Главная » Статьи » Құқық |
СЕРТИФИКАТТАУДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ Қазақстан Республикасының «Сертификаттау туралы» заңы Сертификаттау туралы ҚР-дағы өнімдерді, сапа жүйелері мен өндірістерді /бұдан әрі процестерді/, сертификаттаудың құқықтық негіздерін белгілейді, сертификаттау саласындағы қатынастарды реттейді, сертификаттауға қатысушылардың құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін анықтайды. Жалпы ережелер 1-бап. Заңда пайдаланатын негізгі ұғымдар Осы заңда мынадай ұғымдар пайдаланады. 1/ тіркеу – уәкілетті мемлекеттік органның сертификаттау жөніндегі орган немесе сынақ зертханасы /орталығы/ ретіндегі белгілі бір салада жұмысты жүзеге асыруға ұйымның құқылы екендігінің ресми тануы; 2/ тіркеу аттестаты – белгіленген қызмет саласында сертификаттау жөніндегі органның немесе сынақ зертханасының нақты жұмыстарды орындауға деген құқығын куәландыратын, мемлекеттік сертификаттау жүйесі ережелеріне сәйкес берілетін құжат; 3/ аудит /сертификаттаудағы/ – сертификаттау жөніндегі тіркелген органдардың /немесе/ сынақ зертханаларының, орталықтарының қызметіне тәуелсіз талдау жасау, сондай-ақ өтініш берушінің бастамасы бойынша жүргізілетін сертификатталған өнімдердің, процестердің, жұмысы мен қызметінің белгіленген талаптарға сәйкестігін бақылау; 4/ Қазақстан Республикасының мемлекеттік сертификаттау жүйесі /мемлекеттік сертификаттау жүйесі/ -- өз құзырет шегінде сертификаттау саласындағы жұмыстарды жүзеге асыратын мемлекеттік басқару органдарының, жеке және заңды тұлғалардың және ҚР-дағы сертификаттау және тіркеу жөніндегі жұмыстарды жүргізу тәртібін белгілейтін нормативтік құжаттардың жиынтығы; 5/ сертификаттау жөніндегі органдардың және сынақ лабораторияларының қызметін мемлекеттік бақылау – стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органының және оның мемлекеттік қадағалау жөніндегі аумақтық бөлімшелерінің сертификаттау жөніндегі тіркелген органдар мен сынақ лабораторияларының нормативтік құжаттарды бұзу фактілерін анықтауға, жолын кесуге, жоюға бағытталған қызметі; 6/ сәйкестік туралы декларация – жеткізіп берушінің, дайындаушының, сатушының өнімнің белгіленген талаптарға сәйкестігін куәландыратын, мемлекеттік сертификаттау жүйесі белгілеген нысандағы құжаты; 7/ өтініш беруші – өнімді, процесті, жұмысты, қызмет көрсетуді, сертификаттауға ұсынған және оның сапасы мен қауіпсіздігіне жауап беретін жеке немесе заңды тұлға /дайындаушы, сатушы, атқарушы/; 8/ сәйкестік белгісі – мемлекеттік сертификаттау жүйесінің ережелеріне сәйкес қолданылатын, осы өнімнің, процестің, жұмыстың, қызмет көрсетудің нақты стандартқа немесе басқа нормативтік құжатқа сәйкес екендігін, қажет сенімнің қамтамасыз етілетінін көрсететін белгіленген тәртіппен қойылған белгі; 9/ инспекциялық бақылау – сертификаттау жөніндегі тіркелген органдардың тарапынан сертификаттклған өнімнің, процестің, жұмыстың, қызмет көрсетудің белгіленген талаптарға сәйкестігіне бақылау жасау; 10/ өнімнің бірдейлігі – белгілі бір өнімді өндіру, оның айналасы, пайдаланылуы саласында айырым белгілері бойынша біркелкі танылуын қамтамасыз ететін рәсім; 11/ сынақ зертханасы – өнімнің құжат талаптарына сәйкестілігін жүргізетін орталық; 12/ сертификаттау жөніндегі нормативтік құжат – сертификаттау жөніндегі қызметтің алуан түрлеріне немесе оның нәтижелерін қатысты нормаларды, ережелерді, сипаттамаларды белгілейтін стандарттау туралы құжат; 13/ өнімді, үрдістерді, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді сертификаттау жөніндегі орган – мемлекеттік сертификаттау жүйесі белгіленген тәртіппен, белгілі бір қызмет саласында сертификаттау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге тіркелген заңды тұлға; 14/ мемлекеттік сертификаттау жүйесінің тізімі – сәйкестік сертификаттарын, сертификаттау жөніндегі органдар мен сынақ зертханаларын, сертификаттау жөніндегі сарапшы аудиторларды, сертификаттау саласындағы нормативтік құжаттарды тіркеу есебінің құжаты; 15/ сертификаттау -- дайындаушы мен тұтынушыға, сатып алушыға тәуелсіз мекеменің өніміне, жұмысына қызмет көрсетудің нормативтік құжаттарының белгіленген талаптарға сәйкес жазбаша растауы; 16/ сәйкестік сертификаты – мемлекеттік сертификаттау жүйесінің ережелері бойынша берілген өнімнің, жұмыстың, техникалық регламенттің, стандарттың немесе өзге де нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігін көрсететін құжат; 17/ тауардың шығу тегінің сертификаты – өнімнің шығарылған және куәландырылған құжаты; 18/ сертификаттау жөніндегі сарапшы-аудитор – белгілі бір қызмет саласында сертификаттау немесе тіркеу жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін белгіленген тәртіппен аттестатталған маман. 2-бап. Сертификаттау туралы заңдар 1. Сертификаттау туралы заңдар осы Заңнан және ҚР-ның өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. 2. Егер ҚР-сы бекіткен халықаралық шарттарда осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленген болса, онда халықаралық шарттардың ережелері қолданылады. 3-бап. Сертификаттаудың мақсаттары Сертификаттаудың негізгі мақсаттары мыналар болып табылады: адамдардың өмірі мен денсаулығы, азаматтардың мүліктері мен қоршаған ортаны қорғау, өнімдердің, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету; Өнімдер мен қызмет көрсетулердің сапасы мәселелерінде тұтынушылардың мүдделерін қорғау; Саудадағы техникалық кедергілерді жою, өнімнің ішкі және сыртқы нарықтық бәсекелестік қабілетін қамтамасыз ету; Заңды және жеке тұлғалардың Қазақстанның бірыңғай тауар нарықтық қызметі үшін, сондай-ақ халықаралық экономикалық, ғылыми-техникалық ынтымақтастыққа және халықаралық саудаға қатысуы үшін қажетті жағдайлар жасау. СЕРТИФИКАТТАУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ МЕН БАСҚАРУ 4-бап. Сертификаттау жөніндегі жұмыстарды басқару 1. Сертификаттау жөніндегі жұмыстарды басқаруды ҚР-ның Үкіметі белгілеген стандартау, метрология және сертификатау жөніндегі өкілетті мемлекеттік орган жүзеге асырады. 2. Жеке және заңды тұлғалар сертификаттау жөніндегі өз қызметін осы Заңның және ҚР-ның өзге де нормативтік құқықтық актілерінің ережелеріне, сондай-ақ мемлекеттік сертификаттау жүйесінде қолданылып жүрген нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес ұйымдастырады және жүзеге асырады. 5-бап. Мемлекеттік сертификаттау жүйесін ұйымдастыру 1. Мемлекеттік сертификаттау жүйесінің ұйымдық құрылымын мыналар құрайды: Стандартау, метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекеттік орган; Өнімді үрдістерді, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді сертификаттау жөніндегі тіркелген органдар; 2. Мемлекеттік сертификаттау жүйесі сертификаттау саласында бірыңғай саясатты жүргізуді қамтамасыз етеді және сертификаттаудың негізгі ережелері мен рәсімдерін сертификаттау жөніндегі органдарға, сынақ зертхана орталықтарына қойылатын талаптарды және оларды тіркеудің рәсімдерін, сертификаттау жөніндегі сарапшы-аудиторларды даярлау мен аттестаттаудың рәсімдерін, мемлекеттік сертификаттау жүйесінің тізілімін, аудит пен инспекциялық бақылау жүргізудің тәртібін сертификаттаудың мақсатын жүзеге асыру үшін қажет өзге де талаптарды белгілейді. 6-бап. Стандарттау, меетрология және сертификаттау жөніндегі мемлекеттік органның сертификаттау саласындағы құқықтары мен міндеттері стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекеттік органның міндеттері: мемлекеттік сертификаттау жүйесін құру және оның жұмысын ұйымдастыру; сертификаттау саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен іске асыруға қатысу, сертификаттауды дамытудың алдағы жоспарларын әзірлеу; міндетті сертификаттауға жататын өнімдердің тізбесін дайындау; мемлекеттік сертификаттау жүйесінде ұйымдарды сертификаттау жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығына және сертификаттау сынақтарына белгіленген жүйемен мемлекеттік сертификаттау тәртібі бойынша тіркеу; сарапшы-аудиторларды аттестаттау; сынақ зертхана орталықтарымен өнімді, процестерді, жұмыстарды сертификаттау жөніндегі органдардың қызметіне мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру; мемлекеттік сертификаттау жүйесінің тізімін жүргізу; мемлекеттік сертификаттау жүйесінің сәйкестік сертификаттарымен белгілерінің нысандарын, оларды беру және қолданудың тәртібін белгілеу; құзіретті ұйымдарға сертификаттау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге бірақ рұқсат беру; сертификаттау ережелері мен рәсімдерінің бұзылуына кінәлі адамдарға заңдарда белгіленген құқықтық ықпал ету шараларын қолдану. Сертификаттау жөніндегі нормативтік құжаттарға қойылатын талаптар 1. Сертификаттау жөніндегі нормативтік құжаттар белгілейтін талаптар ғылымның, техника мен технологияның қазіргі заманға сай жетістіктеріне негізделуі, халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес келуі, өнімді пайдаланудың, үрдістері, жұмыстар мен қызмет көрсетулерді орындаудың шарттарын ескеруі тиіс. Сертификаттау жөніндегі нормативтік құжаттардың талаптары, халықаралық саудада қосымша кедергі келтірмеуге тиіс. Нормативтік құжаттарда регламенттелетін сертификаттау ережелері мен рәсімдері отандық өнім үшін де, оның шығу тегіне қарамастан, бірдей болуға тиіс. Сертификаттау саласындағы құжаттарды әзірлеу барысында олардың жобаларының мәтіндері, заңмен қорғалатын құпия болып табылатын ақпаратты қоспағанда, талқылау және мүдделі мемлекеттік басқару органдарының, жеке заңды тұлғалардың ескертпелер мен ұсыныстар дайындауы үшін бұқаралық ақпарат құралдарына немес стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі өкілетті мемлекеттік органның арнаулы басылымдарында жарияланады. Сертификаттау жөніндегі құжаттар жобаларына ескертпелер мен ұсыныстар дайындауды қарау тәртібі мен мерзімін стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі өкілетті мемлекеттік орган белгілейді. 2. Сертификаттау жөніндегі нормативтік құжаттарды әзірлеу үшін негіз ретінде халықаралық техникалық регламенттер мен стандарттар қолданылуы тиіс, бұған олардың адамдардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жеткіліксіз деңгейіне, елеулі технологиялық мәселелерге байланысты тиімсіз немесе жарамсыз болу жағдайлары кірмейді. 3. Міндетті сертификаттауға жататын өнімге арналған нормативтік құжаттарда олар бойынша міндетті сертификаттауда жүзеге асырылатын талаптар, осы талаптарға сәйкестік бақылаудың әдістері, өнімді таңбалаудың ережелері, ілеспе құжаттамаға енгізілетін сертификаттау туралы ақпаратқа қойылатын талаптар болуы тиіс. | |
Просмотров: 1423 | Рейтинг: 0.0/0 |
Всего комментариев: 0 | |
Бизнес, менеджмент, финанс т.б [2] |
Патриоттық және мерекелер т.б [16] |
Шет ел әдебиеті мен тарихы [31] |
Шағын көлемді шығармалар [60] |
Әлеуметтану, саясаттану [69] |
Философия және логика [13] |
Қазақ тілі және тіл білімі [104] |
Елді мекендер, қалалар [2] |
Агро,шаруашылықтар [9] |
Курстык жумыстар [17] |
Ғылыми жұмыстар [62] |
Қазақстан тарихы [114] |
Тарихи тұлғалар [132] |
Еуразияшылдык [16] |
Ашық сабақтар [56] |
Дүние тарихы [30] |
Мәдениеттану [7] |
Информатика [68] |
Астрономия [61] |
Психология [6] |
Переводчик [4] |
Математика [14] |
Педагогика [77] |
Дипломдар [10] |
География [82] |
Биология [133] |
Экология [3] |
Дінтану [32] |
Физика [33] |
Химия [13] |
Құқық [27] |
Еңбек [7] |