ҚОҚИҚАЗ. ҚОҚИҚАЗ - дене бітімі ерекше, тұмсығы имек, сирек кездесетін құс. Қызыл қанат- деп те аталады. Қорғалжын қорығындағы Теңіз көлінде ғана ұялап, жұмыртқалайды. Ол басын суға батырып, түбін қопарып, судағы жәндіктерді аузына толтырып сүзіп алып қоректенеді. Ұя жасауға да су түбіндегі тұнбаны пайдаланады. Қоқиқаздар жүздеп, мыңдап бір мыңға ұя салып, жұптарын жазбайды. Ұядағы 2-3 жұмыртқаны кезектесіп басып шығарады да алғашқы екі айда құрамы дәрумендерге бай құс сүтімен асырайды. Жеген тамақтарын асқазанында өңдеп, тұмсығын балапан аузына апарғанда 23-ы қаннан тұратын ашық қызыл түсты сұйықтық тамшылап ағады екен. Бұның сыры әлі күнге дейін ашылмаған. Ересектері ұшып кеткенде балапандарға қарауға қалған 1-2 тәрбиеші қоқиқаздардың мыңдаған балапанды жүзуге апарып, ұясына қайтаруды адамдарды таң қалдырмай қоймайды.
|