлі едәуір өзгеріп, ол басқаша ұғымға ие болды, ол баланы оқытудың, жан-жақты тәрбиелеудің өзінше дербес өнеріне айналды» [3, б. 2]. 
Жұмыста, жаста тәрбиелеуде патриотизмнің және қазақ тұрмысындағы жастарды тәрбиелеудің жолдары мен амалдары көрсетіледі. ҮІ-ІХ ғасырларда қазақ жерін мекендеген ұлы түркілердің ардақтайтын моральдық құндылықтарының ішінде отансүйгіштік рух жетекші орын алатындығы айтылған. «Тоныкөк» жырындағы Тоныкөктің өмірі мен қызметі, түркі халқының патриоттық тарихы және өсіп келе жатқан ұрпақты ерлік дәстүрінде тәрбиелеу турасында айтылады. Жырда қағанның кеңесшісі Тоныкөк үшін халық пен Отан даңқы бәрінен жоғары екендігі көрінеді. «Бүкіл түркі халқына Қарулы жау келтірмедім, Атты әскер жолатпадым. ... Еліміз қайта ел болды, Халқымыз қайта халық болды», – деген жолдардан отаншылдық маңызы зор тағылымды ой-пікірлерді айқын байқаймыз. Ал қазіргі таңда, оның бірден бір жолы білім. Білім алудың негізгі жолы – оқу, ол тиісті нормативтік актілерде жан-жақты реттелген. Қазіргі кезде 3,8 млн адам оқумен қамтылған: 400 мыңы – мектепке дейінгі балалар, 2,1 млн – мектеп, училище оқушылары, 200 мың – арнайы орта оқу орындарының, 3 мыңнан аса – ЖОО студенттері. Ол үшін, қандай болмасын заң халықтың тәжірибесінен бастау алып соның негізінде дайындалып, ұрпақ тәрбиесіне ендірілуі керек. Сондықтан ғана қабылдауға заң іске асырылса, құқық бұзылмайды. 
Құқықтық тәрбиеде қолданатын, ескеретін жай қазақ үшін заң – әдет, салт-дәстүрінің өзі моральдық құқық ретінде өмір сүрген. Сондықтан болашақ заңгерлер, педагогтар халықпен, оның ішінде жастар мен құқықтық тәрбие жүргізілгенде өз халқының ғасырлар бойы жинаған құқықтық мәдениетін бойына сіңіре, оны бүгінгі талапқа сай кәсіби қызметінде пайдаланса, құқықтық тәрбиенің маңызы арта түседі. Бұл – жастарды құқыққа қарсы мінез-құлықтың қалыптасуындағы негізгі тәрбиелік жолы. 
Сонымен қатар, жұмыста Қазақстан Республикасында әлі күнге дейін тәрбиенің мемлекеттік тұжырымдаманың жоқ екендігі айтылады. Коммунистік режим келмеске кетті, ал ғалымдар 17 жыл бойы тәрбие тұжырымдамасының нұсқасын да берген жоқ. Осыған орай, келешекте тұжырымдама жасалынуы тиіс. Онда, ислам дінінің қоғамға беретін адамгершілік қасиеттерінің орны мен рөлін анықтау қажет. 
Ал, дисертациялық зерттеу жұмысының екінші бөлімінің үшінші бөлімшесі «Құқық бұзуға бейім мінез-құлықтың алдын алудың криминологиялық бағыттары» деп аталады. 
Бұл бөлімшеде, этика, ғылым ретінде, адамның өнегелі, дұрыс мінез-құлық көрсетуі үшін біз не істеуіміз керек деген мәселе көтеріледі, онда криминология ғылымы жасалып жатқан қылмыстардың саны азаю үшін не істеу керек деген мәселелер көтеріледі және құқық бұзушының жеке басқа ықпал етудің криминология ғылымы уағыздайтын әдістері мен амалдары қарастырылады. 
Қылмыстылықтың алдын алу дегеніміз – бұл мемлекеттің, қоғамның, жеке және заңды тұлғалардың қылмыстылыққа жаңа адамдардың тартылуына, жаңа қылмыстық іс-әрекеттердің жасалуына, қоғамдық қатынастардың ары қарай криминалдануына жол бермеу мақсатында қылмыстылықтың детерминация және себептілік процесіне мақсатты ықпал етуі. 
Сонымен қатар, кәмелетке толмаған құқық бұзушыларға ықпал етудің негізгі педагогикалық әдістері мен тәсілдерін қарастырыла келе, оны қалыпқа келтіруде кәмелетке толмағандардың істер жөніндегі бөлім қызметкерлерімен бірге психолог-мамандардың, педагогтардың, криминологтардың көмегі керек екендігі айтылады. Бұл жұмыстың ұтымдылығын арттыру үшін кәмелетке толмаған құқық бұзушылардың, әсіресе дамуында қандай да бір ауытқушылық барлардың, ал олардың ішінде полицияда есепте тұратындары аз емес, жеке басын зерделеуге арналған жаңа әдістемелік нұсқаулар керек екендігі сөз болады. 
Автор, жоғарыда аталған өзекті мәселелерді шешуде келесідей заңдар қабылдануы керектігін атап кетті: «Жарлы отбасындағы баланың денсаулығын қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңы, онда ол балаларға тегін медициналық қызмет көрсету, тек оқушыларды ғана емес, мектепке бармайтын балаларды да ауық-ауық диспансерлеп тұру көзделсе; «Жас отбасына медициналық-санитарлық көмек туралы» Қазақстан Республикасы Заңы, онда отбасына, анаға және балаға көмек көрсетудің нақты нысандары көзделсе; «Азаматтардың қалпына келген денсаулығын қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңы. Бұл заң актілері жас ұрпақтың денсаулығын жақсарту үшін ғана емес, қоршаған ортаны сақтау үшін де керек: экологиялық апаттардың, табиғи зілзаланың ауыр зардаптарын жою, өнеркәсіп кәсіпорындарының атмосфераға әсерін болдырмау (оқу мекемесінің жанына ондай кәсіпорын тұрғызуға тыйым салынатын кез келді), ауру, жарым-жан бала туудың алдын алу және т.б. үлкен орын алады. Балалар мен жасөспірімдердің өздерінің тұратын жерлеріндегі демалысын ұйымдастырудың бұрынғы тәжірибесіне көшіру. Сол мақсатта жергілікті әкімшілік мектептерге, тұрмыстық-коммуналдық мекемелерге жан-жақты көмектесуі тиіс. Бұл іс-шараға бизнесті де тарту мәселесін қарастырған жөн. 
Қорытындыда жүргізілген диссертациялық зерттеулер нәтижесінде келесідей негізгі қорытындылар жасалынған. Криминологиялық теория әлеуметтік биология ғылымымен үйлесімін тапқан жағдайда ғана табысты дами алады, себебі оларды ортақ мәселе – адам болмысын зерттеу мәселесі біріктіріп тұр. Желікпеліктің (маниакальность) қандай кейпі криминогендік мінез-құлықтың: агрессияның, қатыгездіктің, іш тарлықтың, сараңдықтың және т.б. негізінде жатыр. Бұл табиғи теріс қасиеттер белгілі бір қолайсыз әлеуметтік жағдайларда үдеп, керісінше, тәрбиелеу, оқыту, моральдық-өнегелік құндылықтарға баулу нәтижесінде ол қасиеттерден арылуға болады. 
Адамның құқыққа қарсы мінез көрсетуінің басты себептері, негізінен, биологиялық факторларда жатыр, олар әртүрлі желікпелік тудырады. Адамның бұл психикалық қасиеттері қоғамның әлеуметтік-экономикалық ахуалынан, ата-ананың балаға қатыгездігінен, ата-ананың бір-біріне араздастығынан, сондай-ақ жасөспірімнің төңірегіндегі адамдардың оған көрсеткен зорлық-зомбылықтарынан шиеленісуі мүмкін. 
Егер адамда (қоғамда да) агрессивтік, қатыгездік және желікпеліктің басқа түрлері артатындай мүмкіндік болса, онда оларды қалыпты деңгейге дейін төмендететін де мүмкіндік бар. Ондай мүмкіндік тәрбиелеуде, оқытуда, этикалық және эстетикалық құндылықтарға баулуда жатыр. 
Адамның желікпелік қасиеттерінің ішінен агрессивтіктің ерекше түрін – «криминалдық агрессияны» бөліп алуға болады, бұл адамның айырықша психикалық күйі. Себебі әлеуметтік биология және этология ғылымдары агрессияны адам бойында болуға тиісті табиғи инстинкт деп есептейді. 
Қоғам өміріндегі әлеуметтік-экономикалық келеңсіз мән-жайлар (жұмыссыздық, дағдарыс, кедейшілік, өндірістегі қиындықтар, еңбектену саласындағы қайшылықтар) құқыққа қарсы мінез-құлықтың себептері бола алмайды, олар тек адамның ондай мінез-құлқын қоздыратын, оның психикасының өзгеруіне себеп болатын жағдайлар ғана. 
Әртүрлі жас санаттарының жалпы құқыққа қарсы мінез-құлқына сипат беретін ортақ әлеуметтік жағдайлармен қатар (ортақ санат) екінші және үшінші деңгейдегілер де бар. Мысалы, келеңсіз сипаттағы объективтік жағдайлардың екінші деңгейіне жасөспірімді әлеуметтендіретін мән-жайлар және қалада бар барлық ерекше жағдайлар жатады (ерекше санат). Әртүрлi шамада барлық жастарға тән психикалық ауытқулар түрі үшінші деңгейді құрайды (бірлі-жарым санат). 
Сыртқы мән-жай (жағдай), сөзсіз, құқыққа қарсы мінез-құлықтың генезисінде маңызды рөл атқарады. Адам болмысының күрделі жаратылысы генетикалық деңгейде айырықша жадының дамуын қарастырған (адамдар тіршілігінің ұтымды-әлеуметтік тәжірибесі), оны ең ұтымды тәжірибенің негізі – руханилық және өнегелік санаттар. Бұл аталғандар, адамда бойында бірімен-бірі тығыз байланысқан. Адамдардың құқыққа қарсы мінез-құлықтары сияқты, рухсыздық пен өнегесіздік, адамның тәжірибеде дұрыс болуын қалыптастыра алмайды, ал онсыз адам да, қоғам да жетіле алмайды. 
Руханилық пен имандылықтың қайта жандануы елдегі криминалдық жағдаймен тікелей байланысты. Келеңсіз үрдістердің біртіндеп жинақталуы қоғамның, әсіресе зиялылардың сапалық күйінен көрініс тапты. Мұны қылмыстық статистика талдамасы, автордың зерттеулері көрсетіп отыр. Мысалы, руханилық деңгейді анықтауға және моральдық тиянақтың бар-жоқтығына қатысты сұрақтарға респондент – студенттердің 13,7%-ы әдептілік, өнегелік дегенді ұмытып, өте анайы, дөрекі сөздермен жауап берген. Олардың 15,4%-ы тоталитарлық режимге қайта оралу керек екендігін ашық айтқан. 
Ұлттық рухани және имандылық қасиеттерінің қайта жандануы исламдық этикаға негізделуі тиіс, оның моральдық нормалары жастарды тәрбиелеудің қазіргі тұжырымдамасында өз орнын алуы керек. 
Қазіргі тәрбиедегі басты мәселелердің бірі – еркін тәрбие мен мәжбүрлеп тәрбиелеудің шегін анықтау. Педагогикада адам бостандығының дәрежесіне қарай тәрбие процесінде гуманистік және авторитарлық бағыттар бөлініп алынады. Гуманистік бағыт адамды қоғамдық дамудың жоғарғы мақсаты және құндылығы деп қарастырады, ал авторитарлық, керісінше, адамды оның қоғамға қосқан үлесіне қарай бағалайды. Яғни, тәрбиенің қазіргі тұжырымдамасы осы екі бағытты ұстауы тиіс. Мысалы, авторитарлық бағыт, кәмелетке толмаған құқық бұзушылар арасында және олар үшін жабық типтегі мекемелерде оқу ұйымдастырғанда тиімді болар еді. 
Сендіру әдісі шегінде авторитарлық педагогиканың тәрбиелік ықпалының әртүрлі тәсілдері, амалдары және құралдары қолданылады: криминалдық ортадағы жалған көзқарастар мен бедел иелерін әшкерелеу; жақын немесе әйгілі адамдарға еліктеуге болатындай келбет жасау; қандай да бір құқыққа қарсы іс-әрекеттің теріс салдарларын, оның психологияға және өнегеге жат жақтарын көрсету. 
Ықпал ету өрісіне байланысты (мысалы, санаға, мінезге, көңіл-күйге) тәрбие процесінің әдістері де, амалдары да, тәсілдері де өзгереді. Басқа сөзбен айтқанда, негізінен, құқықтық пікірлерді, білімді, теріс қылықты бағалауды, оң мінездің бағыттылығын және т.б. қалыптастыруға бағытталған әдістер бар. Оларды сананы қалыптастыру әдістері дейді. Және де әдеттерді, таптаурын мінез-құлықты, бір типті реакциялар қалыптастыруға бағытталған әдістер де бар. Оларды мінез-құлықты қалыптастыру әдістері деп атайды. Кейде қосымша деп аталатын, оң мінездің қалыптасуына біршама көмек ететін, көңіл-күймен байланысты да әдістер бар (мадақтау, жазалау, жарысу және т.б.). Автор, бірінші топтың әдістерінің көмегімен кәмелетке толмағандардың істер жөніндегі бөлім қызметкері жасөспірімде оң мінез-құлақтың нормалары туралы, әлеуметтік құндылықтар туралы ұғым қалыптастыра алады деп ойлайды. Екінші топ әдістері кәмелетке толмағандардың істер жөніндегі бөлім қызметінде тәрбиені қолдануды іске асырады. Үшінші топтың әдістерінің көмегімен кәмелетке толмағандардың істер жөніндегі бөлім қызметкері тиісті ықпал арқылы құқық бұзушының мінез-құлқын, іс-әрекетін реттей алады, себебі ресми құптау немесе құптамау мінез-құлаққа әсер етеді, құпталған қылық бекітіліп қалады, құптау таппаған іс-әрекет тежеледі. Бақылау және өзін-өзі бақылау әдістері жеке-дара сақтандыру ықпалының нәтижелерін талдауға және бағалауға бағытталған, олар адамның оң мінезінің қалыптасуына жанама әсер етеді. 
Жеке-дара сақтандыру ықпалының әдістері мен тәсілдерін қолданудың негізгі ұйымдық-тактикалық нысандарына келесілер жатады: сақтандыру мақсатында әңгімелесу, құқық бұзушының мінез-құлқын ұжымда талқылау, жасы толмағандарды қоғамға пайдалы жұмысқа тарту.

Пайдаланылған қайнар көздердің тізімі

1 Ной И.С. Методологические проблемы криминологии. – М., 1999. – 106 с. 
2 Советский энциклопедический словарь. – М.: Сов. энц., 1981. – 1029 с. 
3 Психология. Педагогика. Этика: учебник для вузов. – М., 1999. – 257 с.

Категория: Ғылыми жұмыстар | Добавил: Frenzy (16.12.2012)
Просмотров: 1997 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Сағат

Сауалнама
Сайтта сізге не ұнайды !!!!!!!
Результаты
Всего ответов: 4008
Сайт мәзірі
Сайт көрсеткіші
Қазір online
Қазір сайтта: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0

Лучшая рип студия!