Сабақ жоспарлары
Мысалы: Бейнелеу 1-6 сыныпқа сабақ жоспарлары
Главная » Статьи » Әлеуметтану, саясаттану

Мұрагерлік құқық

Мұрагерлік құқықтың түсінігі мен мұрагерлік қатынастардың субъектілері. Мұрагер бола алатын тұлғалар

Мұрагерлік – қайтыс болған азамат (мұра қалдырушы) мүліктің басқа адамға (адамдарға) – мұрагерлерге ауысуы.

Қайтыс болған азаматтың мұрасы басқа адамдарға әмбебап құқық мирасқорлығы талаптарымен, егер Азаматтық Кодекстің 6-бөлімінің ережелерінен өзгеше туындамаса, бірыңғай тұтас нәрсе ретінде және бір-ақ мезгілде ауысады.

Мұрагерлік ҚР Азаматтық Кодексімен, ал тікелей өзі белгілеген жағдайда өзге заң актілерімен реттеледі.

Мұра ашылған кезде тірі жүрген, сондай-ақ мұра қалдырушының тірі кезінде іште қалған және мұра ашылғаннан кейін тірі туған азаматтар өсиет және заң бойынша мұрагер бола алады.

Мұра ашылғанға дейін құрылған және мұраның ашылу уақытында болған заңды тұлғалар, сондай-ақ мемлекет өсиет бойынша мұрагерлер болуы мүмкін.

Мұра қалдырушыны немесе мүмкін болатын мұрагерлердің біреуін қасақана өлтірген немесе олардың өміріне қастандық жасаған адамдардың өсиет бойынша да, заң бойынша да мұра алуға құқығы жоқ. Бұған өсиет қалдырушы оның өміріне қастандық жасалғаннан кейін өздеріне қатысты өсиет қалдырған адамдар кірмейді.

Мұра қалдырушының соңғы еркін жүзеге асыруға қасақана кедергі жасаған және сол арқылы олардың өздерін немесе оларға жақын адамдарды мұрагерлікке шақыруға не мұраның оларға тиесілі үлесін көбейтуге ықпал жасаған адамдардың өсиет бойынша да, заң бойынша да мұра алуға құқығы жоқ.

Балаларына ата-аналық құқықтарынан айырылған және мұра ашылған кезде бұл құқықтарын қалпына келтірмеген ата-аналардың балаларынан қалған мұраны, сондай-ақ мұра қалдырушыны күту жөнінде өздеріне заң күшімен жүктелген міндеттерді орындаудан жалтарған ата-аналардың (асырап алушылардың) және кәмелетке толған (асырап алынған) балалардың заң бойынща мұраны алуға құқығы жоқ.

Лайықсыз мұрагерлерді мұрагерліктен шеттетуге негіз болатын мән-жайларды сот белгілейді.

Осындағы ережелер өсиет қалдырудан бас тартуға да қолданылады. (Азаматтық Кодекстің 1057-бабы)

Осы ережелер барлық мұрагерлерге, соның ішінде міндетті үлеске құқығы бар мұрагерлерге де қолданылады.

 

 

 Мұрагерлік объектілері. Мұраның құрамына кірмейтін мүліктер

Мұраның құрамына мұра қалдырушыға тиесілі мүлік, сондай-ақ оның қайтыс болуына байланысты қолданылуы тоқтамайтын құқықтары мен міндеттері кіреді.

Мұра қалдырушының жеке басына тығыз байланысты мына құқықтар мен міндеттер:

- егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше белгіленбесе, заңды тұлғалар болып табылатын ұйымдарға мүше болу құқығы;

- өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянды өтеу құқығы;

- алименттік міндеттемелерден туындайтын құқықтар мен міндеттер;

- зейнетақы төлеу, жәрдемақы және еңбек пен әлеуметтік қамсыздандыру туралы заң актілерінің негізінде басқа да төлемдер төлеу құқығы;

- мүліктік құқықтармен байланысы жоқ жеке мүліктік емес құқықтар мұраның құрамына кірмейді.

Мұра қалдырушыға тиесілі болған жеке мүліктік емес құқықтар мен басқа да материалдық емес игіліктерді мұрагерлердің жүзеге асыруы және қорғауы мүмкін.

Мұраның құрамына мұра қалдырушыға тиеселі мүлік, сондай-ақ оның қайтыс болуына байланысты қолданылуы тоқталмайтын құқықтары мен міндеттері кіреді.

 

 

Мұрагерлік негіздері. Мұраның ашылу орны мен олардың мағынасы

Мұрагерлік өсиет және (немесе) заң бойынша жүзеге асады.

Өсиет қалдырылмаған не бүкіл мұраның тағдыры айқындалмаған кезде, сондай-ақ Азаматтық Кодексте белгіленген өзге де жағдайларда мұрагерлік заң бойынша орын алады.

Мұра азаматтың қайтыс болуы немесе оны қайтыс болды деп жариялау салдарынан ашылады. Мұра қалдырушының қайтыс болған күні, ал оны қайтыс болған деп жариялаған кезде, егер сот шешімінде басқа күн көрсетілмесе, азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі күшіне енген күн мұраның ашылу уақыты болып табылады.

Мұра қалдырушының соңғы тұрған жері, ал егер ол белгісіз болса – мүліктің немесе оның негізгі бөлігінің орналасқан жері мұраның ашылу орны болып табылады.

 


Категория: Әлеуметтану, саясаттану | Добавил: nauriz (19.03.2012)
Просмотров: 5279 | Рейтинг: 2.4/8
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Сағат

Сауалнама
Сайтта сізге не ұнайды !!!!!!!
Результаты
Всего ответов: 4010
Сайт мәзірі
Сайт көрсеткіші
Қазір online
Қазір сайтта: 2
Қонақтар: 2
Қолданушылар: 0

Лучшая рип студия!