Главная » Статьи » Құқық |
МЕМЛЕКЕТ ПЕН ҚҰҚЫҚ ТЕОРИЯСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ Пәні, әдісі және заң ғылымы Ғылымның немесе оқу құралының өзіндік реттейтін, оқытатын пәні болады. Мемлекет және құқық пәні – қоғамдағы саяси экономикалық, әлеуметтік құбылыстарды зерттеп, қоғамдық өмірдегі қарым-қатынастарды реттеу, басқару әдіс-тәсілдерін, объективтік заңдылықтарын анықтап отыратын ғылым. Ол мемлекет пен құқықтың мәнін терең түсінуге мүмкіндік береді. Мемлекет пен құқықты бөліп қарауға болмайды, олар бір-бірімен тығыз байланысты. Құқық мемлекеттік органдардың құрамын қалыптастырудың ретін, жұмыс тәртібін және оның бағыт-бағдарын орнықтырады, ал мемлекет құқықтық нормаларды қабылдайды, бекітеді және қорғайды. Методология (әдіс-тәсіл) – дүниені философиялық тұрғыдан түсіндіретін ілім. Ғылыми методологияның негізі – диалектикалық материализм. Мемлекет және құқық теориясының методологиясы философияның обьективтік заңдарына, теориялық қағидаларына сүйене отырып, логикалық әдіс-тәсілдер арқылы мемлекет пен құқықтың өмірге келу, даму заңдылықтарын зерттейді. Бұл зерттеу процесінде теория мен тәжірибенің бірлестігіне сүйене отырып, қорытынды ғылыми тұжырымдар жасалады. Сонымен мемлекет және құқық теориясының әдісі – диалектикалық материализм методологиясы және заң ғылымдарының зерттеу тәжірибесінен қалыптасқан әдіс-тәсілдер. Адам қоғамының тарихын, даму процесін, мазмұнын, болашағын зерттейтін ғылымдарды қоғамдық ғылым дейді. Оның салалары: философия, саяси экономика, тарих, социология, заң ғылымдары, филология, археология, этнография т.б. Бұлардың ішінде мемлекет пен құқық теориясына кеңірек көңіл бөлетін философия мен тарих, ал басқалары қысқаша тоқтап өтеді. Заң ғылымы – қоғам ғылымдарының бір саласы. Заң ғылымы шын және толық мәнінде заң дұниесін, заң құрамын жете танитын ғылым болып XIX ғасырдың ортасында қалыптасты. Бұл ғылым мемлекет пен құқықтың өмірге келуін, мазмұнын, атқаратын жұмыстарын, диалектикалық даму процесін т. б. мәселелерін зерттеумен шұғылданады. Заң ғылымдары үш топқа бөлінеді: Мемлекет және құқық теориясы, мемлекет пен құқықтың жалпы тарихы, құқық пен саясаттың тарихи дамуы; Салалық заң ғылымдары (азаматтық, қылмыстық, еңбек т.б. Арнаулы заң ғылымдары (криминалистика, соттық медицина, халықаралық құқық т.б. | |
Просмотров: 1249 | Рейтинг: 0.0/0 |
Всего комментариев: 0 | |
Бизнес, менеджмент, финанс т.б [2] |
Патриоттық және мерекелер т.б [16] |
Шет ел әдебиеті мен тарихы [31] |
Шағын көлемді шығармалар [60] |
Әлеуметтану, саясаттану [69] |
Философия және логика [13] |
Қазақ тілі және тіл білімі [104] |
Елді мекендер, қалалар [2] |
Агро,шаруашылықтар [9] |
Курстык жумыстар [17] |
Ғылыми жұмыстар [62] |
Қазақстан тарихы [114] |
Тарихи тұлғалар [132] |
Еуразияшылдык [16] |
Ашық сабақтар [56] |
Дүние тарихы [30] |
Мәдениеттану [7] |
Информатика [68] |
Астрономия [61] |
Психология [6] |
Переводчик [4] |
Математика [14] |
Педагогика [77] |
Дипломдар [10] |
География [82] |
Биология [133] |
Экология [3] |
Дінтану [32] |
Физика [33] |
Химия [13] |
Құқық [27] |
Еңбек [7] |