Главная » Статьи » Информатика |
Скачать реферат с сервера Кіріспе Жоғарғы деңгейлі программалау тілдерінің бірі − Паскаль. Оның алғашқы вариантын 70-жылдары Швейцария ғалымы Н. Вирт жарыққа шығарған болатын. Қазіргі кезде Паскаль тілінің кеңейтілген ондаған диалектісі бар, оның ішінде IBM PC-ге үйлесімді дербес компьютерлер жұмыс істей алатын Турбо Паскаль диалектісінің варианттары да жеткілікті. Бейсик тілі сияқты, Паскаль оқып-үйренуге жеңіл, түрлі салалық информациямен жұмыс істеуде нәтижелі болғандықтан, дүние жүзінде көп тараған тілдердің бірі. Оның ыңғайлылығы: • тіл алгоритм құрылымын сақтап құрылған. Мұнда программаны бірте-бірте дамыту арқылы жинақты түрде құруға болады. Ол программалау тәсілін үйрену үшін де қажет; • тілге дамытылған берілгендер типтері енгізілген. Олар өңделетін берілгендер элементтерін толық сәйкестендіріп сипаттауға және жаңа берілгендер типтерін енгізуге мүмкіндік береді; • мұнда кішігірім жеңіл программалармен бірге күрделі құрылымды программаларды құру да мүмкін; • тіл синтаксисі қиын емес; нұсқаулардың (операторлардың) саны мүмкіндігінше азайтылған, т.б. Паскаль тілінде құрылған программаны мәшинелік кіріспе тілге аудару үшін компилятор пайдаланылады. Паскаль тілі бұрын құрылған (Фортран, Алгол және т.б.) программалау тілдерінен маңызды ерекшелігі ол құрылымдық программалау идеясын өмірге біртіндеп енгізу. Паскаль тілінің тағы бір ерекшелігі ол деректер құрылымының концепциясының алгоритм түсінігімен қатар программалаудың негізінде жатқан фундаменталды түсініктер қатарына кіруі. Төменде Паскальда ерекше орын алатын файлдар туралы толық мағлұмат келтірілген. Қайталану командалары. Программаның белгілі бір бөлігінің орындалуын бірнеше рет қайталау үшін қолданылатын командаларды қайталану командалары деп атайды. Көптеген есептеулерде айнымалылардың әртүрлі мәндері үшін кейбір операторлар бірнеше рет қайталанып орындауды қажет етеді. Бұл операторларды , қайталап орындалуы үшін , программаға қайта – қайта жаза берсек, онда программа құру үшін көп уақыт кетеді, әрі программалық текст өте ұзақ және оқуға ынғайсыз болып жазылады. Сондықтан программалық текстер қысқа әрі оқуға жеңіл болу үшін қайталану процесін циклдық операторлар қолданып ұйымдастырады. Циклдік процесс ұйымдастыру үшін келесі операторлар қолданылады: Циклдік операторлар структуралық операторлар тобына жатады, өйткені құрамына бірнеше операторлар кіреді. Программада алдымен циклдің тақырыбы жазылады, онан кейін қайталанатын операторлар бөлімі – цикл денесі жазылады. Цикл денесі бір немесе бірнеше операторлардан тұруы мүмкін. Барлық циклдық операторлардың келесі ерекшелігі бар: FOR циклдік операторы ( Үшін циклі ). Параметрлі циклдік операторлар цикл денесінің қайталануы арқылы алдын – ала белгілі болғанда қолданылады.Жалпы жазылу түрі төмендегідей болады: Цикл денесі жай немесе құрама оператордан тұруы мүмкін, егер цикл денесі құрама оператордан тұрса,онда ол операторлық жақшаға алынып жазылады.Циклдің параметрі ( К ) тек қана айнымалы болуы тиіс, ал М және N өрнек болуы да мүмкін ( нақты Real – типтен басқа ). Көбінесе цикл параметріне бүтін типті айнымалы қолданылады, оның мәні циклдің әр орындалуынан соң 1 – ге артып отырады ( қадам 1 – ге тең ). FOR циклінің блок – схемасы: Цикл денесінің орындалуы FOR операторындағы К параметрінің мәні соңғы М параметрінің мәніне жеткенге дейін қайталанады. Егер К мәні М мәнінен асып кетсе, онда қайталану процесі тоқтап, басқару циклі денесінен кейін тұрған операторға беріледі. Сондай – ақ FOR және DOWNTO операторларының көмегімен кері циклдер ұйымдастыруға болады, кері циклдің жалпы жазылу түрі төмендегідей: Мұндағы: К – циклдік айнымалы ( есептеуіш ), әр цикл орындалғанда – 1 – ге азайып тұрады. Енді FOR операторымен циклдер құру мысалдарын қарастырайық: PROGRAM AUDAN; ә) Программаны тармақталу командалары көмегімен төмендегідей етіп құруға болады: PROGRAM AUDAN 1; б)Енді дәл осы программаны FOR операторымен құратын болсақ, онда программада үшбұрыштың қабырғаларын ендіру және оның жарты периметрі мен ауданын есептеу формулаларын төмендегідей цикл денесінде бір – ақ рет жазса жеткілікті. Цикл денесі К параметрінің 1 – ден 6 – ға дейінгі мәндерінде қайталанып орындалады. Компьютер 6 рет Readln операторындағы айнымалылар мәндерін сұрап, оларды клавиатурадан ендіргеннен кейін, 6 рет үшбұрыштың ауданы Герон формуласымен есептеліп, экранға нәтиже шығарады. PROGRAM AUDAN 1; | |
Просмотров: 1286 | Рейтинг: 5.0/1 |
Всего комментариев: 0 | |
Бизнес, менеджмент, финанс т.б [2] |
Патриоттық және мерекелер т.б [16] |
Шет ел әдебиеті мен тарихы [31] |
Шағын көлемді шығармалар [60] |
Әлеуметтану, саясаттану [69] |
Философия және логика [13] |
Қазақ тілі және тіл білімі [104] |
Елді мекендер, қалалар [2] |
Агро,шаруашылықтар [9] |
Курстык жумыстар [17] |
Ғылыми жұмыстар [62] |
Қазақстан тарихы [114] |
Тарихи тұлғалар [132] |
Еуразияшылдык [16] |
Ашық сабақтар [56] |
Дүние тарихы [30] |
Мәдениеттану [7] |
Информатика [68] |
Астрономия [61] |
Психология [6] |
Переводчик [4] |
Математика [14] |
Педагогика [77] |
Дипломдар [10] |
География [82] |
Биология [133] |
Экология [3] |
Дінтану [32] |
Физика [33] |
Химия [13] |
Құқық [27] |
Еңбек [7] |