Сабақ жоспарлары
Мысалы: Бейнелеу 1-6 сыныпқа сабақ жоспарлары
Главная » Статьи » Информатика

Мәлімет алмасуды үйымдастыру
Скачать реферат с сервера


Мәлімет алмасуды үйымдастыру.

Мәлімет алмасу – бір объектіден екіншісіне мәлімет апару. Windows-те мәлімет алмасуды берілгендерді бір объектіден екіншісіне апару деп түсінеді. Осы процесс нәтижесінде объектілер өзгереді, бір немесе бірнеше бар объектілерден жаңа объектілер құрылады. 
Windows ортасында мәлімет алмасу тышқан көмегімен объектіні "алып бару” және алмастыру буфері OLE технологиясы арқылы жүргізіледі. Windows-те жұмыс жасағанда объектілерді көшіру немесе бір орыннан екінші орынға жылжыту қажет болады. Объектілерді көшіргенде объект бұрынғы орында қалады, ал көшірмесі жаңа орынға орналасады. Қанша қажет болса, сонша көшірме алуға болады. Объектіні жылжытқанда ол жаңа орынға орналасады, бұрынғы орыннан өшеді. Көптеген қосымшаларда мәлімет алмасу тышқан көмегімен "алып бару” әдісі арқылы орындалады. Осы әдіспен көшіру және жылжыту әрекеттерін де орындауға болады. 
Алмасу буфері – жылжытылатын немесе көшірілетін мәліметтерді сақтап тұруға арналған жадының арнайы бір бөлігі. Тышқан көмегімен "алып бару” әрекетін экранда нұсқа қабылдаушыға алыс емес жерде орналасқан кезде қолдануға болады. Ол үшін қосымшалар терезесін жақын орналастыру қажет. Тышқан көмегімен жылжыту төмендегідей көрсетілген бойынша жүргізіледі: 
• Жылжыту керек объектіге тышқан көрсеткішін орнатып таңдайды. Тышқанның сол жақ батырмасын басулы күйінде ұстап бірнеше объектілер тобын да таңдауға болады (мысалы, мәтін бөлігін); 
• Сол жақ батырма басулы күйінде ерекшелінген объектіні таңдаған орынға жылжытады. Көшіру, жылжыту тәрізді орындалады, сол пернесін басулы күйінде ұстау керек. Бұл жағдайда жылжытылатын объект қосымша «+» таңбасы арқылы белгіленеді. 
Алмастыру буфері көмегімен мәлімет алмасу төмендегі көрсеткен негізінде орындалады: 
• Жылжытуға немесе көшіруге қажетті объект ерекшеленеді; 
• Правка→Копировать немесе Правка→Вырезать командалары көмегімен объект алмасу буферіне орналасады; 
• Объект орналасатын орынды тышқан көрсеткіші көмегімен көрсетеді; 
• Объект көрсетілген орынға Правка→Вставить немесе Правка→Специальная вставка командалары көмегімен орындалады.

Категория: Информатика | Добавил: nauriz (29.08.2013)
Просмотров: 1062 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Сағат

Сауалнама
Сайтта сізге не ұнайды !!!!!!!
Результаты
Всего ответов: 4014
Сайт мәзірі
Сайт көрсеткіші
Қазір online
Қазір сайтта: 5
Қонақтар: 5
Қолданушылар: 0

Лучшая рип студия!