Сабақ жоспарлары
Мысалы: Бейнелеу 1-6 сыныпқа сабақ жоспарлары
Главная » Статьи » Педагогика

Білгірлер сайысы
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Білгірлер сайысы» 
Мақсаты: Алған білімдерін саралай отырып, оқушылардың қазақ тілін оқуға деген қызығушылықтарын арттыру.

Мұғалім: Негманова Құралай Уахитқызы

Сыныптар: 10 «А», 10 «Б»

Өткізілген орны: №34 қазақ тілі кабинеті 
Мұғалім: - Ана тілі қазағымның қаймағы, 
Тілің сенің өміріңнің айғағы. 
Бүгін міне, тіл туралы сайысқа, 
Білгірлері 10 сыныптың шығады.

Біздің топ: «Жасұлан» 
Біздің ұранымыз: «Тіл бар жерде - өмір бар» 
Біздің өлеңіміз: Ана тілің арың бұл, 
Ұятың боп тұр бетте, 
Өзге тілдің бәрін біл, 
Өз тіліңді құрметте.

Біздің топ: «Бәйтерек»тобы 
Ұранымыз: «Сүйемін туған тілді - қазақ тілін»

Біздің өлеңіміз: Тіліміздің бұлағы, 
Тірліктің ел жүрегі, 
Ана тілін сүйемін, 
Отан үшін күйемін.

Тақтада «ҚАЗАҚ ТІЛІ» деген жазу бар. Әр команда кезектесіп, бір – бірден әріп таңдайды. Әр әріптің ар жағында тақырыптар белгіленген. Әр тақырыпқа бес сұрақ немесе тапсырма беріледі. 
(Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі. Жауап нақты, толық болу керек және ойланып топпен ақылдасуға болады)

Қ . Қазақ тілі 
1. Көп тілді білетін адам кім? (полиглот) 
2. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - қазақ тілі» - деп Ата Заңның нешінші бабында жазылған. (4 бап) 
3. Дауысты дыбыстар қалай бөлінеді? (жуан, жіңішке, ашық, қысаң, еріндік, езулік) 
4. Сөз таптарын атап бер (Зат есім, Сын есім, Сан есім, Есімдік, Етістік, Үстеу, Шылау, Одағай, Еліктеу сөздер.) 
5. Қазақ тілінде неше жалғау бар екенін атап бер (4)

А. Қазақ әдебиеті 
1. Ыбырай Алтынсарин туралы не білесіңдер (монолог) 
2. Абай Құнанбаев туралы не білесіңдер (хр.таблица бойынша) 
3. А.Құнанбаевтың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін жатқа айт. 
4. 5 дос пен 5 дұшпанды ата 
5. Шоқан Уәлихановтың шын аты кім? (Мұхамедханафия)

З. Қазақстан тарихы 
1. Ата Заң қашан қабылданды? (1995 жылы 30 тамызда) 
2. Тәуелсіздік күні қашан тойланады? (16 желтоқсанда) 
3.Қазақстанның астаналары туралы айтып бер. (Орынбор, Қызылорда. 
4. Қазақстанда қандай ұлттар мекендейді? (қазақ......) 
5. «Алтын адам» қайдан табылған (Есік обасынан (курган)) 
А. География 
1. Қазақстанның ең биік тауы (Хан тәңірі 6646 метр) 
2. Қазақстан неше мемлектпен шектеседі (5 - Ресей, Қытай, Өзбек, Қырғызстан, Түркменстан) 
3. Ең үлкен көлі (Каспий) 
4. Қазақстанда қанша облыс бар (14) 
5. Павлодар облысының негізгі пайдалы қазбаларын ата (көмір, тұз, алтын) 
Қ. Халық ауыз әдебиеті 
1. Мақал мен мәтелдің айырмашылығы неде? 
(мақал 2-3 сөйлемнен тұрады, мәтел қысқа болады) 
2. Еңбек туралы мақал – мәтел айт. 
3. Достық туралы мақал- мәтел айт. 
4. Жаңылтпаш айт. 
5. Ертегілер қалай бөлінеді (қиял ғажайып, жануарлар туралы, тұрмыс – салт) 

* Жекпе – жек (капитандар сайысы) 
1 топтың капитанына 10 сұрақ 
1. Атақты қазақ суретшісі кім?(Әбілхан Қастеев) 
2. Теңге қашан айналымға енді? (1993ж) 
3. «Ау, қызғыш құс» кімнің өлеңі? (Махамбеттің) 
4. Орхон – Енисей жазбаларын алғаш оқыған кім? (Радлов) 
5. Қазақтың музыкалық аспаптарын ата (домбыра...) 
6. Қазақстанның бұрынғы астаналарын атап бер (Орынбор, Қызылорда, Алматы, Астана) 
7. Абайдың неше қара сөзі бар (45+1) 
8.Әнұранның авторларын атап бер (Ж.Нәжмиденов, Н. Назарбаев) 
9. Қазақтың актерлерін атап бер. (Шәкен Айманов, Кәкен Кенжетаев) 
10. Сен неше жастасың? (16- да) 
2 топтың капитанына 10 сұрақ 
1. Тұнғыш қазақ ғарышкері кім?(Тоқтар Әубәкіров) 
2. Қазақстан Тәуелсіздігін қай жылы алды? (1991ж) 
3. ”Ескендір» кімнің поэмасы? (А. Қ.) 
4. Орхон – Енисей жазбаларын қайдан тапты? (Монғолиядан) 
5. Асан Қайғы қай ғасырда өмір сүрген?(15) 
6. «Бәйтеректің» биіктігі неше метр (97) 
7. Абайдың неше баласы болған (7 ұл 3 қыз) 
8. Елтаңбаның авторлары кім? (Шота Аман Уәлихан, Мәлібек Жәндәрбекұлы) 
9. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы қайда туған?(Баянауыл ауданында) 
10. Биыл Павлодар облысына неше жыл (70 жыл)

Т. Қасиетті сан 
1. Қазақ халқының қасиетті сандарын ата. (3, 7, 9, 40) 
2. «Үш бәйтеректі» ата. 
(Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин, Сәкен Сейфуллин) 
3. «Жеті атаңды ата» 
4. «Бес арысты» ата 
(Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Жүсіпбек Аймауытов) 
5 «Жеті атаңды» білесің бе?

І. Сен білесің бе? 
1. Қазақтың атақты палуаны кім? (Қажымұқан) 
2. Сөз тіркесі, сөйлемді зерттейтін ғылым?(синтаксис) 
3. Шыңғыстауда (Семейде) қандай атақты адамдар туған? (Абай, Шәкәрім, Мұхтар) 
4. «Айша бибі» кесенесі қайда орналасқан? ( Таразда) 
5. Абайдың мұражайы қайда орналасқан? (Жидебайда) 
Л. ”Полиглот” 
(Жұмбақтың шешуін сайыскерлер шешіп, оны қазақ, орыс, ағылшын (неміс) тілдерінде айтады.) 
1) Асқар тауда, 
қара орман (шаш - волосы -hair англ - нем.яз наап) 
2) Қимылдаса қос шебер, 
Қыруар –қыруар іс өнер (қол – рука – hand )

3) Судан шығады, 
Судан қорқады. (Тұз-соль-sult-англ Salz(нем))

4) Жүзіне салсаң көзіңді, 
Көрсетеді өзіңді. (Айна-зеркало-mirror –англ,Spiegei (нем)

5) Бетін адам ашады, 
Білім нұрын шашады. (Кітап –книга-book (англ) buch(нем) 

І «Тізбек» ойыны 
(екі командадан бір – бір бала шығып бірі қыздың, екіншісі ұлдың атын айтып қадам жасайды. Әр қадам бір балл)

Үздік информатик

(білгірлер, тапқырлар білім сайысы)

Құрметті ұстаздар, әділқазылар және оқушылар! Сіздермен бірлесе отырып, «Үздік информатик» атты білгірлер мен тапқырлар білім сайысын бастауға рұқсат етіңіздер.

Ойын-толқын , айналған қатты ағысқа, 
Табылғандай таным да, жат дауыс та. 
Біреу озып келеді қатарынан, 
Біреу мініп жатқанда аптығыста.

Ойын-толқын, жатқандай асып, тасып, 
Біреу мығым, біреулер шалыс басып. 
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар, 
Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып.

Ендігі кезек өзінің білімін сынауға, алғырлығымен, тапқырлығымен шыңдауға келген оқушыларда (Оқушылар өзін - өзі таныстырады).

Бақ пен бап сыналар бұл жарысқа қатысып отырған оқушыларға сәт сапар тілей отырып, шыңдарға биік қонғайсың демекпін. Ал, жас қырандар І-турымызды бастаймыз.

І – тур. «БӘЙГЕ» 
Берілген түрлі анықтамалардың шешімін шапшаң жауап берген оқушылар 10 ұпайға ие болады. 
1. Алғашқы есептеу құрылғысы ..... (саусақ). 
2. Адам мен компьютер арасындағы қарым-қатынас..........(интерфейс). 
3. Монитор мен көздің арақашықтығы қандай болу керек? (60-70). 
4. Принтер түрлері......(лазерлік, құйылмалы, матрицалық). 
5. Компьютердің негізгі құралдарын ата.........(жүйелік блок, монитор, пернетақта). 
6. Есептер панеліндегі пуск батырмасын басқанда не шығады? (бас меню) 
7. Компьютер құралдары нешеге бөлінеді? (2) 
8. Ең бірінші программа құрған оқымысты (Ада Лавлейс)

ІІ – тур. «Тапқырлар» 
Берілген тест тапсырмалардың дұрыс жауабын жауап парағына жазыңдар. 
Жауап парағын болғаннан кейін әділқазыларға береді. Әр дұрыс жауап 10 балл. 
1.Ақпараттың ең кіші бірлігі.... 
А) байт В) Кбайт С) Мбайт D) бит*

2. txt. Қандай файл? 
А) калькулятор В) блокнот* С) paint D) ойын

3. Компьютердің атасы кім? 
А) Ч.Бэбидж* В) Паскаль С) Архимед D) Ада Лавлейс

4. Ең алғашқы ЭЕМ қай жерде, қай жылы жасалды? 
А) 1942 ж. Ресейде В) 1946 ж. АҚШ-та* 
С) 1970 ж. Жапонияда D) 1980 ж.Қазақстанда

5. Операциялық жүйеге қайсы жатады? 
А) MS DOS, QBASIC В) WINDOWS, WORD 
С) MS DOS, WINDOWS* D) QBASIC, PASCAL

6. Паскал тілі кімнің құрметіні аталған? 
А) швет Никлаус Вирт В) Паскальдың 
С) Билл Гейтстің D) фр. Блез Назкль*

7. MS Office пакетіне жатпайтынын көрсет 
А) MS Word В) MS Excel С) MS Pascal* D) MS Access

8. MS Excel – де формуланың қайсысы дұрыс жазылған 
А) a1+a2+a3= В) a1+a2+a3 С) =a1+a2+a3* D) =1a+2a+3a

ІІІ – тур. «Қатесін анықта» 
Электронды поштамен келген хатқа вирус кіріп ақпаратты бүлдіріпті. Сіздердің мақсаттарыңыз бүлінген ақпаратты қалпына келтіру.

1-хат. Сканер мен пернетақтаны іске қосып компьютерді қосу керек. Монитормен мәтін жазып, суретті компьютерге енгізу үшін принтерді пайдаланамын. Жазылған ақпаратты қағазға басып шығару үшін жүйелік блок қолданамын.

2-хат. Компьютерде мәтін жазу үшін Paint текстік редакторды пайдалануға болады. Мәтін жазу үшін сызғыш, өшіргіш құралдарын пайдаланамын. Ал сурет салғым келсе Wordpad стандартты программасымен сала аламын. Мұнда Word Art панелі арқылы әр түрлі суреттерді аламыз.

3-хат. Мен пернетақтамен жұмыс істегенді ұнатамын. Өйткені онда көптеген құжаттарды сақтауға, сканерлеуге болады. Пернетақтаның үш түрі бар : Лазерлік, матрициялық, сия бүріккіш. Сақталған құжаттарды Shift пернесін басып, жоюға болады. Функцияналдық пернелерге әріптер блогы жатады.

4-хат. Мен электронды кестемен жұмыс істегенді ұнатамын. Онда әр түрлі кестелер мен слайдтар жасауға болады. Дыбыс жазып, видео роликтерді көруге болады. Және де бұл программа арқылы интернет жүйесіне шыға аламыз.

ІV – тур. «Ғажайып алаң» 
Бұл турда әр сайыскер жеке - жеке әртүрлі тақырыптан таңдап өзі жауап береді. 
1-тақырып: Дербес компьютер. 
10 – Компьютердегі мәліметтерді сақтайтын негізгі құрылғы қалай аталады? (қатты диск) 
20 – Компьютердің қандай құрылғысында информация өңделеді? (процессор) 
30 – Мультимедия дегеніміз не? (дыбыстық,музыкалық, графикалық және видео инф. бірігуі) 
2-тақырып: Windows ОЖ 
10 – ОЖ дегеніміз не? (басқарушы және қолданбалы программа) 
20 – Экранның фонын өзгерту 
30 – ОЖ сыртқы құрылғылармен байланысын қамтамасыз ететін программалар (драйверлер) 
3-тақырып: MS Office 
10 – Құжатты сақтау 
20 – Құжатты баспаға шығару 
30 – MS Office пакетіне кіретін программаларды ата 
4-тақырып: Жалпы 
10 – Электронды поштамен жұмыс істейтін программа (e-mail) 
20 – 1Г байт информация мынағын тең (1024 Мбайт) 
30 – Билл Гейтс (MS фирмасының иегері) алғашқы программасын неше жаста құрды? (13)

V – тур. «Кім жүйрік»


1-оқушыға:

1. Компьютер жанындағы өсімдік (кактус). 
2. Баспаға шығару құрылғысы (принтер). 
3. Жалпы желіге қосылу үшін не керек? (модем). 
4. Калькулятордың неше түрі бар? (2). 
5. Ақпарат (информация) қай тілден шыққан? (латын). 
6. Вирусқа қарсы программа (антивурустық пр). 
7. Дыбыс шығару құрылғысы(колонка). 
8. Бос орын қалтыру пернесі (пробел) 
9. тің паскал тілінде жазылуы (sqr(х)) 
10. Үш программалау тілдерін ата

2-оқушыға: 
1. Дыбыс жазу құрылғысы (микрофон). 
2. Вирус деген не? (комп бүлд. арн.программа). 
3. Ақапаратты компьютерға енгізу құрылғысы (пернетақта). 
4. Winzip, winrar қандай программа (архиватор). 
5. Бос орын қалтыру пернесі (пробел). 
6. Монитор, пернетақта, жүйелік блок қандай құрылғылар? (негізгі) 
7. тің паскал тілінде жазылуы (sqrt(х)) 
8. Адамның денсаулыққа зиянды компьютер құрылғысы(монитор) 
9. Өшірілген файлдар қай папкада сақталады?(корзинада) 
10. Бас әріпті шығару үшін сол әріппен бірге қандай пернені басу керек? (Shift)

Осымен бұл қызықты тамамдасақ, 
Бұл жайды айтамыз бажаман болсақ? 
Үйрендік білмегенді осы жолы, 
Тағыда үйренеміз аман болсақ!


1-хат. Сканер мен пернетақтаны іске қосып компьютерді қосу керек. Монитормен мәтін жазып, суретті компьютерге енгізу үшін принтерді пайдаланамын. Жазылған ақпаратты қағазға басып шығару үшін жүйелік блок қолданамын.

2-хат. Компьютерде мәтін жазу үшін Paint текстік редакторды пайдалануға болады. Мәтін жазу үшін сызғыш, өшіргіш құралдарын пайдаланамын. Ал сурет салғым келсе Wordpad стандартты программасымен сала аламын. Мұнда Word Art панелі арқылы әр түрлі суреттерді аламыз.

3-хат. Мен пернетақтамен жұмыс істегенді ұнатамын. Өйткені онда көптеген құжаттарды сақтауға, сканерлеуге болады. Пернетақтаның үш түрі бар : Лазерлік, матрициялық, сия бүріккіш. Сақталған құжаттарды Shift пернесін басып, жоюға болады. Функцияналдық пернелерге әріптер блогы жатады.

4-хат. Мен электронды кестемен жұмыс істегенді ұнатамын. Онда әр түрлі кестелер мен слайдтар жасауға болады. Дыбыс жазып, видео роликтерді көруге болады. Және де бұл программа арқылы интернет жүйесіне шыға аламыз. 

Аты-жөні: 
№ жауап 








Аты-жөні: 
№ жауап 







8

Категория: Педагогика | Добавил: nauriz (09.02.2014)
Просмотров: 1465 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Сағат

Сауалнама
Сайтта сізге не ұнайды !!!!!!!
Результаты
Всего ответов: 4014
Сайт мәзірі
Сайт көрсеткіші
Қазір online
Қазір сайтта: 11
Қонақтар: 11
Қолданушылар: 0

Лучшая рип студия!