Сабақ жоспарлары
Мысалы: Бейнелеу 1-6 сыныпқа сабақ жоспарлары
Главная » Статьи » Педагогика

В.Г.Белинский мен А.И.Герценнің педагогикалық теориясы
В.Г.Белинский мен А.И.Герценнің педагогикалық теориясы.

В.Г.Белинскийдің педагогикалық көзқарастары. 
(1811-1848)

ХІХ ғасырдың 30-40 жылдары орыстың прогрессивтік қоғамдық-педагогикалық ой-пікірінің дамуына В.Г.Белинский мен А.Н.Герцен ерекше роль атқарды. Революциялық - материалистік көзқарастың негізінде олар орыс педагогикасында Ресейдің революциялық қозғалысының мүдделеріне жауап беретін революциялық – демократиялық бағытты жасады. 
Виссарион Григорьевич Белинский аса көрнекті революционер-демократ, өзінің шығармаларында крепостнойлық правоға қарсылық білдірді, шаруалардың мүддесін жақтады. В.Г.Белинский дарынды сыншы болды, Ресейге, орыс халықына деген таусылмас жалынды сүйіспеншілікті аңғартты, оның жарқын болашағына сеніммен қарады. В.Г.Белинскийде өз отанына сүйіспеншілікті басқа халықтарға терең құрметпен қарауды ұштастыра білді. Олар ХІХ ғасырдың 30-40 жылдардағы орыстың ой-пікірінің рухани көсемлері болды. "Кімде кім өз отанының перзенті болмайтын болса, ол адамзаттың да перзенті бола алмайды”, - деп жазды В.Г.Белинский. 
В.Г.Белинский идеялық дамудың күрделі жолынан өтті. Алғашында ол қоғамынң әділетті құрылымын тек ғана ағарту ісін тарату арқылы іске асыруға болады деген болатын-ды. Ал ХІХ ғ.40-жылдары ол революциялық ағартушылықтан революциялық демократизмге қадам басты, материалистік философияның қағидаларын жақтады, дүниенің дамуына диалектикалық көзқарасты білдірді. Сенімді материалист бола отырып, Белинский өзіне тән жігрелікпен православиялық шіркеуге және діни сенімдерге қарсы болды. 
Белинский өнердің, әдебиеттің, ағарту ісінің, тәрбиенің халықтығы теориясын талдады. Ғұлама сыншы ресми халықтықтың теориясының реакциялық мәнін сынға алды. 
40-жылдары Белинский социалист – утопистік көзқараста болды. Бірақ батысеуропа социал-утопистерінен айырмашылығы (Р.Оуэн және басқалары) ол социализмді бейбітшілік жолмен, халықтық революциясыз орнатуға болмайтындығын айтты. Ол өз кезінің ірі идеялық көсемі болды, оның төңірегіне барлық алдыңғы қатарлы адамдар, жаңа, еркін Ресей үшін күрескерлер топтасты. 
В.Г.Белинский оның кезінде кеңінен тараған адамның табиғаты оның тәрбиесінің мүмкінішіліктерін алдын ала анықтайды деген тұжырымға қарсы шықты. Ол, керісінше, табиғат адамдарды қабілеттіліктермен және дарындылықтармен сыйлайды, ал дарынсыз және томас адамдар дене жағынан кемтарлар сияқты сирек ескертпелер. Адамдарды тегіне жатқызу тәрбие және білім алуға олардың құқын шектеуге болмайды. 
А.Н.Радищевтен кейін, "адам қоғамдық құбылыс” екендігін мойындай отырып, Белинский былай дейді: "Адамды табиғат жаратады, бірақ оны дамытатын және қалыптастыратын қоғам”. Қоғам барлық адамдарға бірдей тәрбиемен қамтамасызетуге тиісті, олардың рухани күштері мен дара қабілеттіктерін дамыту. 
В.Г.Белинский тәрбиенің алдына жаңа, прогрессивті міндеттер қойды. Ол жалпы адамдық тәрбиенің талаптарын ұсынды. "Алғашқы тәрбие, - деп жазды ол, - балаларда чиновникті емес, ақынды емес, қолөнершіні емес, адамды тәрбиелеуі қажет”. 
Оның әдебиеттің халықтығы туралы талданған теориясынан Белинский балаларды өз отанын сүйіспеншілік рухында тәрбиелеудің қажеттігі туралы педагогикалық қорытындылар жасады. Орыс тілін және отандық әдебиетті оқытудың негізгі пәндері істеу керектігін атап өтті. 
Пушкиннің, Крыловтың, Гогольдің және басқа да Ресейдің ұлы жазушыларының шығармаларында Белинский орыс халықтығы мен жалынды патриотизмнің анық көрінісін көре білді. Белинский балаларда орыс халқына тән ержүректілік, тапқырлық, табандылық, еңбексүйгіштік сияқты жағымды сапаларды қалыптастыруға шақырды. 
Белинский тәрбиенің халықтығы идеясын жақтады және православия, самодервие және халықтық теорияны жақтаушылармен бітіспес күресте дамытты. 
Белинскийдің педагогикалық теориясының негізгі қағидаларының бірі адамды үйлесімді дамыту болып табылады. 
Адамгершілік тәрбиені Белинский адамды – қоғамдық қайраткерді қалыптастырудың негізгі саласы деп есептеді. Оның адамгершілікті тәрбиелеудің тәсілдері және жолдары туралы айтқан қағидалары бай және мазмұнды. Терең диалектик және нәзік психолог, ол моральдық тәрбиенің психологиялық негіздерін ашуға ұмтылды, адамгершілік тәрбие үрдісінің күрделігіне педагогтардың көңілін аудара отырып, оған формалды қарауға қарсы болуды ескертті. 
Жас кезіндегі балалардың психикалық өмірінде эмоциялар басты роль атқарды. Сондықтан да ең алдымен балалардың санасына емес, сезімдеріне әсер ету қажет. "Сезім білімнің алдында келеді, кімде кім адамгершілікті сезінбесе, онда ол оны түсінген емес,”-деді Белинский. 
Жоғарғы жас кезеңінде адамгершілік тәрбие ақыл-ой тәрбиесімен ұштасуы қажет, олардың алыднда күрделі де және жауапты міндеттер тұр. 
Белинский сол кездегі мектепті қатты сынға алды, ондағы білім берудің мазмұны орыс ғылымының дамуынан артта қалды, сол кездегі оқулықтардың утилитарлық-эмпирикалық бағыттылығын атап көрсетті. Ол оқушылар тек ғана белгілі білімнің жиынтығын меңгеруі жеткіліксіз, сонымен қатар тұтас ғылыми көзқарасты қалыптастыруы қажет деп есептеді. Ол ғылым мен оқу пәндерінің, теория мен тәжірибенің арасындағы алшақтықты жоюды талап етті. 
Белинский ғылымды өмірге жақындату үшін бар күш-жігерімен күресті. Ол мектептегі білім беру олардың алдарына халық қойған міндеттерге жауап бермейтіндігін атап өтті. 
Белинский мектептегі білім берудің мазмұнын кеңейту үшін күресті. Радищев сияқты, ол дінді оқытуға қарсы болды, дінсіз білім беру үшін білім беруді қазіргі отандық ғылымның деңгейіне дейін арттыруға жұмыстанды. 
Белинский негізгі оқу пәндеріне адамгершілік тәрбиесін беруге көмектесетін гуманитарлық ғылымдарды (ана тілі, әдебиет, тарих) жатқызды. 
Белинский балалардың қызығуын дамытуға негізделген, олардың жас ерекшеліктері мен даралық бейімділігін ескеретін оқытудың жаңа әдістемесін енгізуге ерекше көңіл бөлді. Оның пікірі бойынша, индуктивтік жол-оқытудың негізгі жолы. "Талдаудан жинақтауға көшу, мысалдардан ереже шығару – оқытудың ең пайдалы жүйесі”,- деп жазды ол. Ол догматикалық оқытуға қарсы болды.

А.И.Герценнің педагогикалық көзқарастары. 
(1812-1870)

Орыстың революциялық қозғалысының белгілі өкілі, көрнекті саяси қайраткер, публицист және талантты жазушы Александр Иванович Герцен, Белинский сияқты ХІХ ғ.30-40 жж.орыстың революция-демократиялық педагогикалық ой-пікірінің өкілі болды. 
А.И.Герцен, философ-материалист және революцияшыл демократ, өз шығармаларында тәрбие мәселелеріне ерекше мән берді, оны Белинский сияқты сол бағытта қарастырды. 
Революциялық демократизм тұрғысынан Герцен адамның барлық рухани және дене күштерімен қабілеттерінің дамуын қамтамасыз ететін тәрбиені жақтады. 
Тәрбие мақсаты, Герценнің пікірінше, дұрыс материалистік көзқарасты меңгерген, патша үкіметінің саясатын жеккөретін, халықтың мүддесін қорғай білетін ұрпақты тәрбиелеу болып табылады. 
Ақыл-ой тәрбиесі жүйесінде ол ғылыми-жаратылыстану және тарих ғылымдарына ерекше мән берді. Герцен жаратылыстануда материалистік көзқарасты тәрбиелеудің тиімді құралын көре білді, ал тарихта патриоттық сезімдер мен демократиялық сенімдерді қалыптастыруды іске асырды. 
Патриотизм, Герценнің пікірінше өз отанына шексіз сүйіспеншілік пен оның ішкі және сыртқы жауларына жеккөрушілікпен қарау болып табылады. Герцен шәкірттерде достық және жолдастық, гуманизм, ерік-қайратты, ерлік істерге қабілеттілік сезімін тәрбиелеудің қажеттігіне мән берді. Осы қасиеттерді тәрбиелеуде ол негізгі рольді озық көркем әдебиетке және ұлы адамдардың өміріне арнады. 
Герцен мектеп пен жанұяның оқу-тәрбие іс-әрекетінде тәртіптің ролі мен мәнін жоғары бағалады. Герцен біржола шектен шыққан дене жазалауына, ұрып-соғуға, балаларға әсер етудің, тәртіптің өрескел әдіс-тәсілдеріне қарсы болды. Ол ата-аналар мен тәрбиешілердің балаға ізгілік қарым-қатынасына негізделген тәртіпті талап етті. 
Дидактика мәселелеріне қатысты қағидаларында Герцен ерекше табандылықпен оқытудың қарапайымдылығын және түсініктілігін жақтады, бұл педагогикалық шеберліктің өте қажетті жағы деп есептеді. Негізгі әдістерге мұғалімнің баяндау және түсіндіру әдістерін жатқызды. Герцен басқа әдістерге қарағанда мұғалімнің баяндауы тиімді, әрі бұл әдістің артықшылығы бар, берік білімді қамтамасыз етеді және оқушылардың ойлау белсенділігін оятады деген болатынды. 
Оқу-тәрбие үрдісінде мұғалімге жетекші орын бере отырып, Герцен оған өте жоғары талаптар қойды. 
Тәрбиешінің таланты, Герценнің пікірінше, бұл "шыдамды сүйіспеншіліктің, шын берілгендіктің таланты, оны ешқандай ананың сүйіспеншілігі, ешқандай дилектика өзінің күшті қағидаларымен айырбастай алмайды” деген болатынды. Ол мұғалімінің сенімдеріне ерекше мән берді. 
Герцен жанұя тәрбиесіне көп көңіл бөлді. Герцен өз балаларының тәрбиелеу үлгісіне сүйене отырып, осы міндетке ата-аналарды ерекше қамқорлықпен, жауапкершілікпен қарауды балаларды болашақ өмірге, еңбекке даярлауда оларды барлық қажетті білім негіздерімен, адамгершіл ұғымдармен қаруландыру, олардан өз ата-ананың шын берілген патриотын тәрбиелеу міндетін қойды. 
Белинский сияқты, Герцен сословиялық-крепостниктік тәрбие жүйесіне жағымсыз көзқараста болды. Ол Николай І үкіметінің саясатын халық мүддесіне қарсы бағытталғандығын қатты сынға алды. 
Белинский сияқты, Герцен Радищевтің халықтық мәдениет, халықтық мектеп үшін күрес дәстүрін одан әрі жалғастырды. Олар Радищевке қарағанда, тәрбиенің материалистік негіздерін түсіндіруге одан әрі кетті. Олар тұқым қуалау, орта және тәрбие проблемаларын түсінуде тереңдете қарастырды. Белинский мен Герцен таным үрдісіне сонымен қатар педагогика мен психологияның және физиологияның өзара қарым-қатынасына жан-жақты материалистік түсінік берді. 
А.И.Герцен бірнеше тамаша шығармалардың авторы. Атап айтқанда "Өткендер мен ойлар”, "Кім жазықты”, "Сұғанақ сауысқан”, "Доктор Крупов” орыс өмірінің аса зәру проблемаларын көтерген құнды шығармалар болды. 
Белинский мен тәрбие мәселелері туралы Герценнің анық та, мазмұнды ойлары педагогикадағы жаңа, революцияшыл – демократиялық бағыттың негізін қалады. Белинский мен Герценнің педагогикалық мұрасы одан әрі Чернышевский мен Добролюбовтың еңбектерінде одан әрі дами түсті.

Категория: Педагогика | Добавил: nauriz (09.02.2014)
Просмотров: 932 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Сағат

Сауалнама
Сайтта сізге не ұнайды !!!!!!!
Результаты
Всего ответов: 4008
Сайт мәзірі
Сайт көрсеткіші
Қазір online
Қазір сайтта: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0

Лучшая рип студия!