Сабақ жоспарлары
Мысалы: Бейнелеу 1-6 сыныпқа сабақ жоспарлары
Главная » Статьи » Әлеуметтану, саясаттану

Қылмыс түсінігі, белгілері, санаттары және қылмыс құрамы

Қылмыс түсінігі, белгілері, санаттары және қылмыс құрамы

 

Қылмыс әр уақытта да белгілі бір іс-әрекеттің көрінісі, нәтижесі болып табылады.

Әрекет дегеніміз – адамның қылмыстық заң тиым салған нәрселерді істеуі, ал әрекетсіздік дегеніміз адамның заң, нормативтік кесімдер, нұсқаулар немесе жарлықтар, бұйрықтар бойынша өзіне жүктелген міндетін орындамауы.

Қылмыс дегеніміз – қылмыстық заңдармен тиым салынған, қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздікті айтамыз.

Қылмыстың белгілеріне мыналар жатады:

1. Қоғамға қауіптілігі

2. Заңға қайшылығы

3. Айыптылығы

4. Жазаланатындығы.

Қылмыстың санаттары деп оларды нақты белгілері бойынша топқа бөлуді айтамыз. Қылмыстар сипатына, қоғамға қауіптілік дәрежесіне және кінәнің түріне байланысты мынадай санаттарға бөлінеді:

- онша ауыр емес;

- ауырлығы орташа;

- ауыр;

- аса ауыр.

Қылмыстық Кодекстің 10-бабына сәйкес қылмыс жасағаны үшін осы Кодексте көзделген ең ауыр жаза бас бостандығынан:

1. қасақана жасаған әрекеті – 2 жыл, абайсызда жасаған әрекеті – 5 жылдан аспайтын мерзімге – онша ауыр емес;

2. қасақана жасаған әрекеті – 5 жыл, абайсызда жасаған әрекеті – 5 жылдан аспайтын мерзімге – ауырлығы орташа;

3. қасақана жасаған әрекеті – 12 жылдан астам мерзімге – ауыр;

4. қасақана жасаған әрекеті – 12 жылдан астам мерзімге немесе өлім жазасы көзделсе – аса ауыр санатына жатады.

Қылмыстың құрамы дегеніміз – бұл қылмыстың объективтік және субъективтік жақтарынан құралатын белгілерінің жиынтығын айтамыз. Ондай белгілер 4 топқа бөлінеді:

- қылмыстың объектісі;

- қылмыстың объективтік жағы;

- қылмыстың субъектісі;

- қылмыстың субъективтік жағы.

 1.       Қылмыстың объектісі – қылмыскердің қиянат жасайтын және де қылмыстық заңдармен қорғалатын қоғамдық қатынатсар.

2. Қылмыстың объективтік жағы – ол қылмыстың сыртқы көрінісіне жататын белгісі.

3. Қылмыстың субъектісі – ол қылмыс жасаған уақытта ақыл-есі дұрыс және 16 жасқа толған жеке адам. Кейбір ауыр қылмыстар үшін (кісі өлтіру, зорлау, адам ұрлау және т.б.) қылмыстық жауатылыққа адам 14 жастан тартылады.

4. Қылмыстың субъективтік жағы – бұл қылмыстың ішкі мәнін, мазмұнын білдіреді.

Қылмыс құрамы құрастырылуына байланысты материалдық және формальды болып жіктеледі.

Материалдық құрамда қылмыстың аяқталу сәті қоғамға қауіпті зардаптың тууына байланысты болса, формальды құрамда зардапты тосып жатпай-ақ, қоғамға қауіпті әрекетті жасаудың өзі қылмыстың аяқталғандығын  көрсетеді.

 


Категория: Әлеуметтану, саясаттану | Добавил: nauriz (19.03.2012)
Просмотров: 2732 | Рейтинг: 4.0/2
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Сағат

Сауалнама
Сайтта сізге не ұнайды !!!!!!!
Результаты
Всего ответов: 4012
Сайт мәзірі
Сайт көрсеткіші
Қазір online
Қазір сайтта: 2
Қонақтар: 2
Қолданушылар: 0

Лучшая рип студия!