Сабақ жоспарлары
Мысалы: Бейнелеу 1-6 сыныпқа сабақ жоспарлары
Главная » Статьи » Информатика

Мәлiметтер қорында қолданылатын терминдер
Скачать реферат с сервера


Мәлiметтер қорында қолданылатын терминдер.

Мәлiметтер қоры – ақпараттар сақталатын қойма. Мәлiметтер қорынан керегiне қарай қажеттi мәлiметтер алу үшiн сақталады. Басқаша айтсақ, мұнда керектi ақпаратты iздеу ұйымдастырылады. 
Кесте – мәлiметтердi жазба (жол) және өрiс (бағана) түрiнде сақтауға арналған обьект болып табылады. Әрбiр кесте нақты бiр сұрақ бойынша мәлiметтердi сақтауға қолданылады. 
Мәлiметтер қорында екi өлшемдi кестенiң жолдары жазбалар деп, бағандары өрiстер деп аталады. Дәлiрек айтқанда мәлiметтер қорында, кестедегi әрбiр жол жазба болып табылады, ал жазба бiрнеше өрiстерге бөлiнедi. 
Сұрау – бiр немесе бiрнеше дайын кестелердiң негiзiнде құрылады. Форма мен Есеп беру бiр кесте (немесе сұрау) негiзiнде құрылады. Сұрау – қажеттi мәлiметтi бiр немесе бiрнеше кестеден алуға мүмкiндiк бередi. 
Форма – мәлiметтер енгiзу үшiн қолданылады. Әрбiр формаға енгiзу үшiн, кесте өрiсiндегi мәлiметтердi бейнелеу үшiн немесе өзгерту үшiн қолданылатын басқару элементтерiн орналастыруға болады. 
Есеп беру – мәлiметтердi баспадан шығаруға арналған. Есеп беру – қағазға басып шығаруға арналған, мәлiметтердi көрудiң ерекше формасы. Мәлiметтер қорын баспаға шығармастан бұрын, қағаз бетiнде қандай түрде бейнеленетiндiгiн және қандай жазбалар мен өрiстер енгiзiлетiндiгiн қарастыру керек. Есеп берудi кез-келген бiр кестеден, сұраудан қарауға болады.

1.4. Өрiстер типтерi және қасиеттерi 
Мәлiметтердiң әр түрлi типтерi болады. Ендi информациялық жүйелердегi мәлiметтердiң, яғни өрiс мәндерiнiң типтерiне тоқталайық. 
Негiзгi типтер: 
• Текстiк мәлiметтер (TEXT). Текстiк мәлiметтердiң мәндерi алфавиттi- цифрлi символдардан тұрады және ұзындығы 255-тен аспауы керек; 
• Сандық мәлiметтер (NUMBER). Бұл типтегi атрибуттардың мәндерiмен арифметикалық амалдар орындауға болады. Сандық мәлiметтер ұзындығы бүтiн сан болса 2 байт, бөлшек сан болса жылжымалы нүктелi сан форматында 4 байт орын алады. Бүтiн және бөлшек бөлiктерi санда нүктемен ажыратылады. 
• Дата немесе уақыт типi (DATE/TIME). Дата типi белгiлi бiр форматта берiледi, мысалы: кк.аа.жж (күн, ай, жыл). Алғашқыда бұл текстiк мәлiметтiң бiр жағдайы сияқты көрiнедi. Алайда, информациялық жүйеде дата типтi қолданудың ерекшелiктерi бар. 
• Жүйе қатты бақылау жүргiзу мүмкiндiгiн алады; 
• Автоматты түрде датаны әр елдiң дәстүрiне байланысты бейнелеу мүмкiндiгi туады; 
• Программалау барысында даталарға арифметикалық амалдарды орындау жеңiлдейдi. 
• Логикалық мәлiметтер (YES/NO). Бұл типтiң мәлiметтерiн булевтiк деп атайды және мәндерi TRUE немесе FALSE (шартты түрде 1 немесе 0) болады және мұндай мәлiметтер "иә”, "жоқ” болып интерпретацияланады. 
• OLE обьектiсiнiң алаңы. Бұл ең бiр қызықты типтердiң бiрi болып табылады. Бұл типтiң мәнi ретiнде OLE объектiсiнiң кез-келгенi болуы мүмкiн (егер компьютерде болса) – графика, дыбыс, видео. 
• Қолданушының типi. Көптеген жүйелер қолданушыларға өздерiнiң типiн жасауға мүмкiндiк бередi. Мысалы: "апта күнi” (дүйсенбi, сейсенбi және т.б), "адрес” (почта индексi-қала-және т.б).

Категория: Информатика | Добавил: nauriz (29.08.2013)
Просмотров: 1159 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Сағат

Сауалнама
Сайтта сізге не ұнайды !!!!!!!
Результаты
Всего ответов: 4008
Сайт мәзірі
Сайт көрсеткіші
Қазір online
Қазір сайтта: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0

Лучшая рип студия!