Сабақ жоспарлары
Мысалы: Бейнелеу 1-6 сыныпқа сабақ жоспарлары
Главная » Статьи » Курстык жумыстар

Қазақстан Темір жолы Ұлттық компаниясы Акционерлік қоғамының жарғысы
1-БАП. ҚОҒАМНЫҢ ЗАҢДЫ МӘРТЕБЕСІ
1. «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «Қоғам») «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» жабық акционерлік қоғамын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 15 наурыздағы № 310 қаулысына сәйкес құрылған. 
«Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы Заңына сәйкес Қоғамның атауы: «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» жабық акционерлік қоғамы» «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы» болып өзгертілді. 
2. Қоғам: 
1) Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі "Қазақстан темір жолы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (қайта тіркеу туралы 2001 жылғы 06 сәуірдегі № 7140-1901-МК куәлігі); 
2) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің "Қазақстан темір жолы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны «Инфрақұрылым» еншілес мемлекеттік кәсіпорнының (тіркеу туралы 2001 жылғы 23 қарашадағы № 10893-1901-МК куәлігі); 
3) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің "Қазақстан темір жолы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны «Локомотив» еншілес мемлекеттік кәсіпорнының (тіркеу туралы 2001 жылғы 23 қарашадағы № 10885-1901-МК куәлігі); 
4) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің "Қазақстан темір жолы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны "Вагон паркін басқару жөніндегі бірінші мемлекеттік компания" еншілес мемлекеттік кәсіпорнының (тіркеу туралы 2001 жылғы 01 қарашадағы № 10756-1901-МК куәлігі); 
5) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің "Қазақстан темір жолы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны "Вагон паркін басқару жөніндегі екінші мемлекеттік компания" еншілес мемлекеттік кәсіпорнының (тіркеу туралы 2001 жылғы 14 қарашадағы № 10817-1901-МК куәлігі); 
6) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің "Қазақстан темір жолы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны "Вагон паркін басқару жөніндегі үшінші мемлекеттік компания" еншілес мемлекеттік кәсіпорнының (тіркеу туралы 2001 жылғы 14 қарашадағы № 10816-1901-МК куәлігі); 
7) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің "Қазақстан темір жолы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны "Жүк тасымалдары" еншілес мемлекеттік кәсіпорнының (тіркеу туралы 2001 жылғы 23 қарашадағы № 10888-1901-МК куәлігі); 
8) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің "Қазақстан темір жолы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны "Хромтау – Алтынсарин темір жол желісін салу және уақытша пайдалану жөніндегі дирекция" еншілес мемлекеттік кәсіпорнының (тіркеу туралы 2002 жылғы 31 қаңтардағы № 11252-1901-МК куәлігі) құқық иеленушісі болып табылады. 
3. Қоғам Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылады және өз қызметін Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне (бұдан әрі – Қазақстан Республикасының заңнамасы), сондай-ақ осы Жарғыға (бұдан әрі – Жарғы) және Қоғамның Корпоративтік басқару кодексімен және Қоғамның басқа құжаттарымен сәйкес жүзеге асырады. 
4. Қоғам Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелген сәттен бастап заңды тұлға мәртебесін алады. 
5. Қоғамның қаржылық және өндірістік қызметі шаруашылық дербестік негізінде жүзеге асырылады. 
6. Қоғамның дербес теңгерімі, банктік, соның ішінде валюталық шоттары, толық фирмалық атауы мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған мөрі, тауар белгісі және үлгілері белгіленген тәртіппен бекітілетін және тіркелетін символикасы болуы мүмкін, сондай-ақ мемлекеттік және орыс тілдерінде мөртабандары, фирмалық бланктері және басқа да деректемелері бар.

2-БАП. ҚОҒАМНЫҢ АТАУЫ, ОРНАЛАСҚАН ЖЕРІ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ ЕТУ МЕРЗІМІ 
7. Қоғамның атауы: 
1) мемлекеттік тілде: 
толық атауы – «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы; 
қысқаша атауы - "ҚТЖ" ҰК" АҚ; 
2) орыс тілінде: 
толық атауы – Акционерное общество «Национальная компания «Қазақстан темір жолы»; 
қысқаша атауы – АО "НК "ҚТЖ"; 
3) ағылшын тілінде: 
толық атауы - Joint Stock Company "National Company "Kazakhstan Temir Zholy»; 
қысқаша – JSC «NC «KTZ» . 
8. Қоғам Басқармасының орналасқан жері: 010000, Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Жеңіс даңғылы, 98. 
9. Қоғамның қызмет ету мерзімі – шектелмеген.

3-БАП. ҚОҒАМНЫҢ ҚҰРЫЛТАЙШЫСЫ

10. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қоғамның құрылтайшысы болып табылады. 
11. «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» акционерлік қоғамы Қоғамның жалғыз акционері болып табылады.

4-БАП. ҚОҒАМНЫҢ ҚҰРЫЛТАЙ ҚҰЖАТТАРЫ

12. Жарғы Қоғамның құрылтай құжаты болып табылады. 
13. Барлық мүдделі тұлғалалар Жарғымен Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен танысуға құқылы.

5-БАП. ҚОҒАМ ҚЫЗМЕТІНІҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН ТҮРЛЕРІ

14. Қоғам қызметінің мақсаттары: 
1) таза табыс алу; 
2) экономиканың және халықтың багажды, жүк-багажды, жүктерді, почталық жөнелтілімдерді темір жол көлігімен тасымалдаудағы қажеттіліктерін толассыз және сапалы қамтамасыз ету; 
3) поездардың қозғалыс қауіпсіздігін және тасымалданатын багаждың, жүк-багаждың, жүктердің, почталық жөнелтілімдердің сақталуын қамтамасыз ету; 
4) магистральдық желінің инфрақұрылымын жоспарлы түрде және кешенді дамыту; 
5) ғимараттарды, құрылғыларды және техникалық құралдарды ақаусыз күйде күтіп ұстау; 
6) сыртқы экономикалық байланыстарды қамтамасыз ету; 
7) темір жол көлігінің жұмылдыру әзірлігін қамтамасыз ету, құпия және қызметтік мәліметтерді жария болудан қорғау жөнінде кешенді шаралар жүргізу болып табылады. 
15. Аталған мақсаттарға қол жеткізу үшін Қоғам мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады: 
1) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен бағдарлама бойынша магистральдық темір жол желісін салуды, күтіп ұстауды және жетілдіруді жүзеге асыру; 
2) тасымалдау процесін басқару; 
3) магистральдық темір жол желісі қызметтерін көрсету; 
4) темір жол көлігімен жүк, соның ішінде қауіпті жүктерді тасымалдауды жүзеге асыру; 
5) темір жолдың жылжымалы құрамын, соның ішінде қауіпті жүктерді тасымалдауда қолданылатын арнайы контейнерлерді жөндеу; 
6) жүк жөнелтушілердің, жүк алушылардың тасымалдаудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру, тасымалданатын жүктердің сақталуын және олардың тағайындалу пункттеріне уақтылы жеткізілуін қамтамасыз ету; 
7) маркетингтік қызмет; 
8) көліктің әр түрін қатыстыра отырып тікелей және аралас қатынастар жүйесін ұйымдастыру; 
9) Қазақстан Республикасының тасымалдау әлуетін барынша толық пайдалану жөніндегі шараларды жүзеге асыру; 
10) Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігімен келісе отырып, темір жол транзиттік-көлік дәліздерін қалыптастыру жөніндегі іс-шараларға қатысу; 
11) сыртқы экономикалық қызмет және шетелдік ұйымдармен экономикалық ынтымақтасуды дамыту; 
12) өнімдерді, көрсетілетін қызметтерді экспорттау (импорттау); 
13) ақпаратты қорғаудың техникалық құралдарын, ақпаратты өңдеудің қорғалатын техникалық құралдарын әзірлеуді, дайындауды, құрастыруды, реттеуді, қолдануды, сақтауды, жөндеуді және сервистік қызмет көрсетуді қоса алғандағы, Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын техникалық қорғау жөніндегі қызмет; 
14) Қоғамның қызметі туралы материалдарды әзірлеу және жинақтап қорыту, Қоғамның жарнамалық қызметін жүзеге асыру үшін кітаптар, альбомдар, журналдар, буклеттер, анықтамалықтар, фотоальбомдар, бейнефильмдер шығару; 
15) темір жол көлігі саласында ақпараттық қызметтер көрсету; 
15-1) темір жол көлігінің қажеттіліктері үшін импорт алмастырушы өндірісті дамытуға қатысу; 
16) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қызметтер. 
16. Лицензия немесе Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіп бойынша алынуы қажет басқа түрдегі рұқсатты талап ететін қызмет түрлері тиісті лицензиялар немесе басқа түрдегі рұқсаттар алынғаннан кейін ғана жүзеге асырылады.

6-БАП. ҚОҒАМНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

17. Қоғам Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық құқықтарды иеленеді және міндеттерді атқарады. 
18. Қоғам өз Акционерінің мүлкінен оқшауланған мүлікке иелік етеді және оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Қоғам өзінің міндеттемелері бойынша өз мүлкінің шегінде жауапты болады. 
19. Акционер Қоғамның міндеттемелері бойынша жауап бермейді жєне Қоғамның қызметіне байланысты, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, өзіне тиесілі акциялардың құны шегінде шығындар қатерін тартады. 
20. Қоғам мемлекеттің міндеттемелері бойынша жауап бермейді, сол сияқты мемлекет те Қоғамның міндеттемелері бойынша жауап бермейді. 
21. Қоғам магистральдық темір жол желісіне иелік етуді және пайдалануды жүзеге асырады. 
22. Қоғам Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен темір жол әкімшілігін халықаралық ұйымдарда өзінің өкілеттігі шегінде білдіреді. 
23. Қоғам Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің темір жол әкімшіліктерінің (темір жолдарының) Тарифтік келісіміне қатысушы болып табылады, халықаралық қатынаста жүк тасымалдарына арналған тарифтік саясатты әзірлейді. 
24. Қоғам өз атынан мәмілелер (шарттар, контрактілер) жасай алады, мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттемелер ала алады, сотта талапкер және жауап беруші бола алады, сонымен қатар Қазақстан Республикасының зањнамасына қайшы келмейтін басқа да іс-әрекеттерді жүзеге асыра алады. 
25. Қоғам қорғалатын құжаттарды, технологияларды, «ноу-хау» жєне басқа ақпараттарды иелену және пайдалану құқығын ала және бере алады. 
26. Қоғам бағалы қағаздарды шығара және оларды тарата алады, мемлекеттік және корпоративтік бағалы қағаздарды сатып ала алады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының зањнамасында кµзделген тєртіппен өзінің қаржылық қатерлерін туынды қаржылық құралдар арқылы сақтандыра алады. 
27. Қоғам Қазақстан Республикасында және шетелде өзінің филиалдары мен өкілдіктерін құра алады, оларға негізгі құралдар мен ағымдағы активтерді бере алады және Қазақстан Республикасының зањнамасына сәйкес олардың қызмет тәртібін белгілей алады. Филиалдар мен өкілдіктердің мүлкі Қоғамның теңгерімінде есепке алынады. 
28. Қоғам филиалдардың және өкілдіктердің Қоғам тағайындайтын лауазымдар номенклатурасын, сондай-ақ жылдық еңбекақы қорының көлемін бекітеді. Филиалдыњ басшысы және өкілдіктің басшысы Қоғам берген сенімхаттар негізінде әрекет етеді. 
29. Қоғам өндірістік қызметті жоспарлауға, қызметкерлердің еңбегіне төлем жасауға, материалдық-техникалық жабдықтауға, әлеуметтік дамытуға, кадрларды іріктеуге, орналастыруға, қайта даярлауға және біліктігін арттыруға байланысты барлық мәселелерді дербес шешеді. 
30. Қоғам белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасыныњ аумағында жєне одан тыс жерлерде орналасқан банктер мен басқа қаржылық мекемелерде ұлттық жєне шетелдік валютада шоттар ашады. 
31. Қоғамның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кепілгер болуға, қазақстандық, шетелдік заңды және жеке тұлғалардан теңгемен де, шетелдік валютамен де қарыздар алуға және кредиттер пайдалануға құқығы бар. 
32. Қоғам Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген стандарттарға сәйкес Қоғамның барлық бөлімшелерінің орындаулары үшін міндетті нормативтік-техникалық құжаттамаларды әзірлейді жєне бекітеді. 
32-1. Қоғам қызметтік және коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты білетін қоғам қызметкерлері тізімінің міндетті түрде жүргізілуін қамтамасыз етеді. 
33. Қоғам өз қызметінің барысында Қазақстан Республикасының зањнамасына сәйкес бағалар мен тарифтердің мемлекеттік тәртібінің қатаң сақталуын қамтамасыз етеді. 
34. Қоғам белгіленген тәртіппен уәкілетті мемлекеттік органдарға қаржылық, салықтық және статистикалық есептер тапсырады. 
35. Қоғам қоршаған ортаны Қоғамның қызметі салдарынан пайда болатын ластанудан және басқа да зиянды әсерлерден қорғауға жауапты болады. 
36. Қоғам қызметкерлердің еңбегін қорғауға, материалдық құралдардың және ақшаның, багаждың, жүк-багаждың, жүктердің және почта жөнелтілімдерінің жол бойында және станцияларда сақталуына, темір жол көлігі объектілерінің өрт қауіпсіздігіне жауапты болады. 
37. Қоғам материалдардың, отынның, жағар майдың, электр энергиясының және қосалқы бөлшектердің шығыс нормаларын әзірлейді, олардың сақталуына бақылау жасайды 
38. Қоғам еңбек тәртібінің сақталуын қамтамасыз етеді. 
39. Қоғам пайдалану қызметіне оперативтік басшылық етуді, поездар қозғалысының кестесін, жылжымалы құрамды пайдалану нормаларын және магистральдық темір жол желісі арқылы жолаушыларды, багажды, жүк-багажын, жүк және почталық жөнелтілімдерді тасымалдаудың жоспарын әзірлеуді жүзеге асырады. 
40. Қоғам Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен азаматтық пиротехникалық құралдарды және оларға қолданылатын бұйымдарды өндірістік мақсаттар үшін сатып ала алады. 
41. Қоғам Қазақстан Республикасының зањнамасымен және Жарғымен көзделген басқа да құқықтарды иеленуі және басқа да міндеттерді атқаруы мүмкін.

Категория: Курстык жумыстар | Добавил: Frenzy (16.12.2012)
Просмотров: 1944 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Сағат

Сауалнама
Сайтта сізге не ұнайды !!!!!!!
Результаты
Всего ответов: 3921
Сайт мәзірі
Сайт көрсеткіші
Қазір online
Қазір сайтта: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0

Лучшая рип студия!