Сабақ жоспарлары
Мысалы: Бейнелеу 1-6 сыныпқа сабақ жоспарлары
Главная » Статьи » Әлеуметтану, саясаттану

Қазақстан Республикасының ұлттық құқықтық жүйесінің түсінігі.

Қазақстан Республикасының ұлттық құқықтық жүйесінің түсінігі.

 

 Егер де қоғамда маңызды экономикалық және саяси өзгерістер болып жатсаоның құқықтық жүйесі де өзгеріссіз қалмайдыӨйткеніқоғамның экономикалық және саяси жүйесі құқықтың қатысынсыз өмір сүруі  мүмкін емес.

Кез келген мемлекеттің құқықтық жүйесі қоғамның дамуының заңдылықтарыноның тарихиұлттықмәдени ерекшеліктерін көсетедіӘрбір мемлекеттің  басқа мемлекеттің құқықтық жүйелерімен ұқсастықтары және өзіндік ерекшеліктері бар жеке құқықтық жүйесі болады.

Құқықтық жүйе дегеніміз – белгілі бір елдегіқоғамдық қатынастарды реттейтін бір-бірімен тығыз байланысқан құқықтық құрылымдардыңжәне сол елдің құқығының дамуының деңгейін сипаттайтын элементтердің жиынтығы.

Құқықтық жүйе келесі элементтерден құрылады:

1.     позитивті құқықяғни заңдарда немесе басқа да нормативтік актілерде   бекітілген мемлекет белгілеген жалпыға бірдей міндеттінормалар жүйесі;

2.     құқықтық идеология – қоғамдағы құқықтық көзқарастаридеялартүсініктер жиынтығы.

3.     құқықтық сана – жеке адамдардың және әлеуметтік бірлестіктердің мемлекетте әрекет еттетін және қоғам қалайтын құқыққақатынасы;

4.     сот тәжірибесі.

Қазақстан Республикасының ұлттық құқықтық жүйесі Қазақстан Республикасының Конституциясының 1; 4 статьяларының негізіндеқұрылады Бұл стаьяларда заң шығарудыңқұқықтық тәжірибенің және үстемдік ететін құқықтық сананың демократиялықгуманистік сипаты,яғни Қазақстан Республикасының ұлттық құқықтық жүйесінің  құрылымының ерекшеліктері көрсетіледі.

 Егемендік алғаннан кейін ҚР әр түрлі факторларды ескере отырып өзінің жаңа ұлттық құқықтық жүйесін құрайды

 Жалпы ҚР-ң құқықтық жүйесінің ерекшеліктерін көрсете отырыпоның роман-германдық құқықтық жүйеге жатқызуға болады.

  Ең алдыменРеспубликамызда құқықтың негізгі қайнар көзі – нормативтік-құқықтық акт.

  Конституцияның 4-статьясында «ҚР-да қолданылатын құқық Конституциясыныңоған сәйкес келетін заңдарөзге де нормативтікқұқықтық актілердіңРеспубликаның халықаралық шарттың және өзге де міндеттемелерініңсондай-ақ Республиканың КонституциялықКеңесінің және Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларының нормалары болып табылады» делінген.

 ҚР-ң құқықтық жүйесі құқықты қоғамдық қатынастарды реттейтінжалпыға бірдей мінез-құлық ережелерінің жиынтығы ретінде түсінугенегізделеді.

 Адамның табиғи құқығы мен бостандығын мойындауконституция деңгейінде бекіту және  ерекше мән беру – ҚР-ң құқықтық жүйесініңтағы бір ерекшелігі болып табылады.

 Сот органдарының заң шығаруға құқығы жоқОлар тек заңды қолданады және құқықтық нормаларға түсінік береді.

 ҚР-ң құқықтық жүйесінің тағы бір ерекшелігі – Конституцияның жоғарлылығыБұл принцип мелмекеттің Конституцияғабағыныштылығын білдіредіяғнибарлық мемлекеттік органдардыңқоғамдық бірлестіктердіңлауазымды адамдардың жұмысыКонституцияға негзделуі керек.

 ҚР-ң негізгі заңыбарлық нормативтік құқықтық актілердің негізі.

 Республикада қабылданған заңдар мен өзге актілердің Конституцияға сәйкестігін Конституциялық Кеңес қабылдайды.

 ҚР-да құқықтың жеке салаларына жататын мемлекет заңдары бірыңғай жүйеге келтірілген.

 Қорытындылай келе, ҚР-ң ұлттық құқықтық жүйесінің роман-германдық құқықтық жүйеге сәйкес келетін көптеген белгілері бар. Олар:

1.     құқықтың негізгі қайнар көзі – нормативтік-құқықтық акт;

2.     заңдардың жүйеленуі;

3.     Конституцияның тікелей қолданылуы;

4.     құқықты қоғамдық қатынастарды реттейтін, жалпыға бірдей мінез-құлық ережелерінің жиынтығы ретінде түсіну және тағы басқалары.

 


Категория: Әлеуметтану, саясаттану | Добавил: nauriz (19.03.2012)
Просмотров: 3143 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Сағат

Сауалнама
Сайтта сізге не ұнайды !!!!!!!
Результаты
Всего ответов: 4012
Сайт мәзірі
Сайт көрсеткіші
Қазір online
Қазір сайтта: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0

Лучшая рип студия!