Сабақ жоспарлары
Мысалы: Бейнелеу 1-6 сыныпқа сабақ жоспарлары
Главная » Статьи » Шағын көлемді шығармалар

Қашаған Күржіманұлы (1841-1929)
Қашаған Қүржіманұлы (1841-1929)

Қашаған Қүржіманқұлы 1841 жылы қазіргі Түркіменстандағы Ташауыз кентіне жақын жерде дүниеге келіп, 1929 жылы Маңғыстаудағы Қырық кез деген жерде дүниеден өткеню. Қашағанның шығармалары алғаш реет 1935 жылы "Әдебиет майданы” журналында жарияланған. Оның "Есқали сопыға айтқаны”, "Адай тег”, "Ата мекен”, "Топан”, "Оразалыларға”, "Байларға”, "Берекет ақынға”, "Сақыпқа айтқаны”, дейтін өлеңөжырлары бар. "Ата мекен” өлеңінде:

Қазақ бір ел деген ел едік, 
Қайырлы халық атанған. 
Өсіп-өнген қатардан 
Үйсін, Арғын, Алшын деп, 
Үш жүз болып атанған, - 
деп толғайды. Есқали сопыға айтқаны өлеңінде” сырты жылғамай, бірақ іші жылымас, адам баласына қайырымы аз, алары көп, берері жоқ кей азаматтар жайлы шамырқана, өкпелей жырлайды.

Сұпыекең мені жек көрді 
Сұпының сөзін кек көрдім. 
Ел аралап жүргенде 
Сендей, сендей монтаны, 
Сұпыларды көп көрдім.

Сыйлар едің кампаңдап, 
Колын қысып жампаңдап, 
Садақасы болса қойнында. 
Үйіңе келсе бай адам, 
Жамылған мауыт шекпенді. 
Ақылы бар милы адам 
Азамат ерге тек дей ме?! – 
дейді. Демек, Қашаған өз кезіндегі ұнатпас қылықтарды қылышпен қиғандай тіліп айтатын отты ақынның бірі болған.

Категория: Шағын көлемді шығармалар | Добавил: nauriz (08.02.2014)
Просмотров: 1311 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Сағат

Сауалнама
Сайтта сізге не ұнайды !!!!!!!
Результаты
Всего ответов: 4009
Сайт мәзірі
Сайт көрсеткіші
Қазір online
Қазір сайтта: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0

Лучшая рип студия!