Сабақ жоспарлары
Мысалы: Бейнелеу 1-6 сыныпқа сабақ жоспарлары
Главная » Статьи » Әлеуметтану, саясаттану

Қорғанысты және қауіпсіздікті басқару

Қорғанысты және қауіпсіздікті басқару

 

        Қорғаныс – Қазақстанның егемендігін, аумақтық тұтастығын және оның шекараларына қол сұғылмауын қорғауға әзірлігін қамтамасыз ету мақсатында жүзеге  асырылатын саяси, әскери, экономикалық, экологиялық және әлеуметтік – құқықтық  сипаттағы  мемлекеттік шаралар жүйесі.

    Қорғанысты басқару органдарының жүйесі: ҚР Президенті –ҚР Үкіметі-ҚР Қорғаныс Министрлігі (әскери округтер, әуе қорғанысы әскерлері, әскери - әуе күштері мен әскери теңіз күштерінің  бөлімдері), ҚР Қорғаныс министрлігіне бағынатын әскери оқу орындары, мемкемелер мен әскери комиссариаттар.

    ҚР Қарулы Күштері – Қазақстан қорғанысының  негізін құратын  мемлекеттік  әскери ұйым.

ҚР Қарулы  Күштерінің   түрлері:

1) Құрлықтағы  әскерлер;

2) Әуе  қорғанысы әскерлері;

3) Әскери - әуе күштері мен әскери – теңіз   күштерінің  бөлімдері.

        Қорғанысты  қамтамасыз ету мақсатында  тартылатын ведомоствалық әскери құрылымдар: ҚР шекара әскерлері, ҚР ішкі әскерлері, ҚР Республикалық ұланы.

    Ұлттық қауіпсіздік – елдің  ұлттық  мүдделерінің  нақты  және  ықтимал  қауіп – қатерден  қорғалуының  жағдайы.

    ҚР Ұлттық қауіпсіздігін  қамтамасыз ету қағидалары:

1) Ұлттық  қауіпсіздікті   қамтамасыз ету жөніндегі қызметті жүзеге асыру кезінде заңдылықты сақтау;

2)Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету   күштерінің  келісілген  іс – қимыл жасауы;

3)Адамның, қоғам мен мемлекеттің  өзара жауапкершілігі;

4)Ұлттық  қауіпсіздікті қорғау жөніндегі іс - әрекеттің  күллі   жиынтығын  іске  асыруды  бақылау.

Ұлттық қауіпсіздік органдарының жүйесі: Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыстардағы, республикалық қалалар мен Республика астанасы бойынша  басқармалары және оларға байланысты қалалық және аудандық бөлімдері; Әскери  қарсы  барлау  органдары, арнаулы міндет жүктелген  бөлімшелер, оқу  орындары, ғылыми – зерттеу  мекемелері  және өзге де  ұйымдар.

    ҚР Ұлттық Қауіпсіздігі органдарының қызметінің  негізгі бағыттары:

1) Қарсы барлау – ҚР қауіпсіздігіне  зиян келтіруге  бағытталған шет мемлекеттердің арнаулы қызметтері  мен ұйымдарының, сондай – ақ жеке адамдардың барлау және  өзге де  қызметін табу, алдын алу, жолын  кесу;

2) Қылмыспен күресу – тыңшылықты, террорлық қызметті, ұйымдасқан қылмысты, сыбайлас жемқорлықты, қару – жарақ пен есірткі  құралдарын  заңсыз айналымға шығаруды, контрабандаларды және өзге де  қылмыстарды табу, алдын алу, жолын кесу мен  ашу жөніндегі жедел іздестіру шаралары;

3) Барлау – Қазақстанның қауіпсіздігіне қауіп – қатер туралы ақпараттар алу мақсатындағы  ҚР – ның әскери   барлау  органдарымен өзара  көмектесе  әрекет жасау  қызметі.

4) ҚР Мемлекеттік шекарасы – Республика  аумағының шегін – құрғақ, су, жер қойнауы және әуе кеңістігі шегін  айқындайтын сызық  және осы сызық бойынша  өтетін беткі қабат.

           ҚР Қорғаныс министрлігі - бұл қарулы күштерге әскери-саяси басшылықты, ҚР Қорғаныс құрылысын және ҚР Қарулы күштерінің  түрлерін басқаруды жүзеге асыратын ҚР қарулы күштерінің орталық мемлекеттік атқарушы әскери басқару органы. Өз қызметін ҚР Конституциясына, заңдарына, ҚР Президентінің  мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативті-құқықтық актілерге, Министрлік туралы Ережеге сай жүзеге асырады. Өз құзыретіндегі  мәселелері бойынша заңдарда белгіленген тәртіпте ҚР Қарулы күштерінің бүкіл жеке құрамы үшін міндетті күші бар бұйрықтар мен нұсқаулар түрінде актілер шығарады.

          ҚР Қорғаныс Министрлігіне мынадай міндеттер жүктелген:

1) мемлекеттің егемендігін және аумақтық біртұтастығын қорғауға ҚР Қарулы Күштерінің жауапкерлік және жұмылдыру даярлығын үнемі қолдау мен қамтамасыз ету, қарулы шабуылды болдырмау және ҚР қарсы агрессияға қарулы тойтарыс беру үшін қажетті жағдайлар жасау;

2) әскери-саяси жағдайға баға беру, ҚР қауіптілігіне төнетін ықтимал қатердің сипаты мен дәрежесін айқындау;

3) ҚР Қарулы күштерінде мемлекеттік құпияларды қорғауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

4) ҚР әскери техникалық және әскери экономикалық саясатын жүргізуде ұлттық қауіпсіздік стратегиясын, әскери доктринасын әзірлеуге және іске асыруға міндеттеу;

5) ҚР қарулы Күштері туралы ҚР Конституциясын және өзге де актілерді іске асыруды қамтамасыз ету;

6) Қарулы Күштердің  түрлерінің, әскер тетіктерінің және арнайы  әскерлердің  жедел мақсаты мен міндеттерін айқындау, оларды ҚР басқа әскерлерімен және әскери құрылымдарымен, сондай-ақ халықаралық шарттар негізінде басқа мемлекеттердің  қарулы күштерін өзара іс-қимылда қолдану;

7) ҚР Президентінің шешімімен ҚР қарулы күштеріне адам, көлік және материалдық-техникалық ресурстарды жұмылдыруды жүргізу;

8) ҚР Қарулы күштерінде идеологялық  және әлеуметтік - құқықтық жұмыстар жөніндегі  мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз  ету және министрлік  туралы ережеде көрсетілген басқа да міндеттерді атқарады.



Сыртқы  істерді басқару

 

        Сыртқы істерді басқару органдарының жүйесі: ҚР Президенті – ҚР Үкіметі – ҚР СІМ- ҚР БҰҰ және басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілдіктері – ҚР аумағындағы СІМ өкілдіктері- Шет елдердегі ҚР дипломатиялық өкілдіктері – Шет елдердегі ҚР консулдық өкілдіктері.

      Сыртқы істер министрлігі -бұл сыртқы саясат қызметін жүзеге асыратын және дипломатиялық қызмет органдарының біртұтас жүйесін басқаратын ҚР орталық атқару органы.

         Мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысаны -заңды тұлға болып табылады, өз атауы  мемлекеттік тілде  жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңдарға сәйкес банктерде есеп шоттары бар. Оның қызметі ҚР Конституциясына, заңдарына,  ҚР президентінің, Үкіметінің  актілеріне  және  өзге де  нормативті-құқықтық актілерге, сонай-ақ министрліктің  жұмысын реттейтін Ережеге сәйкес жүзеге асырылады. Өз құзыретіндегі  мәселелер бойынша  заңдарда белгіленген тәртіпте міндетті күші болатын бұйрықтар шығарады.

           Министрлікке мынадай міндеттер жүктелген:

1) ҚР сыртқы саясатының тұжырымдамалары мен негізгі бағыттарын әзірлеу және ҚР Президенті мен Үкіметке тиісті ұсыныстар беру;

2) ҚР сыртқы саяси бағытын іске асыру және сыртқы экономикалық саясатты жүзеге асыруға жәрдемдесу;

3) ҚР егемендігін, қауіпсіздігін, аумақтық тұтастығын және шекарасының мызғымас беріктігін,басқа мемлекеттермен өзара қарым-қатынасында оның саяси, сауда-экономикалық және өзге де мүдделерін дипломатиялық жолдармен және әдістермен қорғауды қамтамасыз ету;

4) шет елдерде ҚР азаматтарының, заңды тұлғаларының құқықтры мен мүдделерін қорғау;

5) ҚР сыртқы экономикалық байланыстарын дамытуға жәрдемдесу;

6) мемлекеттік бағдарламаларды, басты жобаларды, соның ішінде  халықаралық экономикалық және қары  ұйымдары ұсынатын заемдар мен гранттардың  есебінен іске асыру үшін тікелей  шетелдік  инвестицияларда басқа да қаржылық ресурстарды тартуға және министрліктің  жұмысын реттейтін ережедегі т.б. міндеттерді орындайды.

        Министрліктің құрылымы мынадай департаменттерден тұрады:

1) Әкімшілік департаменттер;

2) екі жақтық ынтымақтастық департаментті;

3) көп жақты ынтымақтастық департаменті;

4) ТМД департаменті;

5) халықаралық экономикалық ынтымақтастық департаменті;

6) консулдық қызмет департаменті;

7) орталық аппарат пен шетелдердегі мекемелердің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі департамент;

        Министрлікті ҚР Президенті тағайындайтын және қызмет босататын министр басқарады, оның мынадай орынбасарлары болады: бірінші вице-министр; 3 вице-министрлер.

  



Ішкі  Істерді  басқару

 

ҚР Ішкі Істер органдары ҚР заңдарына сйкес анықтау, алдын ала тергеу мен жедел іздестіру қызметін, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті сақтау  мен қоғамдық  қауіпсіздікті  қамтамасыз ету, адам мен азаматтың  құқықтары мен бостандықтарына, қоғам мен мемлекеттің  мүдделеріне қылмыстық және өзге де қол  сұғушылықтардың  алдын алу және жолын кесу жөніндегі атқарушылық және өкімді функцияларды жүзеге асыратын арнайы мемлекеттік орган болып табылады.

ІІО атқарушы билік органдарының жүйесіндегі орны мыналармен анықталады:

1) ІІО қоғамдық қауіпсіздікті, соның ішінде  төтенше немесе әскери жағдай  ахуалында қамтамасыз етуді ұйымдастырады және практикада іске асырады;

2) ішкі істер органдары басқару функциясымен қатар алдын ала тергеу, анықтама және әкімшілік өндірісті жүзеге асырады;

3) ІІО кең көлемде әкімшілік-қадағалаушылық функцияларға ие;

4) ІІО мемлекеттік қызмет өзіне тән ерекшеліктерге ие;

5) ІІО өздерінің функцияларын басқа да атқарушы билік органдарымен үздіксіз әрекеттестікпен жүзеге асырады;

6) ІІО қарауына жататын мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады.

Ішкі Істер органдарына мынадай негізгі міндеттер жүктелген:

1) қоғамдық тәртіпі қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті, соың ішінде төтенше немесе әскери жағдай ахуалында қамтамасыз ету;

2) заңдарда белгіленген өздерінің құзыреті шегінде алдын ала тергеу, анықтама мен әкімшілік іс жүргізуді жүзеге асыру;

3) сотталғандарды қылмыстық атқару жүйесінің  мекемелерінде ұстаудың және әкімшілік  жолмен қамауға алынғадарды ұстау орындарында құқықтық тәртіп пен режимді қамтамасыз ету;

4) өз құзыретінің шегінде  жол қозғалысы қаіпсіздігін қамтамасыз етуді мемлекеттік  бақылау мен қадағалау;

5) паспорт және виза беру жұмысын жүргізу, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалардың  ҚР аумағында  болу тәртібін сақтауын бақылау;

6) өзге де  мемлекеттік органдармен бірлесіп, оның ішінде төтенше жағдайлар кезінде карантиндік, санитарлық және табиғатты қорғау  органдарына  сұғанақ аңшылыққа қарсы күресуде жәрдем көрсету;

7) ҚР заңдарына сәйкес лицензиялық және рұқсат етушілік қызметті жүзеге асыру;

8) қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу, қылмыстарды  ашу және тыю, тергеу, сондай-ақ қылмысткерлерді іздестіру;

9) қылмыстық  жазалар мен әкімшілік жазалау  шараларын қолдану;

10) кәмелетке  толмағандардың  қараусыздығы мен құқық бұзушылығын анықтау және тыю;

11) қажет болған жағдайларда мемлекеттік өрт қауіпсіздігі органдарына  өрт ауіпсіздігін қамтамасыз етуде жәрдем көрсету;

12) мемлекеттік және өзге де  объектілерді, жеке тұлғаларды күзету, қамауға алынғандар мен сотталғандарды айдап апару, террорзм актілерінің жолын кесу, кепілге алынғандарды бостатуға қатысу;

13) соғыс уақытында ҚР аумақтық қорғаныс жүйесінде жекелеген міндеттерді орындау;

14) ІІО қарауына жататын мәселелер бойынша  халықаралық ыгтымақтастықты жүзеге асыру.

ҚР ІІО  құқықтық негіздеріне мыналар жатады:

1) ҚР Конституциясы мен заңдары;

2) өзге де нормативті-құқықтық актілер;

3) ҚР халықаралық шарттық және өзге де міндеттемелері;

4) ҚР Конституциялық Кеңесінің және Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары;

5) ҚР ІІМ туралы, ҚР ІІО қатардағы және басшы құрамдағы адамдардың  қызмет атқаруы туралы Республика Үкіметі бекіткен Ереже.
    Ішкі істерді басқару  жүйесі: ҚР Президенті-ҚР  Үкіметі – ҚР ІІМ- Облыстардың, республикалық маңызы бар қала мен республика астанасының, көліктегі оған  бағынатын ішкі істер  басқармалары- қалалық, аудандық,  желілік ішкі істер органдары.

ҚР ІІМ  негізгі міндеттері:

1) ішкі істер органдарының  қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қорғау, қылдмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу, жолын кесу,  қылмыстарды ашу мен тергеу, қылмыскерлерді іздестіру, ылаңкестік актідердің жолын кесу  қатысу және тағы басқа осындай сипаттағы  тиімді  жұмыстардың істелуін ұйымдастыру;

2) республикадағы оперативтік жағдайды талдау және болжау, заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту жөнінде  шешімдерді әзірлеу;

3) қылмысқа қарсы күрестің нысандары мен әдістерін жетілдіру

4) ішкі істер органдарының құрылымын жетілдіру, қызметтері мен  бөлімшелері арасында және өзге де құқық қорғау  органдарымен, министрліктермен және ведомствовалрмен өзара  іс – қимылын жақсарту жөнінде  шаралар әзірлеу;

5) ішкі істер органдарының қызметін материалдық – техникалық, қаржылық, сондай – ақ ақпараттық құралдармен қамтамасыз ету;

6) Министрлікке ҚР заңына  сәйкес жүктелінетін өзге де  міндеттер;

Полицияны ұйымдастыру:

1) Криминалдық полиция – жедел іздестіру, тергеу ғылыми – техникалық және ІІМ

    тікелей бағынатын өзге де бөлімшелер;

2)Әкімшілік полиция:

   - учаскелік инспекторлар қызметі;

- кәмелетке  толмағандар ісі жөніндегі учаскелік инспекторлар  қызметі;

- сақшылық қызмет;

- лицензиялық және рұқсат ету жүйесі;

- табиғат қорғау және мал дәрігерлік полиция;

- төл құжаттық қызмет;

- жол полициясы бөлімшелері;

- ішкі істер органдарының арнаулы мекемелері;

3)Әскери – тергеу органдары:

     -әскери – тергеу департаменті;

     -әскери - тергеу басқармалары;

     -тергеу, жедел іздестіру, жедел – техникалық және өзге де  бөлімшелерден

      тұратын гарнизон бойынша бөлімдер;

    - ІІМ әскери полициясы.



Әділетті  басқару

 

        Әділетті басқару органдарының жүйесі: ҚР Президенті – ҚР Үкіметі – ҚР Әділет Министрлігі - Әділет министрліктерінің комитеттері (қылмыстық –атқару жүйесінің мекемелері және Қылмыстық – атқару жүйесінің органдарын қамтитын әділет органдары) – аумақтық әділет органдары.

            ҚР Әділет министрлігі - бұл ҚР Үкіметінің құрылымына кіретін, мемлекеттік басқару мен бақылау функцияларын орындауға өкілетті мемлекеттік  мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы мемлекеттік орган. Министрлік қызметі ҚР Конституциясына, заңдарына, ҚР Президентінің, Үкіметінің актілеріне және өзге де  нормативтік-құқықтық  актілерге және Министрлік туралы Ережеге сай жүзеге асырылады.

            ҚР Әділет министрлігінің құрылымы мынадай бөлімдерден тұрады:

1) департаменттерден:

а) заңдар және халықаралық құқық департаменті;

б) нормативтік-құқықтық актілерді тіркеу;

в) соттардың қызметін ұйымдастыру департаменті;

г) ішкі әкімшілік департаменті;

2) басқармалардан:

а) қаржы-экономика мәселелері жөніндегі басқарма;

б) бухгалтерлік есеп;

в) кадр жұмысы;

г) заң қызметін ұйымдастыру басқармасы;

3) комитеттерден:

а) сот қаудлыларын орындау комитеті;

б) тіркеу қызметі комитеті;

в) авторлық құқықтар жөніндегі комитет;

4) әділет біліктілік алқасының қызметін ұйымдастыруды қамтамасыз ету бөлімі;

5) құпия құжаттармен ұйымдастыру секторы;

            Әділет органдарының міндеттері:

- жалпы мемлекеттік даму стратегиясын әзірлеу мен іске асыруға қатысу, заң жобасы жұмысын жүргізу, заңдарды талдау,  жетілдіру, жүйелеу, нормативті – құқықтық  актілердің жобаларына заң сараптамасын жүргізу арқылы  адамның және азаматтың құқықтары мен  бостандықтарының  үстемдгін,  ҚР егемендігін, Қазақстан қоғамы мен мемлекетінің  тұрақты және   қарқынды  дамуын  қамтамасыз  етуге бағытталған ұлттық заңдарды  қалыптастыруға  қатысу;

- Қазақстанның ұлттық мүдделерін қорғау және  дүниежүзілік  қоғамдастықтағы беделін нығайту мақсатында, соның ішінде  ҚР халықаралық шарттарын  дайындау  мен жасасу жолымен  оның халықаралық аренадағы қызметін құқықтық жағынан  қамтамасыз ету;

- заңды тұлғаларды, қозғалмайтын мүлікке, құқықтарды және олармен жасалатын мәмілелерді, қозғалмайтын  мүліктің жекеленген  түрлерінің  кепілдерін, орталық  мемлекеттік  органдардың, жергілікті  өкілді және атқарушы  органдардың нормативті – құқықтық актілерін, азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру, ҚР  нормативтік  актілерінің  мемлекеттік есебін жүргізуді және  оларға бақылау жасауды жүзеге асыру;

- құқықтық көмекті  және заң қызметін көрсетуді ұйымдастыру және құқықтық насихатты қамтамасыз ету;

-сот сараптама  қызметін ұйымдастыру және жүзеге асыру;

-қылмыстық жазаларды  атқару, қылмыстық жаза органдары мен мекемелерінде  құқықтық тәртіп пен заңдылықты

 қамтамасыз ету;

-санаткерлік меншік құқықтарын қорғау  саласындағы мемлекеттік саясатты  жүзеге асыру;

-есірткі құралдары, психотроптық  заттар, прекурсорлар айналымы саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру

 және олардың  заңсыз айналымы мен оларды теріс пайдалануға  қарсы іс - әрекеттерді  жасау.

Категория: Әлеуметтану, саясаттану | Добавил: nauriz (24.03.2012)
Просмотров: 4957 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Сағат

Сауалнама
Сайтта сізге не ұнайды !!!!!!!
Результаты
Всего ответов: 4012
Сайт мәзірі
Сайт көрсеткіші
Қазір online
Қазір сайтта: 2
Қонақтар: 2
Қолданушылар: 0

Лучшая рип студия!