ҚАРЛЫҒАШ ҚАРЛЫҒАШ -жыл құсы. Мекендеген ортасына қарай далалық, аудандық деп аталады. Елімізде кент, сұр, құз, жар және қосрең қарлығаштары да кең тараған. Қарлығаштар өте ұшқыр. Сұр қарлығаш сағатына 170 км жылдамдықта ұшады екен. Сондай-ақ, жемін де ұшып жүріп аулап, суды да ұшып келіп қалқып іше алады. Олар насекомдармен қоректеніп, әр қайсысы күніне мыңнан аса маса жеп зор пайда келтіреді. Ұясы- балапандарын қолайсыз жағдайдан және жауыннан қорғайтын шебер жасалынған баспана. Олар жұптарын өмір бойы сақтап, балапандарына екеуі де қамқорлық жасайды. Халқымыз қарылғашты киелі санайды. Құйрығының айыр болуына байланысты ел арасында аңыз әңгімелер бар.
|