Сабақ жоспарлары
Мысалы: Бейнелеу 1-6 сыныпқа сабақ жоспарлары
Главная » Статьи » Құқық

Азаматтық құқықтың субъектілері
Жоспар

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім 
1. Азаматтың құқықтық субъектілері. 
2. Азаматтардың құқықтық қабілеттері. 
3. Азаматтардың тұрғылықты жері. 
4. Азаматтардың есімі. 
5. Азаматтардың әрекет қабілеттілік ұғымы.

ІІІ. Қорытынды

Кіріспе 
Азаматтық заңдармен тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар реттеледі. Азаматтық заңдармен реттелетін қатынастардың қатысушылары азаматтар, заңды тұлғалар, мемлекет, сондай-ақ әкімшілік аумақтық бөліністер болып табылады. Отбасылық еңбек қатынастары мен табиғи ресурстарды пайдалану және айналадағы ортаны қорғау жөніндегі қатынастарға азаматтық заңдар бұл қатынастар тиісінше отбасылық, еңбек заңдармен, табиғи ресурстарды пайдалану және айналадағы ортаны қорғау туралы заңдармен реттелмеген жағдайларда қолданылады. 
Азаматтық заңдар өздері реттейтін қатынастарға қатысушылардың теңдігін, меншікке қол сұқпаушылықты, шарт еркіндігін, жеке істерге кімнің болса да озбырлықпен араласуына жол беруге болмайтындығын, азаматтық құқықтарды кедергісіз жүзеге асыру, нұқсан келтірілген құқықтардың қалпына келтірілуіне, оларды соттың қорғауын қамтамасыз ету қажеттігін тануға негізделеді. 
Азаматтар мен заңды тұлғалар өздерінің азаматтақ құқықтарына өз еркімен және өз мүддесін көздей отырып ие болады және жүзеге асырады. Олар шарт негізінде өздерінің құқықтары мен міндеттерін анықтауда және шарттың заңдарға қайшы келмейтін кез келген жағдайларын белгілеуде ерікті.

Негізгі бөлім 
1. Азаматтың құқықтық субъектілері. 
Азаматтың құқықтық субъектілерге тоқтала кететін болсақ, оларды 3 деңгейге бөліп қарастыруымызға болады. 
2. Азаматтығы жоқ азаматтар немесе басқа мемлекеттің азаматтары. 
1. Бұларға жеке-жеке тоқталатын болсақ Қазақстан Республикасының азаматтарына он сегіз жасқа Қазақстан Республикасының жеке куәлігін алған, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын азаматтар. 
2. Азаматтығы жоқ азаматтар. 
Азаматтық алмаған азаматтар. 
3. Басқа мемлекеттің азаматтарына тоқталатын болсақ. Яғни Қазақстан Республикасының аумағында жеке кәсіппен айналысатын немесе мемлекетімізде жүрген шетел елшілерін айтамыз. 
аумағына қайтып оралуға; заң құжаттарында тыйым салынбаған кез келген қызметпен айналысуға; дербес өзі немесе басқа азаматтармен және заңды тұлғалармен бірігіп заңды тұлғалар құру; заң құжаттарында тыйым салынбаған кез келген мәміле жасалып, міндеттемелерге қатысу; өнертабыстарға, ғылым, әдебиет және өнер шығармаларына, интеллектуалдық қызметтің өзге де туындыларына интеллектуалдық меншік құқығы болуға; материалдық және моральдық зиянның орнын толтыруды талап етуге құқығы болады; басқа да мүліктік және жеке құқықтары болады. 

3. Азаматтардың тұрғылықты жері. 
Азамат тұрақты немесе көбінесе тұратын елді мекен оның тұрғылықты жері деп танылады. 
Он төрт жасқа толмаған адамдардың немесе қорғаншылықтағы азаматтардың тұрғылықты жері олардың ата-анасының, асырап алушыларының немесе қорғаншыларының тұрғылықты жері болып танылады.

4. Азаматтардың есімі. 
Азамат өз фамилиясы мен өз есімін, сондай-ақ қаласа, әкесінің атын қоса, өз атымен құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асырады. 
Заңдар бойынша азаматтардың жасырын түрде құқықтар иеленіп, міндеттерді жүзеге асыратын жағдайлары немесе бүркеншек ат пайдаланатын реттері көзделуі мүмкін. 
Азаматтың туған кезде берілген есімі, сондай-ақ есімін өзгерту азаматтық хал актілерін тіркеу туралы заңдарда белгіленген тәртіп бойынша тіркелуге тиіс. 
Азамат өз есімін заң құжаттарында белгіленген тәртіп бойынша өзгертуге құқылы. Есімін өзгерту оның бұрынғы есімін, жасырын немесе бүркеншік атпен алған құқықтары мен міндеттерін тоқтатуға немесе өзгертуге негіз болмайды. 
Азамат өзінің болышқорлары мен несие берушілеріне өз есімін өзгерткені туралы хабарлау үшін қажетті шаралар қолдануға міндетті және бұл адамдарда оның есімі өзгертілгендігі туралы мәліметтер болмауынан туған ықтимал зардаптарға тәуекел етеді. 
Есімін өзгерткен азамат өзінің бұрынғы есіміне ресімделген құжаттарға тиісті өзгерістер енгізілуін талап етуге құқылы. 
Басқа бір адамның есімімен құқықтар мен міндеттер иеленуге жол берілмейді. 
Азамат өз есімі оның келісімінсіз пайдаланылған жағдайда, оған тыйым салынуын талап етуге құқылы. 
Азаматтың есімін заңсыз пайдалану нәтижесінде оған келтірілген зиян осы Кодекстің ережелеріне сәйкес өтелуге тиіс. 

5. Азаматтардың әрекет қабілеттілік ұғымы. 
Азаматтың өз әрекеттерімен азаматтық құқықтарға ие болуға және оны жүзеге асыруға, өзі үшін азаматтық міндеттер жасап, оларды орындауға қабілеттілігі (азаматтық әрекет қабілеттілігі) кәмелетке толғанда яғни он сегіз жасқа толғаннан кейін толық көлемінде пайда болады. 
Заң құжаттарында он сегіз жасқа жеткенге дейін некелесуге рұқсат етілетін жағдайда, он сегіз жасқа толмаған азамат некеге тұрған кезден бастап толық көлемінде әрекет қабілеттілігіне ие болады. 
Егер заң құжаттарында өзгеше белгіленбесе, барлық азаматтардың әрекет қабілеттілігі тең болады. 
Заң құжаттарында көзделген реттер мен тәртіп бойынша болмаса, ешкімнің де құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігін шектеуге болмайды. 
Азаматтардың құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігін шектеудің заң құжаттарында белгіленген шарттары мен тәртібінің немесе олардың кәсіпкерлік не өзге де қызметпен айналысу құқығының сақталмауы тиісті шектеуді белгілеген мемлекеттік немесе өзге де органның құжатын жарамсыз деп тануға әкеліп соқтырады.

Қорытынды 
Азаматтың құқықтық субъектілері. 
Азаматтың құқықтық субъектілерге тоқтала кететін болсақ оларды 3 деңгейге бөліп қарастыруымызға болады. Қазақстан Республикасының жеке куәлігін алған Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын азаматтар. 
Азаматтардың құқықтық қабілеттілігі. Азаматтық құқыққа ие болып, міндет атқару қабілеті (азаматтық құқық қабілеттілігі) барлық азаматтарға бірдей деп танылады. 
Азаматтардың тұрғылықты жері. Азамат тұрақты немесе көбінесе тұратын елді мекен оның тұрғылықты жері деп танылады. 
Он төрт жасқа толмаған адамдардың немесе қорғаншылықтағы азаматтардың тұрғылықты жері олардың ата-анасының, асырап алушыларының немесе қорғаншылығының тұрғылықты жері болып табылады. 
Азаматтардың есімі. Азамат өз фамилиясы мен өз есімін, сондай-ақ қаласа, әкесінің атын қоса, өз атымен құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асырады. 
Азаматтардың әрекет қабілеттілік ұғымы. Азаматтың өз әрекеттерімен азаматтық құқықтарға ие болуға және оны жүзеге асыруға, өзі үшін азаматтық міндеттер жасап, оларды орындауға қабілеттілігі кәмелетке толғанда яғни он сегіз жасқа толғаннан кейін толық көлемде пайда болады.

Пайдаланылған әдебиеттер

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. 1995 ж.

2. Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі. 
А. 2003 ж.

3. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі. А. 2002 ж.

Категория: Құқық | Добавил: Frenzy (13.12.2012)
Просмотров: 2310 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Сағат

Сауалнама
Сайтта сізге не ұнайды !!!!!!!
Результаты
Всего ответов: 4014
Сайт мәзірі
Сайт көрсеткіші
Қазір online
Қазір сайтта: 5
Қонақтар: 5
Қолданушылар: 0

Лучшая рип студия!