Сабақ жоспарлары
Мысалы: Бейнелеу 1-6 сыныпқа сабақ жоспарлары
Главная » Статьи » Әлеуметтану, саясаттану

Әкімшілік құқық түсінігі, пәні,қайнар көздері және әкімшілік құқық бұзушылық, оның құрамы

Әкімшілік құқық түсінігі, пәні,қайнар көздері және әкімшілік құқық бұзушылық, оның құрамы

 

Әкімшілік құқық – бұл қоғамдық қатынастардың ерекше тобын  реттеуге арналған ҚР құқықтық жүйесінің саласы.  Олардың басты ерекшелігі олар

Әкімшілік құқықтың пәні -  бұл мемлекеттік басқару сферасында   туындайтын, дамитын және тоқтатылатын  қоғамдық   қатынастар.

Әкімшілік құқықтың пәніне мына қатынастарды   жатқызуға болады:

1)  Атқарушы билік органдарының ұйымы байланысты;

2) Басқаруда атқарушы билік органдарының  әкімшілік – биліктік өкілеттіліктерді жүзеге асыру  барысында және  азаматтармен, мемлекеттік және мемлекеттік емес  ұйымдармен өзара  әрекеттерінде  туындайтын;

3) Әкімшілік құқық  бұзушылықтарды   істегені үшін  туындайтын;

Әкімшілік құқық  үшін тән құқықтық реттеу әдістері:

1) Билік әдісі – бағындыру, немесе  тура бұйыру  әдісі ( қатынастар әкімшілік құқықтың шегінде біреуінің екіншісіне бағынуына  тұрғызылады);

2) Ұсыну  әдісі (басқару  субъектісінің ұсыныстары  егерде оны  басқару екінші  қатысушысы қабылдаған жағдайда  заңды күшке ие болады)

3) Келісу әдісі (өзара  бағыныштылықта болмайтын  қатысушылар арасында)

4) Теңдік  әдісі (мемлекеттік механизмнің  бір  деңгейінде  тұратын  субъектілер  әкімшілік келісімшарт түрінде  бірлескен әрекеттерді қабылдайды)

Әкімшілік құқықтың жүйесі -  бұл салаларды құрайтын салашықтарға жиыстырылған топтар – құқықтық институттар бойынша  бөлінген  құқық нормаларының  ғылыми – ұйымдастырылған  жиынтығы – біртұтас  нормативті  құрылым.

Әкімшілік құқықтың қайнар көздері – бұл басқару қатынастарының субъектілерінің  мінез – құлық ережелері көрсетілген  және бекітілген мемлекеттік билік   ресми түрде мақұлдаған нысандар.

Құқықтың қайнар көзі болып табылуы үшін  әрбір осындай нысанда бірқатар мынадай белгілер болуы қажет:

1) Субъектілердің  белгілі бір категориялары  орындау үшін  міндетті  бір немесе бірнеше мінез – құлық ережелері (құқық нормалары) болуы қажет.

2) Осындай  болуы  үшін  мемлекеттік билік ресми түрде  мақұлдауы қажет.

Әкімшілік құқықтың басқа құқық салаларымен  арақатынасы -  әкімшілік құқық бірыңғай жүйенің  құрамды бөлігі бола отырып құқық  салаларының барлығымен өте  тығыз байланысты.

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 28 бабына сәйкес Әкімшілік құқық бұзушылық – бұл  мемлекеттік немесе қоғамдық тәртіпке, белгіленген басқару  тәртібіне  қол сұғатын, құқыққа қайшы, кінәлі әрекет немесе әрекетсіздігі, сол үшін заңнамада әкімшілік жауаптылық қарастырылған (мультимедиялық-презентация).            

Әкімшілік құқық бұзушылық ерікті мінез –құлық актісі – іс-қимыл болып табылады және мінез – құлықтың екі аспектісінен тұрады: әрекет немесе әрекетсіздік. Әрекет-бұл міндеттерді, заңды талаптарды белсенді о орындамау, сонымен қатар тиым салушылықты бұзу (мысалы, егінді улау немесе ауыл шаруашылық дақылдарын жою, көкнәр немесе сораны заңсыз егу және өсіру). Әрекетсіздік  -бұл міндеттемелерді бәсең орындамау, мысалы, мемлекеттік статистикалық байқауды жүргізуден бас тарту, өндіріс қалдықтарын көму бойынша және ағынды суларды төгудің талаптарын орындамау. Әкімшілік құқық бұзушылықты жасау әкімшілік жауаптылықтың, тұлғаға әкімшілік жаза  қолданудың  фактілік негізі болып табылады(нормативті негізі – құқық нормасы, соған сәйкес әкімшілік жауаптылық  белгіленеді және қолданылады).

Әкімшілік құқық бұзушылықтың негізгі белгілері:

1) қоғамдық қауіптілік -  бұл іс - әрекеттің қоғамның, мемлекеттің, азамататрдың мүдделеріне зиян келтіруі, мысалы, ұсақ бұзақылық, мас күйінде  көлік құралдарын басқару

2) құқыққа қайшылық – құқық нормасын бұзатын іс-әрекеттерді жасауы

3) кінәлілік – бұл ерікті, саналы іс - әрекет. Кінә тұлғаның істеген ісіне және оның салдарына психикалық қатысын білдіреді. Іс-әрекетті құқық бұзушылық деп  деп тану үшін оның  ерік-жігерлік және саналы көрініс екендігін анықтау қажет, яғни саналы ойлайтын адамның психикалық қызметінің нәтижесі екендігін анықтау қажет.

4) жазаланушылық – бұл іс-әрекет әкімшілік құқық бұзушылық деп танылады, егерде оны істегені үшін заңнамада әкімшілік жауаптылық қарастырылған болса.

5) жаппай өріс алуы  (массовость) бұл егерде қандайда болмасын іс-әрекетті істеудің таралуы, жаппай өріс алуы  қоғамдық қатынастарға  қауіп төндірсе, заң шығарушы  осы қатынастарға қорғалатын мәртебе  беруге мәжбүр, заңнамалық түрде мінез-құлық ережесін  бекітуге және   оны бұзғаны үшін жауапкершілік белгілеуге  мәжбүр болады.

Әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамы бұл әкімшілік жауапкершілікке тартатындай жеткілікті белгілердің (элементтердің) жиынтығы.

 


Категория: Әлеуметтану, саясаттану | Добавил: nauriz (19.03.2012)
Просмотров: 4568 | Рейтинг: 3.2/5
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Сағат

Сауалнама
Сайтта сізге не ұнайды !!!!!!!
Результаты
Всего ответов: 3922
Сайт мәзірі
Сайт көрсеткіші
Қазір online
Қазір сайтта: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0

Лучшая рип студия!