Сабақ жоспарлары
Мысалы: Бейнелеу 1-6 сыныпқа сабақ жоспарлары
Главная » Статьи » Педагогика

Конструкциялау технологиясы - әдебиетті оқытудың өнімді жолы
КОНСТРУКЦИЯЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ - ӘДЕБИЕТТІ ОҚЫТУДЫҢ ӨНІМДІ ЖОЛЫ

Соңғы кезде еліміздің білім беру ісінде түбірлі өзгерістер болып жатқаны мәлім. Соның ішінде ең бастысы, әлемдік білім кеңістігіне ену мақсатындағы алғашқы қадамдар. Білім стандартының жасалуы, басқа да жүріп жатқан реформалар күрделі, қиын, қарама-қайшы белестерді ақырын-ақырын артқа сап, жылжып келеді. Бұл қасиетті істерді мұғалімге қойылар талап та ерекше болып отыр. Мемлекеттік білім саясаты да осы мұғалім арқылы жүзеге аспақ. Ал бүгінгі таңда мектептің, мұғалімнің ең қасиетті міндеті – рухани бай, жан-жақты дамыған жеке, дарынды тұлға қалыптастыру. Рухани байлық ең алдымен әр халықтың ұлттық әдет-салты, әдебиет, мәдениеті, өнері, шыққан түп тамырында жататыны белгілі. Сол ұлттық байлықты бүкіл адамзаттың өз ұрпағын тәрбиелеудегі, білім берудегі озық ұстанымдарымен байланыстыра отырып, әр баланың қабілеті, талантын ашу, өзіне-өзінің сенімін нығайтып, өзіне-өзінің жол ашуына түрткі жасау – міне, бүгінгі білім беру, тәрбие ісінің басты міндеті. Әр мұғалімнің алдыңғы сәулелі мұраты - өз пәнінен білім беріп қана қоймай, әр баланың «менін» ашу, сол «менді» шығармашылық тұлғаға жетелеу. 
Шығармашылық дегеніміздің өзі ізденімпаздықтан туады. Бұл жерде ұлы дана Абайдың сөзі еріксіз ойыңа оралады.: «Өзіңе сен, өзгені сүйреп шығар». 
Баланың өзіне деген сенімін туғызу, өзінен шығармашылық қасиет, қабілет іздете білу, өмірден өз орнын тапқыза білу қаншалықты қиын екені түсінікті. өзіне-өзі таба алмай, өз мүмкіндіктерін дұрыс пайдалана алмай, өзін-өзі тұншықтырып жүргендер, басқа жолға түсіп адасушылықтың негізгі себебі, ең алдымен, бір кездегі ұстаздары, мектебінде жатқан жоқ па деген сауалдардың мұғалімдерді ойлантқаны жөн. 
Технология оқытудың тың әдістемесі немесе мүлде жаңаша жолдарын қарастырады деген түсінік артықтау. Оқыту мен тәрбие беру үрдістері ешқандай «науқандық», өтпелікті көтере алмайтыны белгілі. Керісінше, адамзат баласының өз ұрпағын оқыту, тәрбилеудегі ең озық, тиімді ізденістерін, тәжірибелерін жалғастырып, тағы да тың жолдар іздеу, классикалық педагогиканың озық үлгілерін жаңа заман талабына сай дамыта отырып еңбектену жалғаса бермек. 
«Педагогикалық технология» дегеніміз не? Бұл жөніндегі В.П.Беспалько өзінің «Слагаемое пед технология» деген еңбегінде былай дейді: «Оқу-тәрбие үрдісінің алдын-ала жүйелі түрде жоспарлануы және оның жүзеге асу жобасы». Демек, технология қарапайым тілмен айтқанда, жүзеге асатын, нақты мақсаттардың алдын-ала ойластырылған нақты жобасы, яғни, белгілі педагогикалық жүйенің тәжірибеде жүзеге асатын жобасы. 
Орыс ғалымы С.А. Смирнов өзінің «Технология как средство обучения второго поколения» еңбегінде ол сөздің өндірістен келгенін, яғни шикізатты өңдеу, жасаудың амалдары екеніне тоқталады да оған өзіндік анықтамасын береді. «Технология представляет собой алгоритмизированную последовательность операции получения какого-либо продукта, построенного на использовании технических или любых других средств, под управлением человека. Это определенный способ обучения в котором основную нагрузку по реализации функции обучения выполняет средство обучения под управлением человека, при этом учитель выполняет функции стимулирования и координации их деятельности» - дейді ол. Ал Безрукова оны модельдеу, жобалау, конструкциялау амалдарымен байланыстырады. Штейнберг конструкторлық технологияға ерекше назар аударып, ол ойды бейнелеудің маңызын дәлелдеуге тырысады. Білімді тек сөздік әдісі емес, бейнеге, жобаға, модельге түсірудің жолдарынан іздене отырып, оның өнімді білім берудегі орнына тоқталады. Әрине, модель дегенде оның макет, графика, сызба түрінде болатынын ұмытпау керек. Модель әсіресе прогноз (болжам) жасаудың негізі ретінде белгілі. Инновациялық технологиядан іздену – ұзақ жылдар бойы таптаурын болып қалған өнімсіз іс-әрекеттерден арылудың бірден-бір жолы. Технология туралы өз пайымдауымызға келсек, ол ең біріншіден, диагностиканы басшылыққа алған, жеке тұлғаға қарай бағытталған мақсатты, сапалы оқу әрекетін ұйымдастыру. Жеке тұлға ең алдымен өз әрекеті арқылы ғана дамиды. Ал әрекет іс-қимылдарымен жүреді. Технология оқытудың, білім берудің, жеке тұлғаны жан-жақты дамытудың жаңа ізденістерін, нәтижелі ізденістерін талап етеді. Баланың білім алу, даму, т.б. іс-әрекеттерін мақсатты түрде ұйымдастыра білу, оған басшылық ету, білімді өз белсенділіктерімен алуларына түрткі жасау технологияның басты белгілері болып табылады. 
Біз өз технологиямызда оқушылардың дербес ізденісі, жаңа білімді өз белсенділіктерімен алу іс-әрекеттерін ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлеміз. 
1. Алдын-ала тапсырмалар беру. 
Мақсат: баланың өз бетімен өзіндік, яғни оқушы деңгейіндегі білімін қолдану, анализ, синтез, баға деңгейіне дейін жетелеу іс-әрекеттерін ұйымдастыру. Мақсат ұсыну. Оқушыларға өз мақсатын қойғызу. 
2. Мақсатқа жету үшін көмек-бағдар, бағыт ұсыну. Эвристикалық жобалау технологиясына жүгіну. 
3. Жаңа сабақта ең алдымен олардың өз жұмыстарын тыңдау, алдарындағы өзіндік мақсаттарын саралау, мұғалім қойған мақсаттардың орындалуына назар аудару. Ұжым болып талдау, жеткен «жетістіктерін» талдау. Бұл әрекет диагностика үшін де қажет. 
4. Жаңа білімді меңгеру кезінде оқушылардың осы өзіндік жетістіктері тереңдей түседі, мұғалім коррекциялық та жұмыстар атқарады. 
Жапондық ғалым-педагог Т.Сакомото тұжырымдамасында педагогикалық технология- педагогикаға жүйелі ойлау тәсілдерін ендіру немесе «білімді жүйелеу», «сыныптағы оқытуды жүйелеу» болып табылады. Әрине, жүйе, жүйелілік ғылымының қол жеткен соңғы жаңалығы емес, жүйелілік әлемге тән қасиет, ол адамзат тәжірибесі мен ойына да тән қасиет. Адам қызметі жүйесіндегі мәселелердің туындауы – жүйеліліктің жеткіліксіздігін, ал ділгірлікті шешу жүйені технологияландыру арқылы жүзеге асатындығына көз жеткізу қиын емес. 
Шағын мақаламыздағы ұзақ жылғы тәжірибемізді, технологиямызды ортаға салудан аулақпыз. Ұстаздар оны менің оқу құралдарым, мақалаларым, кітаптарымнан біледі деп нық сеніммен айта аламын. Бұл еңбегімізде жобалау технологиясы бойынша ізденістерді ғана сөз етпекпіз. 
Төменде эвристикалық жобалау технологиясын басшылыққа алған жыраулар поэзиясын оқытудың моделі және шығармашылық тапсырмалар жүйесін беріп отырмыз. 
Моделдің тиімділігі сол, жыраулар поэзиясы туралы берілетін көлемді түсініктерді, ұғымдарды тұжырымды түрде, көрнекті түрде ғана жып-жинақы етіп бере білуінде. Әдебиет – сөз сабағы, көбінде сөздік әдістер арқылы білім беретін пән. Ал бұл модель конструкциялық жобалау технологиясын негізге алған. Модель әр оқушының алдында жатады. Ол жыраулар поэзиясынан білім алудың бағдаршамындай, оқушылар оған қарап, әр түрлі іздену, зерттеу жұмыстарын орындайды. Модель әрі тірек карточкасы, әрі көрнекілік, әрі көмек-нұсқау рөлін де атқарады. Модель оқушы іс-әрекетін де белгілі бір мақсатқа жүйелейді, бағыттайды, тәртіпке салады. Оқулық, ғылыми еңбектермен жұмыс істеуге баулиды. Өз беттерімен де модель жасауға ықпал етеді. Ең бастысы, терең, тиянақты білім алуға (өз беттерімен) өнімді, нәтижелі көмек жасайды. Сызба-модель мұғалімнің де жұмысын жеңілдетеді. Оның әр тармағы бойынша жеке жұмыстар, топтық жұмыстар, жұптық жұмыстар беріп, оқушының білім деңгейін шығармашылық деңгейге дейін алып келуге, түсініктен анализ, синтез, бағаға дейін көтеруге болады. Бала білім тексеру, бағалау, жинақтауда тесттің де орнына жүреді. Мұғалім басқа тапсырма орындатпай-ақ, сызбадағы берілген тұжырымдарға тапсырма берсе де жеткілікті. Модель бойынша жұмыс дұрыс ұйымдастырылса, онда жыраулар поэзиясы туралы терең де толық білім қамтамасыз етіледі деп болжауға болады. Бұл жоба жаңа тақырыпты игертуге де қолайлы (әсіресе диагностика үшін). 
Сондай-ақ, шығармашылыққа жетелейтін тапсырмалар жүйесін (кейстерді) де ұсынып отырмыз. Жыраулар шығармашылығымен қоса, конструкциялау технологиясы бойынша жекелеген модельдер қоса беріліп отыр. 
Түсінік: Б – бағыт. Нүктелер әр бағыттың негізгі мәселелерін айқындайды. 
Мұндай моделдерді мұғалім тек өзі ғана дайындамайды, сабақ түсіндіре отырып тақтаға сызып, пікірлесе отырып та істейді. 
Өз іс-тәжірибемізде моделдерді оқушыларға үйге алдын ала беріп, (жаңа білімді игерту алдында) қайсысы қай бағытты біледі, не білмейді, соған сараптау жасаймыз. Тақырып түсіндіруде де диагностика талаптарына сай осы сараптауды негізге аламыз.

Категория: Педагогика | Добавил: nauriz (09.02.2014)
Просмотров: 1204 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Сағат

Сауалнама
Сайтта сізге не ұнайды !!!!!!!
Результаты
Всего ответов: 4014
Сайт мәзірі
Сайт көрсеткіші
Қазір online
Қазір сайтта: 2
Қонақтар: 2
Қолданушылар: 0

Лучшая рип студия!