Сабақ жоспарлары
Мысалы: Бейнелеу 1-6 сыныпқа сабақ жоспарлары
Главная » Статьи » Әлеуметтану, саясаттану

Салыстырмалы құқықтанудың ғылым ретінде қалыптасуының онтологиялық және гнесологиялық факторлары.

«Онтология» - иделалистік философияда болмыс туралы метафизикалық ілім.

«Гносеология» - ғылыми дүние тануды тексеретін философияның бір тарауы.

Салыстырмалы құқықтанудың қалыптасуы мен дамуына екі түрлі фактор әсер етеді. Олар: онтологиялық және гносеологиялық.

Онтологиялық фактор қоғамда объективті түрде қалыптасқан қоғамның экономикалық, саяси, идеологиялық мүдделерімен байланысады.

Гносеологиялық факторлардың қалыптасуына тәжірибелі мамандар мен ғалымдардың ғылыми және кәсіби мүдделері әсер етеді. Оның негізінде тәжірибелі мамандардың әлемді қайтадан құруға деген, ал ғалымдардың әлемді танып білуге деген ұмтылысы жатады.

Қоғамның жабық тоталитарлық түрінен ашық демократиялық түріне өткенде мемлекеттік және құқықтық құбылыстарды көптеген өзгерістерге, қоғамдағы процесстер құқықтық реформацияға ұшырайды. Бұл жағдайлардың бәрі, әрине құқық пен мемлекетті танып білудің ғылыми шектерін кеңейте түседі.

Салыстырмалы құқықтану заңгерлер мен мамандардың құқықтың әлеуметтік реттеуші ретіндегі құндылығын ұғып біліуі негізінде:

1. құнды, қайшылықсыз заңшығарушылық;

2. жоғары-кәсіби заң тәрбиесін;

3. жоғары құқықтық мәдениет құруына кең мүмкіндіктер тұғызады.

Салыстырмалы құқықтанудың құрылымы 2 бөлімнен тұрады: жалпы және ерекше.

Жалпы бөлімі салыстырмалы құқытанудың тарихи мәселелерін, теориясын, пәнін және әдістемесін, өзекті ғылыми мәселелерді және салыстырмалы құқықтану зерттеулерінің негізгі бағыттарын көрсетеді.

Салыстырмалы құқықтанудың ерекше бөлімі құқықтық құбылыстарды, яғни жеке нормаларды салыстырмалы анализдеуден бастап құқықтық жүйелерді зерттеуге дейінгі саяси-құқықтық зерттеулерді қарастырады.

 

 

 

Салыстырмалы құқықтанудың объектілерінің  түсініктемесі және оларды түрге бөлу.

 

Салыстырмалы құқықтану бірдей, ортақ мәні бар құбылыстардың әр түрлі көріністерін салыстырады. Салыстырмалы құқықтанудың объектісіне:

1.     құқықтық семьялар;

2.     құқықтық жүйелер;

3.     әр түрлі елдердің құқықтық тәжірибесі;

4.     әр түрлі елдердің үстемдік ететін құқықтық санасы және тағы басқалары жатады.

Құқықтық жүйе дегеніміз – белгілі бір мемлекеттегі құқықтық болмыстардың жиынтығы. Құқықтық жүйе түсінігіне әр түрлі құқықтық құбылыстар кіреді.

Құқықтық жүйенің құрылымы құқықтық құбылыстардың 3 тобынан тұрады:

1.     құқықтық нормалар, принциптер, институттар (нормативтік жағы);

2.     құқықтық мекемелер жиынтығы (ұйымдастыру жағы)

3.     сол қоғамға тән құқықтық көзқарастардың, идеялардың жиынтығы, құқықтық мәдениет (идеологиялық жағы).

Құқықтық сана дегеніміз - адамдардың және әлеуметтік бірлестіктердің мемлекетте әрекет ететін және қоғам қалайтын құқыққа  қарым-қатынасын білдіретін көзқарастар, идеялар жиынтығы.

Салыстырмалы құқықтануда құндылық деңгейінде құқықты түсінудің әр түрлі концепциялары салыстырылды.

Формальдық деңгейде құқықтық конструкциялар, терминология т.б. құқықтық техниканың элементтері салыстырылады.

Халықаралық стандарттарға халықаралық құқық нормалары мен ұлттық құқықтық нормалары салыстырудың объектісі болады.

Әрине бұдан басқа да құқықтық жүйелер мен формаларына байланысты әр түрлі топтау жүргізуге болады. Мұндағы ең бастысы құқықтық құбылыстардың дұрыс салыстырылуы мен ұлттық құқық жүйесі мен формаларына дұрыс баға беру.

Әр бір мемлекеттің құқықтық жүйесі қоғамның даму заңдылықтарын, оның тарихи, ұлттық, мәдени ерекшеліктерін көрсетеді.Әр бір мемлекеттің өзінің құқықтық жүйесі бар және оның басқа мемлекеттердің құқықтық жүйелерінен ұқсастықтары да айырмашылықтары да болады.

Ұқсас құқықтық жүйелер  белгілі бір топтарға бірігеді. Бұл топтарды құқықтық семьялар деп атайды.

Құқықтық семьяларды топтауда мына белгілер негізделген:

1. идеология, соның ішінде дін, философия, экономикалық және    әлеуметтік құрылымдар;

2. құқықтық техника. Ол құқықтың қайнар көздеріне негізделеді.

    Құқықтық семьялар:

1.     Роман-германдық;

2.     Англо-саксондық;

3.     Социалистік;

4.     Діни-дәстүрлік болып бөлінеді.


Категория: Әлеуметтану, саясаттану | Добавил: nauriz (19.03.2012)
Просмотров: 2647 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Сағат

Сауалнама
Сайтта сізге не ұнайды !!!!!!!
Результаты
Всего ответов: 4008
Сайт мәзірі
Сайт көрсеткіші
Қазір online
Қазір сайтта: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0

Лучшая рип студия!