Сабақ жоспарлары
Мысалы: Бейнелеу 1-6 сыныпқа сабақ жоспарлары
Главная » Статьи » Әлеуметтану, саясаттану

ҚР азаматының әкімшілік – құқықтық мәртебесі

ҚР азаматының әкімшілік – құқықтық мәртебесі

 

ҚР азаматының әкімшілік – құқықтық мәртебесі – ҚР Конституциясымен және  қолданылып жүрген заңнамамен белгіленген азаматтың жалпы құқықтық  мәртебесінің маңызды және құрамды бөлігі болып табылады.

Әкімшілік құқық сферасындағы  азаматтардың құқықтары мен бостандықтары негізінен  конституциялық құқықтары мен бостандықтарынан туындайды және көптеген заңдарда және заң күшіндегі актілерде  нақтыланады.

Азаматтардың құқықтарының кепілдіктерін экономикалық, саяси және ұйымдық – құқықтық деп бөлуге болады.

Ұйымдық – құқықтық  кепілдіктерге   соттық және соттан  тыс кепілдіктер жатады.

Шағымның екі түрі болады: әкімшілік және соттық. Әрқайсысы  өз кезегінде жалпы және арнайы болуы мүмкін.

Жалпы әкімшілік  шағым жасауға құқық  ҚР Президентінің  1995ж. 19 маусымдағы "Азаматтардың шағымдарын қарау тәртібі туралы” заңды күші бар Жарлығымен реттеледі, соған сәйкес   шағым азамататрдың шағмыдануларының бір түрі болып табьлады (өтініш, арыздарымен, ұсыныстары мен сұрауларымен қатар)  және олардың құқықтарын  бұзу фактісімен байланысты.

Шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ тұлғалардың  әкімшілік – құқықтық мәртебесінің  ерекшеліктері:

- мемлекеттік қызметші бола алмайды, бірқатар лауазымдармен шұғылдануға және ішкі істер органдарында  жұмыс істей алмайды;

- мемлекеттік  құпиямен байланысты қызметке жіберілмейді;

- әскери міндетті емес;

- құқық бұзушылықтардың бірқатарын жасағаны үшін жауапкершілікке  тек шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар ғана тартылуы мүмкін;

- тек шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғаларына ғана мемлекеттік шекарасынан тысқа  шығару сияқты  әкімшілік жаза қолданылады;

- ҚР аумағына  рұқсаттары болғанда ғана  кіре алады;

- шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар  арнайы құжаттары болғанда  ғана тұрады және өз қызметтерін жүзеге  асырады;

- шетелдіктер үшін ашық аумақ бойынша  олар еркін қозғала алады, бұл жағдайда  осы туралы ішкі істер органдарына хабарлап отырулары қажет. Пунктке келген соң   олар  өзінің уақытша  келгенін тіркеу қажет.

- шетел азаматтарының қозғалыстарына  және тұрғылықты жерлерін таңдауда шектеулер қойылады.

 


Категория: Әлеуметтану, саясаттану | Добавил: nauriz (19.03.2012)
Просмотров: 1543 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Сағат

Сауалнама
Сайтта сізге не ұнайды !!!!!!!
Результаты
Всего ответов: 3922
Сайт мәзірі
Сайт көрсеткіші
Қазір online
Қазір сайтта: 2
Қонақтар: 2
Қолданушылар: 0

Лучшая рип студия!