Сабақ жоспарлары
Мысалы: Бейнелеу 1-6 сыныпқа сабақ жоспарлары
Главная » Статьи » Педагогика

Иоганн Генрих Песталоццидің педагогикалық теориясы
Иоганн Генрих Песталоццидің педагогикалық теориясы 
(1746-1827)

И.Г.Песталоццидің педагогикалық қызметі.

Швейцария – Песталоццидің отаны – ХҮІІІ ғасыр ортасында әлі де артта қалған феодалдық ел болды. Бірте-бірте швейцария деревнясына ене бастаған капитализм шаруаларды жіктей және жағдайы нашарлата бастады. 
Генрих Песталоцци Цюрих қаласында дәрігердің жанұясында 1746 жылы дүниеге келді. Оның әкесі ерте қайтыс болды. Баланы анасы және жанұяға шын берілген қызметші әйел тәрбиеледі. Жанұяның материалдық жағдайы өте ауыр болды. 
Балалық шағынан бастап, швейцария шаруаларының ауыр тұрмысын байқап, Песталоцци дворяндар – памещиктер және мануфактура иелері оларды қалай қатты қанағанын көріп өсті. 
Песталоцци алғашында білімді неміс бастауыш мектебінде, одан кейін латын орта мектебінде алды. Бұл мектептің оқу бағдарламасының нашарлығы және дайындығы жеткіліксіз оқытушылары жас Песталоццидің есінде берік қалды. Песталоцци Песталоцци жоғарғы оқу орнына түсіп, онда коллегиум, филология және философия бөлімдерінде оқыды. Песталоцци оқытқан жоғары мектептің кейбір профессорлары жастарды жан-жақты әртүрлі философиялық және саяси әдебиетпен таныстырды. 17 жастың өзінде Песталоцци Жан-Жак Руссоның "Эмиль, немесе Тәрбие туралы” еңбегін оқып шықты. Руссоның "Қоғамдық шарт” еңбегінің жарық көруі Песталоцциге үлкен әсер етті. 
Цюрихтің жастары, оның ішінде Песталоцциде бар, жартылай жасырын үйірме ұйымдастырды. Бұл үйірменің жиналысында тарих, саясат, мораль, Руссоның рухында жаңа адамды тәрбиелеу мәселелері талқыланды. Көп кешікпей қала әкімшілігі үйірмені жауып тастады, ал басқалармен бірге жас Песталоцииді қамауға алды. 
Песталоцци оған қарамастан, бұрынғыша халқына, шаруаларға көмектесуге жұмыстанды. Шаруалардың өмірі оған өте ауыр көрінде. Шаруаларға көмектесу үшін Песталоции ауыл шаруашылығын зерттейді. 
1769 жылы ол өзінің әлеуметтік экспериментін бастайды. Өзінің қарызға алған қаражатына "Негоф” (Жаңа аула) деп аталатын жер сатып алады, онда шаруаларды өз шаруашылығын дұрыс ұйымдастыруға үйрету мақсатында үлгілі форма ұйымдастырғысы келді. 
1774 жылы ол Нейгофте "Жарлы және панасыз балалар үшін” мекеме ашады, онда 50 тарта жетім және панасыз балаларды жинайды. Оның ойы бойынша, мекемені балалардың өздерінің тапқан қаражатына ұстау қажет болды (жазда - егіс даласында, қыста – тігін станокторында). 
Песталоцци балаларды оқуға, жазуға және санауға үйретті, олардың тәрбиесімен айналысты. 
Песталоцци өз мекемесінде оқытуды өнімді еңбекпен ұштастыру мәселесін іске асыруға жұмыстанды. Қаражаттың болмауына байланысты 1780 жылы бұл сәтсіздік халқына көмектесу мақсатында қалаған жолынан таймай, әрі қарай жалғастырды. 
Келесі он сегіз жылын Песталоцци өзінің тәжірибесін және әдеби қызметін жинақтауға арнады. 
1781 жылы Песталоцци өзінің "Лингард және Гертруда” атты белгілі әлеуметтік-педагогикалық романын аяқтай, баспадан жарық көреді. Бұл роман үлкен жетістіктерге жетеді, онда автор жаңа негізде қалай шаруаларын өмірін қайта құруға болатындығын көрсеткісі келді. 
Бұл романда сол кезеңдегі Швейцариядағы ауыл өмірі бейнеленеді. 
Песталоцци өз романында шаруалардың негізгі үш түрін көрсетеді: байыған шаруалар; қосымша табыс табу мақсатында мануфактураларда жұмыс істейтін орта шаруалар; күйзеліске ұшыраған, күн көрістің қамымен мануфактураға түгелдей жолдамалы істеуге көшкен шаруалар. 
Романның басты қаһарманы, ақылды, шаруа әйелі Гертруда шаруашылық жүйесін тиімді жүргізудің үлгісін көрсете білді және өз балаларын оқытуды олардың еңбегімен ұштастыруды іске асырды. Мұғалім мектепте оқытуды Гертруданың үлгісімен жүргізді. Сонымен, "Лингард және Гертруда” романында Песталоцци шаруаларға көмектесудің жолын белгіледі және сонымен қатар әрбір ана балаларын оқыта білуі қажет екендігін көрсете білді. 
Роман үлкен жетістіктерге жетті. Ол бірнеше тілдерге аударылды. "Лингард және Гертруда” романынан кейін Песталоццидің есімі кеңінен белгілі бола бастады. Еңбекшілердің өмірін жақсарту мүмкіндігі туралы қиялдар сол кездегі барлық алдыңғы қатарлы буржуазиялық зиялылардың ақыл-ойын толғандырды. 
Француз республикасының заңдылық жиналысы 1792 жылы Песталоцциді "Лингард және Гертруда” романы үшін және оның аса дарынды педагогикалық қызметі үшін "француз азаматы” атағымен марапаттады. 
Швейцарияда буржуазиялық революция болған кезде (1798), Песталоцци жас өкіметтің келісімен Станцаға барып, панасыз балалар үшін мекеме ашты, оған 80 тарта 5-10 жас аралығындағы балаларды қабылдады. Балалардың жағдайы дене және моральдық жағынан нашар болды. Песталоцци панасыз балалар үйін жанұя түрінде құруды, балаларды қайта тәрбиелеу, онда өндірістік еңбекпен ұштасқан оқытуды енгізуді жоспарлады. Бірақ Песталоццидің Станцадағы қызметі сегіз айға ғана жалғасты. Әскери әрекеттерге байланысты балалар мекемесі жабылып қалды. Бұл Песталоцциге қатты соққы болды. 
Көп кешікпей Песталоцци Бургдорфте мұғалім қызметіне орналасады, ал кейіннен өзінің қызметкерлерімен Бургдорфте өз институтын ашады. Онда ол Станцада басталған тәжірибені одан әрі жалғастырады. 
ХІХ ғ.басында Песталоццидің бірнеше еңбектері жарық көрді. "Қалай Гертруда өз балаларын үйретеді”, "Аналар үшін кітап”, "Бақылау әліппесі”, "Сан туралы көрнекі ілім”. 
Бургдорфта орта мектеп интернатымен және жаңаша мұғалім даярлайтын бөлім ашылды. Институттың бастығы болып Песталоцци тағайындалды.

Тәрбиенің мақсаты мен міндеттері туралы.

Тәрбиенің негізгі мақсаты, Песталоццидің айтуынша, адамның табиғи қабілеттіктерін дамыту, әруақытта да оны жетілдіріп отыру. Песталоцци "адамның күштері мен қабілеттіктерін үйлесімді дамыту” туралы насихаттады; адамның жақсы нышандарын дамытып отыру қажет. 
Тәрбиешінің балаға әсері оның табиғатымен сәйкестікте болуы керек. Педагог жас ұрпақтың табиғи дамуын басып отырмау қажет. 
Негізгі тәрбие қағидасы, Песталоццидің түсіндіруінше, бұл табиғатпен сәйкестік. 
Песталоцци Руссо сияқты бала табиғатын асыра бағалаған жоқ. 
Барлық тәрбиенің орталығы адамды оның адамгершілік бейнесін қалыптастыру болып табылады. "Адамдарға жүрек жылуы” – бұл адамдарды адамгершілік қатынаста алға жетелейтін болуы қажет. Песталоцци ресми дінге және оның қызметшілеріне жағымсыз көзқараста болды. 
Песталоцци жанұя тәрбиесіне ерекше мәнберді. Балағасүйіспеншілік сезімі, оларға сене білу, тәртіп, алғыс сезімі, шыдамдылық, борыш, моральдық сезімдер т.б. баланың анасына деген қарым-қатынасынан пайда болады. 
Адамның табиғатынан берілген күштері мен қабілеттіктерін қалай дамытуға болады? Ең алдымен жаттығулар арқылы дамытады. Адамға берілген әрбір қабілеттіліктің өзі адамды жаттығуға талап етеді және итермелейді. 
Песталоцци революционер болған жоқ, бірақ шаруалардың жағдайын жақсарту үшін ұмтылды. Оған оның айтуынша, тәрбие "адам табиғатын жетілдіру арқылы жетуге болады” деді. 
Біз жоғарда атап көрсеткендей, оқытуды өнімді еңбекпен ұштастыру Песталоццидің педагогикалық теориясы мен практикасының негізгі қағидаларының бірі болды. 
Баланың дене тәрбиесінің мақсаты- Песталоццидің түсіндіруінше, оның барлық дене күштерімен мүмкіншіліктерін дамыту және нығайту, ал дене тәрбиесінің негізі – баланы ойнауға, бәрін ұстауға, әруақытта да әрекет етуге итермелейтін баланың қозғалысқа табиғи ұмтылуы. 
Песталоцци адамды қалыптастыруда дене тәрбиесіне ерекше мән берді және оны үлкендердің бала дамуына ойластырылған әсер етуінің бірінші түрі деп есептеді. 
Песталоцци дене тәрбиесінде ерекше орынды әскери жаттығуларға, ойындарға арнады. Дене тәрбиесі адамгершілік және еңбек тәрбиесімен тығыз байланыста іске асты. 
Песталоцци адамды қалыптастыруда еңбек тәрбиесінің мәнін ерекше атап өтті. Ол жұмыс кезінде "баланың жүрегін жылытуға, ойын дамытуға” ұмтылды. Оның айтуынша, мектепте балалар күні бойына иіру және тігу станоктарында өткізеді; мектеп жанында жер белгілі болады, әрбір оқушы өзіне бөлінген жерді өңдейді, жануарларды күтіп-бағады. 
Бірақ осындай еңбек тәрбиесі механикалық түрде берілді, оқытудың өнімді еңбекпен органикалық байланысы болмады, дей тұрғанмен, оның құндылығы Песталоцци балалардың еңбегіне жан-жақты тәрбиелік мән берді. 
Песталоцци тәрбиенің негізгі міндеті – адамды жан-жақты және үйлесімді дамыту. 
Адамгершілік тәрбиенің қарапайым элементі, Песталоццидің пікірінше, баланың анасына махабаты, ол бала ақзасының күнделікті қажеттіліктерін қамтамасыз ету негізінде пайда болады. Жанұяда баланың адамгершілік мінез-құлқының негіздері қаланады. 
Одан әрі балалардың адамгершілік күш-жігері мектепте іске асуға тиіс, онда мұғалімнің балаларға қатынасы оның әкелік махаббатының негізінде құрылады. Песталоцци балалардың адамгершілік мінез-құлықтарын қалыптастыру моральдық өсиеттерді айтумен шектелмей, оларда моральдық сезімдерді дамыту, адамгершілік бейімділіктерді қалыптастырудың қажеттігіне тоқталды.

Дидактика негіздері элементарлық білім беру теориясы.

Песталоцци бастауыш мектептің оқу жоспарын белгілі дәрежеде кеңейтті, оқу жоспарына оқу және жазу, санау және өлшеу, сурет, гимнастика, ән-күй дағдылары, сонымен қатар жағырафия, тарих, табиғаттану салаларынан кейбір білімдер берілді. 
Таным үрдісінің бастапқы сатысы бақылау болып табылады. Бақылаудан жаңа ұғымдарға көшу үшін кез-келген танымның үш элементін түсіну қажет, сан, түр және саз. Песталоцци өзінің алдына міндет қойды – оқытудың түрлері мен әдістерін табу, оны пайдалана отырып, шаруа-ана өз балаларын оқыта білуі мүмкін. 
Кез-келген білімнің негізіне, Песталоццидің пікірінше, оның элементтері жатады. Әрбір адам, оның түсінуінше, белгілі бір түсініксізді анықтап алу үшін, әруақытта да алдына үш мәселе қояды: 1) Қанша оынң көз алдында заттар? 2) Олар қандай түрге ие? 3) Олар қалай деп аталады? "Сан, түр және сөз: Песталоццидің айтуынша, кез-келген оқытудың элементарлық тәсілдері”. 
Бастапқы оқытуда түрге сәйкес келетін өлшеу, санға-есептеу, ал сөзге - тіл. Сонымен, элементарлық оқыту өлшеу, санау және тілді меңгеру ептілігіне сүйенеді. 
Песталоцци ойлауды дамыту мен білімді жинақтаудың арасын ажыратады. Песталоцци мектептің негізгі міндеті рухани күштер мен қабілеттіктердің оянуы, ойлау қабілеттілігін дамыту, демек, формалардың білім беру деп түсінді. 
Бірақ Песталоццидің элементарлық білім беру теориясы бір ғана дидактикалық проблемамен шектеліп ғана қоймайды. Песталоццидің түсінуінше, элементарлық білім беру теориясы баланың ақыл-ой, адамгершілік және дене күштерінің табиғатқа сәйкес дамуы деп қарастыруға болады. 
Песталоцци сол мектепте үстемдік еткендогматизм, механикалық еске сақтау балалардың дамуын тежеп ғана қойған жоқ, оның ақыл-ой қабілеттілігіне нұсқан келтірді. Песталоцци оқытудың мақсаты баланы белгілі білім негіздерін меңгеруі ғана емес, соноымен қатар олардың ақыл-ой қабілетіктерін дамыту. Баланың сыртқа дүниені сезім органдары арқылы қабылдауы танымның алғашқы кезеңі болып табылады, оның айтуынша, оқыту нақтылы өмірлік бақылауларға негізделуге тиіс және көрнекілікті оқытудың негізгі қағидасы деп қарастырды. 
Песталоцци оқыту үрдісін жеңілдетуге ұмтыла отырып, ол кез-келген білімнің қарапайым элементтері болатындығын, оны меңгере отырып, адам дүниені танып білетіндігін дәлелдеді. 
Бүкіл бастауыш білім беру үрдісін Песталоцци бірте-бірте бірізді элементтерден, демек, индуктивтік тәсілмен тұтастыққа өту негізінде құрды. Әруақытта да, оқытуда жақыннан алысқа, қарапайымнан күрделіге бірізді үздіксіз іске асыруды талап етті. 
Осы дидактикалық қағидаларының негізінде Песталоцци балаларға бастауыш білім беру әдістемесін талдады. 
Элементарлық білім беру әдістемесін ол соншама жеңілдетуге жұмыстанды, яғни, өз баласымен айналысатын кез-келген шаруа-ана онымен ойдағыдай пайдаланатындай болуы үшін мүмкіншілік жасады. Осы мақсатпен балалардың тілін дамыту, оларды санау және өлшеу ептілігін қалыптастыру үшін жаттығулардың бірізді қатарын жасады. Песталоцци баланы ана тіліне үйретуде ең алдымен оларда ауызша сөйлеуді дамыту қажет деп есептеді, ал одан кейін оқуға көшу. 
Балалардың тілін дамыту, Песталоццидің айтуынша, есту жаттығуларынан, дыбыстардан басталады: балалар анасының сөйлеуіне еліктеп, алғашында дауысты дыбыстарды айтып үйренеді, ал одан кейін әртүрлі буындарды дауыссыз дыбыстарды үйренеді. Одан кейін әріптерді оқып үйренеді, әрі қарай буындарды және сөздерді меңгереді. 
Песталоцци ана тілін оқытудың негізіне балалардың тілін дамыту қағидасын ұсынды. Песталоцци сауаттылыққа оқытудың негізіне дыбыстық әдісті жатқызуды жақтады. 
Сонымен, Песталоцци бастауыш білім берудің жан-жақты бағдарламасын белгіледі және іске асырудың нақтылы әдістемелік ұсыныстарын берді. Оқытудың басыт негізі, Песталоццише, көрнекілік болып табылады. Көрнекілікті пайдаланусыз, сөздің кең мағынасында, қоршаған орта туралы дұрыс түсініктерді қалыптастыруға, ойлау мен сөйлеуді дамытуға жетуге болмайды. 
Песталоцци Коменскийдің кейбір оқу кітаптарымен ғана таынс болды, бірақ оынң педагогикалық жүйесімен толық таныс болмады. Песталоцци Коменскийге қарағанда, көрнекілікке терең психологиялық негіздеме бере білді. 
Песталоцци мұғалімнің роліне ерекше мән берді. Мұғалім тек ғана өзінің білімін балаларға беруге дайын білімді адам ғана емес, сонымен қатар оның қызметі өте күрделі және жауапты болып табылды, ол ең алдымен баланы сүйе білуі тиіс, өзін балалардың әкесі сияқты сезіне білу қажет, оларды тәрбиелеу және дамыту үшін барлық қажеттісі оның міндеттеріне кіреді. Бала табиғатынан ерекше күш-жігермен қаруанған, сондықтан да мұғалімнің міндеті, оның пікірінше, бұл күш-жігерді жаттықтыру үшін қажетті материалды оқушыларға беру. Бұл сол уақытта мүмкін болады, егер мұғалім барлық тәрбие жұмысын шәкірттердің дене және психологиялық ерекшеліктерін білу негізіне құрылған жағдайда. 

Песталоццидің педагогикалық теориясының маңызы.

Песталоцци буржуазиялық-демократиялық педагогиканың көрнекті тарстегі және практигі болды. Ол өзінің бүкіл ғұмыры мен күш-жігерін кедей балаларын тәрбиелеу ісіне арнады. Ол сол кездегі шаруалардың қиыншылығын көре білді және оған көмектесуге мектеп және ағарту ісі арқылы, оны жақсарту арқылы қиындықтан шығудың жолы деп білді. Қалыптасқан қиын жағдайдан шығудың негізгі жолы қоғамдық құрылысты өзгертудің жолын түсінбеді. 
Оны қанаттандырған, рухани күш-жігер берген, халыққа жақын болуға ұмтылуға шақырған кейбір француз ағартушыларының, оның ішінде Жан-Жак Руссоның идеяларының ролі ерекше болды. 
Тәрбиенің алдына Песталоцци програссивтік міндет адамның бүкіл табиғи күші мен қабілеттілігін үйлесімді дамытуды ұсынды. 
Песталоцци элементарлық білім беру теориясын жасады. Ол теория ХІХ-ғ. Еуропада халық мектептерінің дамуына көмектесті, ол жеке пәндердің әдістемесін талдауды бастады, олар бастауыш мектептерде кеңінен қолданылды. Бұл теория догматикалық оқыту мен механикалық есте сақтауға қарсы күресте халық мектептерінің дамуына мүмкіншілік жасады. Ол дене, еңбек, адамгершілік, ақыл-ой тәрбиесі туралы өте құнды пікірлер ұсынды, бастауыш мектепте білім берудің мазмұнын кеңейтуге күш жұмсады, оны халыққа жақын, бұқара халықтың өмірі және қажеттіліктерімен тығыз байланысты етуге ұмтылды, балаларға еңек тәрбиесін беруге және өмірге даярлауға ерекше көңіл бөлді. 
Песталоцци алғашқы оқытудың жалпы негіздерін және бастауыш білім берудің жекеленген пәндердің әдістемелерін талдады. Көзқарасының тарихи шектеушілігіне байланысты ол оқушыларды біліммен қаруландыру және ақыл-ой күштерін дамытудың бірлігі үрдісі мәселесін дұрыс шеше алмады. Ол кей жағдайда ойлауды дамытуда механикалық жаттығулардың ролін асыра бағалады. 
Коменскийдің және Руссоның табиғатқа сәйкестік ойларына сүйене отырып, Песталоцци бұл үрдісті тереңдете отырып, оны оқыту үрдісін психологиялық негіздеу идеясына жақындатады. Оның әдістемесі, Песталоццидің пікірі бойынша, таным үрдісін белгілі түсінуден пайда болады, елестетулерден ұғымдарға қарай жүріп отырады. 
Песталоцциден бұрынғы ойшылдардың айтқан негізгі дидактикалық қағидалары мен ережелеріне сүйене отырып, бастауыш мектепте оқытудың жекеленген түрлеріне қолдану негізінде оларды нақтылай түседі, оның деңгейін жоғары көтереді. 
Песталоцци мектепті өмірге және еңбекке жақындату мәселесінде Руссодан әрі кетті. Оның мектебі бұқара халықтың өмірімен, демек, қызығуымен және қажеттіліктерімен тығыз байланысты өзіндік әлеуметтік орталық болып табылады. Оқыту мен еңбектің органикалық бірлігіне қол жетпеуіне қарамастан, ол мектепте еңбек тәрбиесіне, қоғамдық пайдалы еңбекке, практикалық өмір мен іс-әрекетке даярлауға ерекше мән берді. Песталоцци формалдық білім беру теориясын жақтау жолында болды. Песталоццидің оқытудың осы жағын дамытуды әсіресе оның шәкірттері ілгері дамытты. 
Бірақ Песталоцци ұсынған оқытудың дамыта оқыту идеясы, сөз жоқ, алдыңғы қатарлы педагогикалық теория мен практиканы одан әрі дамытуда жағымды роль атқарды. Бүгінгі күнде де педагогика ғылымында дамыта оқыту идеясы күн тәртібінен түспеген, өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

Категория: Педагогика | Добавил: nauriz (09.02.2014)
Просмотров: 936 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Сағат

Сауалнама
Сайтта сізге не ұнайды !!!!!!!
Результаты
Всего ответов: 4012
Сайт мәзірі
Сайт көрсеткіші
Қазір online
Қазір сайтта: 2
Қонақтар: 2
Қолданушылар: 0

Лучшая рип студия!