Сабақ жоспарлары
Мысалы: Бейнелеу 1-6 сыныпқа сабақ жоспарлары
Главная » Статьи » Әлеуметтану, саясаттану

Ұлттық құқықтық жүйелердің жақындасу механизмінің функциялары.

Ұлттық құқықтық жүйелердің жақындасу механизмінің функциялары дегеніміз – ұлттық құқықтық жүйелердің бірлесіп дамуын орындау,құқықтық айырмашылықтарды жеңіп шығуортақ құқықтық шешімдерді дайындау бойынша оның құқықтық жүйелерге әсер ету бағыттары.

Ұлттық заңдардың ұқсас болмауы қоғамның даму деңгейінің және ұлттық дәстүрлердің әртүрлілігіменқоғам мен мемлекетте болыпжатқан проблемаларға көзқарастардың әртүрлілігімен байланысты.

Біріккен ұлттар ұйымының халықаралық құқық жөніндегі комиссиясы мемлекеттің заңдарының жақындасуына ықпал ететін формалардыдайындағанОлар:

1.     халықаралық міндеттер жөніндегі конвенцияларға қосылу;

2.     модульдік заңдарды қолдану;

3.     заң жобаларын ұсыну;

4.     құқықтық басшылық.

1992 жылы ТМД-ға кіретін елдер өздерінің консультациялық органын құрдыОл ТМД елдерінің Парламентарлық Ассамблеясы деп аталады.

      Ол органдарының қызметінің принциптері: тең құқықтылық, әрбір делегациядан 1 дауыс, құжаттардың  ұсынымдылығы, теңдікті бұзушылыққа, қысым жасауға жол бермеу.

      ТМД елдерінің ұлттық заңдарын жақындастыру жөніндегі жұмыстарын ортақ концепциялар, келісімдер және белгілі бір акттарды бірдей уақытта қабылдау негізінде жүргізу қажет.

      ТМД елдерінің ұлттық заңдарының әр түолі бағыттарда жақындасуын қамтамасыз ету керек. Мысалы, ортақ энергетикалық жүйелерді, кезендік ережелер мен тарифтер, экологиялық қауіпсіздіктің негізгі принциптері, өзара есептесудің ортақ тәртіптері және тағы басқалар.

 

 

 

ТМД елдерінің заңдарының салыстырмалы анализі.

 

            1.  Салыстырмалы талдаудың мақсаты:

А) ТМД мемлекетінің құқықтық сферасында қарым-қатынастарды дамыту;

Б) Ортақ құқықтық кеңістікті қамтамасыз ету;

В) Анықталмайтын қайшылықтарды жою және оларға жол бермеу.

  Салыстырмалы құқықтық талдаудың нәтижесі қажетті информацияны қамтамасыз ету үшін қажет:

1. ТМД құрамындағы мемлекеттердің заңдарын жақындастыру бойынша ұсыныстар мен кепілдемелер жасау;

2.  үлгідегі актілер, концепциялар дайындау;

3.  халықаралық келісімдер жасау;

4.  басқа мақсаттарды шешу.

Бұл нәтижелер мемлекеттің парламент аралық Ассамблеясының кеңесімен, ТМД құрамындағы мемлекеттер парламентімен, комиссияларымен беріледі.

Заң және салыстырмалы құқық жүргізу институты салыстырмалы талдауға келесі

А) объектілерді қолдануды ұсынады:     

1.     әр деңгейдегі нормативтік – құқықтық актілерді;

2.     құқықтық институттарды;

3.     құқық салаларын;

4.     заңдарды;

5.     белгілі құқық нормаларын.

          Б)  принциптерді қолдануды ұсынады:

1.      салыстыру объектісі сәйкестендірілуі қажет; сондай-ақ реттеудің ортақ пәнімен байланысуы қажет;

2.      объект көлемі барынша жеткілікті болуы қажет және құқықтық реттеуге қатысты оның барлық нормативтік-құқықтық актілері, оның барлық бөлімдері кіруі керек.

Салыстырмалы талдау жүргізудің негізі:

1.     өзінің инициативасы (ынтасы)

2.     жоғары тұрған органдардың тапсырмасы;

3.     мүдделі ұйымдардың тапсырмасы.

Зерттеуге ұсынылған тақырыбтар:

1.     ірі саяси реформаларды жүзеге асыру;

2.     мемлекетаралық қатынастарды келісімдік және заңдық реттеу;

3.     заң шығарушы және атқарушы биліктердің ара қатынасының құқықтық мәселелері;

4.     қоршаған ортаны қорғауды заңдық реттеу.

Зерттеу жүргізу үшін келісімдік негізінде әр түрлі бағыттағы мамандарды тартуға болады.

 

2. Салыстырмалы талдауды информациямен:

1.             Парламенттердің; Президент аппаратының; Үкіметтің, министрліктің және т.б. информациялық ресурстары;

2.             Парламент аралық Кеңес Ассамблеясының информациялық құқықтық бөлімінің фонды;

3.           жоғары оқу орындары, кітпаханалардың информациялық фонды және тағы басқаларымен қамтамасыз етеді.

 

Салыстырмалы талдау жүргізу жұмысының кезеңдері:

1.  зерттеу тақырыбы бойынша нормативтік-құқықтық       материалдарды жинау;

2.    тақырыптың негізгі сұрағы бойынша материалдарды жинақтау;

3.   салыстырмалы актілерді, олардың тәжірибеде қажетті сәйкестілігі тұрғысынан сапалы бағалау;

4.      зерттеу нәтижесі мен қорытынды құжаттарды дайындау;

5.     ұсыныстар дайындау;

6.     дайындалған қорытынды құжаттарды талқылау;

7.     мүдделі тұлғаларды анықтау, оларды зерттеу нәтижесімен таныстыру қажет.

 

 3.                       3. Салыстырылған заңдарды бағалаудың негізгі белгілері:

1.    Талдау пәні бойынша нормативтік-құқықтық актілердің көлемі;

2.    нақты мақсаттарды шешу үшін нормативтік реттеу деңгейін талдау;

3.    құқықтық реттеуде келісімдер пайдалану;

4.     салыстырылған актілердің уақыттағы, кеңістіктегі әрекеті;

5.      нормативтік-құқықтық актілердің қалыптасу формасы мен тәсілі.

 

Заңдық-мазмұндылық жағынан негізгі белгілері:

1.     салыстырылған шешімдердің мазмұны мен сипаты;

2.     құқықтық шешімдерді қамтамасыз ету механизмі;

3.     салыстырылған нормалардың адам құқығы туралы халықаралық актілерге және конституциялық заңға сәйкестілік деңгейі;

4.     экологиялық қауіпсіздік талаптарына сәйкес салыстырылған нормалардың сәйкестік деңгейі және т.б.

 

Жұмыстың қорытынды кезеңінде информациялық-аналистік материалдарға қажетті форма беріледі. Ол келесі түрде болуы қажет:

   тақырып бойынша нормативтік-құқықтық актілердің тізімі;

   тақырып бойынша барлық әрекет ететін актілердің анықтамасы;

  салыстырмалы таблица;

  аналистік шолу;

  ғылыми есеп;

  статьялар, монографиялар және т.б.

  ғылыми тәжірибелік конференциялар және т.б.

4.      Информациялық аналитикалық материалдар келесі мазмұнда болуы қажет:

1.     тұжырымдар;

2.     сын, ескертулер;

3.     нақты ұсыныстар материалдарда ескерілуі қажет.

 

Заңды жетілдірудің жалпы мақсаттары:

   актілердің өзара байланыс қажеттілігі;

   заңдағы қайшылықтарды жою;

   бір сұрақ бойынша әрекет ететін бірнеше актілерді жою және т.б.

             Материалдар барлық мүдделі тұлғаларға жіберіледі, ТМД құрамындағы мемлекеттердің парламент аралық Ассамблеясының аналистік орталықтарына, ТМД елдері парламенттеріне т.б.


Категория: Әлеуметтану, саясаттану | Добавил: nauriz (19.03.2012)
Просмотров: 1452 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Сағат

Сауалнама
Сайтта сізге не ұнайды !!!!!!!
Результаты
Всего ответов: 4012
Сайт мәзірі
Сайт көрсеткіші
Қазір online
Қазір сайтта: 3
Қонақтар: 3
Қолданушылар: 0

Лучшая рип студия!