Главная » Статьи » Әлеуметтану, саясаттану |
Салық элементі және оның жіктелуі
Салық элементі –салық заңы регламенттелген салықтың қолданылуы жағдайын анықтайтын құрамдас бөліктерінің жиынтығы. Салықтың элементтері: - Салық субъектісі; - Салық объектісі; - Салық көзі; - Салық мөлшері; - Салық жеңілдіктері; - Салық ставкасы; - Салық кезеңі; - Салықты есептеу тәртібі; - Салық есептелігі; - Салықты төлеу тәртібі. 1. Салықтың субъектісі - заңды немесе жеке тұлға, яғни салықты төлеушілерді айтамыз. Салық төлеушілер: Қызметкерлер - өз еңбегімен материалдық және материалдық емес игілік жасайтын, сонымен бірге белгілі бір түсім алатындар, яғни жеке тұлғалар; Шаруашылық субъектілер - капитал иелері, яғни заңды тұлғалар. Салық төлеуші - салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуші болып табылатын тұлға. 2. Салық объектісі - салық есептелетін база, яғни салық не үшін төленетінін қарастырады. Тауар – қажеттілік пен тұтынуды қанағаттандыратын зат. Айналымнан алынбаған, сатуға немесе айырбасқа арналған кез-келген еңбек өнімі болып табылады. Мұра - қайтыс болған азамат мүлкінің оның мұрагерлеріне көшуі. Көптеген мемлекеттерге мұраға салық салынады. Жер – белгілі бір өлшемдегі пайдалану мүмкіндігі орасан зор табиғи байлық. 3. Салық көзі - салық төлеу үшін белгіленген және қолданылатын ақша қаражаттары, бұл- жалақы, кіріс, дивиденттер, яғни салық неден төленетіндігін анықтау. Салық көзі- салық төлеуге арналған немесе қолданылатын ақша қаржылары. Салық төлеушілердің салық төлеу үшін негізінен 5 көзі бар: - табыс; - қор және жинақ; - өндірістік капиталдың ақша бөлігі, айналым қаражаттары қорын қоса алғанда; - қаражаттар, мүлікті өткізуден түскен, оның ішінде өндірістік капиталдың мүліктік бөлігі, негізгі қорды қосқанда; - қарыз қаражаттары. Табыс – ұлттық табысты бөлу барысында мемлекетке, кәсіпорынға, мекемеге немесе жеке тұлғаға түсетін ақшалай немесе материалдық ресурстар. 4. Салық мөлшері - салық төлекшінің табысына қарай алынатын салық сомасын білдіреді және ол шекті, жеңілдікпен, орташа, нөлдік болып бөлінеді. 5. Салық жеңілдіктері - төлем қабілетін, қоғамдық өндіріске қатысу және басқа да факторларды ескеріп заңмен қарастырылған жалпы ережеден шығару. 6. Салық ставкасы - салық базасының өлшем бірлігіне салық есептеулерінің шамасын білдіреді. 7. Салық кезеңдері - салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерге қатысты белгіленген уақыт кезеңі, ол аяқталған соң салық базасы айқындалады және бюджетке төленуге тиіс салық және басқа да міндетті төлемдер сомасы есептеледі. 8. Салықты есептеу тәртібі. Негізінде салықты есептеудің 5 кезеңі бар: - бірінші- салық салынатын объектіні есепке алу; - екінші- салық салу объектісінен салық базасын есептеу; - үшінші- салық ставкаларын қолдану; - төртінші- салық жеңілдіктерін қолдану: - бесінші- салық сомасын есептеу. 9. Салық есептілігі - салық төлеуші және салық агенті салық органдарына табыс ететін, салық міндеттемелерін есептеу туралы ақпараты бар құжаттама. 10. Салықты төлеу тәртібі - салық төлеушінің мемлеетке салық төлемдерін төлеуде жүзеге асырылатын салық заңдылықтарында бекітілген ереже. Салықтар бірнеше белгілер бойынша жіктеледі: - Өндіріп алу тәсілі немесе салық салу объектісі бойынша: тікелей және жанама салық; - Тікелей салықтар: нақты және дербес салықтар; - Объектінің экономикалық белгілері бойынша: тұтынуға және табысқа салынатын салықтар; - Салық көлемін анықтау тәсілі бойынша: үйлесімді, үдемелі және кемімелі салық; - Салық сомасы түсетін бюджет деңгейіне немесе салықты алатын және оған билік жасайтын органға қарай: республикалық және жергілікті салық; - Пайдалану ретіне қарай: жалпы және мақсатты салықтар; - Салықтарды төлеуге байланысты: заттай және ақшалай салықтар; - Салық субъектілеріне қарай: заңды және жеке тұлғалардың салықтары; - Салықтардың қолданылуы қызметтеріне орай: жай және төтенше салықтар. - Салықты есептеу және төлеу субъектісі бойынша: қызмет арқылы және қызмет ақысыз салықтар; - Салық базасының пайда болуы және салықты төлеу көзіне қарай: активті және пассивті салық; - Салдықтарды салық төлеушілердің арасында бөлуге байланысты: үлестірме және санды салықтар; - Салықтардың төленуіне қарай: тұрақты және біржолғы салықтар. Тікелей салық - тікелей табыс, немесе меншік иеленушілерден алынады. Оған жататындар: корпорациялық табыс салығы, жеке табыс салығы, жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары, әлеуметтік салық, жер салығы, мүлік салығы. Жанама салық - тауар бағасына қосылады және тауар сатқанда тұтынушылардан өндіріп алынады. Мәселен, қосылған құн салығы, акциз салығы. Жеке жанама салықтар - бұл тауардың белгілі бір түрінен алынады. Бұл салық акциз деп аталады. 20 ғасырға дейіни күнделікті сұраныс тауарларына акциз салынып келеді. Қазыналық монополиялық салықтар - мұнда тауарлардан басым бөлігін мемлекет өндіреді. әрине, бұл тауарлардың бағасын да мемлекет бекітеді. Егер мемлекеттің өзі тауарды өндірсе және өткізсе, онда тауарды өткізуден түскен барлық түсімін сауда шығындары шегерілген сомаға салық салынады. Кедендік баж - мемлекет кеден мекемелерінің желісі арқылы мемлекеттік шекарадан өткізер кезде тауарлардан, мүліктерден және құнды заттардан алынатын ақшалай төлемдері. Дербес салықтар деп- салық төлеушілердің табыстарына салынатын салықтарды атауға болады. Қазақстан Республикасында дербес салықтарға жататындар: корпорациялық табыс салығы, жеке табыс салығы, жер қойнауын пайдаланушылардағы үстеме пайда салығы, әлеуметтік салық.
| |
Просмотров: 2005 | Рейтинг: 2.0/1 |
Всего комментариев: 0 | |
Бизнес, менеджмент, финанс т.б [2] |
Патриоттық және мерекелер т.б [16] |
Шет ел әдебиеті мен тарихы [31] |
Шағын көлемді шығармалар [60] |
Әлеуметтану, саясаттану [69] |
Философия және логика [13] |
Қазақ тілі және тіл білімі [104] |
Елді мекендер, қалалар [2] |
Агро,шаруашылықтар [9] |
Курстык жумыстар [17] |
Ғылыми жұмыстар [62] |
Қазақстан тарихы [114] |
Тарихи тұлғалар [132] |
Еуразияшылдык [16] |
Ашық сабақтар [56] |
Дүние тарихы [30] |
Мәдениеттану [7] |
Информатика [68] |
Астрономия [61] |
Психология [6] |
Переводчик [4] |
Математика [14] |
Педагогика [77] |
Дипломдар [10] |
География [82] |
Биология [133] |
Экология [3] |
Дінтану [32] |
Физика [33] |
Химия [13] |
Құқық [27] |
Еңбек [7] |