Сабақ жоспарлары
Мысалы: Бейнелеу 1-6 сыныпқа сабақ жоспарлары
Главная » Статьи » Химия

ИОНДАУШЫ СӘУЛЕЛЕР

Иондаушы сәулелер тарихы.

Өндірістік ортада жаңа гигиеналық фактордың пайда болуы(иондаушы сәулелер) өткен жүз жылдықтың соңындағы физика аумағындағы үлкен бір ашылулармен байланысты.

1895 жылы – Вильям Конрад Рентгенмен рентген сәулесінің ашылуы.

1896 жылы – Анри Беккерлмен шынайы радиоактивті құбылыстардың – көзге көрінбейтін сәулелердің енуімен уран тұздарының өздігінен шығуы, олар фотоэмульсияның қараюын және кейбір заттардың флюоренциясын щақырады;

1988 жылы – Марий Складовский – Кюри және Пьер Кюри радий және полонидің радиоактивті қасиетін, олардың сәулелену қарқындылығын яғни уран сәулелерінен басым қарқындылықтағы сәулеленуін ашты.

Көзге көрінбейтін өтімді сәулелерді шығаратын заттарды радиоактивті заттар деп атады. Ал осы заттардың қасиетін – радиоактивтілік деді.

Соңғы он жылдықта жаңа радиоактивті элементтер ашылды – торий(1898), актиний(1899), тарон және радо(1900), радиоторий(1905), мезоторий(1907) және т.б. барлық элементтердің атомдық нөмері 83-тен көбі радиоактивті болып табылды. Щынайы радиоактивтіліктер кейбір жеңіл элементтерде де анықталынды, оның ішінде калий, рубидий, самария, лантан және рений изотоптары.

Э. Резфордпен атом ядроларының болатыны дәлелденгеннен кейін(1913), радиоактивтілік сәулелену аймағында териялық және тәжірибелік физика үлкен жетістіктерге жетті. Олардың бастылары келеселер: Кюри отбасыларының шынайы радиоактивтілік көрінісінің ашылуы(1934):

- нейтрондар әсеріненуран ядроларының бөлінуіжаңа ядролық реакция түріндегі ашылу (1938);

- осы реакцияда нейтрондардың босауын дәлелдеу;

- уранда тізбектік ядролық реакцияның жүзеге асуы (1939).

Радиоактивтік сипаты

Радиоактивтік жағдай кезінде тұрақсыз ядролар бір немесе бірнеше бөліктерге бөлінеді. Жалпы алғанда атом нейтралды болады. Кез келген атомдар нуклидтер деп аталынады. Бірдей Z номерлері бар, бірақ А массалары әртүрлі нуклеидтерді атомдық номрлері  Z изотопты элементтер деп аталады. Бірдей элементтердің изотоптарының протондары мен орбитиалды электрондарының саны бірдей болады, бірақ нейтрондарының саны химиялық құрамы бюойынша әртүрлі, сондықтан ядроларыныңы қасиеті әртүрлі болады.

Радиоактивтің ыдырауларының негізгі  төрт түрін ажыратады: альфа-ыдырауы, бета – ыдырауы, гамма- ыдырауы және спонтанды деп бөлінеді.

Альфа-ыдырау. Химиялық элементтердің радиоактивті ядроларының изотоптары  альфа-бөлшектерді бөледі. Ауыр ядролар үшін альфа-ыдырау сипаты тән.

         Бета-ыдырау. Бұл кезде ядро изотоптарының элементтері өзбеттерімен электрондарды шығарады.

         Гамма–ыдырау. Атомдардың номерлерімен массалар санының өзгертілуінсіз, массасы мен зарядтары жоқ, фотонның элементарлы бөлшектері түріндегі изотоп элементтерінің көп мөлшердегі энергияларының ядролардың қозулары нәтижесінде шығарылатын жағдай.

         Спонтанды бөліну. Ядролардың спонтанды бөлінулері кезінде электрондар, гамма кванттар, сонымен қатар нейтрондар бөлінеді. Радиоактивті  ыдырау өнімдеріне тұрақты және радиоактивті изотоптар жатады. γ – сәулелердің фотондары (гамма кванттар) α және β бөлшектер сияқты зарядтары болмайды және де электрлік және магниттік алаңдар бойынша әкетулерге бөлінбейді. Нейтронды сәулелер ауыр ядроларды бөлу кезінде ыдырауы мүмкін.

         Радиоактивті заттардың физикалық-биологиялық қасиеттері.

Жартылай ыдырау кезінде – берілген изотоптардың радиоактивтілігі үшін өсу тұрақты болады. әртрлі изотоптардың жартылай ыдырау кезеңіндегі уақыт бірнеше секундтан бірнеше миллиард жылға дейін ауысып отырады.

Радиоактивті заттардың сандық сипаты үшін «белсенділік» ұғымы енгізілген. Бір уақытта ыдырайтын ядролар санының белсенділігімен анықталынады. белсенділіктің өлшеу бірлігі – беккерель. Беккерель –(Бк) – 1с уақыттағы 1 белс.ыдырау кезіндегі радиоактивті қайнар көздердегі нуклидтердің белсенділігі. Сонымен қатар өсулер бар: белсенділік үлесі (Бк/кг), белсенділік көлемі (Бк/кг3) және беткейлік белсенділігі – (Бк/кг2).

Иондаушы сәулелердің биологиялық әсері сәулелену энергиясының санымен анықталынады. масса бірлігіне қатынасатын орташа энергия жұтылған дозаны қалыптастырады.

СИ жүйесі бойынша иондаушы сәулелердің жұтылған дозасының  өлшем бірлігі грей (Гр=1Дж/кг), бұрынғы бірлігі — рад.

         Иондаушы сәулелердің әртүрлі эквиваленттік дозаларын қолдану үшін  биологиялық нәтижеліктің салыстырмалы бағасы қолданылады. Эквиваленттік дозалардың  бірлігі – зиверт (ЗВ), жүйеден тыс бірлік – бэр (1 бэр = 10х10-2 Зв).

Радиоактивтіліктің кәсіптік қолданылуы

         Радиоактивтіліктің көрінісі болып табылатын иондаушы сәулелердің ашылуы ғылыми техникалық прогрестің дамуы үшін иондаушы сәулелермен атом энергияларының кең масштабта қолданыу атом ядроларының синтезі және бөліну реакцияларында, өндірістік қиындықтардың өсулерінде, қоғамдық байлықтың жоғарлауында, науқас адамдардың емі мен диагностикасын анықтауда қолданылады. Радиоактивті заттар металлургияда, машинақұрылымында, химиялық өндірістерде, ауыл шаруашылығында, медицинада және көптеген ғылыми зерттеу лабораторияларында қолданылады. Белсенділіктің жоғарлауы, радиоулылығы, физикалық химиялық қасиеті, сонымен қатар оның қолданулары әртүрліліктермен ерекшеленеді. Радиоактивті заттар қатты, сұйық және газ түрінде қолданулары мүмкін.

Иондаушы сәулелердің көздерін қолдану қоғамдық энергиялық ресурстардың кеңеюіне, өндірістік процестердегі автоматизация және дистанциялық бақылаулардың кеңеюлеріне әсер етті. Қазіргі кезде халық шаруашылығында  атомдық өндіріс саласының құрылғаныны айтуға болады. Бұған ең алдымен ядролық жанғыш цикл жатады: жылу бөлетін элементтерді дайындау, атом электростанцияларында ядерлі реакторлардың эксплуатациясы, атомдық кемелердегі атомдық жылу электростанциялары, срнымен қатар басқада өндірістер мен ғылыми зерттеу обьектілері. Осы циклдің қортынды этабына ядеролы жылытқыштарды өңдеу және жанама радионуклеиндерді өңдеу жатады. сәулелену көздері болып табылатын приборлар өндірісте, медицинада, ауыл шаруашылығында кеңінен қолданылады.

γ-нейтрондар және β-қайнар көздері медицинада және халық шаруашылығында кеңінен қолданылады, оларға жатады:

а) әртүрлі салада қолданылатын атом реакторлары(АЭС, АТЭЦ энергетикалық құрылымдар, радионуклеиндерді алу үшін құрылымдар, өндірістердегі сәулеленулер медицинада және эксперименталды мақсатарда қолданылады).

б) өндірісте, медицинада немес ғылымси зерттеу мақсаттарында қолданылатын ашық түрдегі радиоактивті заттар.

в) радиациялық химияда иондаушы сәулелерді қолдану үшін жабық радионуклеидті заттар.

Тұрмыстық және медициналық приборлар, геофизикалық, навигационды электроэнергиялардың сіңірілуі үшін, әртүрлуі материялдардың стерилизациясы үшін, дефектоскопияда, γ -, β-нейтронды емде, жер қазбаларын бақылау үшін қолданады.

г) зарядталған бөлшектердің жылдамдықтарына электрондық физикалық құрылымдар жатады, сонымен қатар медицинады және ғылыми зерттеу мақсаттарында қолданылатын рентген құрылымдары, ауыр зарядталған бөлшектер жанама радиоактивті изотоптарды алу үшін, ал рентгендік құрылымдар  спектрлік және құрылымдық анализдер үшін қолданылады.

Осылардың кез келгендерімен жұмыс істеген кездері  негізгі қолайсыз факторларға иондаушы сәулелер жатады.  Сәулелердің ағзаға әсер етулеріне байланысты  екі категорияға бөледі:

1)                             жұмыс кезіндегі жұмысшының сыртқы ағзасына ғана әсер ететін сәулелер. Оларға рентген аппараттарымсен және электрондық жылдамдықтармен жұмыс ісеулер жатады.

2)                             ішкі және сыртқы сәулеленулерге ұшырайтын жұмыстар жатады. оларға ректорларда, ауыр бөлшектиердің жылдамдатқыштарында, ашық көздермен манипуляциялар, яғни  ұнтақ, ертінді, газ түріндегі радиоактивті  заттармен жұмыстар жатады.

Патогенезі:  Радиоактивті заттар  газ немес аэрозол түрінде аэрогенді жолмен ағзаға түсуі мүмкін, сонымен қатар тері арқылы қайнар көздермен қатынас нәтижесінде, «кір» қолмен тамақтанған кезде ауыз арқылы немесе құрамында изотоптары бар тамақпен қоректенген кезде.

Сәулелердің кейбіреулерінің ену қабілеті үлкен болады, олардың сәулеленулері  ішкі ағзалардың  зақымдануларын тудырады. Β сәулелердің ену қабілеттері төмен болғандықтан және олардың сыртқы ортамен әсерлесуінің  салдарынан иерінің, роговицаның және көздің шыны денесінің зақымдануларын тудырады.

Радиоактивті заттар ағзаға түскен кезде ең алдымен критикалық ағзаларға  — радионуклеид депосына және маңайындағы тіндерге әсер етеді. Радиоактивті заттар ағзада ерекше таралады. Йодтың радиоактивті изотоптары қалқанша безін зақымдап, қатерлі және қатерсіз ісіктерді тудыруы мүмкін.

Жерде сирек кездесетін ісіктер бауырда ісік тудыруы мүмкін; остеотропты изотоптар – остеосаркомогенді және лейкогомогенді нәтиже беріп, сүйек миындағы қанның түзілуін тежейді. Салыстырмалы  түрде бірқалыпты тараған изотоптар (Cs, Ru, Nb, HTO, Po және т.б)лимфоидты қан түзуді тежейді, ұрық каналының атрофиясын тудырып, жұмсақ тіндердің (сүт безі, асқазан ішек жолдарының , бауырдың) ісіктерін тудырады.   Полонимен плутонидің α сәулеленулері ішкі зақымданулар кезінде өте қауіпті.

Қиын еритін радиоактивті қосындылардың аэрогенді жолмен өкпеге түскен кезде, сәулелі пневмосклероз, бронх эпителилерінің метаплазиясы, ісіктер дамуы мүмкін. Сонымен қатар еритін изотоптар қатарының, яғни плутонии-239, рутении-106, тории-228, америция-241 аэрогенді жолмен түскен кезде остеосаркомаға қарағанда, өкпенің жиі қатерлі ісіктерін тудырады.

Ұрық және оның тұқымына радиоактивті заттардың айқын зақымдаушы әсері бар екекні дәлелденген.

Иондаушы радиация тудыратын тіндік және жүйелік сәулеленулер негізінде ағзадағы тіндер мен сұйық ортадағы құрылымдық компоненеттердің клеткалық және молекулярлық деңгейінде біріншілік радиациялық процесс жүреді. Ағзаның бүтіндігі кезіндегі радиациялық зақымданулардың қалыптасулары бірнеше жолмен жүзеге асады, зақымдайтын агенттің клеткаға тура әсерінің нәтижесінде, ағзадағы тінаралық қатынастармен нейро регуляторлы механизмдердің бұзылуы салдарынан  пайда болады.

Иондаушы радияцияның әсерінене туатын радиобиология мен радиациялық медицинаның қазіргі кездегі теориялары бойынша, үш топқа бөлінуі мүмкін:

-          соматикалық (жедел және сүлелі сәулелі аурулар, жергілікті сәулелі зақымданулар – катаракта, терінің және т.б қатерсіз зақымданулары);

-          соматикалық-стохастикалық (өмір сүру ұзақтығының қысқаруы, лейкоз, әртүрлі ағзалар мен тіндердің ісіктері);

-          генетикалық доминантты және рецессивті гендік мутация, хромосомды аберация).

Үздіксіз сәулеленуге ұшыраған адамдарда соматикалық нәтиже дамиды, ал  оның тұқымында генетикалық (тұқым қуалайтын өзгерістер).

Жалпы қысқа уақыттық сәулеленулер әртүрлі деңгейдегі айқындылықтағы радиациялық зақымдануларды тудыруы мүмкін.

1,5 Гр және одан жоғары сәулеленулер кезінде сүлелі сәулелі ауру дамуы мүмкін екгндігі бекітілген. Сәулелену аймағының орналасуы сәулеленудің біркелкі емес таралауына байланысты болады.

ЕМІ:

Жүргізілетін шаралардың үш этапын ажыратады: 1) міндетті түрдегі жұмыс орнындағы шаралар; 2) шұғыл емдік және диагностикалық шаралар; 3) поликлиника мен стационардағы толық диагностика мен емдік шаралар.

Нуклидтердің сипатына байланысты радиоактивті заттардың шығуын тездететін заттар тңдалынады. Сонымен қатар сұйықтықтардың айналымын жеделдету арқылы(потогонды және зәр айдағыш препараттар) нуклидтердің шығуын тездетуге болады,  механикалық шығару(тазартатын клизмалар, адсорбенттер) қолданылады.

Қазіргі кездегі кеңінен қолданылатын заттарға этилендиаминотетрауксус және пентауксус қышқылдары және олардың туындылары қолданылады: ферроцин, унитиол және оксатиол. Трансуранды радионуклеидтермен  және  жер бетінде сирек кездесетін элементтерді шығару үшін пентацинді қолданады. Препаратты көк тамырға баяу енгізеді, 5% ертіндіні 10 мл тәулігіне 2 реттен (20-40 иньекция) жалпы және радиометриялық зәр анализінің бақылауымен енгізеді.

Ағзаға радии, стронции түскен кезде ұсақ дисперсті барии сульфатын 50,0 г, натрии алгинатын 10-12 г/тәу. 200 мл сумен ішке қабылдайды. Радиоактивті йодтағы сәуленің күшін азайту үшін үлкен адамға 7-14 күн бойы 250-300 мг тұрақты йод немесе калий йодидті қолдану керек.

Полонии ағзаға түскен кезде анықталған тізбек бойынша шұғыл 5% ертінді түрінде оксатиолды тағайындаймыз. Алғашқы 4  тәулікте  препаратты 50 мг/кг  есебімен 2 рет, содан соң 2 күн үзілістен кейін дозасын 40 мг/кг төмендетемізде 3 күн қатар алады, ал 12 күннен бастап осындай үзілістен соң  — 35 мг/кг дейін төмендетеміз(3 күн).  Препаратты баяу, тамшылатып енгіземіз. Жанама әсерлеріне жүрек айну, қан қысымының төмендеуі жатады, осы кезде кофеин, супрастин, пипольфен тағайындалады.

Сәулелі аурулар кезіндегі жұмыс қабілетінің сараптамасы.  Дәрігерлік еңбек сараптамасының сұрақтары жалпы статусымен, бұрынғы және қазіргі кездегі жұмыс қабілетіне, сонымен қатар жалпы соматикалық және кәсіптік аурулар кезіндегі тексерілулерге және медидициналық қарауларға байланысты. ССА бойынша мүгедектікке ауыстыру көрсеткіштері өте шектелген.

Аурудың қалыптасуы кезіндегі тексерілулер кезінде уақытша еңбекке жарамсыздық парағы  беріледі, ал қорытындысында уақытша (3-6 ай) басқа жұмысқа ауыстыру шешіледі.  Шешімді стационарлық немесе поликлиникалық  емдеу орындарындағы ДБК қабылдайды.

Барлық жағдайларда 4 ай емнен кейін  және еңбек қабілетін төмендететін  сәулелі зақымданулардың айқын белгілері болған кезде науқасты ДЕСК жолдайды.

Жұмыс қабілетін тұрақты төмендетеді: 1) тіндер мен ағзалардағы терең трофикалық және склеротикалық жергілікті өзгерістер, көру қабілетінің төмендеулерімен катаракта, ампутациялық дефектілір және контрактура: 2) айқын астенизация, орталық жүйке жүйесімен тамырлардың органикалық зақымданулары: 3) анемия, қан түзудің компенсирленбеген гипоплазиясы.

Мамандығы бойынша жұмыс істеу қабілеті сақталған кезде 3 топтың мүгедектігі беріледі.

Алдын алу.  ССА алдын алу шараларына қатаң түрде жұмыс ережелері мен нормативтерді сақтау жатады. иондаушы сәулелер көзімен жұмыс істейтін адамдар міндетті түрде дәрігерлік  бақылауында болады.

Дұрыс дем алу және тамақтану, рационалды еңбек ету және сәулелену мөлшерлерінің қалыпты нормадан аспауы алдын алу шаралардың міндетті бір бөлімі болып табылады.

Білімдерін тексеруге арналған тест сұрақтары:

1.  Сәулелі аурулардың түрі мен клиникалық көріністері байланысты:

  1. сәулелену түріне
  2. дозасына
  3. уақытқа байланысты бөлінуі
  4. барлығы дұрыс
  5. дұрыс жауабы жоқ

 

  1. Сәулелі аурулардың барлық түрлеріне жалпылай тән:
  2. ОНЖ зақымдануы
  3. Қан түзу және қан айналымның бұзылуы
  4. АІЖ бұзылуы
  5. интоксикациялық синдром
  6. жоғарыдағының барі дұрыс

 

  1. Иондаушы қабілеті жоғары:
  2. α – бөлшектер
  3. β – бөлшектер
  4. γ- бөлшекктер
  5. нейтрондар
  6. рентген сәулелері

 

  1. Ағзаға иондаушы сәулелердің әсерінің механизімі:
  2. белсенді радикалдардың түзілуі
  3. теол ферменттерінің сульфгидрил топтарымен байланысы
  4. нуклеопротеид синтезінің бұзылуы
  5. ядролы жасушалардың мутациясы
  6. жоғарыдағылардың барі дұрыс

 

5. Иондаушы сәулелердің арнай әсері барлық жүйелерге әсер етеді, тек:

1. қан түзу жүйесі

2. тері жабындысы

3. жыныс бездері

4. ас ішек

5. нейроэндокриндік жүйе

 

  1. Сүлелі сәулелі ауру ағыцмында ажыратады:
  2. өршу, ремиссия
  3. бастапқы, айқын, терминалды кезеңдері
  4. түзілу, қалыптасу, қортынды кезеңдері
  5. тұрақтану, өршу, жазылу
  6. алғашқы шабуыл, толық және толық емес ремиссиядағы рецидив

 

  1. Сүлелі сәулелі ауру кезөіндегі қанға тән көріністер:
  2. лейкоцитоз, лимфоцитоз
  3. полицитемия
  4. лимфопения, тромбоцитопениямен лейкопения
  5. лейкемиялық құлдраумен бластемия
  6. базафилді эозинофилдік ассоциациямен лейкоцитоз

 

  1. Сүлелі сәулелі аурудың барлық кезеңдерінде кездесетін синдром:
  2. қызба
  3. лимфоаденопатия
  4. интоксикациялық синдром
  5. геморрагиялық синдром
  6. миелопрофилерактивті синдром

 

  1. Сүлелі сәулелі аурудың бастапқы ткезеңі кезіндегі еңбек сараптамасы:
  2. жұмысын жалғастыру, бақылау
  3. жұмыстан босату, жеке дара жұмысқа орналастыру
  4. 1 жылға дейін жұмыстан босату, орташа айлық ақыны сақтап қалу, переквалификация
  5. тұрақты түрдегі жұмыс қабілетінің жоғалту деңгейін анықтау үшін МӘСК жіберу
  6. кәсіптік ауру бойынша мүгедектік

 

  1. Сәулелі аурудың дамуы үшін сыртқы сәулеленудің рұқсат етілетін дозасы асу керек:
  2. 5-10 бэр жылына
  3.  10-15 бэр жылына
  4. 20-30 бэр жылына
  5. 40-50 бэр жылына
  6. 100 бэрден ас жылына
Категория: Химия | Добавил: Anonymous (14.01.2013)
Просмотров: 2614 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Сағат

Сауалнама
Сайтта сізге не ұнайды !!!!!!!
Результаты
Всего ответов: 3922
Сайт мәзірі
Сайт көрсеткіші
Қазір online
Қазір сайтта: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0

Лучшая рип студия!