Сабақ жоспарлары
Мысалы: Бейнелеу 1-6 сыныпқа сабақ жоспарлары
Главная » Статьи » Шағын көлемді шығармалар

Тұрар Рысқұлов
Қазақ халқының көрнекті пер¬зенті, белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Тұрар Рысқұлов өзі өмір сүрген кезеңде туған елінің бола¬шағы үшін көп нәрсе жасады. Рыс-құловтың артына қалдырған өшпес мұрасы – саясат, экономика және рухани құндылықтар тақырыбына жазған публицистикалық, терең зерттеу еңбектері мен мақалалары бүгінде өз ұрпағына қызмет етуде. Әсіресе, солардың ішінде эконо¬мика және қаржы-қаражат мәселе¬леріне арналған еңбектерін ойшыл¬дар мен жас ғалымдар әлі күнге дейін іздеп оқиды. Күні кеше Т.Рысқұлов атындағы Қазақ эко¬но¬микалық университетінде тұңғыш рет "Бірінші Рысқұлов оқулары” ха¬лықаралық конференция мәрте¬бе¬сінде тұсауы кесілгені осы құр¬меттің және орынды ардақтаудың көрінісі деп санауға болады. Оған Ре¬сейдің, Литваның, Қырғыз¬стан¬ның, Түркияның, Қытайдың, Оң-түс¬тік Кореяның, басқа да елдердің ғалымдары және білім беру меке¬мелері, еліміздегі банк секторлары, министрліктер мен халықаралық ұйымдардың, елшіліктердің, ірі фирмалар мен компаниялардың жетекші өкілдері қатысуда. 
– Рысқұлов оқуларының аса мәнді болатын себебі, бұрын бір-бірімен онша байланысы жоқ жеке-дара ғылыми шаралар өткізіліп келген болса, енді елдегі жетекші экономикалық жоғары оқу орны¬ның базасында жыл сайын өтетін бұл Оқулардың өзіндік дәстүрі қалыптасып, ол қазақстандық және шетелдік экономистердің ғылыми ой бөлісуінің, отандық және әлем¬дік экономиканың ең бір көкей¬кесті келелі проблемалары бойын¬ша теоретик ғалымдар мен осы мә¬селемен тікелей айналысушы¬лар¬дың арасындағы пікірталасының өнікті бір формасына айналмақшы, – деді Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің ректоры, профессор Әли Әбішев ха¬лық-аралық конференцияның ашы¬лу салтанатында. – Біз өз даму¬ын¬да сапалық жаңа күйге ұмтылатын қоғам дамудың біртұтас байыптама¬сы¬на ділгер болатынын өктем түрде сезінеміз. Әлеуметтік-экономи¬ка¬лық үдерістер эволюциясы век¬торы¬ның айқын бейнесін нақ сол бере алады және сонысы арқылы жаңартудың шынайы, ғылыми не¬гіз¬делген бағдарламаларын әзір¬леу¬дің негізіне айналады. Рысқұлов оқулары университеттегі ғылыми қызметті барлық деңгейде қарқын¬да¬тып, дарынды зерттеушілердің ғылыми баяндамалар мен хабар¬ла¬ма¬лар жасауының мінбесіне ай¬налуы қажет. 
Басқосуға жиналған ғалымдар мен саясаткерлер, қаржыгерлер "Қазақстан: бәсекелестік және жаң¬ғыру” деген тақырыпта бастал¬ған конференция жұмысына бел-сене қатысты. Қазақстанның эко¬но¬микалық және стратегиялық басымдықтары, жаһандану мен реформалар: саясат, құқық және қоғам, Қазақстанның инвести¬ция¬лық мүмкіндіктері, сондай-ақ эко¬номикалық білімнің жаңартылуы деген секциялар бойынша өз ой¬ла¬рын ортаға салды. 
Білім және ғылым министрінің орынбасары Ғафиза Өтеулина жастарға әлеуметтік стандарттарға сәйкес білім беру ісі осы даму жо¬лын¬да қоғам қол созатын межеге апаратын бірден-бір жол, деді. Кезінде Т.Рысқұлов кеңестік Қа¬зақ¬станның 15 жылдығы құрметіне бас қосқан қазақ жастарының жиынында "Сендер – болашақ экономистер, инженерлер, тех¬ник¬тер, агрономдар мен педагогтар – Қазақстанның бұдан әрі қарай да¬муы¬на тиянақ болатын кадрлар¬сың¬дар” деген болатын. Бұл сөздер өзінің мәні мен маңызын әлі де жой¬ған жоқ. Терең ойлы қайрат¬кер¬дің республика жұртшылығын халық тұтынатын тауарлармен қам¬та¬масыз ету үшін өңдеуші сала¬лар¬ды дамытуға зор көңіл бөліп, ел эко¬номикасын индустриялан¬дыру¬дың мәнін жоғары қойғаны да бел¬гілі. Қайраткердің экономи¬калық мұрасын әлі де терең зерттей түсу қажеттігі жас ұрпаққа аманат. 
Ұлттық банктің төрағасы Әнуар Сәйденов өз сөзінде Т.Рысқұловтың экономикалық пайымы терең екенін дәлелдейтін бірқатар деректерді алға тартты. Оның ХХ ғасырдың басында Монғолия елінің ұлттық ақшасын белгілеу жөніндегі қызметінің өзі бір төбе. Рысқұлов оқуларының біздің өмірімізден өз орнын табатын тұстары көп. Себебі, қазіргі заман интеграциялық байланыстардың мағынасын бұрынғыдан да күшейтіп келеді. Қаржы рыногында тиімді¬лік¬ке қол жеткізу, банк қызметін ұтымды ұйымдастыру жөнінде осы конференцияға қатысушылар өздерінің бағалы ұсыныстарын әзірлеуге мүмкіндік алатынына сенім білдірді. 
Алматы қаласы әкімінің орын¬басары, саяси ғылымдар докторы Серік Сейдуманов бүгінде бұл конферен¬ция¬ның дәстүрлі түрде өтуіне негіз қаланса, ертеңгі күні ол Алматы¬ның экономикалық фо¬румы¬на айнала алады деген пікірін айтты. Еліміздің күнгейдегі бас қаласын Орталық Азиядағы қаржы орта¬лы¬ғына айналдыру мақсатты түрде қолға алынғанын ескерсек, әлемдік бай тәжірибе және жаңа эконо¬ми¬калық ізденістер бұл тұрғыда құнды болмақ. 
Румынияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Василе Соаре: "Кезінде Румыния елі де дағдарысты кезеңдерді бас¬тан өткерген. Қазір экономикалық бағыт-бағдары даму жолын көз¬дей¬тін біздің еліміз тікелей инвестиция тартуда табыстарға қол жеткізіп, отандық өндірісін ұлғайту үстінде. Қазақстан да нарық жағдайында бірқатар қиындықтарды артқа тастады. Сіздердің елдеріңіздің дүние жүзінде бәсекелестікке лайықты 50 мемлекеттің қатарына қосылу жөніндегі стратегиялық мақсатты алға қоюы – қарқынды дамудың нәтижесі. Қазақ экономи¬ка¬лық универ¬ситетінде басталған ғалымдардың ой жиынтығы қоғам¬ға қызмет ететініне сенемін”, деді. 
Америкалық экономист-ғалым, профессор Камал Фатехи қазақ¬тың және көптеген шетелден кел¬ген белгілі ғалымдардың пікірта¬ла¬сы жағдайында қазіргі заманғы экономикалық ғылымның ең ма¬ңыз¬ды мәселелерін талқылап, Қа¬зақ¬станның ең маңызды эконо¬ми¬калық проблемалары мен әлемнің басқа да елдерінің экономикалық құрылымдарына байланысты нәрлі және қажетті ой қорытуға пайдасы мол конференция әрдайым өмір¬шең болады, деді. Болашағы бар ел өзінің өткен тарихының жарқын беттерін асыл мұра ретінде оқы¬тады. Тұрар Рысқұлов сияқты терең білімдар саясаткер әрі публицист-экономистің, бір ұлтқа ғана емес, бүкіл түркі жұртына тұтқа болған азаматтың еңбектерінен өзекті мәселелерді туындатып, бүгінгімен сабақтастыра қарау кездейсоқтық емес. 
Конференцияның пленарлық мәжілісінде Білім және ғылым ми¬нистрлігі Экономика институ¬ты¬ның директоры, профессор Ора¬за¬лы Сәбден "Тұрар Рысқұлов – Ор¬та¬лық Азия мен Ресейдің көрнекті мемлекет қайраткері: экономист, тарихшы, публицист” деген та¬қы¬рып¬та келелі сөз қозғап, тарихи тұл¬ғаның сан қырын түйіндеп айтып берді. ҚР Ұлттық Ғылым академиясының академигі Яхия Әубәкіров "Экономикалық теория – экономикалық білімнің өзегі” деген тақырыпта баяндама жасап, көп ойларды алға тартты. Біз эко¬но¬мика теориясы жөніндегі маман¬дар¬ды көптеп тәрбиелеп шы¬ғаруымыз керек. Өкінішке қарай, соңғы жылдары бұл пән кейбір жоғары оқу орындарында тізімнен шығып қалған сияқты. Осының салдарынан енді біз қоғамның экономикалық байланыстары жөнінде терең білім алған маман¬дар¬ға зәру болуымыз мүмкін. Қалай айтсаңыз да, ғылым теория¬сыз болмайды. Бұл мәселе орыс ға¬лым¬дары арасында да бірнеше мәр¬те талқыланды. Жаһандық әлеу¬мет¬тік-экономикалық тақырып өткір күйінде сезілуде, ендеше біз осы саланың мамандарын даярлауға ерекше мән беруге тиіспіз, деді. 
Белгілі академик, Т.Рысқұлов атын¬дағы ҚазЭУ қаржы, банк менед¬жменті ғылыми-зерттеу инс¬ти¬тутының директоры Оразгелді Бай¬мұратов әлемдегі дәуірлік өз¬ге¬ріс¬тер және Қазақстан – эко¬но¬мис¬тің көзқарасында қандай деңгейде және бағытта екеніне зер салды. 
Сондай-ақ Франциядан келген ғалым Пьер Мандес Франс универ¬ситеті жанындағы Еуропа кеңістігін зерттеу институтының директоры Иван Самсон Бүкіләлемдік сауда ұйымына кірудің Қазақстан эко¬но¬ми¬касы үшін салдары қандай бол-мақ деген сұраққа жауап іздеді. Ол жауап біржақты естілген жоқ. Күр¬де¬ліліктер туғызуы мүмкін. Дей тұрғанмен, бәсекелестікке қабілет¬ті¬лікті арттыру қоғамның барлық саласында қолға алынса, қарқынды даму шешуші әрі пайдалы рөл атқарады. 
Сонымен, "Бірінші Рысқұлов оқу¬лары” Алматы қаласында әлем¬ге аты әйгілі болған ғалымдардың басын біріктіріп отыр. Олар ең әуелі Қазақстанның бүгінгі өрке¬ниетті даму жолына түскенін се¬зінуі бір төбе, сонымен бірге Тұрар Рысқұлов сияқты қайраткерлердің ұрпақтан ұрпаққа тарайтын асыл мұраларының өшпес ізін жарқыра¬та көрсететіні сөзсіз. Форумға қатысушылар Т.Рысқұлов туралы көрме экспонаттарымен, ғылыми еңбектерімен және жоғары оқу орындарының бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысып та үлгерді. Олар бүгін бірнеше "дөңгелек үстел” пікірталасына қатысады.
Категория: Шағын көлемді шығармалар | Добавил: nauriz (08.02.2014)
Просмотров: 1167 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Сағат

Сауалнама
Сайтта сізге не ұнайды !!!!!!!
Результаты
Всего ответов: 4008
Сайт мәзірі
Сайт көрсеткіші
Қазір online
Қазір сайтта: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0

Лучшая рип студия!