Главная » Статьи » Әлеуметтану, саясаттану |
Банктер: туындау – тарихи даму кезеңдері, түрлері
Нарықтық даму жағдайындағы қоғам өмірінің әр алуан әлеуметтік экономикалық мүдделерінің түйісетін жері банктер жұмыс істейтін банк жүйесінің ауқымы болғандықтан сондай-ақ осы жүйе арқылы мемлекеттің қаржы арқылы, ақша-кредит, оның ішінде валюталық саясатын іске асыру мақсатында түрлі банктік операциялар жүргізілетіндіктен банктер мен олардың қызмет аялары банктік құқық құзырымен қамтылатыны бүгінде көпшілікке мәлім. Осы орайда банктік құқықтың мән-жайын және қажеттілігін негіздеу үшін «Банк» сөзінің ,банктік қызметтің мағынасын қысқаша анықтау әрі ашып көрсету жөн болар деп санаймыз .Банктердің алғашқы қалыптасып ,даму кезеңдері, олардың банктік істері қызметі коммерциялық бағдарлы сипаты мен сан ғасырлар белесінде тарих бетінде іс қалдырғаны белгілі. Ең алғашқы банктер ретінде тауарлар мен ақша қаражаттарын сақтауға қолайлы қауіпсіз жер храмдар болып есептелген осындай операциялар біздің эрамызға дейінгі XXVIII – XXVII ғ.ғ. мысырда (Египетте) жүзеге асырылған .Ал көне Вавилон мен Ассирия археологиялық қазбалары кезінде табылған көптеген қыш тақтайшалар (құжаттар) храмдарда қаражат сақтау нысандары мен қарыз беру операциялары заңмен реттеліп отырғанын сондай-ақ ақша қаражаттарын сақтағаны үшін заң жүзінде ақы алу көздегенін дәлелдейді. Дегенмен аталған банктік операциялар толық мәнде банктік қызмет болып табылмаған. Себебі толыққанды банктік істі дамыту негізін банктердің сақтау функциясына қоса жүргізілген кредиттік операциялар қалаған .Ал көне банктік іс саласындағы кәсіби қызметті жүзеге асырушылар ретінде айырбасшылар мен өсім қорлар ғана көрініс тапқан . «Банк» сөзі Италия тілінде «вансо» -ақшалы стол ,айырбас жүргізілетін орын (дық) деген мағынада түсіндірілген.Сонымен коммерциялық ұйымдар ретінде туындап , дамыған банктер әр даму кезеңінде банко ,трапезид, аргираймос, довейстаи , аргентарии, мансарии, трансферит, кумуляри деп аталған .Ең бірінші банк «Банка ди Сан Джорджо» Италияның Генуя қаласында 1407 ж мамандырылған .Кредиттік – есеп айырысу институты ретінде құрылған болатын. Дүние жүзіндегі елдің банктері кезінде Ганзейлік банктер, кенетпен сауда жасайтын Британ банкі ,теңіз саудасына арналған Пруссия банкі ,Париж есепке алу қаласы, Ломбардтар, жиро банктер, Ресей мәнет канцелияриясы деген және т.б аттары мен белгілі болған .Бүгінде Ресей Федерациясының Орталық Банкі , Францияның мемлекеттік банкі, Австралияның Ұлттық Банкі, Белгияның ұлттық банкі ,Италияның ұлттық банкі ,АҚШ орталық банкі- федеральдық резервтік жүйе, Ағылшын Банкі және т.б елдердің ұлттық немесе орталық банктер жұмыс істейді. Қазіргі уақытта банктер меншік нысандарына қарай: мемлекеттік банк; жеке меншік банк; акционерлік банк; кооперативтік банк; муниципалдық банк ; аралас банк; халықаралық банк болып бөлінеді. Осы банктер һөз өкілеттігі мен қызмет аяларына орай депозиттік банк, инновациялық банк, клирингтік банк , коммерциялық банк, жер банкі, ипотекалық банк, жинақтау банкі, консорциялдық банк, даму банкі,амбебаб банкі,трансұлттық банктері, тұтыну кредиті банкі ,мемлекет аралық банк және т.б. банктер түрінде сипат алады. | |
Просмотров: 1396 | Рейтинг: 0.0/0 |
Всего комментариев: 0 | |
Бизнес, менеджмент, финанс т.б [2] |
Патриоттық және мерекелер т.б [16] |
Шет ел әдебиеті мен тарихы [31] |
Шағын көлемді шығармалар [60] |
Әлеуметтану, саясаттану [69] |
Философия және логика [13] |
Қазақ тілі және тіл білімі [104] |
Елді мекендер, қалалар [2] |
Агро,шаруашылықтар [9] |
Курстык жумыстар [17] |
Ғылыми жұмыстар [62] |
Қазақстан тарихы [114] |
Тарихи тұлғалар [132] |
Еуразияшылдык [16] |
Ашық сабақтар [56] |
Дүние тарихы [30] |
Мәдениеттану [7] |
Информатика [68] |
Астрономия [61] |
Психология [6] |
Переводчик [4] |
Математика [14] |
Педагогика [77] |
Дипломдар [10] |
География [82] |
Биология [133] |
Экология [3] |
Дінтану [32] |
Физика [33] |
Химия [13] |
Құқық [27] |
Еңбек [7] |