Сабақ жоспарлары
Мысалы: Бейнелеу 1-6 сыныпқа сабақ жоспарлары
Главная » Статьи » Педагогика

Этнопедагогика - халық педагогикасы туралы ғылым
Автор афоризмдері мен өзіндік стилі көп жағдайда ескерілмейді, аудармалар 
лингвистикалыќ тұрғыдан шешім табар мәселелерден гөрі саяси тұрғыдағы мәселелерді «реттеу» ісін маңызды санайды

«Авторизованный перевод» аудармашыға ќандай "еркіндік” бергеннің өзінде ондағы маңызды мағлұматтар мен автор афоризмдерін аттап өту "әділдік” емес. Автордың жеке стилін ашатын көріктеу ќұралдарын – метафорасы, метонимиясы, т.б. "троптарын” іздеу де осыншама бұрмаланып кеткен мәтін арасынан «ұсаќ-түйекті» түгелдеумен тең әурешілік болды. Аударманың алға ќойған үлкен маќсаттары алдында мұндай тілдік ќұбылыстар расында, көзге ілікпейтін ұсаќ-түйек болып ќалады екен. Себебі, аударма маќсаты лингвистикалыќ тұрғыдан шешім табар мәселелерден гөрі саяси тұрғыдағы мәселелерді «реттеу» ісін маңызды санайды. Десек те, бұл І.Есенберлиннің ќолданған маќал-мәтелдері, афоризмдері мен «троптары» түгелімен аудармаларда көрініс таппай ќалған деген сөз емес, әрине. Сөзімізді мысалдармен әрлейік. 
Ќазаќ маќал-мәтелдерінің шығармада жиі ќолданылуы – І.Есенберлиннің өзіндік стилін айќындайтын айрыќша белгілерінің бірі. «Бас кеспек бар да, тіл кеспек жоќ» [78-б.], «Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі» [111-б.], «Диірменде туған тышќан дүрсілден ќорыќпас» [152-б.], «Ќұм жиылып тас болмас, ќұл жиылып бас болмас» [252-б.] деген сияќты маќал-мәтелдер "Можно отрубить голову, но нельзя отрезать язык” [73-б.], "Кто говорит без осторожности, тот умрет, не болея” [103-б.], «Мышь рожденная в мельнице, не боится грохота» [140-б.], «Из песка не склеишь камня, из рабов не составишь ханство» [242-б.] делініп, жап-жаќсы аударылып беріледі. Ал «Арғымаќ өлсе ќұлын бар, әкесі өлсе ұлы бар» [208-б.] деген маќалдың орысшасын аудармашы «Умирает аргамак, но останется тонконогий жеребенок, который растет и скачет все дальше и дальше в степь» [197-б.] деп береді, бұл өзгертудің мәнісін ќараңыз, кәдуілгі бұрмалаудың халыќ маќалына да "ќол сұға” бастаған тұсы. Әке орнын ұл басады, оның жолын жалғастырады деген ұғымнан адастыру үшін, ќұлынды ќұлдыратып алысќа алып кеткен. Одан әрі "өз ойын” шегелеп, "Разве не по тем же законам живем мы, казахи?” дегенді ќосып ќояды. Бұл мысалдың өзі Хаќназар ордасының төбе биі Аќсопы бидің сөзінен алынады, сөз осылай бұрмаланып, бұрмаланып барып, бидің елді бірлікке шаќырған шешендік сөздерін жоќ етіп жіберуге алып келеді екен (бұл талќыны ел бірлігіне арналған 17-тұжырым дәлелдемесінде жалғастырамыз). 
Автор афоризмдерінің де, терең толғамды философиясының да аудармалардағы жай-күйі осындай. «Ќанішер адамның тегі ќорќаќ келеді» [417-б.] деген сөз «Кровожадные люди всегда трусливы» [396-б.] болып жаќсы жетеді, «¤лім деген – ұзаќ жолдың алысы» [208-б.] деген афоризм «Каков бы ни был длинен путь, впереди все равно смерть» [197-б.] болып, аз-маз өзгеріп өтеді. «Ажалсыз аждаћаның аузынан ќұтылады” [15-б.], "Ажал ќашан да ерте” [16-б.], "Ќатеңді досыңнан ќасың көреген” [532-б], т.б.с.с. афоризмдер ескерусіз ќалады. 
Данагөй халыќтың аќыл-парасатын жеткізіп тұрғандай автордың «Төгілген ќанды ќалай жапсаң да, бәрібір шүберек бетіне шығады. Заманымыз дүрбелең болды деп, дөрекі іске жол беру күнә. Ќиянатты істеу жеңіл, жою ќиын» [368-б.] дегендей түйдек-түйдек ойлары да жаманды-жаќсылы: «Рано или поздно, но все равно проступает пролитая кровь. Зло легче посеять, чем искоренить» [345-б.] делініп аударылады. Осы арадағы «Заманымыз дүрбелең болды деп, дөрекі іске жол беру күнә» деген сөзден аудармашы аттап кетеді, бұл аударылатын болса, ќазаќтың анау айтќан дөрекі емес екендігі, ќандай ќиын күнде де ұстамды екендігі көрініп ќалуы мүмкін. Сондыќтан, мұндай жерлерді аудару аудармашы ұстанған мүддеге ќайшы келген болар еді. 
¤зге халыќтар санатына жетпей ќалған үлкен данагөйліктің тағы бір парасы "Жалған дос көлеңке тәрізді, күн ашыќта жаныңнан ќалмайды, аспанды бұлт торласа ќасыңда ќалмайды” [258-б.], "Жастыќ шаќ, сен ќазір алыстағы ай тәріздісің ғой, сәулең бар, ќызуың жоќ” [504-б.] деген ойшыл жазушының терең философиясын көрсететін көркем тілдік орамдарында жатыр. Айналып өтуге болмайтын мұндай теңеулердің аудармаларда берілмейтіні – мәдениетаралыќ коммуникацияда достыќ та емес, әділдік те емес. Осының тағы бір мысалы 249-бетте: "– Ер азбай, ел азса – айдын көлдің суалғаны. Ел азбай, ер азса – зор бәйтеректің ќұлағаны, – деп бастады Бұќар жырау ќазаќ елінің ұлы шежіресінің бір тармағын. – Бәйтерегің ќұласа ағаш орнына ағаш өседі. Айдын көлің суалса немен толар есесі? Ер бұзылса да ел бұзылмасын. Бұзылғанды түзетеді. Түзелмесін жер етеді” дейтін халыќтыќ дүниетаным, сөз өнерінің ќұдіреті де аударылмайды. Осындай тұстарда І.Есенберлиннің "Іш ќазандай ќайнайды, күресуге дәрмен жоќ” [572-б.] дейтін Кенесарының зарын білдірген (аударылмайтыны белгілі) сөзі еске түседі. Автордың жиі ќолданатын «бие сауым уаќыт» немесе «бесін уаќыты» деген сияќты ќазаќи уаќыт өлшемдерінің аудармалардағы ќолданысын түгелдеп, олардың өзге тілдердегі көрініс табу жайын, түр-түс мағынасын, тұраќты тіркестердің берілу жайын зерделеу сияќты, т.б. толып жатќан ќызыќты зерттеу жұмыстарын жүргізуге мынадай «авторизованный переводтың» мүмкіндіктері шектеулі.

7-тұжырым 
Қазаќ хандарының ќол астына ќараған территория сөз болатын тұстарда 
аудармашылар ел, жер аттарын атамауға тырысады

«Алмас ќылышта» «…Бату әскері Рязань, Владимир, Суздаль, Киевті шауып, Батысќа жол ашылды. …Бату әскерінің алдында Европа мемлекеттерінің бай өлкелері ќалды. …Польша, чехтар мен мадиярлардың жерін басты. Алдарынан Адриат теңізінің жағасын жайлаған тағы славян елдері көрінді» [11-б.] дегеннің бәрін «куда доходили копыта монгольских лошадей – от кипчакских степей до дунайских долин, … во главе огромного воиска двинулся на запад» [10-б.] деумен тәмәмдайды. Ағылшыншасы [9,10-бб.] айны-ќатесіз осы. 
Ал 26-бетте: «Аќсаќ Темір бүкіл Мауреннахрды өзіне бағындырып, Хорезм мен Алтын Орданы шауып, кейін ‡ндістанның астанасы Дели мен Түркияның кіндік ќаласы Анкараны ала алар ма еді?” деген сөйлемді орысшада 28-бетте: "…Слишком уж большую территорию подмял под себя когда-то Железный Хромец” деп бүге-шүгесіне бармайды, елдердің атын атамайды. 
«Ақсақ Темір Иран мен Үндістанның шетін алғаннан кейін барып, пілді кей жағдайларда Орта Азия хандары жауын қорқытуға аздап пайдалана бастаған» [89-б.] – «С тех пор как Тимур завоевал часть Индии, у всех более или менее крупных властителей Средней Азии появились боевые слоны в войске» [83-б.]. Бұл жерде Иран айтылмайды. 
Ал 77-бетте Әбілќайыр ханның тұншыќпа (астма) ауруымен науќастанғанында Тибеттен, Ќытайдан, Ќорасаннан, Мысырдан да баќсы-балгерлер алдырғаны туралы сөйлем аударылады да, наќ осы тұста территориядан хабардар ететін «Бір шеті Ќорасан, екінші шеті Жайыќ өзенінен асып далиып жатќан алып хандығының түкпір-түкпіріне білгір дәрігер іздетіп ат шаптырған» деген сөйлем орысшасында да, ағылшыншасында да үшті-гөйлі жоќ. 
Ќазаќшада [187-б.]: "Осы айќаста атасы Әбілќайырдың жасына жетпеген, бүкіл Орта Азияны жаулап алған, атаќты Мұхамед-Шайбани хан жекпе-жек жас жолбарыс Шах-Ысмайылдың ќолынан ќаза тапты” деген сөйлем орысшада [172-б.]: "Бүкіл Орта Азияны жаулап алған” деген жерін айтуға болмайтындай, "В этом сражении, намного не дожив до возраста своего деда Адулхаира, погиб в поединке с молодым шахом Исмаил хан Мухаммед-Шейбани” болып аударылады. Мұнда ќазаќтың өз тарихында бармаған бауы, алмаған тауы жоќ екен дегендей ойларды жасырып ќалуға әрекет жасау байқалады. 
«Жанталастың» 2-бөлімінің бас жағында І.Есенберлин: «¦шы-ќиыры жоќ сұсты Сібір өлкесінде ежелден-аќ мал шаруашылығымен шұғылданатын, балыќшылыќ пен аңшылыќты кәсіп ететін түрік және монғол тектес көшпелі халыќтар мекен ететін» дейді [245-б.]. Бұл сөйлемді де аудармалардан таппағандықтан айтып отырмыз. 
Мысалды келтіре беруге болады. Десек те, 12-тұжырым дәлелдемесінде келтірілген мысалға назар аудармаcқа болмайды. Ќараңыз, орысшаның 480-бетінде территория мәселесіне келгенде ќазаќ үшін жер-су аттарын атамауға тырысатын аудармашы «Все должно склониться перед единым шпицрутеном – от финских хладных скал до пламенной Колхиды…» деген сөйлемді ойдан ќосып, І.Есенберлиннің ќаламымен жер-көктің иесі орыс деп жазған болады.

8-тұжырым 
Қазаќ ќыз-келіншектерінің сұлулығы мен батыр тұлғалы ер азаматтарының 
бейнесі аудармаларда кейде суреттелмейді, кейде (ќызды «красавица» 
деумен шектелу сияќты) жетімсіз күйде ќалады

Ќарасаң көз тоймайтын ќазаќ ќыздарының сұлулығы мен кісі сүйінер батыр тұлғалы жігіттерінің келбетін кескіндеуге келгенде, аудармашылардың сөзге сараңдыќ көрсетуінен кімге келіп-кетер не бар екені белгісіз. Жалпылай айтсаќ, аудармашы көбіне сұлу ќыз-келіншектер сипатын «красавица» деген бір сөзге таңып, өте шығуды жеңіл көреді. 
"Сүрме ќасты, аќќудай аппаќ, отыз беске келіп ќалса да, әлі де шаңќай түстей жарќыраған сұлу Рабиу-Сұлтан-Бегім…” [58-б.] – «Семнадцатилетней девушкой выглядела четвертая жена хана, хоть было ей уже больше тридцати лет от роду» [49-б.] – "The khan`s fourth wife was already thirty but looked sweet seventeen” [53-б.]. Ќазаќшасында отыз бестегі, орысшасында отыздан асќан, ағылшыншасында, отызға таяп ќалған әйелдің аудармаларында жас көрінетіндігі айтылады, "шаңќай түстей жарќыраған сұлулығы” туралы бір сөз жоќ. 
Ал 504-беттегі Айғанымның сұлулығы айтылмайды емес, айтылады, біраќ түпнұсќасындағыдай "Сол тойға арналған балда (Бал Петербургта болып жатыр. – Н.Р.) сұлулыќ жағынан Айғанымнан еш әйелдің аспағаны...» туралы айтылмайды. 
13-тұжырым дәлелдемесінде келтірілген Жаған-бикенің сұлулығы сипатталатын үлкен мысалдың да осы тақырыппен байланысы бар. 
Батыр Саянмен ұќсас келетін Мұхамет-Жөкінің сипаты ќазаќшада [88-б.]: "Сол ќалың ќабаќ, өткір көз, сопаќтау келген сұрша бет. Бойлары да, дене ќұрылыстары да дәлме-дәл. Сұңғаќ бой, арыс кеуде, жіңішке бел. Жас жолбарыстың аяќтарындай аяќ-ќолдары сомдала біткен. Жалпы ќимылында дене бітімінде секіруге дайындалған жолбарыс тәрізді бір ќауіпті сұс бар…” Орысшада [81-б.]: "Те же густые сросшиеся брови, пронизывающий взгляд, то же бледное, блогородное лицо, что у батыра Саяна. И движения у него такие же – мягкие, тигриные”. Батырдың бітім-келбетін жеткізбеген, мұндай сипат батыр айбарынан гөрі ќыз нәзіктігіне көбірек ұќсайды (ағ.т. [88-б.]). 
Ќазаќшада [524-б.] «‡й ішінде көлбей жатуына да себеп бар екен, енді ол малдас ќұрып отырып еді, басы керегенің ұшына тиер-тиместей зор денелі бір алып екен. Адамнан гөрі, ертегіде кездесетін дәулер тәрізді. Тек жалғыз көзді емес, екі көзді және сонау тас ќабаќты ќоңырќай сұсты түсінде бір жылы шырайдың сазы білінеді. Бұл Кенесарының бас батыры Ағыбайдың өзі еді». «Кочевникиде» батырдың келбеті мынадай [494-б.]: «Во взляде батыра, несмотря на суровость, светилась такая простодушная доброта, что обманывать его было невозможно» (ағ.т. [526-б.]). Демек, «Көшпенділердің» орыс тілі арќылы жасалған барлыќ аудармаларында батырымыз осындай «халде» деген сөз.

9-тұжырым 
Қазаќ табиғатына тән ќасиет, мәдениет (биязылыќ, 
үлкенге ќұрмет, т.б.) бүркемеленеді 

Түпнұсќада [418-б.]: "Ќұшбегі ұсынған көгілдір фарфор кесені алып Ханпатшайым сыңғырлай күлді” дегеннің орысшада [397-б.]: "Приняв из его рук пиалу из голубого фарфора, Ханпатшаим вдруг громко рассмеялась” деп, соған орай ағылшыншада [425-б.] "Having taken a blue-china drinking bowl from his hands, Khanpadshaim suddenly began laughing loudly” делінеді. Мұндайды түпнұсќадағы [498-б.] «Келіншек сылқ-сылқ күлді» дегенді «Алтыншаш вдруг громко рассмеялась» [472-б.] – «Suddenly Altynshash burst out laughing» [500-б.] деп, қайталап тұрады. ¤згеге ќымбат болмаса да өзімізге ќымбат көрінгендіктен де болар, аудармашылардың осындағы әйелдің сыңғырлап күлгенін, сылқ-сылқ күлгенін парыќсыз ќарќылдап күлумен айырбастап жібергенін сөз етіп отырмыз. Себебі, ќазаќ үшін әйел затына тән биязылыќ арзан ұғым емес. 
Жалпы қазақ жастарын алтыбақан басында «...всегда поют песни – веселые, легкие» [471-б.] дегенді ойдан қосып қойып, жеңілтек, мұңсыз, ойсыз етіп көрсеткісі келеді. Ал шын мәнісінде қазақ әндерінің ішінен жеңіл ән табу қиын, бар болмысымен салмақты, мұңды, сазды болып келеді. 
147-бетте: «…Оның үстіне Ќасым да, Мұхамед-Шайбани мен Махмуд-Сұлтан да Шыңғыс әулетіне жатпайтын, шешелерінің айтќандарын екі етпейтін мінез көрсеткен. Бұл әрине балаларын жастайынан өздерін сыйлайтын етіп өсірген аналарының ќасиеттерінен туған ерекшелік» дегенді орысшада [135-б.]: «…вопреки принятым среди чингизидов правилам, как султан Касым, так и Мухамед-Шейбани с Султан-Махмудом во всем были покорны воле своих матерей» деп аударғанда ана тәрбиесі – ќазаќ бесігі назардан тыс ќалған ба деп ойлаймыз. 
251-беттегі «Келген сайын Тәуекел оған (Жиенбет жырауға – Н.Р.) ат мінгізіп, шапан жаптыратын» деген ќазаќтың нөмірі бірінші ќонаќ кәдесі де аудармаларында берілмейді. 
Тағы бір мысалды осы біздің ќолымыздағы үлкен көлемді кітаптарда кей оќиға сәттерінен көрініс беретін суреттер иллюстрациясынан аламыз. Суреттердің астында түсіндірме ретінде үзік сөйлемдер беріледі. Солардың бірі – Ораќ батыр мен Аќќозының оңаша кездесуінен көрініс. Сұлу ќыз бен батыр жігіт бір-біріне бір нәрсе айтып тұрғанға ұқсайды. Ќазаќшада Аќќозының сөзі беріліпті: «– Ќұдай алдында күнәкар, жұрт алдында ќарабет болғым келмейді. Ерімнің асы өтсін, – деген аќќұба беті балбұл жанып, – содан кейін ќайын атамнан рұќсат сұраймын, көнсе шариғат алдында ќосылам». Ал орысша нұсқада: «Аккозы нахмурила свои красивые, вразлет брови…, «выйду замуж только за тебя, мой батыр!» Орак батыр ощутил великую радость…» делінеді. Ал ағылшыншасында не жазылғанын ешкім түсінбейді: «Akkozy khitter her fine arched eyebrows.., "I`ll married only you my warrior!” Orak-Batyr felt a great joy…». Түсінгеніміз: «Ораќ батыр мәз болып ќалыпты». Әлгінде суреттеуден тартынып жатќан аудармашылар мына бейнелерден ќазаќ ќыз-келіншектерінің сұлулығы мен батырларының бітім-келбетін жасыра алмай ќалады, біраќ көріп отырғанымыздай, ќазаќ атына тән имандылыќ, өнеге, ел-жұрт алдындағы жауапкершілік, үлкенге ќұрмет деген үлкен ұғымдарды аудармашылар өзге тілге алып өтуге келгенде бүтіндей бір ұлт аманатын аяќ асты етеді. 
Орысшаның 198-бетінде түпнұсқаның еш жерінде кездеспейтін «... от века в степи не имели силы самые мудрые слова» дейтін сөйлем кездеседі. Аудармашы аталы сөзге тоқтаған қазақ қасиетін жоққа шығарғысы келеді. Мұны айтуға қазақшаның 209-бетіндегі қазақ билерінің айтып отырған алуан-алуан асқақ ойлары мен кесек-кесек ұшқыр сөздері себепші болады. Мұнда «Оның (Ақсопы бидің – Н.Р.) аталы сөзі мен әділетті тоқтамын екі жақ бірдей ықыласпен тыңдады» деп келетін жерлер бар. Халықтың өз қасиетін өзіне қимай, мүлдем керісінше, сөз дарыған халық емес, аталы сөзге құлақ асқан ел емес деп жазады. Олай болса, «Жүйелі сөз – киелі», «Жақсы сөз – жарым ырыс», «Аталы сөзге арсыз тоқтамас», «Таяқ еттен, сөз сүйектен өтеді» деген сияқты толып жатқан халық даналығы қайдан шығыпты!

10-тұжырым 
Қазаќ тапќырлығы, шеберлігі және терең философиясы ашылмайды

Өзіміз үшін маңызы терең тұжырымдардың бірі. Қазаќшада [398-б.]: «Ќазаќ ат ќоюға ќандай шебер. Адамның бойындағы бір жаќсылығын, не кемістігін тауып алады да, соған сейкес не мазаќтайтын, не кекесін, немесе мадаќтайтын бір ат таба ќояды» деген сөйлемнен аудармаларда ќылаң ќалмаған. 
Ал 508-беттегі «Кенесарының күшінің өзі осы шапшаңдығында, ќұлан, киік секілді туған даласының ой-шұќырын жаќсы білетіндігінде» деген ќазаќтың ќолбасшы ханының осыншама біліктілігін аудармашы «көрмей» кетеді де, ондай білгірлікті [481-б.]: «Военный губернатор и не заметил, как рядом с этим человеком и сам стал подлинным знатоком края» деп, Перовский мен Генске «сыйлайды». Шынына келсек, түпнұсќасында Генс ќазаќ тарихын, этнографиясын зерттеп білген екен, Перовский оның айтќандарын тыңдап алып, кейін Аќмешітті күшпен басып алуға пайдаланған екен. Осы тұрғыдан бұл кейіпкерлерді де білімді-біліктілер ќатарына жатады делік, тек аудармалардың әділетсіздігі сол, орысты маќтау көп, ќазаќты даттау көп. 
«‡мітсіз тек шайтан дейді ќазаќ. Жоќ, ол бекер екен. Ең үмітсіз – көктемі мен жазы өткен, терең тамырлары ќайта жасармастай боп семген кәрілік екен. …әрине, жетпіс екі жас кәрілік пе? Біраќ басымнан өткен ќилы-ќилы кезеңдерге көз жіберсем, мың жыл жасағандаймын. Жоќ, мазасыз ой, бітпес тартыстан, тәнім емес, жаным ќартайыпты. Ал жаныңның ќартайғаны – шын кәріліктің келгені, алдағы үмітіңнің тегіс сөнгені… ‡мітіңнің сөнгені – өл сенің өлгенің! Бұл аурудан жазылсам да, жаным шаршаған кәріліктен жазыла алмайтыным кәміл. Жазылудың да керегі жоќ секілді, біраќ сөйтсе де өлгің келмейді екен, әлі де жер басып, күн сүйіп жүре тұрсам дейсің…» Бұл терең философия Абылайдың Бұќар жырауға айтып отырған аќтыќ сөзінен келтірілді [375-б.]. Біраќ осыншама толғаныстан өкінішке орай, орысшасында [351-б.] «Жить я хочу…» және соған орай ағылшыншасында [376-б.] «I wish to live…» деген ойды ғана аудармашылар ќисынын тауып алып ќалады. Сол уаќытта Абылайға басу айтќан «Иә, хан Абылай, мың жасасаң да өлім әрќашан да ерте» дейтін Бұќардың сөзі де берілмейді. Әрине, мұндай жерлерде саяси маңызды мағлұматтар сіресіп жатпаса да, «мәңгүрт» халыќтың ханынан да, ќарасынан да ғалам ќұлаќ ќояр даналыќ шыќпау керек, мұндай жерлердің аударылмай ќалуының себебі сол ғана ма деп ойлаймыз. 
Астарлы сөз айту, сәйкесінше тыңдаушысының сөз астарын ұғуы – қазақ ұлтының біте туған табиғаты. Ежелден сөз құдіреті деген ұғым қалыптасқан. «Көшпенділерде» басына іс түскен Сұршақыздың соры қайнап, от басып, тілін табам деп ханға барған тұсын мысалға алып, хан мен қыз арасындағы диалогты назарға алайық [358-б.]: 
«– Қандай тілегің бар? – деді Абылай, өзінің қыздарымен шамалас жас сұлуға. – Айт, орындайын! 
– Тілегім біреу-ақ... 
Қыз үнінен ренжігендік сезілмеді. 
– Бір қыздың құшағында бір тайпа елдің тағдыры тұрған жоқ, хан ием... Мұны мен де ұғамын. Бірақ қатты дауылды күні тек қыран құс қана өз бағытынан адаспайды. Жұрттың бәрі қыран емес. Аласапыран кездегі жұртымның бір табансыздық көрсеткенін кешіріңіз! 
Қыз сөзі Абылайға ұнады. 
– Жақсы. Ал өз бауырларыңа қарсы садақ безеген ана екі ағаңды қайтеміз? 
– Адасқанның айыбы жоқ, қайтып үйірін тапқан соң... 
Абылай езу тартты. 
– Біз олардың "үйірін тапқанын” қайдан білеміз? 
– Босатып көріңіз. Егер сізге ерсе, өз айыбын өздері жуғаны. 
– Ал ермесе ше? – деді Абылай. 
Қыз қуанып кетті. 
– Онда мейліңіз. Қандай жігіттің тағдыры болса да, өз елінің тағдырынан қымбат емес». 
Орысшасына қараңыз [337-б.]: 
Ты что-нибудь хочешь от меня? – спросил хан. 
– У меня одна только просьба... 
– Говори! 
– Не убивайте моих братьев!.. 
– Что же, кто остался в живых, пусть живет... 
– Они ошибись, не послушались вас... Тепер они никогда больше не станут этого делать! 
– Да, это так! – усмехнулься Аблай». 
Өзге тілдерге өз бояуында жетпеген диалогпен бірге қыз баланың ер азаматтың тілін тапқан қазақ әйеліне тән шеберлігі кете барады, бір ғана «Қандай жігіттің тағдыры болса да, өз елінің тағдырынан қымбат емес» деген сөзінен оның өжеттігін, еліне сүйіспеншілігін және ер азаматты елі үшін ерлікке қанаттандыра алатын асыл қасиеттерін ұғуға болатын еді. Диалог – байқағанға, кәдуілгі қанішермен болып жатқан әңгіме! Әңгіменің бір түрден екінші бір түрге түбірімен ауысып түсуіне де бірден-бір себеп – Абылайдың «олар» жасап отырған «имиджін» ұқыптылықпен сақтау. Ал аяқ асты болып, сақталмай кеткен осыншама кереметті жасап отырған І.Есенберлиннің өзіндік қолтаңбасының обал-сауабы кімге?! 
Осы бір мысалдың өзі бірнеше тұжырымға дәлел.

11-тұжырым 
Халықтың «Мәдени мұрасына» нұқсан келеді

Бірінші кітаптағы [36-б.]: «Ер Тарғын» қиссасында «бұл – өз өмірінде толғау айтып тоғыз ханды түзеткен кісі» деп келетін бүкіл қазақтың қамын ойлап өткен Сыпыра жыраудың ұрпағы Арғынның ардагері сексеннен асқан қарт Қотан» деген сөйлем аудармада [33-б.]: «А противостоял ему почтенный старец Котан-жырау из аргынов, и это накладывало особый отпечаток на состязания. Из древнего рода певцов и прорицателей был котан (кіші әріппен жазылған – Н.Р.), и еще отец его Сыпары-жырау (Сыпыра жырау – Н.Р.) горевал о судьбе своего народа, на который свалились неслыханные бедствия...» деп аударады. Ер Тарғын» қиссасы туралы айтылмайды. 
«Алмас Қылышта» 187-бетте «Тарихи Рашиди» екі рет аталады. Бірінде: ««Тарихи Рашидида»: «Кім де кім өзгеге ажал азабының шербетін қанша ішкізсе, өзі де сол удан соншалық ішеді» деп айтқандай...» дегенді «Заговоренный меч» [172-б.]: «Вот как говорили об этом историки: «Кто заставляет пить до дна чашу шербета предсмертной агонии, тот напьется сам этой отравы...»» деп береді. Екінші кездескенде шежіренің аты: «Оның (Қасым ханның – Н.Р.) Дәшті Қыпшақтың елдік, жауынгерлік даңқын «Тарихи Рашиди» айтқандай, Жошы ханнан кейін бүкіл шығысқа жайған әулетті шағы еді» деген сөйлеммен келеді. Халық мұрасының бір бөлшегі саналатын Мұхаммед Хайдар Дулатиден қалған шежіре атын аудармашылар бір рет те атамайды. 
«Жанталастың» 242-бетінде «Бұқар жырау да осы оқиғаға арналған «Тас қамал» атты дастанын шығарып еліне қайтты. Әттең не керек, асыл мұрасын сақтап әдеттенбеген көшпелі ел бұл асылын да бізге жеткізе алмады» деген сөйлем бар, мұндай сөйлемді «Отчаение» мен «Dispair» аудармайды. 243-бетте "Тас қамал” дастаны қайта кездеседі. Дастан кездесетін абзацты түгел алсақ: «Көне заманда өткен арғы бабаларының жазу, сызу таңбалары әлдеқашан ұмытылған. Тек ел көкейінде олардың қайғылы армандары ғана қалған. Кім біледі, халық мұны да ұмытар ма еді, қайтер еді, тек зар жақ жыраулары ұмыттырмаған. Сөйтіп, ел шежіресі ұрпақтан ұрпаққа жалғасып отырған. Халықтың жырауларды төбесіне көтеріп құрмет тұтатын себебі де, сірә осыдан болса керек. Бұқар жырау да солардың бірі. Сауран қорғанысы жайында жазған "Тас қамал” дастаны кейін сан ұрпаққа тарады. Осы дастаннан ұрпақтардың тағы бір білгені: жоңғар шабуылы басталмастан бұрын орыс саудагерлерінің әкеп сатқан мушкеттері мен оқ-дәрілері Сауран бекінісінің жауға берілмеуіне себепкер болғаны». Осы орыс тіліндегі аудармада [232-б.]: «Забыто древнее искусство письма в его народе, но жива и несокрушима память. На ней держится все, и поэтому столь почитается искусство жырау. Он певец, он рассказчик и хранитель всего того прошлого, без чего не бывает народа. В разных краях необозримой Казахской степи уже поют стихи из его сказания об осаде джунгарами древней каменной твердыни – Саурана. Уже прибавлены новые слова, а многие и не знают, что это его сказание. Да беззаветная стойкость таких, как Науан-батыр, помогла отстоять Сауран. А еще помогли порох и мушкеты привезенные русскими купцами. Если бы каждый казахский город имел такие мушкеты, то можно было бы поспорить с шуршутскими пушками...» болып беріледі. Мұны салыстырмалы түрде біз «столь почитается искусство жырау», «необозримая Казахская степь» деген сөздері үшін аударманың ең керемет тұстары деп санаймыз. Әйтсе де, мұндағы «Көне заманда өткен арғы бабаларының жазу, сызу таңбалары әлдеқашан ұмытылған» дегенмен «Забыто древнее искусство письма в его народе» деген сөз тең емес. Орысшасында халықта ұмытылып кеткен көне жазу өнерінің кімдікі болғаны айтылып тұрған жоқ, өз ата-бабаларымыздың жазу өнері деген сөз керек бізге! Ал Бұқар жыраудың «Тас қамал» дастаны аты аталмай «...поют стихи из его сказания об осаде джунгарами древней каменной твердыни» болып ерітіліп жіберіледі (ағ.т. stone citadel [251-б.]). 
Үшінші кітаптан да мысал алуға болады, «Наурызбай-Ханшайым» қиссасы [435-б.], орысшасында да [413-б.], ағылшыншасында да [443-б.] аталмайды. 
Мұндай келеңсіздікке бүтін ұлттың «Мәдени мұрасына» немқұрайлықпен қарау нәтижесінде ғана жол беріледі. 

12-тұжырым 
Қазаќтың батыр халыќ екені көмескі суреттеледі

"Ќұс ұшып өте алмас шексіз сар далада халыќтың ќаны телегей-теңіз боп тағы төгілгелі тұр-ау! Ќазаќ халќының алдында бір ғана жол бар. Ол – ќан майданда баяғы бабаларынша аянбай шайќасу. Сол шайќаста жан беру, не ел болып елдігін саќтап ќалу. Басќа жол жоќ” дейтін ќазаќшадағы [244-б.] ел ќорғау үшін батыр туған бабалар жолын көрсететін ќазаќ үшін аса маңызды ұстанымның аудармасы [234-б.]: "О, сколько крови еще прольется на родной земле!” деумен бітіпті. 
241-бетте Науан ұстаның ерлікпен ќаза тапќаны туралы: "…Бұќар жырау өзіне таяу ќамал шетінде кіндік тұсына жау найзасы ќадалған Науан ұстаны көрді. Жүгіріп ќасына барды. Найзасын суырып алайын деп еді, сұп-сұр боп кеткен ұста оның ќолын кейін итерді. 
– Тимей-аќ ќой, деді даусы әзер шығып, – бәрібір өлемін. ¤кінбеймін… жоңғардың ќұрығанда жиырмасын жайраттым білем. Әттең дүние, әңгімеңізді тегіс ести алмай кеттім… – Елшібекке ќарады. – Ана артымда ќалған жалғызыма айт: әкең бабаларының жолынан тайған жоќ де… – Соны айтты да Науан ұста сылќ етіп ќұлап түсті” делінеді. 
Орысшасы [232-б.]: "…но когда Бухар-жырау добрался до него, то увидел, что лицо у кузнеца совсем белое. Кровью было залито все вокруг, а в груди Науана торчал обломок тяжелой джунгарской пики. Непонятно было, как еще стоит он на ногах. Глаза кузнеца смотрели на жырау. 
– О мой Науан!.. 
Бухар-жырау подхватил на руки Науан-батыра, бережно опустил его на камни. Он захотел вытащить вражеское копье из груди, но кузнец отрицательно покачал головой. Губы умирающего что-то щептали. Бухар-жырау наклонился к его лицу. 
– Мой жырау… Вы… вы так и не закончили рассказ о моих предках… О Кияке”. Осылай аудармашы "Есенберлин естігенін айтып отырған шығар, мен көріп келген адаммын” дегендей, оның айтќандарының біразын жоќќа шығарып, "олай болған жоќ еді, былай болып еді” дейтін түзетулерін енгізеді. "Түзетудің” оны-мұнысына көнуге де болар еді, батырдың "Ана артымда ќалған жалғызыма айт: әкең бабаларының жолынан тайған жоќ де” деген соңғы сөзі – хан тағына бергісіз ќазаќ рухын ұрпаќтан ұрпаќќа жеткізетін сөз еді, оның аудармаларда берілмейтіні жанға батады. Жоғарыда 11-тұжырымда "Тас қамал” дастаны төңірегенде кездескен «Да беззаветная стойкость таких, как Науан-батыр, помогла отстоять Сауран» деген жолдарда ғана бұл ерліктің ұшқыны қылаң береді. Мұны аудармашы жалпылау сөздермен өз жамауларын жабу үшін компенсация есебінде «керек емес» жерге апарып жабыстырып отыр. 
Перовский мен Генс әңгімесінен үзінді келтіреміз, ќазаќшада [507-б.]: «– Ќиянат көріп ќорланған халыќ ќашан да болса тәуекелшіл келеді. Бірі онға татиды. Оның үстіне Кенесары секілді тәжірибелі ќолбасшысы болса… – Генс ойға шомғандай сәл кідірді, – Кенесарының Созаќты алатыны сөзсіз. Бекініс ќабырғасына шығатын жүздеген баспалдаќ істетіпті. Ол баспалдаќпен өрмелейтін батырлар ќазаќ жігіттерінің арасынан ќашанда болса мыңдап табылады. 
– Сөз жоќ, батыр халыќ! – деді Перовский, – тек бастары бірікпейді». 
Үзіндінің орысшасы [480-б.]: «– Решиться на такой штурм мог лишь отчаянный человек (халыќ демейді – Н.Р.)! Ну, ему не занимать отчаянности. Вы знаете этого разбойника. И насчет его полководческих талантов сомневаться тоже не приходится. Таких бы людей привлечь к России, а не всякую сволочь из горчаковского окружения. К сожалению, нам этого не позволять сделать. Все должно склониться перед единым шпицрутеном – от финских хладных скал до пламенной Колхиды… А Созак он возьмет, не сомневайтесь. По моим данным, он даже сотню лестниц заготовил для штурма, а кому лезть по ним, у него найдется» болып аударылады. Осы мысалдың өзіне сараптай ќарағанда, аудармашының ќазаќ жігіттерінің арасынан ќашан да мыңдап табылатын батырлардың бірлі-жарымын ғана ќалдырып, халыќтың өжеттігін жасыратынына көз жеткізіп ќана ќоймай, біздің жоғарыда келтірген өзге де тұжырымдарымыздың бірќатарына дәйек табамыз. Территория мәселесіне келгенде ќазаќ үшін жер-су аттарын атамауға тырысатын аудармашы «Все должно склониться перед единым шпицрутеном – от финских хладных скал до пламенной Колхиды…» деген жер мен көкті орысќа алып беретін сөйлемді ойдан ќосады (7-тұжырымға бір дәлел). Ал «Вы знаете этого разбойника» деп, Кенесарыны қалай ќараќшы етіп отырғанын 20-тұжырымда талќылаймыз.

13-тұжырым 
"Алтынмен апталып, күміспен ќапталған” қазақ 
дәулеті аудармашылардың «кеден бекетінен» оңайлықпен өтпейді

«‡стінде көк ќұрыш шынжыр сауыт, ер-тоќым, жүген-ќұйысќандарын алтынмен аптатќан он шаќты жігіт Орда тұсына кеп түсе ќалды» [88-б.] дегенді «Десяток джигитов ехали с ним» [81-б.] – «He was escorted by a dozen horsemen» [87-б.] деп аударғанда «алтынмен апталып, күміспен ќапталған» ќазаќ дәулеті ќайда ќалды? Жоғарыда 8-тұжырымда ќазаќ ќыз-келіншектерінің сұлулығын суреттеуде де сөзге сараңдыќ бар екенін айтќан болатынбыз. Мына жерде Жәнібектей бір ханның ең сүйіктісі Жаған-бикенің түпнұсќада көлемді суреттелген бейнесі толыќ болмаса да аударылған екен, қараңыз [147-б.]: «Жаған ќара торының сұлуы еді. Сұңғаќ бойлы, оймаќ ауыз, көген көз. Екі бала тапса да ќыпша белі әлі де жіп-жіңішке. Ќаќтаған алтынмен жасалған ауыр шолпысы жерге тартып тұрғандай, білектей етіп өрген ќос бұрымының ұшы шұбатылып кілем үстінде жатыр. Меруертпен шытырмалап, гаућар таспен безеген ќызыл мауыты сәукелесі, аш белін ќынаған алтын оќалы ќызыл барќыт камзолының түсін ашќандай жарасып тұр. Жаған иген басын әлі жоғары көтерген жоќ. Сонау бота көзін жауып тұрған ұзын кірпіктері найзадай Жәнібектің кеудесіне келіп ќадалғандай. Жәнібектің ќырыќтан асќанға дейін сан айќаста мызғымаған тас жүрегі, кенет ќолға түскен торғайдай тыпырши ќалды». Орысшасы [136-б.]: «Стройная, с маленьким пунцовым ртом и огромными черными глазами, Жахан-бике казалась девушкой, хоть было ей уже сорок один. Ресницы ее были опущены, а когда она подняла голову, черные их стрелы вонзились в ханское сердце, как много-много лет тому назад. И каменное сердце Джаныбека забилось, затрепыхалось, как воробей в силках». Бұл жердегі күрмеуі күрделі ќазаќ тілінде бояуы қанық сомдалған сұлу бейненің бұлайша ќысќартылып берілуі аудармашының шамасы жетпегендіктен емес, керісінше, қайта айтуға тұрады, аудармашының шеберлік диапазоны кең. Бұл жердегі ќысќартулардың бәрі тек алтын, меруерт, гаућардан ќұралатын «ќазаќ байлығын» ќысќартудың есебінен болып жатыр. 
Астан-кестең «аударманың» ішінде Исан-Бұғының ұстап отырған құм алтыны (қаз.т. [106-б.], ор.т. [100-б.], ағ.т. [108-б.]), Самеке ханның 75 мың жылқысы (қаз.т. [243-б.], ор.т. [233-б.], ағ.т. [250-б.]) сияқты қазақтың жиған-тергені жоғалып кетіп жатады. 
«Бұл тойға да қазақтың аға сұлтан, асқан байлары шақырылды» [482-б.] дегенді іздеп, жоқ екен деп ойласақ, бұл аудармашы құрастырған «шытырман оқиғалардың» бір жерінде «... сыновей всех приглашенных биев и султанов» [459-б.] дейтін түрде кездеседі екен де, тек «асқан байлық» кеден бекетінен өтпей қалады екен (ағ.т. [487-б.]). Ал осындағы «сыновей» дегені несі екен? Мұны осы той барысындағы келесі тұжырымды растайтын «қызықтармен» бірге қарастырайық.

14-тұжырым 
Дінге ќатысты тұстар дінаралыќ ќатынасты араздатуға бастайды

Ќазаќша 101, 102-беттерде Исан-Бұғының діншіл әкесі Уайс ханның "ұлы Моғолстанның ұл-ќызын өз дініне өткізу маќсатымен шіркеу ұстап, күнәкәр болғаны үшін” Аллатағаланың кәпір пендесін Дәниелді дарға асуға және оның "ғибратты жерімізде тоќсан жыл бойы әзәзілдің ошағы болып келген” шіркеуін ќиратуға жарлыќ бергені айтылады. Біраќ аудармаларда бұл себептер бүркемеленеді. Орысшасын [96, 97-бб.] және ағылшыншасын [104, 105-бб.] түпнұсќамен салыстыра оќыған кез-келген кісіге аударманың өзі діні бөлек адам арќылы жасалғаны байќалады. «Аудармашының» реті келген тұста ќолдан келгенше бұрмалаумен ғана шектелмей, өзге (христиан) дін өкілдерінің зығырданын ќайната түсетін, отќа май ќұя «аударған» жерлерінің де барын көру аса көрегендікті ќажет етпейді, салыстырыңыз: 
"Исан-Бұғыға мұның бәрі ойыншыќ болып көрінген. Тек бертін келе, өзі хан тағының ісіне араласа бастағанда ғана Византия епископы Джавани Мариньолли, Флоренциядан Жетісу мен Гоби ќұмы арќылы Ханбалыќќа (ќазіргі Пекин) бара жатып, бұл шіркеуді Алмалыќта 1340 жылы салдырғанын білген. Уайс ханнан бұрынғы Алмалыќтың хандары мен хакімдері, бұзыла бастаған шаћардағы ешкімге керегі жоќ шіркеудің бар-жоғына көңіл бөлмеген. Рим папасының мұсылман жеріне жіберген тыңшы-діни адамдары шіркеудің мұндай жағдайын астыртын пайдаланып жүрген. Талай мұсылмандарды насрани дініне кіргізіп алған. Тек өте діншіл Уайс хан ғана Жағатай тағына отырғаннан кейін бұл шіркеуді мұсылман дініндегі адамдарды аќ жолынан адастырмасын деп, біржолата ќұртуға жарлыќ берген” [102-б.]. Осыны орысшада [97-б.] былайша ќысќарта береді: 
"Иса Буга не знал тогда, что эту церковь строили местные жители, часть которых издревле была несторианами. Ханы и хакимы, правившие Алмалыком до Ваис-хана, верны были обычной мусыльманской веротерпимости и не обращали внимания на старую церковь в древней, разрушающейся части города. Но с приходом на ханство Ваиса все изменилось. Фанатичный Ваис-хан решил уничтожить церковь, и сделал он это со всей присущей ему жестокостью”. Ағылшыншасы [105-б.] осындай. Керағар аударманың бәрін ќалай кері ќарай аударғанын, ќысќартќан сөйлемдерінің "бос сөз” емес екеніне зер салыңыз. 
Бұл аз болғандай, "Исан-Бұғыға мұның бәрі ойыншыќ болып көрінген» дегенді аудармашылар осы жерде аудармай кетеді де, сол сөйлемнің есесін былай ќайтарады: «Эта смерть нисколько не взволновала тогда Иса Бугу. Как на детскую игру, смотрел он на казнь и даже захлопал в ладоши, когда старец повис в воздухе. Ни жалости, ни страха не ощущал он. Ему понравилась торжественность, с какой говорил мулла, важный и значительный вид всех участников казни». Осылай тыныш тұрған балаға ќол шапалаќтатып, түпнұсќаның еш жерінде жазылмаған нәрселерді ќосып, «импровизация» жасайды. Шіркеуді ќиратќандар аудармада бар дауыстарымен балағаттап, ќала берді ән салып жүріпті, сөйтсек, түпнұсќада олар «тфа, тфа, пәлекет!» деп жүрген екен. Аудармашы сол таң сәрідегі Дәниелдің дарға асылып, шіркеудің ќиратылғанын барынша жауыздыќ етіп, оған басќалардың аяныш сезімін ќамшылап, төзімін сынға салу маќсатында тағы мынадай сөйлемдер ќосады: «Не успело высако поднятся солнце, как от церкви остались лишь груды развалин. Не верилось еще утром здесь стояло красивое белое здание, построенное безвестными мастерами – уйгурами и уйсунями. А напротив все покачивался от ветра труп повешенного старца» (18-тұжырымға да дәйек). Осылай жоќты ойдан ќұрастырып жазғанды ұнататын аудармашы, сол жердегі өзі де бар, маңызы да бар мына сияќты сөйлемдерді аудармайды: «Сүниет дінін берік ұстанған, Арабстаннан, Ираннан келген ќожа, мұфти, ишандардың кеу-кеуімен, кілең ќызба әфенді, мүрит, шейхтер шіркеуді біржола жермен жексен етіп жоќ ќылған». 
Әрине, кісі өлтіріп, өзгенің наным-сенімін аяќќа таптаған ханда не мейірім-шапағат болсын. Әрі ќарай одан да ауыр оќиға бар, әлгі дарға асылған шалдың ќызына осы Исан-Бұғы ғашыќ болып ќалғаны үшін Уайс хан «Егер Исан-Бұғы кәпірден ќатын алар болса, түбі насрани дініне бір бүйірінің тартпасын кім біледі?» деп, сорлы ќызды баласының көзінше бауыздап өлтіртеді (оќиғаның жалғасы 19-тұжырым дәлелдемесіне дәйек ретінде ќарастырылады). Шыңғысхан мектебінің үлкен маќсаттары алдында ең асыл деген адам өмірі асќабаќќа тең болыпты (алдаспанның бір тартуынан ќаќ жарылады). Бүгінгінің «хандарында» да бәрі теп-тегіс деу оңай емес. Әлемде шыңғысхандыќ ұстаным әлі де бар. Біздің бұл жерде айтпағымыз тарихтың тереңінде не ќалғаны туралы емес, аудармаға аудармашының пайым-бағамы неге араласуы тиіс екендігі туралы. 
Жоғарыда 13-тұжырым соңында сөз болған тойға қайта оралып, аққу-қаздарша сылаңдаған орыс дворяндарының әйелдері мен сыптай боп сәндене киінген орыс офицерлеріне көз тастап тұрып князь Горчаковтың Қоңырқұлжаға айтып тұрған сөзін келтірейік: 
«– Әрі кетсе бір жиырма бес жылда қазақтың ұл-қыздары да мыналардай болады, – деген жан-жағындағы әйелдер мен офицерлерін көрсетіп. 
Сары далада көшіп жүрген қазақтар жиырма бес жыл ішінде мыналардай болады деген князь сөзіне Қоңырқұлжа таң қалған. Ол ойын жасармай: 
– Егер қазақ бұлардай болғысы келмесе не істейсіз? – деп сұраған. 
– Онда, – деп Горчаков ойланбастан жауап берген. – Аюға ақыл үйреткен таяқ деген мақалды естігенің бар ма? Жерінен, билігінен айрылған қазақ айтқанға көнбей қайда барады? Күшпен көндіреміз. Арқасына қамшы ойнатып, соқа жегіп, жер жыртуды үйретеміз. Қол-аяған матап шіркеуге кіргізіп, Иисус Христосқа шоқынуға мәжбүр етеміз» [482-б.] делінген. 
«Статные, безупречно одетые офицеры кружили в вальсе своих дам. Князь перевел взгляд на группу одетых в одинаковую форму казахских ю

Категория: Педагогика | Добавил: nauriz (10.02.2014)
Просмотров: 1425 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Сағат

Сауалнама
Сайтта сізге не ұнайды !!!!!!!
Результаты
Всего ответов: 4012
Сайт мәзірі
Сайт көрсеткіші
Қазір online
Қазір сайтта: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0

Лучшая рип студия!