Сабақ жоспарлары
Мысалы: Бейнелеу 1-6 сыныпқа сабақ жоспарлары
Главная » Статьи » Әлеуметтану, саясаттану

Антикалық және жаңа замандағы ғалымдар еңбектеріндегі мемлекет және құқық институттары.

Антикалық және жаңа замандағы ғалымдар еңбектеріндегі мемлекет және құқық институттары.

Қазіргі заманның осы бағыттағы зерттеулері салыстырмалы құқықтың танымдық әдіс ретінде Ежелгі Грецияда қолданыла бастағанынкөрсетедіЕртеден бастап зерттеушілер мемлекеттік және құқықтық құбылыстарды танып білуге ұмтылған, зерттей келе олар әр-түрлі, кей де бір-біріне қайшы келетін тұжырымдарға келіп тоқтаған. Оны әрине, әрбір заманда орын алған әр түрлі объективті жағадйлармен түсіндіруге болады.

Ең алғаш қалыптасқан идеялардың бірі адамның мемлекет пен құқыққа деген көзқарасы. Мысалы; Ф.Аквинский мемлекет пен құқықтың қасиеттілігін, олардың құдайдан бастау алатынын түсіндіруге тырысты.

Ерте замандағы Аристотель; Платон тағы басқа ғалымдардың мемлекет пен құқықтануға салған үлестері мол. Аристотель, мемлекеттерді салыстыра отырып, оларды дұрыс мемлекеттер және дұрыс емес мемлекеттер деп екі топқа бөліп, оларға түсініктеме берді.

Платон өзінің атақты «Мемлекет» атты еңбегінде әділеттімемлекетті сипаттайды. Платонның тұжырымы бойынша мемлекет – ол үлкейген, кеңейген семья, мемлекетте монархтың билігі семьядағы әкенің билігіндей, мемлекеттегі әр бір адам – сол семьяның мүшесі. Мұндай мемлекет адамдардың бір-біріне деген туыстық сезіміне, сыйластық сезіміне негізделген үлкен одақ.

Платон әділетті адам мен әділетті мемлекетті салыстырады.

Жаңа заманның ағартушылары (Г.Гроций, М.Руссо) грек ойшылдарының теорияларына негізделген табиғи құқық туралы теорияны дамытты.

ХYII ғасырда Монтескье теологиялық теорияны сынға тартып, оған қарсы тұратын биліктің бөліну концепциясын ұсынды.

Капиталистік қатынастардың басталуымен көптеген ойшылдар құқық пен мемлекетті құдаймен байланыстырған тұжырымдарды жоққа шығара бастады. Олардың көзқарасы бойынша құқық – адамның табиғатымен байланысты құбылыс.

Ол адаммен бірге дүниеге келеді, яғни оны ешкім адамға сыйламайды. Осы көзқарасты жақтаушылар оны табиғи құқық деп атаған. Вольтердің айтуынша табиғи құқық табиғат заңдарынан бастау алады және әрбір адамның жүрегінде жазылады.

Буржуазиялық ағартушылар мемлекеттің шығу және өмір сүруін әлеуметтік факторлармен емес, адамдардың жеке қасиеттерімен байланыстырды. Олардың көбі адамның табиғи құқықтарын басышылыққа алды.

Ал олардың ізбасарлары мемлекеттік құдіреттілікті әртүрлі, тіпті кейде қарама-қарсы түсіндіріп отырды. Бірі адам туа біткенде жамандыққа жақын тұрады, қоғада да біріне-бірі қарсы күрес жүргізеді. Бұған тосқауыл қою, бір қалыпқа түсіру үшін мемлекет керек (Гоббс, 1588-1679) десе; енді бірі адам тұмысынан жақсылыққа жаралған, бірақ заң жолымен өмір сүруі үшін адамдар өзара болжамды қоғамдық шарт жасасып, мемлекет құрады (Ж.Руссо, 1712-1778)  деп уағыздады.Бұл пікір мемлекеттің проблемаларын жеке адамға әкеп тіркегенімен, көптеген қатынастарды және жанастыруларды ескермейді, әсіресе адамның мүддесінен гөрі жиі-жиі ерекшеленетін, өз мідделерін алға тартатын мемлекет пен қоғамдағы әртүрлі әлеуметтік топтар қатынастарын ұмыт қалдырады.

 


Категория: Әлеуметтану, саясаттану | Добавил: nauriz (19.03.2012)
Просмотров: 2228 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Сағат

Сауалнама
Сайтта сізге не ұнайды !!!!!!!
Результаты
Всего ответов: 4008
Сайт мәзірі
Сайт көрсеткіші
Қазір online
Қазір сайтта: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0

Лучшая рип студия!