«Балдауренде» болғанда Көкшетау қаласының оңтүстігінде әсемділігімен «қазақстанның Швейцариясы» деген теңеуге ие болған көркем қырат Бурабай Өңірі. Онша биік болмаса да , қырқалы және қарағайлы қайыңдармен көмкерілген тау жоталары әсем суретке ұқсас. Осы тамаша өңірде «Балдаурен» республикалы оқу-сауықтыру комплексі орналасқан. Мен өткен оқу жылында осында демалуға бардып, Көкшенің тамаша табиғатын өз көзіммен көрдім. Сәкен Сейфуллиннің «Көкшетау» өлеңіндегі Сексен көл Көкшетаудың саясында Әрқайсысы алтын кесе аясында Ауасы дертке дауа, жұпар исі Көкірек қанша жұтсаң тоясың ба?- деп суреттегеніндей, сұлу көркем Көкшенің сұлулығына сөз жеткізе алмадым. Мен өз теңдестеріме «Балдауренге» баруға ұмтылуын шақырар едім. Ол үшін жақсы оқу керек. Қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, шығаршылық қабілеттерін дамыту керек.
Мұхаметжанова Зухра 7 «б» сынып оқушысы
|