Главная » Статьи » Математика |
ЖИЫНДАРДЫҢ БЕРІЛУ ТӘСІЛДЕРІ
Егер кез келген объектінің жиынға жататыны не жатпайтыны туралы айта алсақ, онда жиын берілді дейміз. Жиынды оның элементтерін атап шығу арқылы беруге болады. Мысалы жиын 1, 2, 3, 4, 5 сандарынан тұрса, ол жиынды былайша жазып көрсетеді А = {1,2,3,4,5}. Осы жиынды басқаша да тәсілмен беруге болады А = {x / x Î N , x < 6}. Мұнда жиынның элементтерінің сипаттамалық қасиеті көрсетілген, яғни 6-дан кем барлық натурал сандар жиыны берілген. Бұл жиын екінші тәсілмен беріліп тұр, атап айтқандк жиынның элементтері натурал сандар және 6-дан кіші болу қасиеттері көрсетілген. Жиынды осы тәсілмен бергенде фигуралы жақшада оның элементі көрсетіліп, тік сызықтан кейін жиынның элементтерінің сипаттамалық қасиеті жазылады. Элементтерінің саны аса көп болмаған жағдайда шекті жиындарды бірінші тәсілмен беруге болады. Ал, екінші тәсілмен шекті және шексіз жиындарды да беруге болады. Мысалы, М = {x / x Î R, 3 < x < 12} жиынын бірінші тәсілмен бере алмаймыз, өйткені ол шексіз жиын. ЖАТТЫҒУЛАР 1. Мына жиындардың элементтерін атап шығыңыз: А – «математика» сөзіндегі әртүрлі әріптердің жиыны; В – Қазақстандағы облыс орталықтарының жиыны; С – 215562 санындағы әртүрлі цифрлардың жиыны; Д - { x/x – аптаның «с» әрпімен басталатын күндерінің жиыны }. 2. Сан өсіне мына жиындарды кескіндеңіз:
3. АВ кесіндісін тұрғызыңыз. |АМ| = |ВМ| теңдігін қанағаттандыратындай М нүктелер жиынын табыңыз. 4. Бұрыштың биссектрисасындағы нүктелер жиынының сипаттамалық қасиетін анықтаңыз. 5. Жиындар элементтерінің сипаттамалық қасиеттерін формула арқылы жазыңыз: а) А = {1;3;5;7;9;...}; ә) В = {5;10;15;20;25;...}; б) С = {2;4;8;16;32;...}; в) Е = {3;6;9;12;15;...}. Жиындардың берілу тәсілдері
| |
Просмотров: 3997 | Рейтинг: 1.0/1 |
Всего комментариев: 0 | |
Бизнес, менеджмент, финанс т.б [2] |
Патриоттық және мерекелер т.б [16] |
Шет ел әдебиеті мен тарихы [31] |
Шағын көлемді шығармалар [60] |
Әлеуметтану, саясаттану [69] |
Философия және логика [13] |
Қазақ тілі және тіл білімі [104] |
Елді мекендер, қалалар [2] |
Агро,шаруашылықтар [9] |
Курстык жумыстар [17] |
Ғылыми жұмыстар [62] |
Қазақстан тарихы [114] |
Тарихи тұлғалар [132] |
Еуразияшылдык [16] |
Ашық сабақтар [56] |
Дүние тарихы [30] |
Мәдениеттану [7] |
Информатика [68] |
Астрономия [61] |
Психология [6] |
Переводчик [4] |
Математика [14] |
Педагогика [77] |
Дипломдар [10] |
География [82] |
Биология [133] |
Экология [3] |
Дінтану [32] |
Физика [33] |
Химия [13] |
Құқық [27] |
Еңбек [7] |