Сабақ жоспарлары
Мысалы: Бейнелеу 1-6 сыныпқа сабақ жоспарлары
Главная » Статьи » Әлеуметтану, саясаттану

Қылмыстық құқық. Глоссарий

ГЛОССАРИЙ

 

Әрекет дегеніміз – адамның қылмыстық заң тиым салған нәрселерді істеуі.

Әрекетсіздік дегеніміз адамның заң, нормативтік кесімдер, нұсқаулар немесе жарлықтар, бұйрықтар бойынша өзіне жүктелген міндетін орындамауы.

Жаза дегеніміз соттың үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттің мәжбүрлеу шарасы.

Жер қоры дегеніміз – мемлекет меншігіндегі, оның аумағын түгел қамтитын жер шарының құрылықтағы бір бөлігін айтамыз

Қылмыстық құқық -  жеке құқық саласы ретінде адамды, оның құқықтары мен бостандықтарын, қоғамды және мемлекетті қылмыстық қол сұғушылықтан қорғауға бағытталған қоғамдық қатынастарды реттейді.

Қылмыс дегеніміз – қылмыстық заңдармен тиым салынған, қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздікті айтамыз

Қылмыстың объектісі – қылмыскердің қиянат жасайтын және де қылмыстық заңдармен қорғалатын қоғамдық қатынатсар.

Қылмыстың объективтік жағы – ол қылмыстың сыртқы көрінісіне жататын белгісі.

Қылмыстың субъектісі – ол қылмыс жасаған уақытта ақыл-есі дұрыс және 16 жасқа толған жеке адам. Кейбір ауыр қылмыстар үшін (кісі өлтіру, зорлау, адам ұрлау және т.б.) қылмыстық жауатылыққа адам 14 жастан тартылады.

Қылмыстың субъективтік жағы – бұл қылмыстың ішкі мәнін, мазмұны

ҚР-ның экологиялық құқығы - айналадағы табиғи ортаны қорғауға байланысты қоғамдық қатынастарды

Мемлекеттік баж - уәкілді берілген мемлекеттік органдардың, немесе лауазымды адамдардың заңдық мәні бар іс-қимылдар жасағаны үшін және құжаттарды бергені үшін алынатын міндетті төлем.

Салық дегеніміз - белгілі бір мерзімде және белгілі бір көлемде алынатын, заң бойынша қарастырылған міндетті төлемдер.

Сенімхат бір адамның (сенім берушінің) өз атынан өкілдік ету үшін екінші адамға (сенім білдірген) берген жазбаша уәкілдігі.

реттейтін құқықтық ережелердің жиынтығын зерттейтін оқу пәні немесе ғылым саласы

Төлемақы дегеніміз - мемлекет меншігіндегі объектілерді пайдаланған кезде төленетін төлем.

Экологиялық құқықтың мәні - бұл экологиялық-құқықтық нормалардың қолданылу саласында қалыптасатын тарихи тұрғыда қазіргі және болашақтағы ұрпақтар мүдделері үшін қоршаған ортаны сақтап қалу мақсатында табиғи объектілерді сақтау, жақсарту, қалпына келтіру, тиімді пайдалану тұрғысында міндетті түрде мемлекеттің қатысуы жағдайында азаматтар мен ұйымдар арасындағы өндірістік қатынастармен байланысты болуы.

Экологиялық қатынастар дегеніміз - бұл объектісі табиғат пен оның құрамындағы элементтер болып табылатын қатынастарды айтамыз.

Экологиялық құқықтың объектілері дегеніміз - айналадағы табиғи ортаны құрайтын, адамның тіршілік қажеттіліктеріне жұмсалатын табиғи ресурстар мен адамдардың экологиялық денсаулығы мен өмірін айтамыз.

Экология заңдарын бұзу дегеніміз - белгіленген экологиялық тәртіпті бұзатын және табиғи ортаға зиян келтіретін заңға қайшы  кінәлі әрекет немесе әрекетсіздік айтамыз.

Халықаралық  құқық – бұл ерекше құқық жүйесі болып табылады. Ғылым және оқу пәні болып табылады.

Халықаралық  келісімшарт – оның  субъектілерінің арасындағы  құқық пен міндеттерді белглейтін, солар үшін заңды міндетті халықаралық  - құқықтық нормаларды тудыру туралыанық көрсетілген келісім.

 

Категория: Әлеуметтану, саясаттану | Добавил: nauriz (19.03.2012)
Просмотров: 8360 | Рейтинг: 2.8/10
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Сағат

Сауалнама
Сайтта сізге не ұнайды !!!!!!!
Результаты
Всего ответов: 4012
Сайт мәзірі
Сайт көрсеткіші
Қазір online
Қазір сайтта: 3
Қонақтар: 3
Қолданушылар: 0

Лучшая рип студия!