Сабақ жоспарлары
Мысалы: Бейнелеу 1-6 сыныпқа сабақ жоспарлары
Главная » Статьи » Әлеуметтану, саясаттану

Азаматтық құқық түсіні, пәні және азаматтық-құқықтық қатынас

Азаматтық құқық түсіні, пәні  және  азаматтық-құқықтық қатынас

 

Азаматтық құқық - бұл тауар- ақшалай және қатысушыларының теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастарды, сондай-ақ мүлікпен байланысты жеке мүліктік емес қатынастарды реттейтін құқық саласы. 

Азаматтық құқықтық қатынастардың субъектілері - жеке тұлға және заңды тұлғалар.

Құқық өкілеттігін алған құқық қабілетті атаулының бәрін тұлға деп атауға болады.

Тұлғаның 2 категориясы болады: жеке тұлғалар және заңды тұлғалар.

Жеке тұлға дегеніміз ҚР азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар.

Заңды тұлға - меншік, шаруашылық жүргізу және жедел басқару құқығында оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік жіне мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым. Оған мекеме, ұйым, кәсіпорын жыне т.б. жатады.

 

 

 

Өкілдік түсінігі және оның жасалу тәртібі

 

Мүліктік қатынастарда өкілдікті жүзеге асыру Азаматтық кодекстің 5 тарауында қарастырылған. Соттық дауларда өкіл талапкер немесе жауапкер атынан әртүрлі іс-жүргізу әрекеттерін жасай алады. Әсіресе, ол айғақтар, сотқа ауызша және жазбаша түсінік бере алады, сот шешіміне шағым жасай алады және бейбіт келісім жасауға құқығы бар.

Өкілеттік деп басқа адамның атынан бір адамның сенімхатқа, заңдарға, сот шешіміне не әкімшілік құжатқа негізделген өкілеттігі күшімен жасалған мәмілесін айтамыз. Өкілдік берушінің азаматтық құқықтары мен міндеттерін тікелей туғызады, өзгертеді және тоқтатады.

Өкілеттік өкілдің (бөлшек сауда жүйесіндегі сатушы, кассир) әрекет жасаған жағдайынан көрінуі мүмкін (АК-тің 163-бабы).

Өкілдік институтының маңыздылығы сонда, ол тұлғаға бір мезгілде бірнеше рынокта, оның ішінде шетелде жұмыс істеуге мүмкіндік береді, сондай-ақ істің көзін білетін әрі ұйымдастыра алатын мамандарды тартуға қолайлы келеді.

Іс-әрекеттердің бәрін өкілет арқылы істеуге бола бермейді. Заң бойынша кейбіреулер үшін оның өзі қатысуы керек болады. Заңдылық әрекеттерді өзі ғана жасауы керектігі заңда айтылмаған немесе сол әрекеттердің сипатынан тумаған жағдайлардың бәрінде де өкілдікке рұқсат беріледі. Мәселен, өсиет қалдыру мәселесіне өкілдік болмайды, өйткені, қағазға өсиет қалдырушы өзі қол қоюы керек,некені тіркеуде, лекция оқу, сахнада ойнау тәрізді жеке өзіндік міндеттерді орындағанда арада өкілдік жүрмейді (АК-тің 163-бабы,5-тармағы).

Өкілдік институтының мазмұны субъектілер құрамы туралы ережемен айқындалады, ал ол кезегінде құқықтар мен міндеттердің пайда болуына, олардың мазмұндарына, қорғану түрлеріне негізделеді. Аталған негізгі элементтердің сипаты өкілдік ұғымы арқылы көрінеді.

Өкілдіктің негізгі белгілері:

1. Өкілдіктің субъектілерінің құрамы үш адамнан-өкілдік беруші, өкіл және үшінші жақтан тұрады. Өкілдік беруші өкілге іс-әрекеттерді жасауды тапсырып, тиісті сенімхат берген болса ғана немесе заңды тұлғаның құжаттары бойынша істейтін болса ғана өкілдің іс-әрекеттері өкілдік беруші үшін құқықтар мен міндеттер тудыра алады. Азаматтық құқықтың кез келген субъектілер, құқық қабілеттілігі бар немесе жоқ адам да, заңды тұлға да өкілдік беруші бола алады. Өкілеттікті жүзеге асыру кезінде екі бірдей құқықтық қатынас жүзеге асырылады: өкілдік беруші мен өкіл арасындағы ішкіқұқықтық қатынас, өкіл мен үшінші жақ арасындағы сыртқы құқықтық қатынас. Алайда екінші құқықтық қатынаста өкіл іс-әрекетке өз атынан түспейді.

Ал азаматтық құқық субъектілерінің бәрі бірдей өкіл бола алмайды. Азаматтық әрекет қабілеттілігі бар кез-келген тұлға, яғни азаматтар мен заңды тұлғалар өкіл бола алады. Мұның өзі алдымен азаматтың 18 жасқа толу керектігін көрсетеді, бұл жаста оған азаматтық әрекет қабілеттігі толықтай тән, ал заңды тұлғадағы өкілдік жарғымен айқындалған құқықтық қабілеттілікке қайшы келмеуі тиіс. Азаматтық Іс жүргізу кодексі сотта өкіл бола алмайтын тұлғалар тобын белгілейді. Олар: судьялар, тергеушілер, прокурорлар, істі қарауға қатысы бар лауазымды тұлғамен туыстық қатынасы бар тұлғалар.

Өкіл беруші кез-келген азаматтық құқық субъектісі бола алады. Өкілеттік берушінің әрекет қабілеттігі тек ерікті түрдегі өкілдік үшін қажет.

Үшінші жақ - азамат немесе заңды тұлға. Өкілдік онымен әрекетке түсуі нәтижесінде өкілдік берушінің азаматтық құқық қатнастары белгіленеді, өзгереді және тоқтатылады.

2. Өкілдік шартсыз болуы мүмкін. Азаматтық кодекстің әрекет қабілетсіз азаматтар атынан заңды өкіл болу шартын қарастыратын 164-бабынан басқа АІК-де соттағы заңды өкіл туралы  ереже қарастырылған. АІК 38-бабында әрекет қабілетсіз азаматтардың, толық әрекет қабілеттігі жоқ азаматтардың, әрекет қабілеттігі шектеулі деп танылған азаматтардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін сотта олардың ата-аналары, асырап алушылары, қамқоршылары мен қорғаншылары сотта өздерінің өкілетті құжаттарын көрсете отырып қорғай алады. Қазақстан Республикасының "Неке және отбасы туралы” Заңының 111 – бабына сәйкес қамқоршылар мен қорғаншылар заң жүзінде қамқоршылыққа алынғандардың өкілдері болып табылады және барлық қажетті мәмілелерді олардың атынан және олардың мүдделерін көздеп жасайды.

Қамқоршылар өздерінің қамқоршылығындағы адамдардың өз бетінше жасауға құқығы жоқ мәмілелерді жасауға келісім береді, қамқоршылығындағылардың өз құқықтарын жүзеге асыруына және міндеттерін атқаруына жәрдем көрсетеді, сондай-ақ оларды үшінші бір тұлғалардың тарапынан ықтимал қиянаттардан қорғайды.

3. Өкілдіктің құқығы мен міндетінен туындайтын қандайда бір әрекеттер өкілдік беруші үшін жасалады. Өкілдің барлық әрекеттері  өкіл беруші үшін заңды салдарлар туғызады.

4. Өкіл өкілеттік негізінде әрекет етеді. Өкілеттік бұл - өкілдің жасай алатын әрекеттер шеңбері, құқықтық қатынастардағы өкілдің мәміле негізінде белгіленген мүмкіндіктерінің шектері.Өкілдіктің түріне қарай өкілеттік әртүрлі тәсілдермен қалыптасады. Ерікті өкілдікте өкілеттік екі жақтың келісімімен жүзеге асырылатын әрекеттер сипаты шарт немесе сенімхат мәтінінде көрсетіледі.

Өкілдік негізі бір тұлғаның (өкілдік беруші, сенім беруші) екінші тұлғамен (өкілмен) өкілеттікті бөлісуі жатыр. Мұндай өкілеттік болмаған және өкілдік қатнасын асыра пайдаланған екінші жақтың өкілдік беруші тұлғаның атынан жасалған мәмілесі жарамсыз болып табылады. Бірақ Азаматтық кодекстің 165-бабына сәйкес өкілдігі жоқ басқа бір адамның атынан немесе өкілеттігін асыра пайдаланып жасаған мәмілесі өкілдік беруші кейін осы мәмілені кейіннен мақұлдаған ретте ғана үшін азаматтық құқықтар мен міндеттерді туғызады, өзгертеді және тоқтатады. Әрі өкілдік берушінің берушінің кейіннен мақұлдауы мәмілені оны жасаған кезінен бастап жарамды етеді.

Өкілеттік туындауының негізі – заң фактісі болып табылады. Заңда мынандай өкілдіктің негіздері бар: шартта немесе алдын-ала келісімде көрсетілген өкіл ұстауға тілек білдірген өкілдік берушінің еркі; заңда көрсетілген фактілер; мәселен ата-ана өздерінің балаларының заңды өкілдері бола алады, әрі олардың құқықтары мен міндеттерін кез келген жеке және заңды тұлғалар алдында қорғай алады, сондай-ақ балалары үшін сотта арнайы өкіл болып қатыса алады (АК-тің 164-бабы); уәкілетті органның актісі-тұлғалар өкіл болып қатысуға рұқсат беретін акт. Мысалы өкілеттік міндетті атқаруды талап ететін лауазымға тағайындау өкілеттік сондай-ақ өкілдің (бөлшек сауда жүйесіндегі сатушы, кассир және т.с.с.) әрекет жасайтын жағдайынан да көрінуі мүмкін (АК-тің 163-бабының 1-тармағы).

Өкілдік заңды және ерікті деп бөлінеді. Заңды өкілдік тікелей заңнан туындайды, әрі ол өкілдік берушінің еркіне қарамайды. Мысалы, Теңіз жолы сауда кодексі бойыншакеме капитаны қызмет бабында жасалған мәмілеге байланысты кеме иесінің және жүк иесінің өкілі болып табылады, жолшыбай не барған жерінде кеме иесінің немесе жүк иесінің өкілдері болмаса, жағдайға байланысты талап қою мәселесін өзі шеше береді, кейбір мәмілелерге билік етеді (ТЖСК-нің 50-бабы) Шартқа негізделген өкілдік ерікті өкілдік деп атайды. Мұның өзі өкілдік берушінің еркіне байланысты болады. Өкілдік беруші өкілдік тауып қана қоймай, оның өкілеттігін де айқындайды (мысалы, тапсырма шарты).

Заңды өкілділік сот шешіміне немесе әкімшілік актіге негізделеді. Азаматтық хал актілерін тіркеу органында тіркелген туу куәліктері негізінде ата-аналар өз балаларының өкілі бола алады. Балаларды асырап алу жағдайында дәл солай тіркеу жүргізіледі және асырап алушыларды ата-ана ретінде жасылуына және жаңа туу туралы куәліктің берілуіне жергілікті атқарушы органның әкімшілік шешім-актісі негіз бола алады.

Азаматтық кодекске сәйкес әрекет қабілеті жоқ азаматтарға, әрекет қабілеті шектеулі азаматтарға, жасөспірімдерге, психикалық ауыратын азаматтарға қамқоршы, ішімдікке салынған азаматтар мен нашақорларға сот қорғаншы тағайындайды. Бұл өкілдердің өкілеттігі заңмен анықталады, сондықтан олар заңды өкілдер деп аталады.

Өкілетсіз екінші бір тұлғаныңмүддесі үшін әрекет еткен тұлға өкіл болып табылмайды. Өкілетсіз әрекетке АК 165-бабы өкілеттікті асыра пайдаланушыларды да жатқызады.  Өкілеттікті асыра пайдалануға сенімхатта көрсетілмеген мәмілелерді жүзеге асыру жатқызылады. Мысалы, пәтерді мәміле бойынша жалға алу керек болса, өкіл оны сатып-алуға келісімге отырады. Өкіл асара пайдаланған өкілеттіктің салдарын өкілдік беруші қолдаса, онда әрекет негізінде туындаған құқықтар мен міндеттер осы әрекет жасалған уақыттан бастап өкіл берушіге тиісті болады. Егер өкіл беруші әрекетті қолдамаса, оның ішінде өкілеттікті асыра пайдалану негізінде жасалған мәмілелерді дұрыс деп таппаса, онда үшінші жақ алдында жауапкершілікті өкіл ретінде қатынасқа түскен адам алады.

Рыноктық қатынасқа өту және мүліктік айналымның дамуы жағдайында тауар-ақша қатынасында коммерциялық өкілдік маңызды орын алады. Коммерциялық өкіл – бұл шарт жасасу кезінде кәсіпкер атаныан тұрақты және еркіті өкіл бола алатын тұлға. 

Егер мұндай шарттың тарабы кәсіпкерлік жүйеде шарт жасасқан кезде олардың атынан үнемі және дербес өкілдік етуші болмаса, онда коммерциялық өкілдік туындай (АК-тің 166-бабының 1- тармағы). Мұндай жағдайда коммерциялық өкіл өкілдің өкілеттігі көрсетілетін жазбаша шарт негізінде, ал ол көрсетілмеген жағдайда- сенімхат негізінде әрекет жасайды. Коммерциялық өкілдік екі түрге бөлінеді: өз өкілдігі және бөтен тұлғаның алдында болатын өкілдік.

Өз атынан болу – заңды тұлға өкілді өз құрылымына тағайындайды және ол арқылыөзінің құқықтарымен міндеттерін орындап, мүделерін қорғайды. Мұндай өкілетте бір субъект болады, сырттан бөтен тұлғаны айналымға қатыстырмайды (АК-тің 163-бабының 1- тармағы).  Мысалы, жұмыс беруші атынан басқа субъектілермен құқықтық қатынаста өзінің қызметтік міндетін атқаратын жұмысшы, кәсіпорыннң ісін жүргізуші немесе сауда мәмілесін жасаушы кәсіпорын қызметкері сәйкес заңды тұлғаның өкілі болып табылады. (дүкен сатушысы, кәсіпорынның заңды кеңесшісі, т.б.).

Өз атынан өкіл болу сонымен қатар басқа да тәсілмен жасалуы мүмкін. Әсіресе, олар заңды тұлға өз қаржысы есебінен  қосымша құрылымдық бөлімдерді құру кезінде пайда болады. Мысалы оған заңды тұлғалардың филиалдарын, өкілдіктерін және шаруашылық серіктестіктерін  жатқызуға болады. Олар өздерін құрушылардың мүддесі үшін мәмілеге қатысқан кезде бұл құрылған жаңа құрылымдардың құқықтық жағдайының тең болатынын естен шығармау қажет. Бірақ олар заңды тұлға бола алмайды. Бұл құрылымдық бөлімдердің жетекшілерін құрушы коммерциялық заңды тұлғалардың уәкілетті органдыры тағайындайды және олар сенімхатта көрсетілген функцияларды ғана атқара алады.

 Коммерциялық өкілдіктің екінші түрі-басқалардың мүдделері үшін болса да өз атынан әрекет ететін адамдар (коммерциялық делдалдар, мұрагерлік кезінде өсиетті орындау тапсырылған адамдар және т.б.). Өкілдіктің бұл түрі бизнес сферасында қызмет көрсетудің өзіндік түрі ретінде сипатталды. Мүліктік айналымда бұл өкілдік арнайы делдалдық түрі ретінде қолданылады.

Рыноктың қажеттілігіне сәйкес делдалдық қызметтің дамуын өкілдікті жүзеге асыру жолы  нормативтік актілермен реттеледі.

Қазақстан Республикасы Президентінің "Тауарлық биржа туралы” Жарлығында биржалық сауда қатысушыларының арасында брокерлік ұйымдар мен тұтынушы атынан және оның есебінен биржалық мәміле жасай алатын брокерлер аталған.

 Коммерциялық өкілдің өкілеттігі жазбаша шартта тікелей көрсетілуі тиіс немесе оған берілетін сенімхатта да жазылады. Коммерциялық өкіл бір мезгілде өзінің қатысуымен жасалатын шартың түрлі тараптарын мүдделерін білдіре алады. Бұл орайда ол өзіне берілген кәдімгі кәсіпкердің ыждағаттығымен орындауға міндетті.(АК-тің 166-бабының 4-тармағы).

Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген салаларындағы коммерциялық өкілдіктің ерекшеліктері заңмен белгіленеді.

Коммерциялық өкілдіктедің ерекше сипаты төмендегі ережелерден көрінеді:

1) коммерциялық өкілдердің өкілеттігі сенімхаттарда жазбаша көрсетілуі тиіс;

2) коммерциялық өкілге өкілдік беруші атынан өз мүддесі үшін немесе басқа тұлғаға қатысты мәмілелер жасауға жол берілмейді, сонымен қатар бір уақытта өкілге оның қатысуымен жасалған шарттың әртүрлі тараптарының мүдделерін білдіре алады (мысалы, сатушы мен сатып алушының, жалға беруші мен жалға алушының және т.б.).

3) комерциялық өкіл өзара жасасқан шартта көрсетілген болса, шарт тараптарынан сыйлық ақы алуға құқылы;

4) коммерциялық өкілге сауда мәмілелерін жаса кезінде мәлім болған құпияларды сақтау міндеті жүктеледі.

Коммерциялық өкілдіктің бір сферасы сақтандыру құқықтық қатынасы  болып табылады. Қазақстан Республикасы Президентінің "Сақтандыру туралы” Жарлаығы бойынша сақтандыру ұйымы ретінде тіркелген, заңды тұлғалардың атынан әрекет ететін сақтандыру брокерларының қызметіне жол берілген. Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғалары үшін сақтандыру брокері ретінде лицензияланған қызмет қажет емес. Шетелдік заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының территориясында сақтандыру брокерлік қызметтерін өздерінің филиалдары немесе өкілдіктері арқылы белгіленген тәртіпте жүзеге асыра алады.

 

 

 

 

 

 

Сенімхат түсінігі және жасалу тәртібі

 

Сенімхаттың нысаны мен мерзімі сенімхат берілген елдің құқығы бойынша анықталады.

Азаматтық сотта азаматтар өз істерін не өзі не өкілдік арқылы жүзеге асыра алады. Сотта өкіл болып сотта іс жіргүзуге өкілеттігі сенімхат, заң, әкімшілі акті, немесе сот шешімі негізінде ресми түрде анықталған кез келген әрекет қабілеті бар тұлға бола алады.

Сотта тапсырма (кепіл) бойынша төмендегі тұлғалар өкіл бола алады:

1) Қорғаушы;

2)  Заңды тұлға қызметкерлері;

3) Уәкілдігі бар кәсіби одақ – осы кәсіптік одақ құқықтары мен мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын тұлғалардың, жұмысшылардың қызметкерлердің істері бойынша;

4) Сол ұйым мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғауға заңмен, ережемен құқық берілген уәкілетті ұйымдар;

5) Тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға құқық берілген уәкілетті органдар;

6) Басқа қатысушылардың уәкілеттігі бойынша қатысушы.

Судьялар, тергеушілер, прокурорлар және депутаттар өкіл бола алмайды. Сотта іс жүргізу уәкілеттігі өкілге уәкілеттік беруші атынан барлық істерді жүргізуге құқық береді. Бірақ, оның талап арызға қол қоюға, талап арыздан толық немесе жартылай бас тартуға, талап мазмұнын өзгертуге, сот шешіміне шағымдануына, уәкілдікті басқа тұлғаға беруіне, сот шешімінің орындалуын талап етуіне құқығы жоқ.

Осы аталған әрекеттерді жүзеге асыру үшін оның құқығы өкілеттік берушінің сенімхатында көрсетілуі керек. Өкілдің уәкілеттігі заңға сәйкес рәсімделген сенімхатпен жасалады.

Әрекет қабілеттігі жоқ азаматтардың құқықтар, бостандықтары және заңмен қорғалатын мүдделері сотта олардың ата-аналарымен, асырап алушыларымен, қамқоршысылары немесе қорғаншыларымен сотта уәкілеттік құжаттарын көрсете отырып жүзеге асырылады. Хабар-ошарсыз кетті деп танылған азаматтың ісі бойынша өкілеттікті оның мүлкіне қорғаншылықты жүзеге асырып отырған адам ала алады.

Заңды өкілдер уәкілдік берушінің атынан барлық іс жүргізу әрекеттерін, уәкілдік берушіге тиесілі құқықтарды заңда көрсетілген шектеулермен жүзеге асыра алады. Заңды өкілдер сотта іс жүргізуді басқа өкілге бере алады.

 Бір адамның (сенім берушінің) өз атынан өкілдік ету үшін екінші адамға (сенім білдірген) берген жазбаша уәкілдігі сенімхат деп танылады. Сенімхатты пайдалану кезінде уәкілдік және өкілетті деген терминдерді ажырата білу керек. Уәкілдік дегеніміз өкілдік өкілдік беруші атынан іс-әрекетуке қатынасуы, ал өкілеттік - өкілдік беруші үшін өкілдің жасауға құқылы әреукеттерінің шеңбері болып табылады.

Заң жағынан қарағанда сенімхат беру – біржақты мәміле, яғни бұл өкілеттікті беру үшін бір тараптың өкілдік берушінің ерік білдіруі қажет және жеткілікті сондықтан да өкілдің келісімі талап етілмейді. Сенімхат бір жақты мәміле болғандықтан, онда мәтінде көрсетілген тұлғаның басқа біреудің атынан құқықтық қатынасқа түсетін құқығы көрсетіледі.

Өкілеттіктің сипатына қарай сенімхаттар бір рет қолдануға жарамды, яғни бір ғана мәміле жасасуға немесе бір ғана әрекет жасауға арналған (мысалы, бір ғана айдың айлық ақысын алу); біртекті мәмілелер жасауға арналған арнайы (мысалы, шикізат сатып алу); немесе ұзақ уақыт бойы бір ғана әрекетті жасауға арналған (мысалы, заңды тұлға атынан шарт жасау); негізгі – белгілі бір аумақта барлық заңды әрекеттерді жасау немесе заңды тұлғаның филиалындағы мүлікті басқару үшін арналған; әмбе-бап (универсалды) – сенім берушінің барлық құқықтарын жүзеге асыру үшін арналған деп бөлінеді. Сенімхат үшінші жақпен құқықтық қатынасқа түспей-ақ сенім берушінің мүлкін пайжалануға және билік етуге берілуі мүмкін (мысалы, автомобильді басқаруға сенімхат беру).

Сенімхаттарды заңды тұлғалар мемлекеттік органдар жүргізген коммерциялық, инвестициалық тентерлері, аукциондар және мемлекеттік меншіктегі объектілерді және мемлекеттік акция пакетін сату кезінде кеңінен қолданады. Заңды тұлғалардың өкілдері осы мәмілелердің қатысушылары ретінде тіркелу үшін құрамында өкілеттігін растайтын сенімхат бар құжаттар тізімін көрсетулері қажет.

Коммерциялық сферада сенімхатты қолдану үшін екі жағдайға көңіл бөлу қажет.

Біріншіден, сенімхатта сенім беруші мен өкілдікті алушы туралы мәліметтер толық көрсетілуі қажет (азаматтардың толық аты-жөні немесе заңды тұлғалардық толық атауы), берілген уақыты, тұлғалардың қолы, екіншіден, сенімхатта өкілдің өкілеттігі анық көрсетілуі тиіс.

Заң сенімхаттың жазбаша түрін міндетті түрде сақтауды талап етеді. Сонымен бірге мәміле жасауға берілетін сенімхат нотариалды жолмен куәландырылуы талап етілетін болса, онда ол нотариалдық жолмен куәландырылады.

Нотариалды куәландырылған сенімхаттарға төмендегі сенімхаттар теңестіріледі:

1) Госпитальда, санаторияларда және тағы басқа әскери емделу орындарында жатқан әскери қызметкерлер мен басқа да тұлғалардың, осы госпитальдағы, санаторидегі және басқа да әскери емделу орындарының  басшылары, медицина бөлімі бойынша орынбасарлары, аға және кезекші дәрігерлер куәландырған сенімхаттары;

2) Нотариалды қызмет жасайтын мемлекеттік нотариалды кеңселердің немесе басқа да органдары жоқ әскери бөлімдердің, мекемелердің және әскери оқыту бөлімдерінің әскери қызметкерлерінің және олардың жанұя мүшелерінің  осы бөлім, мекеме басшылары немесе начальниктері куәландырған сенімхаттары;

3) Бас бостандығынан айрылғандардың мекеме басшысы куәландырған сенімхаттары;

4) Осы мекеме басшылары куәландырған тұрғындарды әлеуметтік қорғау мекемелеріндегі кәмлетке толған әрекет қабілеттігі бар азаматтардың сенімхаттары.

Корреспонденция, соның ішінде ақшалай және сәлемдеме, еңбек ақы және тағы басқа төлемдерді алуға берілген сенімхат сенімхат беруші тұлға тұратын  жергілті басқару орагымен, ол жұмыс істейтін немесе оқитын ұйыммен куәландырылуы мүмкін. Телеграфпен немесе байланыс құралының басқа да түрімен жіберілген, құжатты жіберуді байланыс қызметкері жүзеге асырғанда сенімхат сол байланыс органымен куәландырылады.

 Үшінші тұлға ресмим байланыс органының қатысуынсыз, факсмальді немесе басқа байланыс құралымен жіберілген сенімхаттарды әрекетті жүзеге асыру үшін жарамсыз деп тануына құқығы бар.

Мемлекеттік органдардың, комерциялық және коммерциялық емес ұйымдардың ақша және басқа да бағалы заттарды алуға немесе беруге арналған сенімхаттарына сол ұйымның  бас есепшісі қол қоюы қажет.

 Сенімхат – ол жазбаша құжат. Сенімхаттың қарапайым жазбаша түрі және нотариалды куәландырған нұсқасы болады.

Нотариалды куәландырылған сенімхатты берудің Азаматтық Кодексте екі жағдайы қарастырылған:

1) мүлікті басқаруға арналған сенімхат; 2) мәміле жасауға арналған сенімхат (мысалы, сатып алу-сату мәмілесін жасауға арналған).

Нотариалды және оған теңестірілген сенімхаттардан басқа  өкілетті орган растайтын сенімхаттарда болады. Олар сенім берушінің атынан жалақы алу, т.б. сол сияқты әрекеттерді жүзеге асыру үшін беріледі.

Қарапайым сенімхат заңды тұлғаның мөрі қойылып, сенім берушінің қол қоя отыруымен заңды түрде беріледі.

Сенім ауыстыру жөнінде берілген сенімхаттың қолданылу мерзімі кәуландырылуы ол негізгі алынып берілген алғашқы сенімхаттың қолданылу мерзімінен аспауы керек.

Өкілдік беруші қайсыбір құқық өкілеттігін өкілге тапсырарда оның мерзімін шектеп, белгілі бір уақыт аралығын көрсетеді. Сондықтан сенімхат - әр кезде де мерзімді құжат. ҚР АК 168-бабына сәйкес сенімхат үш жылдан аспайтын мерзімге берілуі мүмкін. Егер сенімхатта ең ұзақ мерзім көрсетілсе,  Ол үш жыл бойы, ал егер қолдану мерзімі көрсетілмесе – берілген күннен бастап бір жыл бойы жарамды болады. Егер сенімхаттың берілген күні көрсетілмесе ол жарамсыз деп танылады.

Өзіне арнап өкілеттік құқық берілген әрекеттерді сенім алушының өзі атқаруы тиіс. Егер алған сенімхат бойынша осылай етуге өзіне өкілеттік құқық берілген немесе сенім берушінің мүдделерін қорғауға жағдайлардың салдарынан осылай етуге мәжбүр болған ретте ғана ол сенімхат бойынша әрекет етуді басқа біреуге сенім ауысуы арқылы бере алады.

Сенім алушы өз өкілеттігін басқа біреуге сеніп тапсырғаннан кейін өзінің сенім берушісініе бұл жөнінде білдіруге және ол адам туралы, оның тұрағы туралы қажетті мәліметтерді хабарлайға тиіс. Бұл міндетті орындамасы, сенім алушыға өзінің өкілеттік құқықтарын сеніп тапсырған адамның әрекеттері үшін өзінің істегені сияқты жауаптылық жүктеледі.

Сенімхаттың тоқтатылу және оның салдарлары. Сенімхаттың күші мынандай жағдайларда жойылады:

1) сенімхат мерзімінің өтуі;

2) сенімхатта көзделген әрекеттердің жүзеге асуы;

3) сенімхатты беруші адамның оның күшін жоюы;

4) сенімхат берілген адамның одан бас тартуы;

5) атына сенімхат берілген заңды тұлғаның таратылуы;

6) өз атынан сенімхат берген заңды тұлғаның тоқтатылуы;

7) секнімхат берген адамның қайтыс болуы, оның әрекет қаблеттілігі жоқ, әрекет қабілеттілігі шектеулі немесе хабар-ошарсыз кетті деп танылуы;

8) сенімхат берілген азаматтың қайтыс болуы, оның әрекет қабілеттігі жоқ, әрекет қабілеттілігі шектеулі немесе хабар-ошарсыз кетті деп танылуы салдарынан тоқтатылады.

Сенімхат тоқтатылған бойда, оны алған тұлға сенімхатты берген тұлғаға немесе оның заңды мирасқорына қайтаруы керек.

Сенімхаттың қайтарылуы туралы сенімхат беруші сенімхат берілген тұлғаны және өкілдік берілген үшінші тұлғаны хабардар етуі тиіс.

 

Категория: Әлеуметтану, саясаттану | Добавил: nauriz (19.03.2012)
Просмотров: 9854 | Рейтинг: 2.8/8
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Сағат

Сауалнама
Сайтта сізге не ұнайды !!!!!!!
Результаты
Всего ответов: 4009
Сайт мәзірі
Сайт көрсеткіші
Қазір online
Қазір сайтта: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0

Лучшая рип студия!